Сақтандыру курсына кіріспе

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 13:14, курсовая работа

Описание работы

Сақтандырудың түп-тамыры ежелгі ғасырлар қойнацында жатыр. Б.ғ.д. ІІІ-ші мыңжылдықта вавилондықтарды теңіз шаруашылығында қарыз беру жүйесі болған, осы жүйеге сай іс зиян шегіп тоқтап қалған жағдайда қарыз қайтарылмайтын болған.

Содержание

Сақтандыру курсының маңызы.
Сақтандыру қатынастарының объектілері мен субъектілері.
Сақтандыру пәнінің басқа экономикалық пәндермен өзара байланысы.

Работа содержит 1 файл

Сақтандыру курсына кіріспе..docx

— 82.67 Кб (Скачать)

Сақтандыру  курсына кіріспе.

  1. Сақтандыру курсының маңызы.
  2. Сақтандыру қатынастарының объектілері мен субъектілері.
  3. Сақтандыру пәнінің басқа экономикалық пәндермен өзара байланысы.

  Сақтандырудың  түп-тамыры ежелгі ғасырлар қойнацында  жатыр. Б.ғ.д. ІІІ-ші мыңжылдықта  вавилондықтарды теңіз шаруашылығында  қарыз беру жүйесі болған, осы  жүйеге сай іс зиян шегіп  тоқтап қалған жағдайда қарыз  қайтарылмайтын болған.

  Б.ғ.д. 916 жылы жалпы орта мәнін алу  жүйесі енгізілген. Бұл жүйе қазіргі  сақтандыру тарифтеріне сәйкес  келеді.

  1584 жылы қабылданған теңіз жүктерін  сақатндыру тәртібі жүктерді  тасып жеткізу үшін 5% ақшалай  сыйлық төлеуді қарастырған. 16 ғасырдың  аяғында Англияда теңіз тасымалдарын  сақтандыру 1601 жылы Парламент Актісімен  бекітілді, ол саудагерлер арасындағы  сақтандыру жағдайларына қатысты  «Акт» деп аталады. Ұзақ уақыт  бойы сақтандыру бизнесі сауда  оперциясының бөлігі ретінде  өмір сүріп келеді.

  1584 жылы сақтандыру полисінде үш  сақтандырушы қол қойған, олардың  бірі жарты міндетті мойнына  алса, екінші жартысын қалған  екеуі бөліп алған.

  18 ғасырда  сауда көлемінің ұлғаюы алғашқы  кәсіби сақтандырушылардың шығуына  әкелді. Өрттен сақтандырудың элементар  түрлері орта ғасырда дамыды. Англияда 30 жылдың ішінде бірнеше  тәртіпсіз компаниялар мен бірлескен  қоғамдар құрылды. Олар халықтан  ақша жинаумен ғана айналысып,  нақты жұмыс жасаған жоқ. Сақтандыру  ісіндегі ең маңызды оқиға  1797 жылы Орталық Еуропадағы селден  қорғану жөніндегі бірлескен  сақтандыру компаниясының құрылуы  болды. Өмірді сақтандырумен айналысқан  алғашқы компания 1706 жылы құрылған. «Достық қоғам» болды.

  Ресейде  18 ғасырдың аяғына дейін отандық  сақтандыру ұйымдары болған жоқ,  тек шетелдік сақтандыру қоғамдарының  қызметі пайдаланылады. Сөйтіп  көп қаржы шетелге кетіп қалып,  Ресей экономикасына зиянын тигізді.

  1786 жылы Ресейде мемлекеттік сақтандыру  монополиясы бекітілді. Сақтандыру  экспедициясы өрттен құрылыстарды  сақтандыру, оның құнының 75%  көлемінде  жүргізілді. Төлемдер жылына сақтандыру  соммасының 1,5%  құрады.

  1827 жылы жеке сақтандыру кәсіпорындары  пайда болды. 1846 жылы «Саламандра»  акционерлік сақтандыру қоғамы  құрылды, ол елдің жекелеген  аймақтарындағы құрылыстарды сақтандыру  құқына ие болды.

  1835 жылы Ресейде жеке сақтандыру  ұйымдастырылып «Өмір» жеке акционерлік  сақтандыру қоғамы құрылды.

  1875 жылы алғашқы үстемдік етуші  бірлестік сақтандыру синдикаты  ұйымдастырылды. Бұл синдикат 1918 жылға  дейін қызмет жасады.

  1864 жылы алғашқы өзара сақтандыру  қоғамдары пайда болды. 1885 жылы  Ресейде шетелдік сақтандыру  қоғамдарына қызмет жасауға тыйым  салынып тасталды. Шетел капиталының  сақтандыру ісіндегі үлесі 1890 жылы 24% жетті. Шетелдік сақтандыру  қоғамдары ішкі істер министрлігі  тарапынан мемлекеттік бақылауға  алынды.

  1913 жылы Ресейдің барлық сақтандыру  мекемелерінде 21 млрд. Сомның мүлкі  сақтандырылды, мұндағы акционерлік  сақтандыру қоғамының үлесі-65%; жергілікті  қоғамдардыкі-15%; өзара қалалық қоғамдардыкі-8% болды. Орыс акционерлік сақтандыру  қоғамдары 1913 жылы 129 млн. Сақтық  төлемдерді жинаса, шетелдіктер-12 млн.сом,  өзара қоғамдар-14 млн.сом жинады. Сақтандыру қоғамдарының қаржылық  ресурстарына ірі инвестициялардың  көзіне айналды. Олар мемлекеттік  қарыздар мен акцияларға жұмсалынды.

    Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:

  1. Қаржы-несие қатынастары жүйесіндегі сақтандыру.
  2. Нарықтық экономика жағдайындағы сақтандырудың рөлі мен мәні.
 
 

    Сақтандырудың экономикалық мәні және қалыптасуы.

  1. Сақтандыру ісінің бастаулары.
  2. Тәуекелді сақтандырудың алғы шарты.
  3. Сақтандыру түсінігі: қазіргі қоғамдағы оның қажеттілігі, мәні, функциялары, қағидалары, сақтандырудың экономикалық табиғаты.

  Сақтандыру  классификациясының барлық звеносы  сақтандырудың екі түрін қамтиды.  Олар:

    1. Міндетті сақтандыру.
    2. Ерікті сақтандыру.

  Міндетті  сақтандыру – заң негізінде  сақтандыру қорлары ресурстарының  құрылуы және пайдалануымен байланысты. Яғни, азаматтық, құқықтық байланыстарды  білдіреді. Міндетті сақтандырудың  инициаторы болып мемлекет табылады. Яғни, заңды және жеке тұлғалардың  қоғамдық мүдделерін қамтамасыз  ету мақсатында заң арқылы  міндеттейді.

  1997 жылы Қазақстан Республикасы  міндетті сақтандыру ауылшаруашылық  өндірісін жаңартуға қолданған.  Негізінде міндетті сақтандыру, сақтандыру төлеміне тәуелсіз  және белгіленген мерзімде ғана  әрекет етеді.

  Ерікті  сақтандыру – міндетті сақтандырудың  әрекетіне қарағанда азаматтық,  құқықтық қатынастар негізінде  пайда болған сақтандырушы (сақтандыру  компаниялары) және сақтандырушы (жеке  және заңды тұлғалар) өзара келісім  негізінде пайда болды.

  Ерікті  сақтандырудың инициаторы болып,  шаруашылық субъектілері мен  жеке және заңды тұлғалар табылады.

  Міндетті  сақтандыру формасын мемлекет  тек қана жеке сақтандырулар  мүддесін қорғау мақсатында ғана  емес, сонымен қатар жалпы қоғам  үшін белгіленіп және бекітіледі. Заң міндетті сақтандыруды жүргізетін  сақтандыру мекемесін анықтайды. 

  Ерікті  сқтандыру алдын-ала келісілген  сақтандыру мерзімі анықталады. Ерікті сақтандыру, сақтандыру жарнасын  төлеген соң ғана күшіне енеді.

  Міндетті  сақтандыру:

  • автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін;
  • жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық жауапкершілігін;

  Ерікті  сақтандыруды екі үлкен салаларға  бөлуге болады:

  1. Мүлікті сақтандыру.
  2. Жеке басты сақтандыру.

  Сақтандыру  өз іс-әрекетінде танымның теориялық  және эмпирикалық тәсілдеріне  сүйенеді және бірқатар ғалымдардың,  экономиканың, статистиканың, ықтималдықтардың  теориясының нәтижелеріне негізделеді.

  Сақтық  қорғауы ұйымдастырылатын құбылыстардың  бұқаралық сипатына байланысты, сақтандыру саласы барлық ақпаратты  жинауға, топтауға, жүйелеуге және  жалпылауға мәжбүр. Бұл ақпараттарды  сақтандыру саласы қызметінің  тиімділігін арттырудың тиімді  стратегиясын жасау үшін қолданылады.

  Экономикалық  қатынастар жүйесі ретінде сақтандыру  сақтық жауапкершіліктегі әртүрлі  объектілер мен субъектілерді,  заңдық ережелер мен тәртіптерге  сәйкес қызметтерін ұйымдастыру  түрлерін қамтиды.

  Экономикалық  қатынастардың алуан түрлігін  реттеп, бірыңғай және өзара байланысты  жүйені жасау үшін сақтандыруды  жүйелеу қажет. Сақтандыруды жүйелеу  әрбір сақтандырудың келесі буыны  алдыңғы буынның бөлігі болатындай  буындар мен салаларға бөлудің  ғылыми жүйесі болып табылады. Сақтандыруды жіктеудің негізіне  екі критериясы алынған: сақтандыру  объектілеріндегі өзгешелік және  сақтық жауапкершілігі көлеміндегі  өзгешелік. Осы бөлуге сәйкес  жіктеудің екі жүйесі қолданылады:  сақтандыру объектілері бойынша  және қауіптің тегі бойынша.  Кеңейтілген және нақты мағынада  сақтандыруды жіктеу сақтандырушыларда  және олардың жұмысында, объектілерді, сақтандырушылар категориясында, сақтық  жауапкершілігі көлемінде және  сақтандыру өткізу түрінде өзгешеліктерді  көрсету түрін бейнелейді.

  Нарықта  меншік түрі жағынан мемлекеттің  және мемлекеттік емес болып  бөлінетін арнаулы сақтандыру  ұйымдары қызмет көрсетеді.

  Бұл  ұйымдардың қызмет ету саласы  ішкі, сыртқы және аралас нарық  салаларын қамтиды. Бұл экономикалық  қызмет түрі ретіндегі сақтандыру  саласын ұйымдық жіктелуі болып  табылады.

  Ұйымдастыру  түріне қарай сақтандыру мемелекеттік, акционерлік, өзара кооперативтік  болып бөлінеді. Ерекше ұйымдық  түрге дәрігерлік сақтандыру  жатады.

  Мемлекеттік  сақтандыру – сақтандырушы ретінде  арнайы өкілетті ұйым тұлғасы  арқылы мемлекет болатын ұйымдастыру  түрі: мемлекет мүдделерінің щеңберіне  оның кез-келген және жеке сақтандыру  түрлерін жүргізуге үстемдігі  жатады.

  Акционерлік  сақтандыру – сақтандырушы ретінде  жарғылық қоры жеке және заңды  тұлғаларға тиесілі акциялардан  және басқа құнды қғаздардан  жиналған акционерлік қоғам түріндегі  жеке капитал болатын мемлекеттік  емес ұйымдастыру түріне жатады. Бұл ұйымдастыру түрі сақтандыру  компанияларның жұмысын тиімді  қылуға қамтамасыз етеді.

  Өзара  сақтандыру – қабылданған шарттарға  сәйкес бір-біріне мүмкін шығындарды  анықталған үлестері көлемінде  жабу жөніндегі жеке және заңды  тұлғалар топтары арасындағы  келісімді бейнелейтін мемлекеттік  емес ұйымдастыру түріне жатады. Бұл түрдің қызметі құрылған сақтандыру кәсіпорыннан пайда табу мақсатын көздемейтін, яғни коммерциялық емес кескіндегі сақтандыру ұйымы болып табылатын өзара сақтандыру қоғамы арқылы жүзеге асырылады. Бұл сақтандырудың ұйымдық түріне жатады.

Дәріс бойынша  қорытынды сұрақтар:

  1. Жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін сақтандыруды пайдаланудың объективті қажеттілігі.
  2. Сақтандырудың қаржы және несиемен өзара байланысы.
  3. Сақтандыруда қолданылатын негізгі түсініктер мен терминдер.
 

Сақтандырудың жіктемесі.

  1. Сақтандыру жіктемесінің қажеттілігі.
  2. Сақтандыру жіктемесінің негізі.
  3. Қауіп түрі және сақтандыру объектісі бойынша жіктеме: салалары, қосалқы салалары және түрлері.

Кооперативтік сақтандыру- мемлекеттік емес ұйымдастыру  түрі. Ресейде кооперативтік сақтандыру 1918 жылы қызметін бастады. Осы жылы «Бүкілресейлік Кооперативтік Сақтандыру Одағы» құрылды. Кооперативтік сақтандырудың  қайта өрлеуі 1988 жылы Кооперация туралы Заңның қабылдануына байланысты болды.

  Дәрігерлік  сақтандыру – сақтандыру қызметінің  ерекше ұйымдық түрі. Негізінен  бұл денсаулықты қорғауда халықтың  мүдделерін әлеуметтік қорғау  түрі ретінде қолданылады. Дәрігерлік  сақтандырудың субъектілері ретінде  азаматтар, сақтандырушы, сақтандырушы  дәрігерлік ұйым, дәрігерлік мекеме  қызмет жасайды. Сақтандыру объектідері  сақтандырудың экономикалық мүдделерімен  барлық белгілерінің материалдық  иесі болып табылады. Нарықтық  экономиканың қалыптасы сатысында  объектілерінің сипаттамасына қарап  сақтандырудың негізгі 4 саласын  ажыратады:

  • мүліктік сақтандыру.
  • жеке сақтандыру.
  • жауапкершілікті сақтандыру
  • Экономикалық қауіп-қатерден сақтандыру.

  Мұндай  жіктеу сақтандыруға жататын  объектісіне адамның өмірі, десаулығы,  еңбекке қабілетті адам жататын  сала.  Жеке сақтандыру өмірді  сақтандыру, бақытсыз жағдайлардан  сақтандыру болып бөлінеді және  қауіп-қатер, сақтандыру полисі  арқылы қарыз беру туралы жағдайларын  қамтиды.

  Мүлікті  сақтандыру – құқықтық қатынас  объектісі ретінде әртүрлі мүлік  болатын сақтандыру саласына  жатады. Оның экономикалық міндеті  – сақтандырылған жағдай туғанда  болған шығынның орнын толтыру.  Сақтандырушының меншігіне жататын  мүлікпен қоса, оның иесіне мен  оның сақтандырылуына жауап беретін  басқа да жеке және заңды  тұлғалар бола алады.

Информация о работе Сақтандыру курсына кіріспе