Орта мектепте паскаль программалау тілін оқытуды жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:49, дипломная работа

Описание работы

Информатика пәні негізінен мынадай тақырыптарды қамтиды:
• «Алгоритм», «программа» ұғымы.
• Алгоритмдерді қарапайым тілде, блок-схема түрінде жазу.
• Паскаль тілінде мәліметтерді сипаттау, программалар құру, оларды компьютерде орындау.
• Әр түрлі операторларды жазу, функциялар мен процедураларды пайдалану жолдары т.б.
Қазіргі кезде Паскаль тілі кез-келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде программалауды оқытуда осы Паскаль тілі таңдалып алынған.Программалау тілінің бірі – Паскальдің негізін салушы Никлас Вирттың тұжырымдауынша, программалау ісі қалай болған күнде де математикасыз өмір сүре алмайды.

Содержание

Кіріспе
1. Орта мектепте Паскаль программалау тілін оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері
1.1. Орта мектептегі программалау тілдерін оқыту әдістерінің жалпы мәселелері
1.2. Орта мектепте программалау тілін оқытудың орны
1.3. Орта мектеп оқушыларын компьютерде программалау дағдысына баулу.
2. Орта мектепте Паскаль программалау тілін оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар
2.1 Программалау тілдерін оқытудың модульдік технологиясы
2.2 Программалау тілдерін оқытуда дидактикалық материалдар
2.3 Паскаль программалау тілін оқытуда электрондық оқулық
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

Меруерт диплом.docx

— 131.08 Кб (Скачать)

Электронды оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн  өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан  бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың  көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр этапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың  дұрыс орындалуын ғана қадағалап  қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың  тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет  ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды.      

Сонымен қатар оқушы грамматикалық анықтамаларды  оқи отырып бiлiмiн тереңдете алады. Мiне, осындай мүмкiндiктердiң барлығы  оқудың мотивациясын күшейтедi, оқушылардың  тiлге деген қызығушылығын арттырады, оқуға деген белсендiлiгiн арттырады, оқытудың дәстүрлi ұйымдастыру формасынан шығып, оқытуды даралауды күшейтуге  көп көмегiн тигiзедi.     

Электронды  оқулықта берiлген мәтiндiк материалдар  белгiлi бiр қатынас жағдаяттарында қолданылатын сөйлемдердi құрайды. Сұхбаттар  көлемi жағынан шағын және жеңiл  жатталады. Сұхбаттық жағдаяттар қазақ  тiлiнде бiр-бiрiне сұрақтар қойып  және жауап қайтара алуға үйретедi. Сонымен қатар берiлген тақырып  төңiрегiндегi сөйлемдер мен әңгiмелердi микрофонның көмегiмен компьютерге басып, өздерi тыңдап, өзiн-өзi тексеруге, дұрыс сөйлеуге көмектеседi.     

Мысалға, электронды оқулықтағы бiр тақырыпқа  тоқталатын болсақ, алғашында сол  тақырып бойынша мәтiн берiлген.      

1. Осы мәтiндi оқушы тыңдайды, оқиды,  сонан соң барып тақырыптық  сөздiктерге көңiл аударады.     

2. Жаңа сөздердiң аудармасын iздеп  тауып алғаннан кейiн, сол сөздермен  басқа жағдаяттарда қолдануға  болатын сөйлемдер құрастырады.     

3. Осы құрастырған сөйлемдерiн қолдана  отырып жағдаяттар ойластырады.     

4. Өздерi ойластырған жағдаяттарды  қолдана отырып сұхбат құрастырады.      

5. Сұхбаттарды бiрiншi жақтан құрастырғаннан  кейiн, оны үшiншi жаққа аударып  айтып бередi.     

6. Берiлген тақырып көлемiнде түрлi жаттығулар мен тапсырмалар орындайды.      

7. Сөйлемдегi сөздердiң орын тәртiбiн  дұрыс қою арқылы сөйлем құрастырады.      

8. Сөйлемдегi жетпей тұрған сөздi табу арқылы, сөйлемнiң мағынасын  түсiнуiн аңғартады.     

9. Компьютермен сұхбаттасу арқылы  қойылған сұраққа дұрыс жауап  бере алатындығын көрсетедi.     

10. Әңгiменi қостай отырып, сол тақырып  көлемiнде сөйлесе алатындығын  байқатады.     

11. Сөйлемдегi сөздердiң жалғауларын  дұрыс қоюы грамматиканы түсiнгендiгiн  бiлгiзедi.     

12. Сөйтiп көптеген жаттығулармен  тапсырманы дұрыс орындағанда  барып өз өмiрiнде осы тақырыпты  қолдана отырып әңгiме құрастыруға  дейiн жетедi.

Электронды  оқулықтар оқушылардың     

- бiлiм деңгейiн тереңдетуге;  
     - ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;  
     - өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;  
     - ойларын дамытуға;  
     - студенттердiң сөздiк қорының молаюына;  
     - тiлдi үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;  
     - сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;  
     - өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.     

Қорыта келе айтарым, оқу үрдiсiнде  электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Тiл үйренушi электронды оқулықпен сабақ бойы үздiксiз  байланыста болғандықтан тiлдi меңгеруiне үлкен мүмкiндiктерi бар. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік- жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.

 

   

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл дипломдық жұмысымның мақсаты  – орта мектептегі алгоритмдеу негіздерінің және программалау тілдерінің ерекшеліктерін ашып жазу. Олардың көмегімен электронды есептеуіш машинада (ЭЕМ) программа  қалай құрылатынын көрсету.

ЭЕМ үшін программа құру және орындау - өте  күрделі және қиын жұмыс. Ол көп ойлауды  және уақытты жұмсауды талап етеді. Сондықтан жаңа алгоритмдік тілдерді ойлап табушылар программаны  мейлінше қарапайым және барлық қолданушыларға қолайлы етіп жасауға тырысады.

Паскаль тілі күрделі және қиын есептердің құрылымдық программаларын құруға мүмкіндік  береді. Қолданушы программа құру кезінде қате жібермеу үшін немесе оны өзгерту үшін  алдын ала  программалау тілінде программаға  қатысатын мәліметтер типтерінің нұсқамалары, операторлар белгілері, тұрақтылар, айнымалылар, ішкі программалар сияқты программаның барлық элементтері жөнінде  міндетті ақпараттар қарастырылған.

Жұмысымда алгоритмдеу негіздері туралы түсінік, блок-схемалардың қызметтері және Паскаль  программалау тілі жөнінде және олардың  мектептегі орны толық жазылған. Тіл  туралы түсінік – сөз алфавиті, өрнектер және операторлар, мәліметтер типтері бейнеленген. Сонымен қатар  қарапайым және кең тараған мәліметтер типтері – бүтін, нақты, логикалық  және символдық  туралы нақты жазылған. Осылардың негізінде тілді пайдалану  диапазонын кеңейтетін басқа күрделі  және арнайы мәліметтер типтері –  шектелген, жиындық, массивтер, жазулар  және файлдар типтері келтірілген.

Программалау  программа құру процессі сияқты программалау тілін таңдаудан  және алгоритм блок-схемаларының элементтерін сәйкес операторларға  ауыстырудан тұрады. Алгоритмдік  тілдегі дұрыс программа қойылған есептің шешіміне жеткізетін іс-әрекеттердің шекті тізбектерін көрсетеді.

Қазіргі уақытта мектепке жаңа компьютерлер келген кезеңде программалау жүйелерін таңдау мүмкіндіктерінің шеңбері біршама кенейді. Бұл Turbo Pascal 7.0, Visual Basic, Delphi, C++. Бұл тізімді  әрі қарай да жалғастыра беруге болады.

Оқушыларға  таныс алгоритмдік тілдің көмегі арқылы программалаудың әдістерімен  таныстырған дұрыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. С. Айнамқұлова: «Математикалық есептерді шешуге Паскаль тілінде      программа құру», «Информатика негіздері» журналы
  2. Б. Бөрібаев, Р. Дүзбаева, А. Махметова: «Информатика және есептеуіш техника негіздері» 9-сыныпқа арналған есептер мен жаттығулар жинағы, Алматы, 2005ж
  3. Б. Бөрібаев, Б. Нақысбеков, Г. Мадиярова: «Информатика және есептеуіш техника негіздері» 9-сынып оқулық, Алматы, 2005ж.
  4. Н. Ермеков, Ж. Қараев, В. Криворучка, В. Кафтупкина: «Информатика» 9- сынып оқулық, Алматы, 2001ж.
  5. Я. Зайдельман : «Язык программирование», «Информатика и образование», 1987г, №5.
  6. Н. Ковтун: «Программы всистема Express Pascal», «Информатика и образование», 1992г, №3.
  7. Ж. Масанов, Б. Бельгибаев, А. Бижанова, Қ. Мақұлов: «Turbo Pascal», Алматы, «Бастау» баспаханасы, 2004ж.
  8. С. Мухамедиева, Р. Мукашева: «Паскаль тілінің негіздері», Өскемен, ШҚМУ баспасы, 2003ж.
  9. Қ. Мұқанов: «Паскаль программалау тілінің бастапқы тақырыптарына арналған байқау тестісі»,  «Информатика негіздері» журналы, 2003ж, №.
  10. Қ. Мұқанов: «Паскаль  тілінде программа құруда бүтін сандарымен жұмыс істеудің арнайы әдістері»,  «Информатика негіздері» журналы, 2003ж, №3.
  11. Б. Нақысбеков, Г. Мадиярова, А. Мұхамади: «Информатика және есептеуіш техника негіздерін оқыту» 9-сыныпқа әдістемелік нұсқау, Алматы, 2005ж.
  12. Никифоов: «Программирование на языке Паскаль», часть1, учебное пособие, Усть-Каменогорск, 2002г.
  13. Программалар кітапханасы: «Есептерге программа қүру», «Информатика негіздері» журналы, 2002ж, №1-2.
  14. Е. Лодатко: «Рекурсивные алгоритм», «Информатика и образование», 1989г, №2.
  15. Ү. Смайлова, Ә. Өтехожиева: «Turbo Pascal тілінің элементтері», «Информатика негіздері» журналы, 2003ж, №2.
  16. Смайлова, Ә. Өтехожиева: «Turbo Pascal тілі бойынша тест сұрақтары», «Информатика негіздері» журналы, 2003ж, №3-4.
  17. Сочнев: «Изучение алгоритмического языке в курсе информатике», «Информатика и образование», 1988г, №1.
  18. Тойкенов: «Паскаль тілінде программалау», Алматы, 2001ж.
  19. А. Үмбетов:  «Turbo Pascal ортасы», «Информатика негіздері» журналы, 2002ж, №1-3.
  20. А. Шәріпбаев: «Информатика оқу құралы», Астана, 2003ж.
  21. А.Кузнецов, В.Долматов. Методическая система обученияОИВТ: структура и функции, состояние и перспективы. «Информатика и образование», №1, 1989 г.,стр.3.
  22. А.Г.Гейн, В.Г.Житомирский, Е.В.Линецкий, М.В.Сапир, В.Ф.Шолохович. Основы информатики и вычислительной техники. Учебное пособие. Свердловск: Издательство Уральского университета, 1989. -272 с.: ил.

23. Семакин И.Г.,     Шестаков А.П.Основы программирования.Учебник.М.:Мастерство, 2002.

24. Лавров С.Программирование. Математические основы.СПб.:Петербург,2001

25. Давыдов В.Г.Программирование и основы алгоритмизации. М.:Высш.шк, 2003

26. Иванова Г.С.Основы программирования. М.:Изд.МГТУ им Н.Э.Баумана, 2002

27. Рапаков Г.Г., Ржеуцкая С.Ю.Программирование на языке Pascal.

Уч.пособие.СПб: БХВ-Петербург,2004

28. Фаронов В.В. TurboPascal7.0 Практика программирования. Учебное пособие. -М.: «Нолидж», 1999

29. Немнюгин С.А. TurboPascal. Практикум.-СПб.:Питер, 2001

30.Ж.Қ. Масанов, Б.А. Бельгибаев, А.С. Бижанова, Қ.Қ. Мақұлов. Turbo Pascal. А.: «Бастау», 2004

31.Кнут Д.Искусство программирования для ЭВМ. Т.1. Основные алгоритмы:Пер. с англ. – М.:Мир, 1976.

  1. Шәріпбаев А. Информатика (оқу құралы). –Астана, Нұржол, 2003.
  2. Под ред.В.А.Острейковского. Лабораторный практикум поинформатике:Уч.пособие для вузов. М.:Высшая школа,2003.
  3. С.И. Молчанов. Основы программирования. –М.: Высшая школа, 2000.
  4. “Информатика негіздері” журналы, №1, 2002

 

 

 

 

1 қосымша

1. Пән аты:   Информатика

Класы:  9 «А», 9 «Б», 9 «В»

Сабақтың  тақырыбы: Мәлімет типтері. Стандартты функциялар. Стандартты типтерінің

                                                                             сипатталуы.

Сабақтың  мақсаты:  

  Білімділігі:    Оқушыларға Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.

Дамытушылығы: Паскаль программалау тілдің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін дамыту;

Тәрбиелік:  Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі:    теориялық сабақ

Сабақтың  барысы:   

                                    1. Ұйымдастыру

                                    2. Өткен материалды қайталау

                                    3. Жаңа сабақты түсіндіру

                                    4. Сабақты бекіту

                                    5. Үйге тапсырма

 

Өткен материалды қайталдау сұрақтары

  • Паскаль тілі қай жылдардан бастап қолданыла бастады?
  • Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?
  • Ғ10 пернесінің қызметі қандай?
  • Ғ5 пернесінің қызметі қандай?
  • Паскаль тілінде программаны тексеру қай перненің көмегімен орындалады?
  • АІТ + Ғ5 пернесі қандай қызмет атқарады?
  • Программаны орындауға жіберу қандай пернелер комбинациясы арқылы орындалады?

Жаңа  сабақты түсіндіру

 

Мәлімет типтері

 

           Мәліметтердің немесе шамалардың  типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз – шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама.

              Паскаль тілінде пайдаланатын  барлық типтер скалярлық (қарапайым)  және құрылымдық (структуралық) болып  үлкен екі топқа бөлінеді. Скалярлық  типке шамалардың стандартты  типі және жасанды тип (тағайындалған)  жатады. Стандартты типтерге:

  • бүтін – INTEGER                 нақты – REAL              логикалық – BOOLEAN
  • тіркестік – STRING             мәтіндік  - TEXT типтер жатады.

Құрылымдық  типтегі жиымдар – ARRAY, жазбалар – RECORD, жиындар – SET және файлдар – FILE түрлеріне бөлінеді.

Стандартты  функциялар

 

           Турбо Паскаль тілінде алдын  ала програмалары жасалып стандарттты  модульге жинақталып қойылған, қажет  кезінде пайдалануға болатын  объектілер бар. Солардың бірі  стандартты функциялар болып  табылады. Олар жиі кездесетін  математикалық және басқа да  функцияларды есептеу үшін қолданылады.

 

Енді программаларда жиі пайдаланылатын функцияларды қарастырайық. 

    1. Арифметикалық функциялар
    2. Типтерді өзгерту функциялары.

Арифметикалық функциялар

Математикада жазылуы

Паскаль тілінде жазылуы

Атқаратын қызметі 

Функция типі

|x|

arctg x

cos x

sin x

e x

[x]

 

Inx

П

х 2

х

 

Abs (x)

Arctan (x)

Cos (x)

Sin (x)

Exp (x)

Frac (x)

Int (x)

Ln (x)

Pi

Sqr (x)

Sqrt (x)

Аргументтің абсолюттік шамасы

Аргументтің арктангенсі

Аргументтің косинусы

Аргументтің синусы

е-нің х дәрежесі

х-санының бөлшек бөлігі

х-санының бүтін бөлігі

х-санының натурал логарифмі

п-дің мәні

х-тің квадраты

х-тің квадрат түбірі

х-тің типіндей

нақты

нақты

нақты

нақты

нақты

нақты (бүтін)

нақты

 

х-тің типіндей

нақты

Информация о работе Орта мектепте паскаль программалау тілін оқытуды жетілдіру жолдары