Мүлікті
сқтандыру. Азаматты-құқықтық жауапкершілікті
сақтандыру.
- Мүлікті сақтандырудың
экономикалық және қаржылық қалыптасуы.
- Мүлікті сақтандырудың
негізгі түрлері, тарифтері.
- Мүліктік
сақтандыру бойынша негізгі шарттары
және төлемді ұйымдастыру.
Бұрын
1995-1997 жылдары келіп түскен сақтандыру
жарналары мен жасалған сақтандыру
төлемдерінің көлемі бойынша компания
Қазақстанның ірі сақтандыру мекемелерінің
үштігіне кіріп, ал 1998 жылы барлық бәсекелестерін
озып жетекші компания болды. (Қосымша
№7)
2000
жылы шыққан «Сақтандыру қызметі
туралы» Заң мен сол жылы
қаращадағы Президент Жарлығымен
бекітілген «Қазастан Республикасында
сақтандыруды дамытудың 2000-2003 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында»
мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық
жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың
нақты құралы болатын және жақсы жұмыс
істейтін ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастырудың
мақсаты көзделген. 2002 жылдың соңымен
2003 жылдың басында өмірді сақтандыру саласында
5-10 сақтандыру ұйымы жұмыс істеді, сондай-ақ
2-3мамандандырылған қайта сақтандыру
ұйымы құрйылуы тиіс.
Сонымен
қатар сақтандыру және қайта
сақтандыру ұйымдарын жалпы капиталдандыру
2000 жылдың бас кезімен салыстырғанды
2003 жылдың басында 2,3 млрд теңгеден
5-7млрд. теңгеге дейін, жыл ішінде
жиналатын сақтандыру сыйлық
ақысының көлемі ішкі жалпы
өнімге қатынасы бойынша шамамен
– 0,3%-дан, 0,8-1,2%-ға дейін, соның
ішінде өмірді сақтандыру бойынша
0,002 %-дан, 0,2-0,5%-ға дейін өсуі мүмкін.
Ұлттық
Банктің 2002-2004 жылдарға арналған
ақша-несие саясаттың негізгі
бағыттарында «сақтандыру нарығында
жағдайдың жақсы болып жатқаны»
айтылған. Мұның дәлелі ретінде
2001 жылы қыркүйек айының соңында
сақтандыру ұймдарының жиынтық
меншік капиталы жыл басынан
бері 30,1%-ға 4,9млрд. теңгеге дейін
(33,3млн. доллар), ал сақтандыру
ұйымдарының ішінде «Қазақше,тсақтандыру»
ЖАҚ-ң жиынтық активтері (қайта
сақтандырушылардың активті үлесін
қоспағанда) 1 079,8 млн. теңгеге дейін, ал
жалпы активтерінің (ақша құралдары, депозиттер,
құнды қағаздар) жоғары жойылу құны 656,7млн.
теңге (60,8%--ға) тұрады. (Қосымша №8).
Өткен
жылдың аяғында республикада
сақтандыру қызметін жүзеге асыруға
құқық беретін лицензиясы бар
38 сақтандыру компаниялары болды,
оның ішінде екеуі мемлекеттің
қатысуымен, бесеуі шетелдік қатысуымен
құрылған және біреуі өмірді
сақтандыру қызметімен айналысады.
Көптеген
сақтандыру ұйымдарының капиталдандырылуының
төмен деңгейі ірі тәуекелдіктерді
сақтандыруға мүмкіндік бермейді.
Мұндай жағдайдан шығудың бір
амалы қайта сақтандыру жүйесін
пайдалану болып табылады. Отандық
қайта сақтандыру нарығы әлі
дәрмексіз күйде. Сондықтан сақтандыру
ұйымдары Батыстың сақтандыру
компанияларының қызметін пайдалануға
мәжбүр. Осының салдарынан сақтандыру
төлемдері түсімі көлемінің артуы
шетелге берілген сақтандыру
төлемдерінің өсуімен қабат жүруде.
Сөйтіп қыруар қаржы шетелге
кетіп жатыр. Қазақстандық сақтандырушылар
тәуекелді Бтаыста сақтандыра
отырып, мүмкін болатын шығындарды
өтеу кепілдігін осылайша қамтамасыз
етуде.
Алдағы
кезде сақтандыру компаниясының
дамыту бағыттарында міндетті
сақтандыру түрлерін дамыту жөніндегі
жұмыстар жалғастырылмақ. Сонымен
бірге сақтандырушыға сақтандыру
төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік
беру қорын құру да көзделінеді.
Бұл сақтандыру жүйесіне деген
сенімді күшейтуге қызмет етеді.
2003
жылдың басына қарай «Қазақшетсақтандыру»
Шетелдік сақтандыру ЖАҚ-ның қоржынында
сақтандырудың ерікті мүлікті
сақтандыру, ерікті жеке және
міндетті түрлерінің үлесі өте
жоғары болды. (Қосымша №9)
Сақтандыру
қызметінің субъектілері сақтандыру
және қайта сақтандыру ұйымдары.
Ал, сақтандыру ұйымы (сақтандырушы)
– сақтандыру шарттарын жасау
және орындау қызметін уәкілетті
мемлекеттік органның тиісті
лицензиясы негізінде жүзеге
асыратын заңды тұлға. Сақтандыру
ұйымы немесе сақтандыру компаниялары
сақтандыру қызметінен басқа
қызметтің мынадай түрлерін:
- уәкілетті
мемлекеттік органның нормативік құықтық
актілерінде көзделген тәртіппен инвестициялық
қызметі;
- тиісті жинақтаушы
сақтандыру шартында көзделген сатым
сомасы шегінде өзінің сақтандырушыларына
қарыз беруді;
- сақтандыру
ұйымдары өз қызметін автоматтандыру
үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық
қамтамасыз етуді сатуды;
- сақтандыру
қызметіне байланысты мәселелер бойынша
когнсультациялық қызмет көрсетуді;
- сақтандыру
саласында мамандардың біліктілігін арттыру
мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді;
- сақтандыру
агенті ретінде сақтандыру делдалы болуды;
Сонымен
қатар, осы аталған қызметтерді
жүзеге асыруға құқылы.
Жалпы,
сақтандыру компанияларының дамуы
айналып келгенде сақтандыру
қызметіне төлем жасауға қабілетті
сұраныстың болуымен және халықтың
ауқатын көтеру деңгейімен байланысты.
Ал, бұл жағынан ілгерулер болып
жатыр. Соған қарап сақтандыру
нарығының дамуы қарқынды бола
түсуде.
Сақтандыру
– мемлекеттің әлеуметтік саласының
бірқатар проблемаларын шешуге
және экономикаға инвестиция
салуға жәрдемдеседі. Сақтандыру
компаниялары ел экономикасына
нақты ішкі инвестициялар бола
алады, «Қазақшетсақтандыру» ЖАҚ-ның
Қазақстанның сақтандыру нарығындағы
үлес салмағы 11-12% болды. (Қосымша№10)
Дәріс бойынша
қорытынды сұрақтар:
- Заңды және
жеке тұлғалардың мүліктерін сақтандырудың
ерекшеліктері.
- Мүлікті сақтандыру
түрлерінің даму перспективалары.
- Регрессивтік
талап.
Кәсіпкерлік
тәуекелдікті сақтандыру.
- Кәсіпкерлік
қызметпен байланысты объектілердің сипаттамасы.
- Коммерциялық
тәуекелдерді сақтандыру – инвестиция,
табыс немесе пайда.
- Банктік тәуекелді
сақтандыру, оның түрлері.
- Қаржылық
тәуекелді сақтандыру.
Революцияға
дейінгі Ресей ипериясының құрамында
болған Қазақстан аумағындағы
сақтандырудың даму деңгейі жөнінде
ақиқат мәліметтер әзірше жоқ.
Қазақ халқының шаруашылық жүргізу
түрімен өмір сүру деңгейі
және экономика мен өндіргіш
күштердің дамуының төменгі деңгейі
сақтандыру ісінің кеңінен таралуына
ықпалын тигізе алмады. Тек кейбір
сақтандыру келісімдері Ресеймен
шекаралас ірі қалаларда (Орынбор,
Атырау, Орал және т.б.) жер шаруашылығы
аймақтарында жасалды.
Сондықтан
да революциядан кейінгі жылдары
ғана Қазақстан Халқының күнделікті
өмірі мен экономикасына сақтандыруды
енгізу қарқынды дами бастады.
Қазақстан
территориясындағы сақтандыру ісін
ұйымдастыру тәртібі 1921 жылы 14-ші
желтоқсандағы ҚССР ХК-н бекіткен
мемлекеттік мүліктік сақтандыру
туралы Ережемен анықталды.
1928
жылы наурызда Мемлекеттік сақтандырудың
Өлкелік Кеңсесі құрылды. Осы
уақыттың ішінде сақтандыру түрлері
қалыптасты. Яғни, құрылыстарды, жануарларды,
ауылшаруашылығы егістерін міндетті
және ерікті сақтандыру, кепілдік
сақтандыру, өмірді және бақытсыз
жағдайдан сақтандыру түрлері.
1933
жылы Алматыда Қазақ Мемлекеттік
Сақтандыру басқармасы, облыстарда
– басқармалар, аудандарда инспекциялау
ұйымдастырылады. Бұдан кейінгі
құрылымдық қайта құрулар жалғаса
келе 1995 жылы 17-ші сәуірде Қазақстан
Республикасының Министрлер кабинетінің
қаулысымен «Сенім» сақтандыру
компаниясы Ашық акционерлік
қоғамы құрылды.
Қазіргі
жағдайда сақтандыру ісін ұйымдастыру
принциптері бірінші жағынан
нарықтық экономиканың қызмет
жасауының ортақ экономикалық
заңдарымен, екінші жағынан осы принциптерге
Қазақстан Республикасының өтуінің өзіндік
ерекшеліктерімен анықталады.
Дамыған
нарықтық экономика – икемді
реттелетін жүйе. Осы реттеуші
элементтердің бірі – сақтандыру.
Қазіргі кездегі сақтандыру ісін
ұйымдастырудың принциптік басты
белгісі – оның монополиясыздандырылуы
болып мемлекеттік сақтандырумен
қатар жеке акционерлік ұйымдар
өткізетін сақтандыруда дамып
келеді.
Мемлекеттік
сақтандыру – бүгінде сақтандырушының
орнында мемлекет атынан өкілетті
орган арқылы бекітілген мекеме
болатын сақтандырудың бір түрі.
Ең көп тараған ұйымдық түрі
акционерлік сақтандыру болып
табылады.
Қазақстан
Республикасы Президентінің «Сақтандыру
туралы» Жарлығына сәйкес акционерлік
қоғам сақтандыруды ұйымдастырудың
жалғыз мемлекеттік емес түрі
болып табылады.
Сақтандырудың
Қазақстандағы үш түрі мыналар:
өзара сақтандыру; бұл сақтандырушыларды
өзара көмек көрсету мақсатында
біріктіруге жатады, яғни әрбір
сақтандырушы бір мезгілде өзара
сақтандыру қоғамының мүшесі
болады. Өзара сақтандыру түрі - кооперативтік
сақтандыруға жатады. Өзара сақтандыру
қоғамы коммерциялық емес сипатта
болады. Отандық сақтандыру нарығының
дамуы үшін маңызды мәселе
шетелдік сақтандыру ұйымдарының
қызметке көз қарасы болып
табылады.
Президент
Жарлығымен Республика көлемінде
қызмет етуші шетелдік сақтандыру
компаниясының жұмысына шекетулер
қойылды, олар біздің елде тікелей
қызмет жасай алмайды.
Шетелдік
компаниялардың жарғылық қордағы
үлесі 25%-дан аспайды. Сақтандыру
нарығына бәсекеге әр түрлі
сақтандырушылар қатысады және
олар клиенттер үшін күрес
жүргізеді.
Бәсекемен
қатар сақтандыру ұйымдары арасында
көпжақты қарым-қатынас жасау
үшін де жағдай жасалған. Мұндай
қарым-қатынас түріне сақтандырушының
одақтары мен ассоциаларын құру
жатады. Қазақстан Республикасындағы
мұндай қоғамдар сақтандырушыларға
әдістемелік және ұйымдық көмек
көрсетеді, сақтандырушыларға қатысты
заң ережелерін дайындауға қатысады,
сақтандыру қызметкерлерінің біліктілігін
арттыру курстарын, семинарлар
ұйымдастырады және де сақтандырудың
қаржылық орнықтылығын нығайту жөнінде
кеңестер ұсынады.
Дәріс бойынша
қорытынды сұрақтар:
- Биржалық
және валюталық тәуекелдіктерді сақтандыру.
- Қолма-қол
келісім, келісілген және фъючерстік мәмілелер.
- Кәсіпкерлік
тәуекелді сақтандыру келісімінің ерекшеліктері.
Несиелік
тәуекелді сақтандыру
- Несиелік
тәуекелді сақтандырудың объектілері.
- Экспорттық
коммерциялық несиені сақтандырудың:
мәні, ұйымдастыру қағидалары.
- Өтелмеген
несиелер тәуекелін ерікті сақтандыру.
Белгілі
экономист В.Леонтьевтің айтуынша
мемлекеттік реттеудің жеке кәсіпкерлікке
бірігуі нарықтық экономикаға әсер
етеді. Сонымен қатар, бұлар толықтай
сақтандырумен байланысты.
Сақтандыру саласындағы мемлекеттік
реттеудің міндеттері.
- Қазақстан
Республикасында тұрақты сақтандыру жүйесін
жасау мен қолдау және ұлттық сақтандыру
нарығының инфрақұрлымын қалыптастыру;
- сақтандыру
нарығын реттеу және сақтандыру қызметін
қадағалау;
- сақтандыру
негіздерін заңдармен баянды ету, міндетті
сақтандыру түрлерін халықарарлық сақтандыру
жүйесіне Қазақстан Республикасының қатысу
принциптерін белгілеу;
- сақтандырушылардың,
сақтандырылушылардың және пайда алушылардың
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау
болып табылады.
Сонымен
қатар мемлекеттік реттеу белгілі-бір
нысанға байланысты дәйекті саясат
жүргізу үшін және отандық сақтандыру
бизнесін шетелдік капитал көлемімен
қатыстыруға қажет. Сақтандыру саласындағы
мемлекеттік саясатты іске асыруды,
сақтандыру нарығындағы істің жайына
мемлекеттік бақылау жасауды
қамтамасыз етуді қоса, уәкілетті
мемлекеттік орган және мемлекеттің
өзге де органдары өз құзыреті шегінде
жүзеге асырады.