Орта мектепте паскаль программалау тілін оқытуды жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:49, дипломная работа

Описание работы

Информатика пәні негізінен мынадай тақырыптарды қамтиды:
• «Алгоритм», «программа» ұғымы.
• Алгоритмдерді қарапайым тілде, блок-схема түрінде жазу.
• Паскаль тілінде мәліметтерді сипаттау, программалар құру, оларды компьютерде орындау.
• Әр түрлі операторларды жазу, функциялар мен процедураларды пайдалану жолдары т.б.
Қазіргі кезде Паскаль тілі кез-келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде программалауды оқытуда осы Паскаль тілі таңдалып алынған.Программалау тілінің бірі – Паскальдің негізін салушы Никлас Вирттың тұжырымдауынша, программалау ісі қалай болған күнде де математикасыз өмір сүре алмайды.

Содержание

Кіріспе
1. Орта мектепте Паскаль программалау тілін оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері
1.1. Орта мектептегі программалау тілдерін оқыту әдістерінің жалпы мәселелері
1.2. Орта мектепте программалау тілін оқытудың орны
1.3. Орта мектеп оқушыларын компьютерде программалау дағдысына баулу.
2. Орта мектепте Паскаль программалау тілін оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар
2.1 Программалау тілдерін оқытудың модульдік технологиясы
2.2 Программалау тілдерін оқытуда дидактикалық материалдар
2.3 Паскаль программалау тілін оқытуда электрондық оқулық
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

Меруерт диплом.docx

— 131.08 Кб (Скачать)

<!--[if !supportLists]-->-          Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.<!--[endif]-->

Проблемалық оқытудың кемшіліктері:

<!--[if !supportLists]-->-          Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;<!--[endif]-->

<!--[if !supportLists]-->-          Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.<!--[endif]-->

Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері  бірге қатар қолданылады.

 

2.1 Программалау  тілдерін оқытудың модульдік  технологиясы

 

Кез келген салада, ғылымда  және техникада ақпараттық технологияларды  мақсатты және тиімді пайдалану деңгейің инновациялық жүйелердің дұрыс қалыптасуы, өмірде кездесетін практикалық есептерді  ғылыми тұрғыда сауатты қоюға  және оны шешудің технологиясын  меңгеруге тікелей байланысты болады.

Мектептің алдындағы негізгі  мақсат - әрбір оқушының қызығушылығына, бейімділігіне және мүмкіндігіне қарай  білім қажеттілігін қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету үшін оқу процесінде оқушы және мұғалімнің жүйелі түрде  парадигмасын өзгерту қажет болып  табылады. Бұл түсінік бойынша  оқушы өзі оқу керек, ал мұғалім  оның білім алуына мотивациялық басқару  жүргізу керек, яғни оқу процесін ұйымдастырып, бақылау жүргізіп және кеңес беріп отыру керек.  Бұл  ретте оқушының өз бетінше, ұжымда жұмыс  істеуін және оқу-танымдық шығармашылығын өзі іске асыра алу дағдысын дамыту үшін белгілі бір педагогикалық  технология қажет. Бұл технология жоғарыда атап өткен педагогикалық технология модульдік оқыту болып табылады

        Модульдік технологияны қарастырайық.

Осы аталған технология ХХ ғ. 60 ж.ж АҚШ және Батыс Еуропа елдерінің бірқатар оқу орындарында  пайда болып, кеңінен танымал  болды. Модульдік оқыту дәстүрлі оқытуға балама ретінде енген. Осы  технология барлық педагогикалық практика және теориядағы практикалық білімдерді жинақтайды. Сонымен, программалық оқытудағы білім игерудегі өздік бақылау және жекелей оқу- танымдылық іс- әрекеті негізінде оқушының белсенділігі идеясы осы технологияда қарастырылады.

Ой іс- әрекетінің кезеңдік қалыптасу теориясындағы іс- әрекеттің  бағдарланған негізі қолданылады. Кибернетика  жағдайын қарастыру модельдік оқытуды  оқушының іс- әрекетін басқарудан өздік  басқаруға ауысатын  идеясымен  байланысты. Психологиядан рефлекстік қарастыру қолданылады. Дифференцияның теориясы және практикасында жинақталған жалпылама, оқытудың тиімділігі қарастырылады, яғни оқыту процесін жүзеге асыру формалары және әдістерді таңдау модульдік технологияны құру ережелері және принциптеріне сүйенеді [9].

Отандық әдебиеттерде модульдік  оқытудың толық негіздері П. Юцавичкенің  монографиясында жазылған [10]. Отандық  және шетелдік тәжірибелерде модульдік  оқыту технологиясының тиімділігі дәлелденген. Ол теориялық материалдың  іріленген блок- модульдерімен, оқу  әрекетін алгоритмдеумен, таным циклдерінің анықталғандығы мен келісімділігі және басқа  циклдарын озық түрде оқытумен сипаттайды.

П.И. Третьяковтың кітабында  да [8] модульдік технология туралы айтылған. Оның жетекші принциптеріне модульдік  принципі, оқыту мазмұнын динамиканың  орташаланған элементтеріне құрылымдау, ұғыну көрінісінің шығарылатындығы, иілетіндігі, сондай-ақ методикалық  кеңес және бірегейліктің жан-жақтылығы  жатады. Модульділік принципі оқу  элементінің жүйесі негізіндегі  оқу материалының бүтіндігіне, толықтығына, логикалылығына байланысты болады. Блок- модульдерден пән бойынша оқу  курсы құрылады. Блок ішіндегі элементтер өзара ауысымды, әрі жылжымалы  болып келеді. Оқу материалын меңгеру  оқу іс- әрекетінің аяқталған цикылы процесінде іске асады. Мұндай шешімнің иілгіштігі оқу іс- әрекетінің қиындығы мен күрделік деңгейінің вариативтілігіне негізділген.

Модульдік технология бойынша  оқыту оқушының өз бетінші білім  алу дағдысын қалыптастыруын мақсат етсе, онда барлық процесс иерархиялық  жақын (білім, дағды және істей алу), орта (жалпы оқу дағдысы және білім) және перспективалық (тұлға қабілеттілігінің дамуы) мақсаттарға ұғымды түрде  жету негізінде құрылады. Оқу іс-әрекетін жете түсінген кезде мұғалім ақпарат  беру режимінен кеңес беру және басқару  режиміне ауысады. Тек «мұғалім-оқушы» жүйесіндегі субъектілік қатынастар шегінде оның жетекші рөлі сақталады. Бұл әдіс - оқыту барысында модуль шегіндегі кез-келген жолды таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Модульдік  бағдарламадағы кейбір басқару функциялары  өзін-өзі басқару функциясына  айналады. Бұл жағдайда мұғалім ақпарат  беру функциясынан толығымен босайды.

Модульдік бағдарламалар  және модульдер мақсатты түрде құру ақпараттық материалдардың жеке дидактикалық, интегративтік, комплекстік мақсаттарға  сәйкес оқу материалының толықтығына, модульдегі элементтердің салыстырмалы түрдегі дербестігіне, методикалық  қамтамасыз етілуіне және тиімді түрде  ақпарат бергендегі кері байланыстың  жүзеге асуына байланысты болады. Модульдер  мазмұнының критерийлері мақсаттарды  болжауды, оқу материалының мақсатқа сәйкестігі, танымдық іс- әрекеттің  ұйымдастырылуы және оның нәтижесін  перспективалы түрде қолдануы, тәжірибе құрылымдық иерархиялығы, бақыланған сипаттамалардың маңызы мен болжамның  анықтығын қалыпты етеді.

Оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың модульдік жүйесі оқушының дамуын шамалай  отырып, әрбір іс- әрекет цикылының  басында мотивация-лық кезеңнің міндетті түрде болуын болжайды. Олар өзара байланыса оты-рып, білімнен шеберлікке ауысуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың өздік жұмысын қайталанбалы түрде сәйкестік және жекелей  күрделілік деңге-йінде өткізу нәтижесінде  оқу материалының қиындығы шеберліктен  дағ-дыға көшеді. Барлық кезеңдерде мұғалім  ұйымдастырушы және процесс жетекшісі  ролін атқарса, ал оқушы тек мәселелердің дербес зерттеушісі ролін атқарады. Сонда жұмыс істей отырып, мәселенің  шешімі алдын-ала құрылып, анықталған білімдер, шеберліктер және дағдылар құрылымына әкеледі. Іс-әрекеттің табиғи сәйкестік құрылымы оқушының дамуына қызмет ететін жалпы оқу шеберлігі мен дағдысын қалыптастыратын жал-пы жүйені құруда аралық міндет болып табылады.

Жалпы модульдік оқыту  ақпараттық-нормалық оқыту жүйесінен  дамушы өздік басқарылатын оқытуға  көшуі болып есептеледі.

Модульдік оқытуда арнайы құрылған оқыту бағдарламасы болады. Ол бағдарлама әрекеттердің мақсатты жоспарынан, ақпараттар банкі мен  дидактикалық мақсаттарды жүзеге асырудағы  методикалық жетекшіліктерден тұрады. Модульдік оқыту оқушыға өз бетінше  осы бағдарламамен толығымен  немесе өз қажеттілігіне қарай кейбір элементтерін ауыстыра отырып жұмыс  істеуіне зор мүмкіндік береді.

Іс-әрекеттің мақсатты жоспары дегеніміз нәтжеге жетуді жоспарлайтын модульдік бағдарлама ішіндегі жеке оқу элементтерін меңгерудің бірегейлігі.

Ал модульдердегі ақпараттар мазмұнының жиынтығыақпараттық банк деп аталады.

Модульдік оқытудағы  методикалық жетекшілік дегеніміз оқытудың әр түрлі формалардағы әдістер мен әдістемелерді қолдану туралы кеңестері бар оқу материалының меңгеру нұсқалары мен жолдары, сондай-ақ оның нәтижелілігін тексеру тесттары.

Басқа оқыту жүйесінен  модульдік оқыту жүйесінің айырмашылықтарын Т.И.Шамова былай бөліп көрсетті:

    • Оқытудың мазмұны аяқталған өздік комплекстер–модульдер ретінде беріледі, ол бір мезгілде оны меңгеретін ақпараттар банкі мен методикалық жетекшілік болып табылады. Дидактикалық мақсат оқушылар үшін тұжырымдалады және ол өзіне оқыту мазмұнының көлеміне нұсқау мен оны меңгеру деңгейін енгізеді.
    • Оқу процесіндегі Педагог пен оқушылардың арасындағы өзара қатынасы басқа негізде жүзеге асырылады, яғни модульдер көмегімен белгілі бір деңгейдегі оқушылардың алдын-ала әрбір педагогикалық кездесуге ерікті түрде дайындығы қамтамасыз етіледі.
    • Жалпы модульдік оқыту оқу процесіндегі Педагог пен оқушының арасындағы субъект-субъектілі, пара-пар қарым-қатынастардың сақталуын талап етеді.

П.И.Третьяковтың кітабында [5] химия, математика, орыс тілі, биология, география пәндері бойынша модульдер  келтірілген. Ал Д.Г.Левитестің [2] кітабында  Е.В.Маслова өңдеген биология пәні бойынша модульдік бағдарлама мысалға  келтірілген. Берілген оқулықта информатика  пәні бойынша «Турбо-Паскаль программалау тілі» тақырыбында сабақ-модуль көрсетілген. Әрбір модуль 2 сабаққа  есептелген. Оқушылар Турбо-Паскаль  тілін меңгере отырып, келтірілген  модульдерді қолданады, сондай-ақ төмендегі  оқулықтарды пайдаланады:

  • Бабушкина И.А., Бушмелева Н.А.,Окулов С.М.,Черных С.Ю.

Практикум по Турбо-Паскалю. // Информатика, 1997, №44,46,48, 1998,

№1,10.

  • Круподерова Е.П. Лабораторный курс по программированию на языке Турбо-Паскаль. Москва, РАО,1996.
  • Круподеров Р.И., Круподерова Е.П.  Сборник задач с решениями по информатике. Елец, ЕГПИ, 1997.
  • Поддубная Л.М., Шаньгина В.Ф. Мне нравится Паскаль. Москва, Радио и связь,. 1992.

Оқулықтар мен үлестірмелі  материалдардан басқа оқушылар информатика бойынша методикалық есептер комплексін пайдаланады (ПМЕК). ПМЕК ақпараттық база (216 задач по информатике из сборника задач [4]) мен осы есептерге қатынау алатын программалық қабықшадан тұрады. ПМЕК-мен жұмыс істеу әдістемесі [5]-те сипатталған, онда информатика сабақтарында ПМЕК-ін қолдану нұсқалары келтірілген. Модульдік оқыту технологиясын жүзеге асыруда ПМЕК-ін қолданудың тек бір нұсқасы болады, онда оқушы күрделілік дәрежесіне сәйкес өзі тапсырма таңдап алады және де оқушы модульдік сипаттағы нұсқауларды пайдаланады. ПМЕК сонымен қатар жаңа материалы бар модульдерде де, тексеру мен бекіту мақсатындағы модульдерде де қолданыла алады.

Жаңа ақпараттық технологиялар мүмкіндігін зерттеуде, оларды қолданудың педагогикалық мақсаттылық сипаттарына арналған И.В. Роберттің «современные информационные технологии и образование»[6] монографиясы жарық көрді. Модульдік және ақпараттық технологияларды бірлесе қолдану оқушының оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде дамуы үшін мүмкіндік алады.

Информатика пәні курсында модульдік сабақтарды өткізудегі бірінші  тәжірибелер аталған педагогикалық технологияның перспективалылығын көрсетті. Енді мұғалім жаңа сабақты түсіндіруге емес, оқушылардың іс-әрекетін қалай басқару керектігіне дайындалады.

Оқушылар біртіндеп модульдік  сабақтарға үйреніп, өзінің достарының іс-әрекетіне, қойылған мақсатқа жетуіне  жоғары баға береді.

Алайда модульдік технологияны қолданудың белгілі бір қиындықтары да болады. Кейбір оқушылар өз бетімен жұмыс істеуге үйренбеген, өзінің жұмыс уақытын жоспарлай алмайды, объективті түрде өзін бағалай алмайды. Сондықтан ол модульдік сабақтарда белгілі бір психологиялық дискомфотты сезінеді.

Мұғалімнің басты міндеті  сондай оқушыларға жекелей кеңес  беру, белгілі бір мөлшерде жеке көмек беру. Бірақ сондай қиындықтарға қарамастан бүгінгі күні модульдік жүйе мұғалімге профессионалдық тұрғысынан шыңдалып, өздік айқындалуына мүмкіндік береді. Бірақ есте сақтайтын жайт, модульдік жүйе мұғалімнен үлкен алдын-ала дайындық жұмыстарын талап етсе, ал оқушыдан ынталы жұмысты талап етеді. Төменде программалау тілін оқытуда модульдік бағдарлама мазмұны мен модульдер берілген.

Информатика пәні бойынша 9 сынып Паскаль программалау тілін  оқытудың модулдік-жоспары.

Мақсаты мен міндеті:

Оқушылардың алгоритмдік, абстрактілі және логикалық ойлау жүйесін қалыптастыру, нақты процестерді программалау құралдары арқылы моделдеу дағдысын қалыптастыру.

Оқуышларды алгоритм ұғымымен және оның қасиеттерімен, алгоритмді жазу түрлері және есептеу кезеңдері  ұғымдарымен таныстыру.

Осы міндеттер негізінде  қолданбалы есептерді компьютерде  орындау және программалау әдістеріне барынша көңіл бөлінген: бағдарлау  тілінің операторларын қолдана  алу (енгізу – алу, есептеу, шартты, циклдік…), массивтермен, процедарлар  және функциялармен, графиктермен және файлдармен жұмыс істей білу керек.

Бағдарлама 9 модулден тұрады:

1-модуль «Турбо Паскаль  7.0 – Бастамалары»

• Тілдің авторы 
• Программалау (бағдарлау) тілі 
• Программаның құрылымы мен жазылу ережелері 
• Программа қалай орныдалады 
• Нәтиже шығаруды ұйымдастыру 
• Мәліметтер типі 
• Айнымалырады анықтау 
• Мән енгізуді ұйымдастыру 
• Есептеу 
• Меншіктеу операторы 
• Жазба құрылымы

2-модуль «Турбо Паскаль  7.0 –CRT модулы»

Пәндік негіздің құрамы:

• Паскаль модулдері 
• Клавиатураны программалау 
• Экранға мәтін шығару 
• Бояулармен жұмыс 
• Дыбыс генераторы 
• Караоке жасау

3-модуль «Турбо Паскаль  7.0 – Шартты оператор»

Пәндік негіздің құрамы:

• Шартты алгоритм 
• Шартты опретаордың блок-схемасы 
• Шартты опретаордың жалпы түрі 
• Жәй және құрама оператор 
• Толымсыз шартты оператор 
• Қабатталған шарттар (вложенные)

4-модуль «Турбо Паскаль  7.0 – Циклдер»

Пәндік негіздің құрамы:

• Repeat..Until циклі 
• Repeat..Until –дің блок – схемасы 
• Циклдегі санағашты ұйымдастыру 
• Қосынды табу, көбейту 
• For ..do циклі 
• For ..do блок – схемасы 
• Repeat..Until және For ..do циклдік операторлардың жұмыстарын салыстыра отырып талдау.

Информация о работе Орта мектепте паскаль программалау тілін оқытуды жетілдіру жолдары