Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:49, дипломная работа
Информатика пәні негізінен мынадай тақырыптарды қамтиды:
• «Алгоритм», «программа» ұғымы.
• Алгоритмдерді қарапайым тілде, блок-схема түрінде жазу.
• Паскаль тілінде мәліметтерді сипаттау, программалар құру, оларды компьютерде орындау.
• Әр түрлі операторларды жазу, функциялар мен процедураларды пайдалану жолдары т.б.
Қазіргі кезде Паскаль тілі кез-келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде программалауды оқытуда осы Паскаль тілі таңдалып алынған.Программалау тілінің бірі – Паскальдің негізін салушы Никлас Вирттың тұжырымдауынша, программалау ісі қалай болған күнде де математикасыз өмір сүре алмайды.
Кіріспе
1. Орта мектепте Паскаль программалау тілін оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері
1.1. Орта мектептегі программалау тілдерін оқыту әдістерінің жалпы мәселелері
1.2. Орта мектепте программалау тілін оқытудың орны
1.3. Орта мектеп оқушыларын компьютерде программалау дағдысына баулу.
2. Орта мектепте Паскаль программалау тілін оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар
2.1 Программалау тілдерін оқытудың модульдік технологиясы
2.2 Программалау тілдерін оқытуда дидактикалық материалдар
2.3 Паскаль программалау тілін оқытуда электрондық оқулық
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
Осыған ұқсас, біздің организмде өтіп жатқан барлық физиологиялық процестер ұқыпты тиянақталған, күрделі құрылған, өте үлкен программалар кітапханасы. Осы кітапхана программаларының құрылымы мен олардың информациялық байланыстарына талдау жасау организмін қазіргі жағдайы туралы қорытынды айтуға және оның болашақтағы өзгеруін болжауға мүмкіндік береді.
Іс жүзінде кез-келген кәсіпорында барлық өндірістік процес – ол программалар бойынша жұмыс істеу. Сонда өндірістік процестің тиімділігі сол программалардың тиянақты жасалу дәрежесіне байланысты.
Тіпті процесте
кездейсоқ элемент бар
Ақырында,
оқып үйрену, яғни білім алу да - белгілі
программа бойынша жұмыс істеу.
Шынында да, сәби бірдеңе істеуді
үйрену үшін, ол алдымен оны қалай
істейтінін түсінуі керек. Тек осындай
түсінік пайда болғаннан кейін
ғана қайталап жаттығу нәтижеге жеткізеді.
Бір ескертетініміз, бұл алдын-ала
белгілі әрекетке логикалық реакциялар
тізбегі болып табылатын
Адамның
күнделікті өмірі - ол да көбінесе программа
бойынша жасалатын іс-әрекет. Режим
сақтайтын әрбір адам өзін мақтанышпен
программалаушымын деп
Сонымен
программалар әлемі тіпті де ЭЕМ
жадына салынған нәрсеге ғана байланысты
емес. Ол бәрінен бұрын, адамзаттың
жинаған амалдау білімінің
Ал мұның бәрі осылай болса, онда біз, әрине программалау негізін іздеу проблемасына, оның ішінде табиғаттағы және адам жасаған программаларды ортақ тұрғыдан түсінуге мүмкіндік беретін кейбір бастапқы мәндерді бөліп қарау проблемаларына келеміз. Егер біз осы бастапқы мәндерді адам саналы түрде қабылдай алсын десек, онда осы мәндерді жалпыға ортақ білімнің құрылымы мен мазмұнына енгізуден басқа жол жоқ.
Сонымен біз іс жүзінде электронды - есептеуіш техниканың қоғамда шексіз дамуы және таралуы қарсаңында тұрмыз. Машина іс жүзінде адам қызметінің барлығында да адамды бірсарынды өнімсіз жұмыстан босатып және интелектін күшейтіп оның серігі болып келеді.
Адам интелектінің даму процесінің маңызды жеделдеткіші ролінде болып, оның информация өңдеу заңдары, білімнен іске көшу тәсілдері, программа құру, олар туралы ой толғау және жұмыстар нәтижесін болжау қабілеті болу керек. Осы мәселелер бойынша білім жиынтығы қоғамның әрбір мүшесі алған жалпы білімнің ілгері бөлігі- екінші сауаттылық болуы керек.
Қазір барлығымыз бүкіл дүние жүзіндегі ауқымды саяси және экономикалық өзгерістердің куәгері болып отырмыз. Бүгінгі таңда болып жатқан істердің бір жарқын көрінісі- біздің және басқа елдерге жаңа компьютерлік технологиялардың енуі. Қазіргі компьютер біздің өміріміздің барлық салаларына, оның ішінде білім беру саласына да енді. Бұған дәлел, 1997 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің <<Орта білім беру жүйесі ақпараттандыру>> мемлекеттік бағдарламасы.
Қалыпты
орта мектептер аумағыңда
Мұнымен
есептеспеу - оқушыны жаңа, көпқырлы
қызмет түрінде өзінің шығармашылық
қабілеттерін дамыту мүмкіндігінен
айыру деген сөз ( бұл кезде
оқушы бұған әбден бейім). Оның
үстіне сөз программалау тілін кәсіби
меңгеру туралы емес, программалау
негіздерін оқып- үйрену туралы болып
отыр, бұл оқушыларға осы қызмет
түрін танысуға, тіпті оны өзінің
бұдан әрі жоғары білім алу
жолын таңдауына мүмкіндік
Өзіміз байқап отырғанымыздай, қалыпты орта мектеп бағдаламасына программалау тілдерін оқытуды енгізу үшін тіпті осы аргументтердің өзі де толығымен жеткілікті.
2. Орта мектепте Паскаль программалау тілін оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану
Оқытудың негізгі түрлері
Оқыту теориясы мен тәжірибесі
дамуының жалпы заңдылықтарының
бірі-дидактикалық жүйелердің бірізділігі,
сабақтастығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі
жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын,
тәжірибесін өзіне сіңіріп
Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан: түсіндірмелі-иллюстрациялы (дәстүрлі), проблемалы, бағдарламалы (компьютерлік).
Енді осылардың жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталайық:
1.Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқыту.
Оның дәстүрлі оқыту деп
аталатыны тарихта ұзақ уақыт
бойы өміршең болғанына байланысты.
Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда
болған түсіндіру жолдары мен
көрнекіліктерді өзіне
Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың ғасырлар бойы нығайтылған пайдалы жақтары:
<!--[if !supportLists]-->- Уақытты үнемдейді;<!--[endif]-->
<!--[if !supportLists]-->- Мұғалім мен шәкірттердің күш-қайратын жетілдіреді;<!--[endif]-->
<!--[if !supportLists]-->- Күрделі білімдерді қабылдауды жеңілдетеді;<!--[endif]-->
<!--[if !supportLists]-->- Оқыту процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.<!--[endif]-->
<!--[if !supportLists]-->- Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың кемшіліктері:<!--[endif]-->
<!--[if !supportLists]-->- Оқушылардың дайын білімді жаттап алуы,<!--[endif]-->
<!--[if !supportLists]-->- Шәкірттердің өз бетінше ойлауына қажетті көңіл бөлінбеуі;<!--[endif]-->
<!--[if !supportLists]-->- Дара және бөліп оқыту мүмкіндіктерінің жетімсіздігі.<!--[endif]-->
2.Бағдарламалы (компьютерлік) оқыту
Бағдарламалы оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Бағдарламалы оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту) машиналары қолданылады. Оқытудың бұл түрі 1960 жылдан бастап Б.Скиннер, Н.Краудер бастамасынан кейін, педагогика, психология және кибернетиканы ұштастырып пайдаланылады.
Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері:
оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге
бөлінеді; әр бөлімді меңгерген соң,
оқушы өздігінен тест-
Оқытудың бұл түріне негіз
болған оу бағдарламасы оқу материалын,
оны меңгеру барысындағы
Бағдарламалап оқытудың үш принципі бар: сызықты, тармақты және аралас. Сызықты бағдарламада оқу материалы бірізділікпен беріледі. Тармақты бағдарламада әр оқушы мақсатқа өз жолымен келеді. Қате жауап берген кезде оқушы керекті тармаққа өтіп, қайтадан оқып, қосымша түсініктеме алып, қатені жойып, негізгі сызыққа қайтып оралады. Мықты оқушылар негізгі сызықпен жүрсе, әлсіз оқушылар тармақтарға кіру арқылы нәтижеге жетеді. Аралас бағдарламада қиын тақырыптар тармақтарға бөлінеді, басқалары сызық бойынша орналасады.
Бұл оқыту машинасыз және машиналы болып екіге бөлінеді. Машинасыз бағдарлама оқыту үшін арнайы оқулықтар, перфокарталар пайдаланылады, негізгі деректер көзі қағаз болады. Оқу нәтижесі біраз уақыттан соң бағаланылады. Соңғы кезде машиналы бағдарламалап оқыту үшін компьютер кең қолданылуда. Тапсырмалар, мәтіндер, сұрақтар, жауаптар дисплей дидарында жазылып, сол мезгілде бағаланып тұрады.
Оқу бағдарламасы оқыту алгоритміне негізделген. Алгоритм-дұрыс жауапқа жетелейтін бірізді ақыл-ой және оқу іс-әрекеттерінің жүйесі. Білім мен біліктерді толық меңгеру үшін алгоритм оқушыларға оқу әрекетінің құрамы мен орындау тәртібін белгілейді. Оқу бағдарламасын құрастырудан алдын-ала оқу барысын басқару үшін алгоритм жасалынады. Алгоритм сапасы компьютерлік оқытудың сапасына тікелей ықпал жасайды. Сондықтан, компьютерлік оқытудың сапасы оқу бағдарламасы мен техника сапасына тәуелді.
Бағдарламалап оқытудың күшті жақтары:
<!--[if !supportLists]-->- Оқу материалының бөлшектелінуі,<!--[endif]-->
<!--[if !supportLists]-->- Оқушының белсенді өзіндік жұмысы,<!--[endif]-->
<!--[if !supportLists]-->- Тұрақты тексеру,<!--[endif]-->
<!--[if !supportLists]-->- Оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемінің даралануы,<!--[endif]-->
<!--[if !supportLists]-->- Техникалық оқыту құралдарын пайдалану.<!--[endif]-->
<!--[if !supportLists]-->- Бағдарламалап оқытудың кемшіліктері:<!--[endif]-->
<!--[if !supportLists]-->- Бағдарлама жасауға көп уақыт, күш керектігінен ол өте тиімді,<!--[endif]-->
<!--[if !supportLists]-->- Мектептегі компьютерлердің саны мен сапасы жеткіліксіз.<!--[endif]-->
3.Проблемалық оқыту
Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.
Аталмыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлесін қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский. Мысалы, Дистервегтің дәлелдеуінше, "жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді”.
Проблемалық оқытуды ойдағыдай
іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын
проблемалық сұрақтар жүйесін жасап
шығу қажет. Ескеретін жайт: кез келген
сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы
сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны
оқушы міндетті түрде өзі іздеуі
шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде
қиындық туғызуы қажет. Оқушы
іштей түйсінген ойлау
Келесі кезеңінде бала
іштей өз білімін талдап, таңдап,
олардың жауап алуға
Мұғалім проблемалы оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылқтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.
Проблемалық оқытудың күшті жақтары:
<!--[if !supportLists]-->- Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;<!--[endif]-->
<!--[if !supportLists]-->- Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;<!--[endif]-->
<!--[if !supportLists]-->- Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;<!--[endif]-->
Информация о работе Орта мектепте паскаль программалау тілін оқытуды жетілдіру жолдары