Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының
сақтандыру қатынастарын мемлекеттік
реттеудің уәкілетті органы болып
табылады.
Уәкілетті мемлекеттік орган-
Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес сақтандыру нарығын реттеу
және сақтандыру қызметін қадағалау
жөніндегі функциялар мен өкіметтікті
жүзеге асыратын мемлекеттік
орган.
Жарлық бойынша, Ұлттық банк
сақтандыру ісін қадағалап және
оның жұмыс істеуінің реттелуін
несиелер арқылы көрсетеді.
- Қазақстан
Республикасында ұлттық сақтандыру нарығының
инфрақұрлысын қалыптастыруды, сақтанушылардың
және сақтандыру нарығының өзге де қатысушыларының
заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз
ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізеді;
- Сақтандыру
мен қайта сақтандыру ұйымдары үшін жарғылық
қордың минимальды көлемін белгілейді.
- Сақтандыру
және қайта сақтандыру ұйымдарының басшы
қызметкерлеріне арналған біліктілік
талаптарын белгілейді және де оларды
сайлауға келісім береді;
- Сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға, оларды
бақылап отыру құқығын иемденуге, олардың
өз еркімен қайта құрылуына және Қазақстан
Республикасының аумағында да, оның аумағының
шегінен тыс жерлерде де сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен
өкілеттіктерін ашуға келісім береді;
- Сақтандыру
қызметін, сақтандыру боркерінің қызметін,
сақтандыру нарығындағы актуалий қызметін,
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының
аудитін жүзеге асыру құқығына лицензиялар
береді;
- Таратылатын
сақтандыру (қайта с/у) ұйымдарын тарату
комиссияларының қызметіне бақылау жасауды
жүзеге асырады;
- Сақтандыру
және қайта сақтандыру ұйымының қаржылық
жағынан тұрақтылығы мен төмен қабілетіне
талдау жасауды, баға беруді және бақылауды
жүзеге асырады.
- Сақтандыру
ұйымының сақтандыру шарттарын (сақтандыру
полистерін) есепке алу тәртібін белгілейді;
- Сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру
брокерлерінің, актуарилердің және уәкілетті
аудиторлардың тізімін жүргізеді;
- Статистика
мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік
органмен бірлесе отырып, сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің
статистикалық есебінің тізбесін, нысандарын
және табыс етілу мерзімін белгілейді;
- Сақтандыру
нарығының қатысушыларына берілген лицензиялардың
қолданылуын тоқтата тұру және лицензияларды
кері қайтарып алу туралы шешімдер қабылдайды;
- Қазақстан
Республикасының заң актілеріне сәйкес
өзге де функцияларды, өкілеттіліктер
мен құқықтарды жүзеге асырады.
Сақтандыру
нарығын құру процесіндегі реттеудің
басты әдістерінің бірі сақтандыру
сақтандыру ісін лицензиялау. Лицензиялаудың
мәні, яғни сақтандыру қызметін жүргізетін
сақтандыру ұйымдарының дайындағын тексеріп,
сол саладағы сақтандыру ісін анықтау.
Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкі сақтандыру және қайта
сақтандырушы брокерлердің, қайта
сақтандырушы ұйымдардың және
сақтандыру ісін лицензиялау
жағдайын және тәрібін, нормативтік
құқықтық актілермен белгілейді.
Осыған байланысты «Сақтандыру
туралы» Жарлықта өмірді сақтандыруға
байланысты құқығы бар лицензия
алған сақтандыру ұйымы, басқа
да сақтандыру ісімен айналысуға
құқығы жоқтығы көрсетілген.
Сақтандыру агентінің қызметі
лицензиялауды қажет етеді, бірақ
та сақтандыру ісі сақтандыру
төлемінің көлемімен және сақтандыру
тәуекеліндегі бағамен өте тығыз
байланысты.
Лицензия – бұл Қазақстан Республикасының
Ұлттық банктің бірден-бір негізгі
тапсырмасы сақтандыру ісін қадағалау
және өкілетті орган арқылы
реттеу. Сонымен қатар сақтандырушының
ең аз мөлшеріндегі қаржысының
тұрақтылық жағдайын сақтандыру
операцияларымен бақылау болып
табылады.
Сақтандыру ұйымының қаржылық
тұрақтылығын сыртқы қаржылық
және өзге де факторлардың
қолайсыз әсер ету мүмкіндігін
ескере отырып, сақтандыру және
қайта сақтандыру шарттары бойынша
қабылданған міндеттемелрдің бүкіл
қолданылу мерзімі ішінде өзінің
төлем қабілеттілігін сақтау
қабілетімен айқындалады.
Сақтандыру ұйымының қаржылық
тұрақтылығының көрсеткіштері:
- жарғылық
және өз капиталының тұрақтылығының ең
аз мөлшерін;
- активтердің
құны және олардың әрталаптандырылу мөлшерін;
- сақтандыру
резервтерінің және өзге де міндеттемелердің
мөлшерін;
- төлем қабілеттілігінің
көрсеткіштерін;
- сақтандыру
және қайта сақтандыру бойынша міндеттемелер
көлемінің арақатынасын;
- көрсетілген
сақтандыру және қайта сақтандыру қызметінің
рентабельділігін (пайда келтіруін);
- жүзеге асыратын
инвестициялық саясаттың тиімділігін
қамтиды.
Сақтандырушылар
мен сақтанушылардың мүдделеріне
қатысты Ұлттық банктің лицензия
беру немесе оның күшін жою т.б. қатысты
шешімі сол мүдделі жақтардың
бастамасымен сота қайта қаралуы
мүмкін.
Сақтандыру қатынастарына біріншіден
сақтандырушылар мен сақтанушы,
екіншіден басқа заңды және
жеке тұлғалар- сақтандырылғандар,
сақтандыру агенттері, брокерлер,
банк мекемелері, қаржы, салық,
құқық қорғау ұйымдары, мемлекеттік
билік ұйымдары және т.б. қатынасады.
Дәріс бойынша
қорытынды сұрақтар:
- Өтелмеген
несие алушының жауапкершілігін сақтандыру.
- Қарыз алушының
несиені төлеу қабілеттілігін бағалау.
- Сақтандыру
келісімінің жасалу тәртібі, сақтандыру
жағдайы кезінде екі жақтың жауапкершілігі
мен міндеттері.
Сақтандырушының
қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін
қамтамасыз ету
- Сақтандырушылардың
қаржыларын ұйымдастырудың жалпы қағидалары.
- Сақтық қорғауын
қамтамасыз ететін сақтандыру ұйымдарының
ақша айналымын айналым қаражытына бөлу
және де сақтандыру қызметін ұйымдастырумен
байланысты қаржы айналымы.
- Сақтыққорғауды
қамтамасыз ететін, ақша қаражаттарының
айналымының ерекшеліктері.
Сақтандыруды
жүргізуге байланысты барлық құқықтық
қатынастарды 2 топқа бөлуге болады:
сақтандырудың өзін реттеуші құқықтық
қатынастар, яғни сақтандыру қорларын
жасау және пайдалану процесі
және де сақтандыру ісін ұйымдастыруға
орай пайда болатын құқық қатынастары,
яғни сақтанатын банк мекемелерін, бюджеттен,
мемлекеттік басқару ұйымдарымен,
бақылау және реттеу органдарымен өзара
байланысты қатынасты құқық қатынастары.
Бірінші топтағы құқықтың қатынастар
азаматтар құқық нормаларымен
реттеледі, ал екінші топтағы
құқық қатынастары әкімшілік,
қаржылық, қылмыс процесуалдық және
т.б. құқық салалары мен сала
білімдері арқылы реттеледі.
Азаматтық құқыққа мүдделі жақтардың
тең құқысына негізделген келісім
бойынша шарттың дипозиттік құқықтық
реттеу әдістері тән. Ал екінші
топтағы құқықтарға реттеудің
әкімшілік әдістері тән. Азаматтық
құқықтық қатынастар меншік құқығын,
заттық құқықты, міндеттеме құқықтарын
қамтиды.
Сақтандыруға қатысушылардың бір
жағы-сақтандырушы сақтандыратын
жағдай туған сәтте, келісімде
көрсетілген мөлшерде зиянның
орнын толтыруға, төлем төлеуге міндеттеме
алады. Сақтанушы жақ келісілген сақтандыру
төлемдерін төлеуге, сақтандырушыға болған
оқиға жөнінде келісімде көрсетілген
тәртіппен, мерзім ішінде хабарлауға,
сақтандыруға байланысты басқа жұмыстарды
орындауға міндеттеме алады. Сонымен сақтандыру
міндеттері арқылы, сақтандыру қызметі
үшін сақтанушы сақтық жарнасын төлеп
отырады. Сақтандырушы келісім міндеттемелерінің
өзіндік ерекшелігі бар.
Сақтрандыруда бір жағы, сақтанушы
әрдайым жарна төлеп отырады,
ал келесі жағы, сақтандырушы
өз төлемін сақтандыратын жағдай
туған кезде ғана төлейді, егер
бұл жағдай келісімде көрсетілген
уақыт ішінде болмаса, сақтандырушының
міндеттері орындалмай қалуы
да мүмкін. Яғни бұнда қауіп
белгісі анықтаушы рол атқарады.
Сақтандыру шартының маңызды
жағдайларына мыналар жатады:
- сақтандырушы
мен сақтандырылғандардың атаулары;
- сақтандыру
обһектілері;
- сақтандыру
жауапкершілігінің көлемі;
- сақтандырудың
қамтамасыз етілуі;
- сақтандыру
сомасы;
- сақтандыру
мерзімі; сақтандыру төлемінің тарифтік
ставкасы (жарна)
Маңызды
жағдайлар сақтандыру полисінде
жазылады және мыналар жатады: шартты
толтыру процедурасы, сақтандыру төлем
мөлшері, төлемді төлеу тәртібі
мен уақыты, шартты мерзімінен бұрын
бұзу жағдайлары, зиян көлемін анықтау
және орынын толтыру төлемін анықтау
тәртібі, франшиздер өлшемі, талас-тартысты
шешу тәртібі, шартқа өзгерістер енгізу
тәртібі және т.с.с. Қазақстан Республикасындағы
сақтандыру бизнесін заңды реттеу жүйесін
құру процесі ұзаққа созылды.
«Қазақстан Республикасында сақтандыру
туралы» бірінші заң 1992 жылы 3-ші
шілдеде қабылданып, 1-ші қыркүйектен
бастап күшіне енді. Заң онша
сәтті шыққан жоқ. Өйткені бұл
заңда сақтандыру ұйымдарын тіркеу
механизмдері, лицензия беру және
мемлекет тарапынан бақылау механизмдері
қарастырылмаған. Осыған байланысты
заң жұмыс жасамай, ол адал
бәсекені қамтамасыз ете алмады,
осының кесірінен сақтандырушылар
көп зиянға ұрынды.
1994 жылы 16 сәуірде осы аталған
кемшіліктер Президент Жарлығымен
толықтырылды. Осы Жарлыққа сәйкес
Қазақстан Республикасының Қаржы
Министрлігі жанынан сақтандыру
Департаменті құрылды. Сақтандырудың
құқықтық негізін қалыптастыру 1995ж.
3 қазанда Президенттің Заң күші
бар «Сақтандыру туралы» Жарлығымен
жүзеге асырылды. Бұл жарлық мемлекеттік
және жеке сақтандыру ұйымдарының адал
бәсеке үшін ішкі сақтандыру нарығын ашты.
Тұтастай алғанда Жарлық кешендік
құқықтық құрылыс болып табылады.
Бірінші жағынан ол азаматтық
құқыққа, екінші жағынан әкімшілік,
қаржылық және т.б. құқық ережелеріне
негізделген.
Сақтандырушының міндеттері көп
қырлы болып келеді. Өйткені ол
объектіні қарап бағалайды, сақтық
төлемдерін есептейді және сақтанушыға
сақтық полисін береді.
Сақтандырылған жағдай туғанда
сақтандыру актысын жасайды, шығынның
көлемін анықтап, орнын толтыру
құнын белгілейді және төлемдерді
төлейді.
Сақтандырушы зиянға себепкер
жақтан төленген төлемді өндіріп
алуға арыз береді және төлемнен
бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Сақтанушы өз кезегінде жарнасын
төлейді, шартқа қажетті мәліметтерді
сақтандырушыға береді, шартты мерзімнен
бұрын бұза алады.
Сақтандыру шешімі жазбаша түрде
жасалады және сақтанушы сақтандыру
төлемін төлеген сәттен бастап
күшіне енеді және жағдай тууына
байланысты сақтық төлем сәттен
бастап жұмысын тоқтатады. Жарлыққа
сақтық орын толтыру төлемін
төлеу тәртібі анықталған.
Сақтандыру орнын өтеу мүлікке
қатысты алғанда нақты зиян
өлшемінен артық болмайды. Мүлікті
сақтандыру шарты жағдайларында
зиянның орнын, ақшалай құны
жағынан пара-пар, табиғи түрде
толтыру қарастырылған.
Сақтандырушы кейбір жағдайларда
зиянның орнын толтырудан бас
тартылады. Оған сақтанушының
өтірік мәлімет беруі, сақтандырылған
мүлікті құтқаруға шара қолданғаны,
зиянға тікелей кінәлі адамнан
зиян құнын ақшалай немесе
заттай алуы, сақтандырушыға болған
жағдайдың себептерін зерттеуге
кедергі жасауы осы жағдайлар
қатарына жатады.
Сақтандырушының ақша төлеуден
бас тартуына байланысты, сақтанушы
сотқа шағым жасай алады. Сақтандырушының
келісімімен оған өзінің сақтандырған
мүлкіне құығын бере алады,
және сақтық орнын өтеу құнын
толық сомамен ала алады.
Дәріс бойынша
қорытынды сұрақтар:
- Сақтандырушылардың
төлем қабілеттілігінің проблемасы.
- Сақтандыру
ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз
ету шарттары.
- Сақтандыру
резервтерінің түрлері және оларды қалыптастыру
тәртібі.