Орта мектепте паскаль программалау тілін оқытуды жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:49, дипломная работа

Описание работы

Информатика пәні негізінен мынадай тақырыптарды қамтиды:
• «Алгоритм», «программа» ұғымы.
• Алгоритмдерді қарапайым тілде, блок-схема түрінде жазу.
• Паскаль тілінде мәліметтерді сипаттау, программалар құру, оларды компьютерде орындау.
• Әр түрлі операторларды жазу, функциялар мен процедураларды пайдалану жолдары т.б.
Қазіргі кезде Паскаль тілі кез-келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде программалауды оқытуда осы Паскаль тілі таңдалып алынған.Программалау тілінің бірі – Паскальдің негізін салушы Никлас Вирттың тұжырымдауынша, программалау ісі қалай болған күнде де математикасыз өмір сүре алмайды.

Содержание

Кіріспе
1. Орта мектепте Паскаль программалау тілін оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері
1.1. Орта мектептегі программалау тілдерін оқыту әдістерінің жалпы мәселелері
1.2. Орта мектепте программалау тілін оқытудың орны
1.3. Орта мектеп оқушыларын компьютерде программалау дағдысына баулу.
2. Орта мектепте Паскаль программалау тілін оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар
2.1 Программалау тілдерін оқытудың модульдік технологиясы
2.2 Программалау тілдерін оқытуда дидактикалық материалдар
2.3 Паскаль программалау тілін оқытуда электрондық оқулық
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

Меруерт диплом.docx

— 131.08 Кб (Скачать)

Стандартты  типтердің сипатталуы

Шамаларға  қолданылатын амалдар олардың типтеріне  байланысты болады.

Бүтін сан түріндегі тип. Бүтін  типтегі мәндерді қабылдайтын атаулар  былай сипатталады:

атау1, атау2, ...., атауn: тип;

мұнда тип орнында бүтін типті  көрсететін түйінді сөздің бірі жазылады. Мысалы,  integer,  byte

Арифметикалық амалдар.

 Белгілер

Операциялар

Операндтар типі

Нәтиже типі

+

қосу

Екеуі де бүтін, не біреуі

Бүтін, біреуі нақты

Бүтін, нақты

-

азайту

Екеуі де бүтін, не біреуі

Бүтін, біреуі нақты

Бүтін, нақт

*

көбейту

Екеуі бүтін немесе екеуінің

біреуі нақты

Бүтін, нақты

/

бөлу

Бүтін немесе нақты

Нақты

Div

Бүтін бөлу

Бүтін

Бүтін

Mod

Бүтін қалдық

бүтін

бүтін


 

Төмендегі стандартты функциялар бүтін  аргументтер үшін бүтін мән береді:

Abs(x) – бүтін х санының абсолют  шамасы

Sqr(x) –  бүтін х анының квадраты

Trunc(x) – нақты х санының бүтін  бөлігі 

Round (x) – нақты х саны дөңгелектеніп  бүтін нәтиже береді.

Succ(x)- х-тан кейінгі бүтін санды  береді.

Pred(x) – х-тың алдындағы бүтін  санды береді.

Сабақты бекіту сұрақтары

  • Тілдің алфавиті нелерден тұрады?
  • DIV және MOD функциялары не үшін қолданылады?
  • Программа қандай оператормен басталады?
  • Программаның негізгі бөлігі қандай түйінді сөзбен басталып, қандай сөзбен аяқталады?
  • Идентификатор дегеніміз не?
  • Жиым дегеніміз не?
  • Мәліметтердің типі дегеніміз не?
  • Мәліметтердің типтері қалай сипатталады, олар қандай қызмет атқарады?
  • Мәліметтердің қандай типтері бар?
  • Атаулардың типтері қалай сипатталады?
  • Паскаль тілінде стандартты функциялар қалай жазылады?
  • Арифметикалық өрнек дегеніміз не? Өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады?

 

Үйге  тапсырма: §2.5. – §2.7. тақырыптарды оқу. 2.7-кестені жаттау.

 

 

 

 


Информация о работе Орта мектепте паскаль программалау тілін оқытуды жетілдіру жолдары