Орта мектепте паскаль программалау тілін оқытуды жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:49, дипломная работа

Описание работы

Информатика пәні негізінен мынадай тақырыптарды қамтиды:
• «Алгоритм», «программа» ұғымы.
• Алгоритмдерді қарапайым тілде, блок-схема түрінде жазу.
• Паскаль тілінде мәліметтерді сипаттау, программалар құру, оларды компьютерде орындау.
• Әр түрлі операторларды жазу, функциялар мен процедураларды пайдалану жолдары т.б.
Қазіргі кезде Паскаль тілі кез-келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде программалауды оқытуда осы Паскаль тілі таңдалып алынған.Программалау тілінің бірі – Паскальдің негізін салушы Никлас Вирттың тұжырымдауынша, программалау ісі қалай болған күнде де математикасыз өмір сүре алмайды.

Содержание

Кіріспе
1. Орта мектепте Паскаль программалау тілін оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері
1.1. Орта мектептегі программалау тілдерін оқыту әдістерінің жалпы мәселелері
1.2. Орта мектепте программалау тілін оқытудың орны
1.3. Орта мектеп оқушыларын компьютерде программалау дағдысына баулу.
2. Орта мектепте Паскаль программалау тілін оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар
2.1 Программалау тілдерін оқытудың модульдік технологиясы
2.2 Программалау тілдерін оқытуда дидактикалық материалдар
2.3 Паскаль программалау тілін оқытуда электрондық оқулық
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

Меруерт диплом.docx

— 131.08 Кб (Скачать)

Program tortbur;

      Uses graph, crt;

      Var d, m: integer;

Begin

      D:= detect; initgraph(d, m, ‘’);

Setbkcolor(1);

Rectangle(150, 150, 300, 320);

Setfillstyle(8, 6);

Floodfill(160, 200, 15);

Setfillstyle(1, 3);

Bar(350, 150, 500, 320);

     Readln; closegraph

End.

 

Процедуралар  және функциялар

 

Практикалық есептерге программа  құрғанда үлкен программаның белгілі  бір бөлігін әр түрлі мәндер бойынша  бірнеше рет қайталап пайдалануға  тура келеді. Мұндайй бір типтес программа бөлігін программаның әр бөлігінде қайталап жаза бермеу үшін оны жеке қосалқы программа  ретінде бөліп жазған ыңғайлы.

Жеке программа түрінде  бөлек жазылған, қажет кезінде  оған оралып, оны пайдаланып отыруға  болатын негізгі программаның арнайы бөлігін қосалқы программа дейді. Қосалқы программаға автоматты  түрде енуге және одан шығуға болады.

Қосалқы программаны пайдалану  төмендегідей мүмкіндіктер береді:

  1. негізгі программаның көлемі кішірейеді;
  2. негізгі программада пайдаланылған айнымалыларды қосалқы программада пайдалануға болады;

3)қосалқы программаны  пайдалану құрылымдық программалауға  мүмкіндік береді.

Паскаль тілінде алгоритмдік  тіл тәрізді қосалқы программаның екі түрі пайданылады. Олар: процедура  және функция. Бір программада бір  немесе бірнеше процедура немесе функция пайдалануға болады.

Кез келген процедура –  процедура аты және процкдура  мәтінінен, яғни тұлғасынан тұрады. Процедура  тұлғасы негізгі программа тәрізді: айнымалыларды сипаттау және операторлар  бөлімнен тұрады. Процедураны сипаттаудың  жалпы түрі:

PROCEDURE <аты>(<формальды  параметрлер тізбегі>);

Формальды параметрлер тізбегі  процедура мен негізгі программа  арасындағы байланыс үшін қажет. Тізбекте процедураның енгізілетін және шығарылатын  параметрлері және олардың типтері  жазылады.

Турбо Паскальда процедура  тақырыбын формальды параметрлер  тізбегінсіз жазуға да болады:

PROCEDURE <аты>;

Процедураны сипаттау өздігінен  ешқандай іс-әрекет орындамайды. Процедурада  жазылған операторлар орындалу үшін, негізгі программаның қажет жерінде  процедураны шақыру операторын жазу керек.

 Процедураны шақыру  операторының жалпы түрі:

<процедура аты> (<фактіге  негізделген параметрлер тізбегі>);

Процедура орындалу барысында  нақты, яғни фактілі параметрлер  формальді параметрлерді алмастырады. Нақты параметрлер негізінде  тұрақтылар, айнымалылар және өрнек  алынуы мүмкін.

Мысалы: аnдәрежесін есептеу программасын құр, мұндағы n-дәреже көрсеткіші, а-дәреже негізі. Мәндерді пернетақтадан енгізу керек.

Ең алдымен  процедураға жеке программаны жазайық:

ProcedureDegree( х ,у:   integer;    Vаrst:   Longint); { процедура аты }

Var  i :integer; {Жазылу бөлігі }

Begin{ процедураның тұлғасы}

st:=1;

For i:=1 to y do

St:=st*х;

End;

Программаның  толықтай жазылуы келесі түрде болады:

Program Ехатр1е;

Var    a, n: Integer; s: Longint;

Procedure Degree ( х ,у:;    Уаr  st:   Longint);

Var  i : integer; 

Begin              

st:=1;

For i:=1 to y do

St:=st*х;

End;

Begin

Writeln(екі санды  енгізу);      {мәндерді  енгізу }

Readln(а,n);

Degree (а,n,s); {процедураны шақыру }

Writeln ('Нәтиже ',s);             {мәндерді шығару  аn }

Readln;

Еnd.

Функцияның процедурадан айырмашылығы, функция жұмысының  нәтижесі негізгі программаға функция  мәні ретінде қайтады. Сондықтан  функция үшін нәтиже типі көрсетіліп, ал функция тұлғасында сол жағында  функция аты көрсетілген меншіктеу  операторы болу керек.

Функция нәтижесі негізгі  программаға функция аты арқылы қайтып оралатын болғандықтан, функцияны  шақыруды стандартты функцияға ұқсас, өрнек операнд (аргументі) түрінде  жазуға болады:

<функция  аты> (<формальды  параметрлер тізбегі>);

Формальды параметрлер мен  фактілі параметрлер арасындағы байланыс процедурадағы байланыс ережесімен сәйкес.

Мысалы: формуласын есептейтін программа құр.

n, k—берілген сандарды  сақтау айнымалылар;

С — нәтижені сақтау айнымалы.

Берілге формуланы есептеу  үшін,  n!, (n— к)!, k! әрқайсысын жеке есептеу керек. n! Факториал санын (n!=1*2*...*n) түрде жазамыз.

Function  fасtоriа1(n:intеger):Lопgint; { функцияның аты}

Vari: integer; rez: longint; {жазылу бөлігі }

Begin{ функция тұлғасы}

Rez:=1;

For i:=1 То n do

Rez:=rez * i;

fасtоriа1:=rez; { функция мәндерін меншіктеу}

Еnd;

Енді программаны  құрайық:

РrogramЕхатр1е_1;

Уаrn,к: integer; а1, а2, а3, с: lопgint;

Functionfасtоriаl (n :intеger):Lопgint; { функцияның аты }

VarI: integer; rez: longint; { жазылу бөлігі}

Begin{функция тұлғасы }

Rez:=1;

For i:=1 То n do

Rez:=:rez*i;

fасtоriа1:=rez; { функция мәндерін меншіктеу }

Еnd;

Begin

Writeln(' n және k мәндерін енгізу, Сnk ‘);

Readl n(n, k) ; 

а1:=fасtorial(n); { n.'-ді есептеу}

а2:= fасtorial(k);{ k! -ді есептеу }

аЗ:= fасtorial(п (n-k); { (n- k)! -ді есептеу }

с:=а1div (а2 * аЗ); {нәтиже }

writeln (c);

end.

 

Символдық шамалармен жұмыс жасау

 

Турбо Паскаль жүйесінде  мәтіндік мәліметтер мәндердің екі  түрлі типімен берілуі мүмкін: символдық (CHAR) және жолдық немесе тіркестік  (STRING). Тіркес – бұл символдар  тізбегі.

Компьютердің ішкі жадында  әр символ 1 байт орын алады.

Мәндерді енгізгенде кез  келген сан емес перненің барлығы  символ ретінде қабылданатындығын  есте сақтау керек. Сонымен бірге <Enter> пернесі де символ ретінде қабылданады.

1-Мысал. a=’I’; b=’_’; c=’j ‘  айнымалыларын енгізуді және  экранға шығаруды ұйымдастыратын  программа фрагменті

             Program stroki;

Var a, b, c: char;

Begin

Writeln(‘Бастапқы мәндерді  енгізіңдер’);

Readln(a, b, c);

Write(a, b, c);

Writeln;

End.

Пернетақтадан символдарды  енгізгенде апострофсыз тереміз:

I_ j  <Enter>

Нәтиже:   I_ j

Турбо Паскаль жүйесінде  символдар реттеоген, сондықтан  оларға қатынас (>, <, =, <=, >=) операцияларын  қолдануға болады. Бұл шартты операторда символдық мәндер арқылы логикалық  өрнектер жазуға мүмкіндік береді, мысалы:

If ch=’!’ then ch:=’.’;  

Символдық мәндер үшін параметрлі For операторын қолдануға болады.

For ch:=’a’ to ‘d’ write(ch);

Writeln;

Нәтижесінде экранда abcd символдары тізбегі шығады.

 

 

 

 

 

 

1.2. Орта мектепте   программалау  тілін оқытудың орны

Қандай  программалау тілін оқыту және сол  кезде қандай әдістерді қолдану  мүлдем басқа мәселе болып табылады.

Осы уақытқа  дейін бұл мәселе негізінен төмендегідей жолмен шешіліп келді:

  • мектепте қандай да бір нақты программалар тілі оқытылды;
  • тілді таңдау программаның талаптарымен анықталды (көп жағдайда бұл Бейсик тілі болды) немесе компьютердің маркасына және оқушының даярлығына қарай басқа тілдер (мысалға, Фортран) оқытылды;
  • тиісті техникалық базасы бар және оқытушылары информатика оқытудағы өз әдістемелерін әзірлеп жүрген жекелеген мектептерде  программалаудың неғұрлым жаңа құралдары(мысалы, Турбо Паскаль) оқытылды.

Қазіргі уақытта мектепке жаңа компьютерлер келген кезеңде программалау жүйелерін таңдау мүмкіндіктерінің шеңбері біршама кеңейді. Бұл Turbo Pascal 7.0,Visual Basic, Delphi, C++. Бұл тізімді  әрі қарай да жалғастыра беруге болады.

Алайда  мектепте оқыту үшін программалаудың  қандайда бір жеке  жүйесін таңдау осы жүйеге тән қатаң  таптаурындар (стереотиптер) туғызатына және оқушының бұған дейін Basic тіліне бауыр басып кеткені сияқты басқа да жүйеге де үйреніп кеткені айдан анық болды.Тығырықтан шығар жол қайда?

Мұның шығар  жолы - программалаудың қандай да бір  жеке жүйесін оқытуда емес, жалпы  алғанда программалау негіздерін меңгеруде, және атап айтқанда, қандай да бір программалау жүйесіндегі негізгі ұстамдармен (принциптерімен) танысуда. Сондықтанда оқушыларда таныс алгоритмдік тілдің көмегі арқылы программалаудың әдістерімен таныстырған дұрыс.

Сонымен, орта мектепте информатика  курсын оқытудың мақсатына сай, алгоритмдеу  мен программалау бастамасының міндетіне  мыналар кіреді:

  1. ЭЕМ-ның көмегімен шешуге арналған есептің қойылу техникасы жайлы ұғымды түсіндіру;
  2. әртүрлі мектеп пәндерінен қарапайым есептерді шешу әдісі мен моделін таңдау;
  3. физика, математика және басқа да сабақтар бойынша ЭЕМ-де есептер шығаруға қарапайым алгоритм құру іскерлігін қалыптастыру;
  4. қандай да бір программалау тілінде қарапайым программа құрып, оны есептегіш машинада жүргізу іскерлігін қалыптастыру;
  5. қазіргі есептегіш техниканың негізгі мүмкіндіктері мен оның даму болашағы жайлы білім беру;
  6. ЭЕМ-нан алынған нәтижені талдау іскерлігін қалыптастыру.

Мұндай программаны жүзеге асыруды  әдістемелік негізі ретінде ЭЕМ-де есеп шығаруға дайындалу іс - әрекетін былай көрсетуге болады:

есеп   тәсіл

қойылымы  әдіс

сценарий  алгоритм

ЭЕМ   программа

Кез келген есепті компьютер көмегімен  шығару жұмысын келесі этаптарға  бөлуге болады.

  1. Есептің математикалық қойылымы;
  2. Таңдалған есепті қалыптастыру;
  3. Есептің алгоритмін құру.
  4. Программалау тілінде программа құру;
  5. Программаны тестілеу және тексеру;
  6. Алынған нәтижелерді есептеу және сараптау.

Бұл тізбекті ЭЕМ-да есепті шығарудың технологиялық  тізбегі деп атайды.

 

1.3. Орта мектеп оқушыларын компьютерде программалау дағдысына баулу.

Бұдан бірнеше жыл бұрын ғана программалауды сауаттылықпен салыстыру  заңсыз болып көрінер еді. Қазір “Информатика және есептеу техникасы негіздері” пәні әрбір мектепте оқытылып жатқан кезде, мұндай салыстыру бізге осы пәнді меңгеру қазіргі заман адамының жалпы мәдениеттік білімінде қандай орын алатынын және болашақтағы оның қандай рөл атқаратынын түсінуге көмектеседі. Бір ескертетініміз, пайдаланудағы жалпы икемдік деген кең мағынада түсінеміз.

Егер  сауаттылықтың өзіндік пайда  болуы және дамуы бар тарихи категория  екенін ескерсек, онда программалауды сауаттылықпен салыстыру оңайырақ.

Алайда, осындай қарқында дамудың алдында  бір маңызды кедергі бар. Қазіргі  кезде адамның машинаға білім  беру қабілеті сол машинаны жасау  мен салыстығанда көп артта қалып  келеді.Егер микропроцессор мен микроЭЕМ жасауға кететін қоғамдық еңбек  шығыны адам-сағатпен есептелетін болса, онда программалық жабдықтарға кететін  шығын әлі күнге дейін адам- ай және адам жыл өлшемдерімен есептеледі. Программалау мамандары программалаушы еңбегін бұдан өнімдірек ету  жолында аянбай еңбек етуде. Алайда, олар қазіргі дәстүрлі программа  жасау процесіндегі еңбек өнімділігін  он есе арттыруға қажетті жағдай жасай алғанның өзінде, қарапайым  есептеулер бойынша шамамен жиырма жылдан кейін, барлық микропроцессорларды  программалармен қамтамассыз ету  үшін жер шарындағы барлық ересек адамдар программалаумен айналасуы  керек болады. Өздерінің қиялдау  күші XXI ғасырда қамтыған фантастардың айтуынша, болашақта нақты ғылымдарды білмейтін адамды есеп және жазумен  “Хатшыларым айналысады” деп  шірене сөйлейтін орта ғасырлық сауатсыз баронмен салыстыруға болады.

Программалаумен де тура осылай болуға тиіс. Ғылымда, өндірісте және т.б. қай салада болса да жұмыс істейтін әрбір маман ЭЕМ-ді тиімді пайдалана және программалай алуы тиіс, міне екінші сауаттылық дегеніміз осы.

Сонымен, біз машиналар әлемінен программалар әлеміне ауысамыз.

Француз жазушысы Мольердің кейіпкері месье  Журден өзінің өмір бойы прозамен сөйлеуін байқамағанын білгенде қатты таң қалады. ЭЕМ-нің шығуы және соған байланысты есептеу ғылымының пайда болуы арқасында адамзат сол месье Журденнің жағдайыны тап болып, өзінің программалар әлемінде өмір сүріп жатқанын сезінеді.

Иә, біз  программалар әлемінде өмір сүреміз, өзіміз сезбесек те әрқашан программалаумен  айналысамыз. XX ғасырдағы биологиялық  ғылымның ең үздік табыстарының бірі - организм дамуы оның гендік құрылымында жазылған генетикалық программа орындалуының ашылуы екені күмәнсіз. Бұл жерде орындалу және программа деген компьютерлік терминдерді қолдану метафора еместігін ескертеміз, олар клетка ішіндегі өсу және даму процестерінің мағынасын беріп тұр, ол процестермен мағынасын беріп тұр, ол процестермен салыстырып қарағанда, молекулалық құрылымдар және химиялық процестер- өзінше элементтік база және командаларды іске асыру тәсілі ғана болды.

Информация о работе Орта мектепте паскаль программалау тілін оқытуды жетілдіру жолдары