Сақтандыру курсына кіріспе

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 13:14, курсовая работа

Описание работы

Сақтандырудың түп-тамыры ежелгі ғасырлар қойнацында жатыр. Б.ғ.д. ІІІ-ші мыңжылдықта вавилондықтарды теңіз шаруашылығында қарыз беру жүйесі болған, осы жүйеге сай іс зиян шегіп тоқтап қалған жағдайда қарыз қайтарылмайтын болған.

Содержание

Сақтандыру курсының маңызы.
Сақтандыру қатынастарының объектілері мен субъектілері.
Сақтандыру пәнінің басқа экономикалық пәндермен өзара байланысы.

Работа содержит 1 файл

Сақтандыру курсына кіріспе..docx

— 82.67 Кб (Скачать)

     Жауапкершілікті сақтандыруды объекті  орыныда сақтандырушының белгілі  бір іс-әрекеті салдарынан зиян  шегуі мүмкін үшінші (жеке және  заңды) тұлғалар алдындағы жауапкершілік  тұрады. Сақтандыру қызметін бағалауының  жалпы міндеттерін шешкенімен, сақтандыруды  жүнргізуге мүмкіндік беретін  азаматтардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың  нақты сақтық мүдделерін ажырата  алмайды. Осы нақты мүдделерді  ажырату үшін сақтандыру түрлері  мен сала бөлімдері айқындалды. Мүлікті сақтандыру сақтандырушылардың  әлеуметтік топтары мен меншік  түрлеріне қарай сала бөлімдеріне  бөлінеді. Осы белгісі бойынша  шаруашылық жүргізушілердің субъектілерінің  мүлкін ажыратады:

  • мемлекеттік;
  • жеке;
  • жалға берілетін;
  • жеке меншік құқығындағы жеке азаматтардың мүліктері;

Жауапкершілікті сақтандыруда мынадай сала бөлімдері  ажыратылады:

  • қарызды сақтандыру;
  • азаматтық жауапкершілікті сақтандыру;

Экономикалық  қауіп-қатерден сақтандыру 2 салаға бөлінеді: тура және қосымша зияндардан төленетін  қатерді сақтандыру. Тура зияндарға  пайданы толық ала алмау, қондырғының  тұрып қалуынан болған шығындарға байқамай жіберілген пайда, кәсіпорының банкроттыққа ұшырауы және т.б. жатады.

  Мүлікті  сақтандырудың жіктелуі ерекшелігі  өзара иерархиялық байланысы  жоқ қауіптерді ажырату болып  табылады:

  • өрттен мүлікті сақтандыру;
  • ауылшаруашылық егістерін құрғақшылық пен басқа да табиғат апаттарынан сақтандыру;
  • жануарларды жаппай қырылудан және еріксіз союдан сақтандыру;
  • көлік құралдарын апаттан, алын қашудан және т.б. қауіптерден сақтандыру;

  Меншік  мемлекет иелігінен алынуы мемлекетті  халықшаруашылығына әкімшілік басшылық  ету мүмкіндігінен айырады. Осындай  жағдайда сақтандыру зиянның орнын толтырудың жалғыз тиімді және мүмкін тәсілі болып отыр.

  Инвестицияны, сыртқы сауданы және т.б. объектілерді  мемлекетаралық қатынастарда қорғау  тек сақтандыру қызметінің көмегімен  жүзеге асырылады. Сақтандыру  қызметтері тәуекелдік, ескертушілік, жинақтаушылық және бақылау функциясы  болып бөлінеді.

  Ескертушілік  қызметі – сақтандыру резервтерінің  қаражат арқылы сақтандыру тәуекелділігін  азайтуға бағытталған, өрт пен  кездейсоқ оқиғалармен күресу  шараларын алдын-ала ескерілуін  жоспарлау және қаржыландырумен  байланысты.

  Сақтандырудың  жинақтаушылық функциясы – ең  алдымен өмірді, ұзақ мерзімге  сақтандыру арқылы іске асырылады.  Өмірді сақтандыруда сақтандыру  категориясы шын мәнінде қаражат  жинақтауына қарай несие қатынастарына  жатады.

  Бақылау  функциясы – сақтандыру резервінің  арнайы қалыптасыуын сақтандырушының  сақтандыру тәртібін орындайтын  және жалпы алғанда сақтандыру  опрцияларының дұрыс жүргізілуін  қамтамасыз етеді. 

Дәріс бойынша  қорытынды сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасының сақтандыру жіктемесі: салалары, сыныптары, түрлері.
  2. Сақтандыру жүргізудің нысандары және әдістері.
 

Тәуекел ұғымы және оның экономикалдық зардаптары.

  1. Тәуекел: түсінігі, функциясы, қайнар көздері, жіктемесі.
  2. Тәуекелді бағалау.
  3. Тәуекелді басқару негізі.Тәуекел менеджмент.
  4. Тәуекелді шектеу нысандары- диверсификация, эккаутинг, шектеу, сақтандыру, хеджирлеу, валюталық келісім.

Сақтандыру  қызметі – экономикалық қатынастардың  белгілі бір саласы, ерекше әлеуметтік – экономикалық орта. Бұл салада сатып алу және сату объектісі  ретінде сақтандыру қорғанышты болады және сұраныс пен ұсыныс қалаптасады. Сақтандыру қызметінің дамуының объективті негізі күтпеген келеңсіз жағдайлардан зиян шеккендерге ақшалай көмек  көрсету арқылы ұдайы өндірістің тоқтаусыз қызметін қамтамасыз етудің қажеттілігі. Сақтандыру нарығын ақша қатыастарын ұйымдастырудың түрі ретінде  қарастыруға болады және де бұл қатынас  қоғамның сақтандыру қоршағанын қамтамасыз ету үшін сақтандыру қорын қалыптастыру мен бөлу мақсатында іске асырылады.

  Сақтандыру  саласының дамуының міндетті  шарты сақтандыру қызметіне қажеттіліктің  болуы және осы қажеттелікті  қанағаттандыра алатын сақтандырушылардың  болуы. Отандық экономиканың нарыққа  бетбұрысы экономикалық қатынастар  жүйесіндегі сақтандырушының орны  мен рөлін түпкілікті өзгертіп  жібереді. Сақтандыру компаниялары  шаруашылық өміріндегі толық  құқықлы субъектілерге айналады.

  Қызмет  жасаушы сақтандыру нарығы әртүрлі  құрылымдық буындарын тұратын  күрделі, біріктірілген жүйені  бейнелейді. Оны №1 қосымшадан  көруге болады:

  Сақтандыру  қызметінің бастаушы буыны –  сақтандыру қоғамы немесе сақтандыру  компаниясы. Осы буында сақтандыру  қорының қалаптасуы және пайдалану  процесі жүреді, экономикалық қатынастардың  бір түрі қалыптасса, екінші біреулері  пайда болып, жеке, топтық, ұжымдық  мүдделер өзара ұштасып жатады.

  Сақтандыру  компаниясы – сақтандыру қорының  қызмет жасауының тарихи анықталған  қоғамдық тұрапты. Бұл компания  сақтандыру шарттарын жасайтын  және қызметін көрсететін дараланған  құрылым. Сақтандыру компаниясының  даралығы, оның ресурстарының толықтай  өзінікі болуын және өзіндік  толық ресурстар айналасының  болуымен айқындалады. Экономикалық  дараланған сақтандыру компаниялары  өздерінің басқа сақтандырушылармен  қарым-қатынастын қайта сақтандыру  және бірлесе сақтандыру негізінде  құрады. Кез-келген адам өз табысын  өз еркімен жұмсай алады және  оның қандай бөлігін тұтынуға, қандай бөлігін жинақтауға бөлінетін  өдігінше шешеді. Осының барлығын  сақтандыру нарығы кеңейтілген  сақтандыру қызметінің түрлерінің  жиынтығын ұсынғанда ескертіп  отыр.

  Сақтандыру  қызметі экономикалық бәсеке  кезіндегі реттеуші қызметті  атқарады. Бәсекенің өзі сақтандыру  нарығындағы жетістікті қамтамасыз  ете алмайды. Бұл жетістіктерге  жету үшін сақтандырушы сақтық  қоғамының қызметкерлерін әрдайым  жаңа мүмкіншілігі мен клиенттерді  іздестіруге, қызмет көрсетудің  түрлері мен әдістерін жетілдіруді  бағалап отырады.

  Кең  мағынада алғанда сақтандыру  нарығы сақтандыру өнімін сату-сатып  алу бойынша экономикалық қатынастардың  барлық жиынтығын көрсетеді. Нарық сақтандырушы мен сақтандырушының арасындағы органикалық байланысты қамтамасыз етеді.

  Сақтандыру  нарығының қызмет етуінің ең  маңызды экономикалық заңдарды: құн заңы және сұраныс пен  ұсыныс заңы.

  Сақтандыру  нарығы тауар шаруашылығының  пайда болу кезінде қалыптасты  және оның ажырамас маңызды  элементі болып табылады. Екеуінің  де пайда болу шарты-еңбектің  қоғамдық бөлінісінің және әртүрлі  меншік иелерінің дараланған  тауар өндірушілерінің болуы.  Сақтандыру нарығы нарықтық қатынастар  субъектілерінің өз бетінше қызмет  етуін, олардың сақтандыру қызметін  сату-сатып алу мәселесіндегі  тең құқылы бірлесе қызмет  жасауын, көлденең және тіке  байланыстардың дамыған жүйесінің  болуын ескертеді.

  Дамыған  нарықтық экономикасы бар елдерде  үстемдік етудің ең қауіпсіз  жағдайы саладғы 10 және одан  да көп бәсекелестердің қызмет  жасауы, олардың ішіндегі ең ірісінің  үлесі жалпы сақтандыру қызметін  сатудың жалпы көлемінің 31-нан,  екеуінің 44-дан, үшеуінікі 54-дан,  төртеуінікі 64-дан аспауы қажет.  Егер осы арақатынас бұзылса,  мемлекет экономикалық санкциялар  қоладынп сақтандырушылардың қатысуын  шектейді.

  Сақтандыру  нарығының құрылымы институционалдық  және айсақтық аспектілермен  сипатталады.

  Институционалдық  аспект – ол акционерлік, коперативтік, өзара және мемлекеттік сақтандыру  компаниялары түрінде көрсетіледі.  Аймақтық аспектіде- жергілікті  сақтандыру нарығын, ұлттық және  әлемдік сақтандыру нарығын бөлуге  болады. Нарықтық қатынастардың  дамуы қоғамдық – экономикалық  прогресс жолындағы аймақтық  кедергілерді жойып, интеграциялық  процестерді күшейту  арқылы  ұлттық сақтандыру нарығын әлемдік  нарыққа қосуға жеткізеді. Осындай  интеграцияның нәтижесінде ЕҚ-мүше  елдердің жалпы еуропалық сақтандыру  нарығы саласы құрылды.

Дәріс бойынша  қорытынды сұрақтар:

  1. Залалды өтеу үшін қорлар мен резервтердің құрылымының экономикалық қажеттілігі.
  2. Сақтандыру қорын ұйымдастыру нысандары.
  3. Сақтандыру қорларының мемлекеттік резервтік қорларынан айырықша ерекшеліктері.
 

Сақтандыру  рыногы.

  1. Сақтандыру рыногының құрылымы.
  2. Сақтандыру делдалдары. Сақтандыру рыногы тұрпатының мінездемелері.
  3. Сақтандыру қызметі ерекше тауар ретінде.

  Сақтандыру  қызметіне сұраныс пен ұсыныстың  көлемдеріне қарай ішкі, сыртқыжәне  халықаралық сақтандыру нарықтарын  бөлуге болады.

  Ішкі  сақтандыру нарығы – нақты  сақтандырушыларды қанағаттандыруға  бағытталған сақтандыру қызметіне  тікелей сұранысы бар жергілікті  нарық.

  Сыртқы  сақтандыру нарығы – ішкі нарық  шеңберінде орналасқан және осы  аймақтан тыс жерлердегі аралас  сақтандыру компанияларына да  бейімделген нарықты айтады.

  Әлемдік  сақтандыру нарығы деп – дүние  жүзілік шаруашылық аумағындағы  сақтандыру қызметіне сұраныс  пен ұсыныстың мәнін түсіну  керек. 

    Сақтандыру нарығында ұсынылатын  тауар-сақтандыру қызметі. Ол  қызмет шарт негізі мен заң  негізінде жеке және заңды  тұлғаға ұсынылады. Сақтандыру  қызметін сату – сатып алу  актісі сақтандыру келісім –  шартымен бекітіледі және де  сақтандыру полисін сақтандырушыға  тапсырады. Сақтандыру түрлерінің  тізімі сақтандыру нарығының  ассортименті деп аталады. 

  Қазіргі  уақытта сақтандырудың әлемдік  тәжірбиесінде екі бағыт күшейген:

  1. Сақтандырушылардың қызметін мамандандыру;
  2. Сақтандырушылар қызметінің әмбебап сипатта болуы;

Біріншісі, қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты, яғни бұл процесс сақтандыру ісінде объективтік қажеттілікке айналады.

  Сақтандыру  нарығы күрделі көп факторлы  динамикалық жүйеге жатады, яғни  әрдайым өзара әсер етуші және  өзара тәуекелді жеке құрамдас  бөліктердің біртұтас топқа бірігуі.  Сақтандыру өнімдері, тарфтер жүйесі, сақтандырушылардың клиенттерімен  өзара жұмыс жасау инфрақұрлымы  және т.б. сақтандыру қызметтері  саласында өзара әсер етуші  құрамдас бөліктерге жатады. Бұл  жүйе сыртқы байланыстар арқылы  өзін қоршаған ортамен тығыз,  өзара жұмыс жасайды. Осылай  жүйе мен ортаны ажыратып қарау,  таза шартты әдістемелік тәсілге  жатады.  Сонымен, сақтандыру нарығы- ішкі жүйе мен сыртқы ортаның диалектикалық бірлігі болып табылады.

  Ішкі  жүйені толығымен сақтандырушы  басқарады. Сыртқы жүйе немесе  сыртқы орта жеке элементтерден  тұрады және осы элементтерге  сақтандырушы басқарушылық әсерін  тигізеді. Сыртқы орта ішкі жүйені  қоршап, оны шектеп отырады.

  Ішкі  жүйеге басқарылатын айналымдар  сақтандыру компанияларының нарықтық  жүйесінің ядросын құрайтындықтан  енеді. Ең негізгі айналымдар  мыналар: сақтандыру өнімдері, сақтандыру  полистерін сатуды ұйымдастыру  және сұранысты қалыптастыру  жүйесі, тарифтердің оңтайлы жүйесі  және сақтандырушының жеке инфрақұрылымы.  Тиімді коммерциялық жұмыс жүргізе  алатын мамандардың болуы, сақтандыру  нарығы саласы үшін маңызы  өте зор. Осы факторлардың барлығының  жиынтығы нарықтағы сақтандыру  компанияларының саясатын, оның  бет-бейнесін айқындайды. Осы көрсетілген  факторлардың ішінен сақтандыру  компаниясының бас менеджері  тиімді жолды таңдап алуға  міндетті. Ең негізгі басқарылатын  факторға сақтандыру өнімдері  жатады.

Информация о работе Сақтандыру курсына кіріспе