Сақтандыру курсына кіріспе

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 13:14, курсовая работа

Описание работы

Сақтандырудың түп-тамыры ежелгі ғасырлар қойнацында жатыр. Б.ғ.д. ІІІ-ші мыңжылдықта вавилондықтарды теңіз шаруашылығында қарыз беру жүйесі болған, осы жүйеге сай іс зиян шегіп тоқтап қалған жағдайда қарыз қайтарылмайтын болған.

Содержание

Сақтандыру курсының маңызы.
Сақтандыру қатынастарының объектілері мен субъектілері.
Сақтандыру пәнінің басқа экономикалық пәндермен өзара байланысы.

Работа содержит 1 файл

Сақтандыру курсына кіріспе..docx

— 82.67 Кб (Скачать)

Ортақ сақтандыру және қайта сақтандыру

  1. Ортақ сақтандыру және қайта сақтандырудың мәні және теориялық негізі.
  2. Активті және пассивті қайта сақтандыру.
  3. Қайта сақтандыруға тәуекелді көшіру әдісі бойынша қайта сақтандыру операциялары.

2000 жылы  Республикада сақтандыру индустриясының  дамуын жеделдету, сақтандыру  және қайта сақтандыру ұйымдарының  сенімділігін көтеру нақты перспективалық  міндет, ол сақтандыру қызметі  нарығын жақсарту ең негізгі  болып табылады.

  2000 жылдың желтоқсанның 18-де Қазасқстан  Республикасында «Сақтандыру туралы»  Заңы және 2000 жылдың 27-ші қарашасында  бекітілген Президенттің Жарлығына  сәйкес 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасында  сақтандырудың дамуы жөнінде  Мемлекеттік бағдарлама шықты.

  Мемлекеттік  бағдарламаның атауында сақтандыру  нарығының нұсқаулық талдауды  және оның мақсаты көрсетілген:  экономикалық және өндірістік  қызметтер, кәсіби, әлеуметтік кепілдіктер  заңдық салалар бойынша сұрақтар  және де міндетті сақтандыру  түрлері (оннан астам) мәлімделген.  Бірақ, нақты механизмдердің қолданылуының  қатысы жоқ.

   Осыған байланысты қаржыландыру  жағдайы, тарифтері, заң шығарушылық  деңгейде оның тізімі және  басқа да сұрақтарды анықтауға  тиіс.

  Соңғы  жылдары сақтандыру ұйымдары  сақтандырудың міндетті түрін  қолданып, автокөлік иелерінің азаматтық-құқтық  жауапкершілігін міндетті сақтандыру  арқылы және сақтандыру пайдалығының  өсуін жеделдету маңызды мәселе  болды.

  Қазіргі  уақытта, нарықты сақтандыру ұйымдарының  белсенді өсуін, яғни жауапкершілікті  сақтандыру пайдалылығы көптеген  жағдайларға байланысты өзгертіп  отырады.

  Өткен  жылы сақтандыру бизнесінің деңгейі  төмендеді, өйткені Қазақстанда  жалпы қабылданған сақтандыру  және мемлекеттік ережені қолдануға  либеральды заң шығарушы рұқсат  етпейді. Бұдан нарықта көптеген  беделсіз сақтандыру ұйымдары  жұмыс істейді, яғни білікті  мамандар мен менеджерлерді қоспағанда.

  Жалпы  сақтандыру ұйымдары әлі де  болса қазіргі сақтандыру технологиясын  аз пайдаланып, капиталдың жеткіліксіздігінен, яғни оның потенциалды мүмкіндігін  шектеледі. Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі сақтандыру қызметін  қадағалап, өкілетті мемлекеттік  орган арқылы реттейді және  де олардың қызметінде басқа  да көптеген проблемалар бар. 

  Басқа  жағынан қарағанда сақтандырудың  дамуына әсер ететін маңызды  және объективті себептердеде  бар. Қазақстанда сақтандыруды  пайдалануға байланысты негізгі  статистикалық мәліметтер болмады,  оның орнына сақтандыру қорғаныстары  мен зерттелмеген тәуекелдер  болды. Бұл бағыттағы мемлекеттік  органдардың жергілікті қызметімен  және нақты өндірістік айсмақтағы  сақтандыру туралы белсенді жұмысы  қаралмады.

  Мемлекеттің  сақтандыру жүйесінің дамуы ұзақ  мерзімге өмірді сақтандыру нарығына  байланысты, яғни біршама экономикалық  құрылғыларды тартуға жағдай  жасайды. Осыған байланысты анықталған  заң шығарушы орган құрылды.  Мұнда сақтандыру және зейнетақы  жүйесін өзара байланыстыруды анықтау талап етілген, оның ішінде Қазақстан Республикасының талданған әлеуметтік қорғау концепциясы көрсетілген.

  Өмірді  сақтандыратын сақтандыру ұйымдары  шетелдік тәжірибелері бар (АҚШ  және т.б. елдері) батыс мемлекеттерінің  институттарының инвесторлары болып  табылады.

Дәріс бойынша  қорытынды сұрақтар:

  1. Қайта сақтандыру пулдарының қызметтері: мәні, маңызы.
  2. Қайта сақтандыру сақтанушы операцияларының қаржылық тұрақтылығын нығайту әдісі ретінде.
  3. Қайта сақтандыру келісімі-пропорционалды және пропоруионалды емес.

Шет мемлекеттердегі  сақтандыру.

  1. Шет елдерде сақтандыру ісін ұйымдастыру.
  2. Сақтандырудың негізгі түрі және нысаны.
  3. Сақтандыру қызметінің даму тенденциясы.
  4. Әртүрлі мемлекеттердегі сақтандырушылардың өзара іс-әрекеттері және өзара байланысы.
 

  Сақтандырудың  дамуы коммерциялық ұйымдардың  және халықтың бір жағынан  сақтандыру қызметінің дәрежесіне  байланысты. Сондықтан да бұл  үшін «Сақтандыру мәдениетінің»  қатысуымен құрылған және түсіндірілген  жұмыс қажет. Сақтандыру бірте-бірте  сөзсіз басқаның ішінен біздің  өмірімізді табады. Яғни күнделікті  бір нәрсенің ерекше белгісіне  тұрады. (зейнетақы есптері мен  банктік есеп –айырысулар, РНН  және т.б.)

  Қазіргі  кезде сақтандыру ұйымдырының  банктік мекемелерімен, жинақтаушы  пошта жүйелерімен және несиелік  ұйымдармен ынтымақтастығы үлкен  үміт күттіреді, яғни бүгінгі  күн үшін республиканың барлық  аймағында сақтандыру өнімдерін  тартуға, инфрақұрлымын дамытуға  мүмкіндігі бар. 

  Қазіргі  жағдайда ұлттық сақтандыру нарығын  кеңінен көбеюіне, сақртандыру және  қайта сақтандыру жүйесінің европалық  түрде енгізілуіне Қазақстан  халықаралық интеграциялық және  ынтымақтастыққа мүмкіндігі бар. 

  Осыған  байланысты «Сақтандыру туралы»  Заңда сақтандыру және қайта  сақтандыру шетелдік құрылтайшылар  ретінде толық, нақты жағдайда  қарады.

  Бұл  заң ең жоғары талаптарға жауапты,  яғни сақтандыру қызметін мемлекеттік  стандартқа сай реттуде және  оны қадағалауда активтерді қолдануды  ұйғарды. 

  Сақтандыру  нарығына актуарилер институтын  енгізуді (сақтандыру ұйымдарымен  қабылданған, яғни сақтандырудың  міндеттемелерін жақсы меңгерген  мамандар) және өкілетті аудиторлар (сақтандыру және қайта сақтандыру  ұйымдарындағы аудитқа қосымша  лицензия берілуін) дұрыс деп  шешті. Оның қызметі сақтандыру  ұйымдарына дұрыс мәліметтердің  жеткізілуін және сақтандыру  нарығының адалдығын қамтамасыз  ету. Мұның мақсаты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен  жеке тұлғаларды қадағалауды  қаржылық және басқа да мүмкіндіктермен  байланыстыра отырып нығайту.

  Сақтандырушылар  мен сақтандырушылардың мүдделеріне  қатысты Ұлттық Банктің лицензия  беру туралы шешімі сотта қаралады.

  Жаңа  жүйеде сақтандыруды жіктеу мақсаты,  оны лицензиялау, яғни тәуекелдер  көлемін дұрыс бақылау көзделген   және сақтандыру ұйымдарының  оның қаржылық және басқа да  мүмкіндіктерін тәуелді болуын  көрсеткен.

  Пруденциялық  нормативтерде сақтандыру қызметі  субъектілерінің төлем қабілеттілігі  және олардың қаржылық тұрақтылығын  қамтамасыз етуге (яғни сақтандыру  ұйымдарындағы кәсіпкерлік қызметтің  қосымша түрлеріне, ірі келісімдерге  және т.б.) талаптарға шектеу қойылған.

  Сақтандыру  және қайта сақтандыру қызметі  туралы жаңа заңдар мемлекеттік  қызмет бағдарламаның және нұсқама-ережелердің  шығуы реализация кезеңдері бойынша,  сонымен қатар сақтандыру нарығы  мен сақтандыру ұйымдарының бәсекелестік  қабілеттілігін жоғарлату, сақтандырушының  ұйымдарының бәсекелестік қабілеттілігін  жоғарлату, сақтандырушының мүддесін  заң негізінде қорғау және  де сақтандыру саласының болашақта  зерттелуін тексеру көрсетілген.

  Жалпы,  сақтандыру қызметі дегеніміз  – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға  байланысты, Қазақстан Республикасы  заңдарының талаптарына сәйкес  уәкілетті мемлекеттік органның  лицензиясы негізінде жүзеге  асырылатын қызметі.

   Жалпы сақтандыру қызметін ұйымдастыру  және мемлекеттік ретту мен  лицензиялауды жүзеге асыру үшін  сақтандыру салаларына, дейін сыныптар  мен түрлерге бөлінеді. Сақтандыру  ұйымдарының сақтандыру қызметі  «өмірді сақтандыру» саласы және  «жалпы сақтандыру саласы» бойынша  жүзеге асырылады.

  «Өмірді  сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру  нысанында мұндай сынптарды қамтиды:

  1. өмірді сақтандыру;
  2. аннуитеттік сақтандыру; 

Өмірді  сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған және ол сақтану мерзімі біткенге дейін немесе сақтану шартында белгіленген  жасқа дейін өмір сүруге жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды  көздейтін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

  Аннуитеттік  сақтандыру, сақтандырушы белгілі  бір жасқа жеткен, еңбек ету  қабілетін (жасына байланысты , мүгедектігіне  байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс  болған, жұмыссыз қалған жағдайларда  сондықтан, сақтандырылушының жеке  табыстарының кемуіне және одан  айырылуына әкеп соққан өзге  де жағдайларда зейнетақы немесе  рента түрінде кезең-кезеңмен  сақтандыру түрлерің жиынтығы  болып табылады.

  «Жалпы  сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру  нысанында мындай сыныптарды  қамтиды:

    1. жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
    2. медициналық сақтандыру;
    3. автобиль көлігін сақтандыру;
    4. темір жол көлігін сақтандыру;
    5. әуе көлігін сақтандыру;
    6. су көлігін сақтандыру;
    7. жүктерді сақтандыру;
    8. мүлікті сақтандыру;
    9. кәсіпкерлікті тәуекелді сақтандыру;
    10. автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқтық жауапкершілігін сақтандыру;

    Ұлттық  сақтандыру нарығының қалыптасуының  басты кезеңі Қазақстан дербес мемлекет ретінде құрылған күрделі жағдайларда  өтті. Алғашқыда мемлекеттік сақтандыруға балама сақтандыру ұйыдары көптеп құрылды. Бірақ олардың дені сақтандыру қызметімен шындап айналысуға қабілетсіз болып  шықты.

      Сақтандыру қызметінің дамуы  сақтандыру туралы арнаулы заңдармен  Президент жарлықтары жарияланғаннан  кейін барып жөнге келе бастады. 1994 жылы сақтандыру қызметін қадағалау  және іріктеу жөніндегі уәкілетті  орган, бұдан соң 1995 жылдың  қазан айында ведомстводан тыс  Мелекеттік сақтандыруды қадағалау  құрылды. 1999 жылдың шілдесінен бері  уәкілетті мемлекеттік орган  Ұлттық банк болып табылады.

Дәріс бойынша  қорытынды сұрақтар:

  1. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметтеріндегі сақтандыру саласы.
  2. Шет елдік сақтандыру.
  3. Халықаралық сақтандыру рыногын қалыптастыру проблемасы.
 
 

Сақтандырушының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету.

  1. Сақтандырушының кірістері мен шығыстары.
  2. Қаржылық нәтиже.
  3. Сақтандыру операцияларының салық салу ерекшеліктері.

      2001 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  Республикада 70 сақтандыру ұйымы  сақтандыру қызметін жүзеге асырады.

      Ұлттық сақтандыру нарығының  жалпы көрсеткіштері баяу да  болса өсіп келеді. Жалпы сақтандыру  нарығының жай-күйін талдаған  кезде нақты жағдайға көз жеткізу  үшін сақтандыру сыйлық-ақысының  жан басына шаққандағы орташа  көлемі мен олардың елдің жалпы  ішкі өнімі көлемінен қосатын  үлесіне назар аудару керек.  Осы ыңғайда қалдарсақ, 2000 жылы  жиналған сақтандыру сыйлықақының  жан басына шаққандағы көлемі 380 теңгеге жуық, соның ішінде  өмірді сақтандыру бойынша 3 теңгеден  кем болады. Ал сақтандыру сыйлық-ақысы  көлемінің жалпы ішкі өнімге  қатысты 0,3 пайыз шамасында ғана. Бұл деректер экономикалық ынтымақтастық  және даму ұйымының құрамына  кіретін елдердің көрсеткішімен  салыстыруға келмейді. Оларда сақтандыру  сыйлықақысы халықтың жан басына  шаққанда, орташа алғанда шамамен  1800 АҚШ долларын және тиісінше  ішкі жалпы өнімнің 8,5%-ін құрайды.  Біз үшін мұндай көрсеткіштердің  ауылы тым алыста. Бұған қарап  сақтандыру қызметі экономикада  және халықтың өмірінде әлі  маңызды ролге ие бола қоймағанын  байқаймыз.

      Жағдайда түзету үшін қабылданған  шаралар да жоқ емес. Бұл орайда 2000 жылдың аяғынан бастап қолданысқа  енгізілген « Сақтандыру қызметі  туралы» заң мен сол жылы  қарашада президент Жарлығымен  бекітілген «Қазақстан Республикасында  сақтандыруды дамытудың 2000-2002 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламасын»  айту керек. Аталған бағдарлама  мемлекеттің азаматтардың және  шаркуашылық жүргізуші субъектілердің  мүддесін қорғаудың нақты құралы  бола алатын толыққанды және  орнықты жұмыс істейтін ұлттық  сақтандыру нарығын қалыптастыруды  мақсат етеді. Бағдарламада қамтылған  кезең ішінде сақтандыру қызметіне  сұраныс өседі, бәсекеге қабілетсіз  ұсақ және орташа сақтандыру  ұйымдарының үлесі айтарлықтай  қысқарды, болжам бойынша негізгі  құрылтайшылары мен акционерлерін  отандық ірі банктер, кәсіпорындар  мен шетелдік сақтандыру компаниялары  болатын ірі сақтандыру ұйымдары  құрылады деп күтіледі. 2002 жылдың  соңына қарай өмірді сақтандыру  саласында -5-10 сақтандыру ұйымы,  сақтандырудың жалпы түрлері  саласында 15-20сақтандыру ұйымы  жұмыс істейтін болады, сондай-ақ 2-3 мамандандырылған қайта сақтандыру  ұйымы құрылу тиіс.

Информация о работе Сақтандыру курсына кіріспе