Аталған
сақтандыру түрі бойынша сақтандыру
тарифтерінің мөлшерін ең күрделі
және жауапты міндет болып
саналады.
Жаңа
техника енгізуді сақтандырған
кезде сақтандыру сомасы болмайды.
Зардап шеккендерге өтем нақты
зиянның толық мөлшерінде төленеді.
Сондықтан тарифтік мөлшерлемені
тұрғызған кезде және сақтандыруды
жүргізгенде мүлікті сақтандыруға
сияқты сақтандыру сомасының
залалдық көрсеткішін пайдалану
мүмкін емес.
Сақтандыру
ұйымдарының кәсіпорындармен қаржылық
өзара қатынасын құруды материалдық
өндіріс саласындағы жыл сайынғы
енгізімінің саны, сондай-ақ жаңа
техникамен технологияны енгізуге
байланысты кәсіпорындардың шеккен
орташа залалдарының мөлшері
туралы мәліметтер негіз есебінде
қызмет етеді.
Бір
оқиға бойынша төлем сомасын
есептеу еңбекті аса қажет
ететіндіктен ол тариф мөлшерлемесін
анықтауға негіз болады. Ол үшін
әрбір жеке факті бойынша залалдық
мөлшерін есептеу қажет. Оны
әр алуан салалардың жекелеген
кәсіпорындары бойынша іріктемелі түрде
жүзеге асыруға болады.
Дәріс бойынша
қорытынды сұрақтар:
- Сақтандыру
өнімін зерттеу.
- Сақтандырудағы
жарнама.
- Сақтандыру
компаниясындағы бәсекелестік және бәсекелесу
қабілеттілігі.
Жеке
сақтандыру
- Жеке сақтандырудың
пайда болу тарихы.(Ежелгі Рим, Франция,
Англия).
- Жеке сақтандыру
экономикалық зерттеудің объектісі ретінде,
оның жіктемесі.
- Жеке сақтандырудың
негізгі категориялары: сақтандыру қатынастарының
субъектілері, сақтандыру тәуекелі, түрлері.
- Жеке сақтандырудың
ұзақ мерзімді түрлері.
Жалпы,
Қазақстанның сақтандыру нарығында
жалпы 70-тен аса сақтандыру компаниялары
әрекет етеді. Соның ішінде «Қазақшетсақтандыру»
Шетелдік сақтандыру ЖАҚ 1994 жылы сәуір
айында Республика Президентінің Жарлығымен
құрылды.
Барлық
дамыған елдер үшін нарықтық
экономиканың орнықты даму факторы
және маңызды институты ретінде
сақтандыруды мойындау өз мәні
бар экономикалық аксиомаға айналды.
Барлық дамыған елдерде сақтандыру
ұлттық экономикада маңызды орынға
ие және құрамдас бөлігі бола
отырып оның қалыпты, тепе-тең
және болжағандай деңгейде дамуына
ықпал етеді. АҚШ, Швейцария,
Ұлыбритания, Жапония сияқты елдердегі
сақтандыру төлемдеріндегі жалпы
ұлттық өнімнің 10%- шамасын құрайтынын
айтсақ, жоғарыдағы қағида толық
дәлелденеді. 1991-1993 жылдары біздің
Республикада сақтандыру бизнесінің
қалыптасуы жер сілкінісіне ұқсас
стихиялы түрде басқарылмай және
бақылаусыз күйде өтті. Мемлекеттік
статистика комитетінің мәліметтері
бойынша 1994-ші жылдың сәуірінде
Қазақстанда 350-ге жуық акционерлік,
коммерциялық, жеке және т.б. тәуелсіз
сақтандыру компаниялары мен
олардың филиалдары қызмет жасалса,
1993-ші жылы олардың саны 253 болған
болатын. Қаржы-қарыздың, өндірістік-коммерциялық,
инвестициялық және т.б. сақтандыру
компаниялары өз қалауынша сақтнадыру
шарттарын жасаған, сақтандыру
төлемі көлемін анықтаған, сақтандыру
қорлары көлемін бекіткен жағдайларды
туғызды. Нәтижесінде бұл мемлекеттік
бүкіл қаржы жүйесінің қалыптылығы мен
тұтастығына кері әсерін тигізді.
Сақтандырудың
осы заманға теориясы мен пракатикасы
20-ғасырдағы дамыған сақтандыру
ісінің қайта сақтандыру институтының
мүмкін еместігін көрсетіп отыр.
Қайта сақтандыру сақтандыруды
оған ірі сақтандыру оқиғаларының
ықпалынан қорғауға мүмкіндігін
береді.
Қазақтстан
Республикасының Қаржы Министрлігінің
мәліметтері бойынша Қазақстандағы
шетел инвестицияларының жалпы
көлемі 1995 жылға дейін 3 млрд. АҚШ
долларына жуық көлемде болды.
Бұл қайта сақтандырудың жас
егеменді мемлекетіміздің даму
факторы және валюталық Қорларын
молайтудың көзіне айналғандығын
көрсетеді қайта сақтандырудың
тексеруден өткен үлгісі бойынша
сақтандыруда қатерге басын тіккен
сақтандырушы осы қатерді басқа
компанияға ауыстырады. Соңғысы
берілген қатерге сай ішінара
жауапкершілікті мойнына ала
отырып қайта сақтандырушыға
айналады. Сонымен қайта сақтандыру
техникалық идеалға жетіп, оның
көмегімен қауіп-қатер бөлінеді
және теңестіріледі де сақтандыру
ұйымдарына қойылатын талаптар
мен оны орындаудың арасындағы
бірдей қатынастар орнатылады. Қайта
сақтандыру жоқ кезде қандайда
бір құнды заттың қожасы (мысалы
ұшақтың) осы қауіпті қабылдауына
міндеттеме алатын бірнеше сақтық
компанияларымен шарт жасай алар
еді. Олардың әрқайсысы сақтандыру
құны мен жағдайларына қатысты
жеке келісім жасауға мәжбүр
болады, ал қайта сақтандыру осының
барлығын бір – сақтандырушы
арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік
береді. Қайта ыңғайлықпен сақтандырушы
өз мойнына өз кәсіпорынның
қауіпсіз түрде төтен бере
алмайтындай қатерден бір бөлігін
ала алатындығында.
ТМД
елдері аумағынан ірі жерлерде
қайта сақтандыру, сақтандыру бизнесінің
ажырамас бөлігіне айналды. Мысалы,
Европада ерте уақыттан бері
экономикалық қуатты тек қайта
сақтандыруға маманданған компаниялар
қызмет көрсетеді. Мысалы: «Мюних
Ре», «Свис Ре», «Скор», «Кельн
Ре», «Меркантайль энд Женерал-груп»
және т.б. айналымы млрд. АҚШ
долларын құрап отыр. Бірақта
қайта сақтандыру нарықтық экономиканың
пайдалылығын 1992ж. шілдеде қабылданған
да «Қазақстан Республикасын
сақтандыру туралы» заңында ескерілмеген.
Тек қана 1994 жылы 16 сәуірдегі №1658-ші
Заң күші бар Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығында қайта
сақтандыру саласындағы мемлекеттің
саяси және экономикалық мүдделерін қорғау
және жүзеге асыру идеясы қамтылған.
Халықаралық
экономикалық қатынастарды мемлекеттің
мүдделерін қорғау үшін Қазақстан
Республикасының Қаржы Министрлігі
«Қазақшетсақтандыру» қайта сақтандыру
жөніндегі республикалық компаниясының
құрылтайшысы ретінде танылсын,
«Қазақшетсақтандыру» Республикадағы
түскен төлемдер мен жарналар
жинақтаушы компаниялар мен фирмалардың
қатысумен барлық сақтандыру
және қайта сақтандыру бойынша
операцияларды жүзеге асырушы
ұйым болып көтерілсін.
Шетелдік
капиталдың қатысуымен байланысты
барлық қауіптерді/мүліктік, жеке, жауапкершілік/Қазақстан
аумағында тек қана аталған
компания арқылы міндетті түрде
сақтандыру қажет. Жалпы қайта
ұйымдастырудың мақсаты- «Қазақшетсақтандыру»-дың
жеке капиталының деңгейін көтеру
болып табылады. 2002 жылы сақтандыру
нарығындағы компаниялардың ішінде
«Қазақшетсақтандыру» компаниясының
үлесі АҚШ долларымен есептегенде
жоғары болды. (Қосымша 2-кесте).
Дәріс бойынша
қорытынды сұрақтар:
- Медициналық
сақтандыру.
- Еңбекке қабілеттілікті
және денсаулықты жоғалтудан сақтандыру.
- Сақтандыру
сомаларын анықтау мен төлеу және жеке
сақтандыру бойынша өтем.
Рентаны
сақтандыру (аннуитет, зейнетақыны
сақтандыру)
- Рентаны сақтандыру
түсінігі.
- Өмірді сақтандыру
«өмір сүруіне дейін» шартының рентаны
сақтандыру шартынан айырмашылығы.
- Сақтандыру
тәуекелі, сақтандыру сомасы, сақтандыру
сыйақысынтөлеу тәртібі, сақтандыру сыйақысының
мөлшерін анықтау.
- Аннуитеттерді
сақтандырудың қосымша шарттары.
Қазақстан
Республикасының Қаржы Министрлігі
«Қазақшетсақтандыру» Компаниясының
құрылтайшысы ретінде 1995 жылы- 1080000,
1996 жылы- 2500000, ал 1997 жылы 3 млн. теңге
және 1 млн АҚШ долларын ақшалай
түрде аударды. Одан кейін бұл
компанияның сақтандыру қоры 1998
жылдан бастап өсті (Қосымша 3-кесте).
«Қазақшетсақтандыру»
компаниясының құрылуына төмендегідей
жағдайлар себеп болды. Қазіргі
кездегі Қазақстандық сақтандыру
нарығының мүмкіндіктері ірі
көлемдегі қауіп-қатерді жабуды
қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан
қайта сақтандыру сапалық жаңа маңызға
ие болды. Негізгі 1999ж. 3-ші қазанда Елбасы
Жарлығында бірнеше шешуші нормативтер
белгіленді. Бірінші шарт бойынша жауапкершіліктің
ең жоғары көлемі сақтандырушының жеке
қорын 10% кем емес, және өзінің ұстап
қалған сомасының төменгі мөлшері – қатердің
5% пайзынан кем емес болып бекітілді. Бірақта
Қазақстандағы көпшілік компаинялардың
әлсіз қаржылық мүмкіндіктері бұл жағдайын
шығудың жалғыз мүмкін жолы қатер бөліктерін
жергілікті сақтандыру компаниялары арасында
бірлесе сақтандыру немесе қайта сақтандыру
көмегімен бөлу болып табылады. Осындай
операциялардың табиғи өткізілген жолдарының
бірі – 2000 жылдың ақпанындағы «Қазақшетсақтандыру»-дың
ұсынысы бойынша «Қазастан» пулының құрылуы
болды. Оның құрамына республикамыздың
ірі сақтандыру компаниясы кірді. Сақтандыру
компаниясының пулға біріктірілуі сақтандыруға
қатысуға және өте ірі қауіп қатерлерді
қайта сақтандыруға Қазақстан Республикасы
аумағында және одан ірі жерлерде мүмкіндік
берді.
Пулдың
құрылуының негізгі мақсаты –
сақтандыру төлемдері бойынша
бірлескен міндеттемелер болды,
пулға қатысушылардың жалпы жиналысы
2000-жылғы ең үздік компания
деп «Қазақшетсақтандыру» Шетелдік
сақтандыру компаниясын атады.
Осындан кейін «Қазақшетсақтандыру»-дың
меншік қоры 15,6%, ал қайта сақтандырушылардың
үлесі -84,4% құрады. (4-ші Қосымша).
Пулдың
құрамына: «Қазақшетсақтандыру» Шетелдік
сақтандыру бойынша мемлекеттік
компаиня, акционерлік сақтандыру
компаниялары «Авиаполис», «Алматы-Аско»,
«Виктория», «Интергрейт» және басқалар
енді. «Қазақстан» пулының тез
жойылатын қоры қауіпті жағдайлар
бойынша 1млн долларды құрайды.
Пулдын қауіптері ішкі нарықта
орналастырудың жоғары мүкіндіктері
5млн-ға жуық долларды құрауы
мүмкін. Көрсетілген деңгейден артық
жауапкершілікті «Қазақшетсақтандыру»
үздік компаниыясы орналастырады.
Өз қызметінің қысқа мерзімі
ішінде «Қазақшетсақтандыру» 1млн
доллар және 3млн теңге жарғылық
қорына 3,9 млрд сомаға сақтандыру
міндеттерін қабылдады, оның 93,4%-ы
шетелде қайта сақтандырылады.
Қазақстан
Республикасы Президентінің 1999 жылғы
қазанның 10-ғы Жарлығында Қазақстан
сақтандырушылары қайта сақтандыру
кезінде шетелдік сақтандырудан
шарт бойынша міндеттемелердің 5%
пайзын ұстап қалуға міндетті.
«Қазақшетсақтандыру» компаниясы
қызметінің бірінші жылының өзінде
жоғарыда көрсетілген жарғылық қоры кезінде
сақтандыру қауіпінін 7%-ға дейінгісін
өзінің орындауына алуға мүмкіндігі бар
еді. Мұндай біздің мемлекетіміздегі қызмет
жасаушы сақтандыру компанияларының қолынан
келмейді тек «Қазақшетсақтандыру»-дың
шетелдік сақтандырушыларының тізімінде
барлыққа дерлік елшіліктер мен халықаралық
ұйымының өкілдіктерін және коммерциялық
ұйымдардың, сонымен қатар олардың қатарына
«Каспий ЛТД», «Филипс», «Филипс-Моррис»,
«Марубени корпорейшн», «Шведиш моторс»,
«Кока Кола», «Самсунг», «Сэндвиг», «Эрнст-энд
Янг», «Шлюмберже» және басқалар көрсетілген.
Отандық сақтандырушылар арасында Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкісі, «Астана
интерпол» жергілікті қазақстандық банктердің
қатысуымен компаниялар, консорсциумдар
бар.
Алғашқы
жылы «Қазақшетсақтандыру» сыртқы
экономикалық қызметтің стратегиялық
қызметін бірінші рет сақтандыру
опрациясынан өткізілгенін әлемдік
сақтандыру бизнесінің осы заманғы
ең үздік стандарттарына сәйкес
келетін жағдайларын белсенді
түрде жасауға бағытталды. Қазақстандағы
барлық қоғамдық қатынастар жүйесінің
реформалануы терең және шұғыл
өзгерістерге байланысты. Қайта
сақтандыру қауіптің деңгйін
өз мүмкіндіктердің шеңбері шегіне
дейін төмендетуге мүмкіндік
береді. Осыған байланысты «Қазақшетсақтандыру»-дың
алған сақтандыру сыйақының 2000-2001
жылдары сомасын мемлекеттік
емес сақтандыру компаниясының
мемлекеттік емес түрлері сақтандыру
сыйының шамасымен тығыз байланысты.
Болашақта
«Қазақшетсақтандыру» компаниясы
көрсетілген жарғылық қормен
жасалынатын сақтық қорын жасау
керек және өзінің жеке ұстауы
үшін орташа алғанда сақтандыру
қаупінің 10%-ын, сақтандырудың жеке
шарттары бойынша- 100%-ын қабылдай
алады, яғни өте ірі қатерлерден
сақтауды өткізу, мұнай операцияларының
сақтандыру ісін анықтауда, теңзде
сақтандыру, сақтандыру шарты бойынша
республика сақтандырушымен бірлесе
өткізу.
Жалпы
«Қазақшетсақтандыру» ЖАҚ қызметінің
басты бағыты- инвестициялық қатерді
сақтау жүйесін құру және дамыту.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының
азаматтары мен заңды тұлғаларына,
шетелдік істер әріптестерге
сақтандыру жөнінде қызмет көрсету.
Негізінен «Қазақшетсақтандыру»
компаниясында сақтандыру түрлерінің
ішінде, мұнай-газ саласындағы сақтандыру
мен автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкешілігін сақтандыру өте
жақсы дамыған. (Қосымша % 6) 2001 жыл
мен 2002 жылдың екінші жарты жылдынғында
Қазақстанның сақтандыру нарығында
«Қазақшетсақтандыру» ЖАҚ-ның үлес салмағы
мынадай:
Жиналған
сақтандыру сыйының үлесі (АҚШ долл.)
|
2001 жылдың 6 айы |
2002 жылдың 6 айы |
өсуі % |
Қазақшетсақтандыру
|
8 432 840 |
12 484 703 |
48% |
Қазақстан
Республикасы |
45 308 041 |
65 725 297 |
45% |
Үлесі
%
|
18,61% |
19,00% |
|
2001 жылдың
аналитикалық кезеңімен салыстырғанда,
2002 жылдың 6 айында «Қазақшетсақтандыру»
ЖАҚ-на жиналған сақтандыру сыйының
үлесі 48% тен астам. Нарық бойынша
өсуі 45% құрайды.
Дәріс бойынша
қорытынды сұрақтар:
- Зейнетақыны
сақтандыру – жеке сақтандырудың түрі.
- ҚР халықты
әлеуметтік қорғау концепциясына сәйкес
зейнетақы аннуитеттер нарығының дамуы.
- Рентаны сақтандыру
шартының варианттары – жылдамдығы, өмірлік
аннуитет, шегерілген аннуитет, уақытылы
аннуитет.