Информатикадан отчет

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 15:41, дипломная работа

Описание работы

Есептеу техникасының дамуы ерте кезден-ақ басталды. Кейбір мысалдар: XVII ғасырдың 40-жылдарында Б. Паскаль (1613—1662) сандарды қоса алатын механикалық қүрылғы ойлап тапты. XVIII ға-сырда В. Лейбниц сандарды қоса жене көбейте алатын қүрылғы жасап шығарды. XIX ғасырда Ч. Бэббидж (1792—1871) механикалық машинаны программа арқылы басқару жүйесімен біріктірді.

Работа содержит 1 файл

Сауле практика.doc

— 5.21 Мб (Скачать)

      Бейсик тілі сияқты, Паскаль оқып-үйренуге  жеңіл, түрлі салалық информациямен  жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған  тілдердің бірі

Turbo Pascal программалау  тілінің басқа тілдер сияқты  өзіне тән алфавиті бар.

      Жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің бірі − Паскаль.  Қазіргі кезде Паскаль тілінің кеңейтілген ондаған диалектісі бар, оның ішінде IBM PC-ге үйлесімді дербес компьютерлер жұмыс істей алатын Турбо Паскаль диалектісінің варианттары да жеткілікті.

Turbo Pascal жүйесінде  қарапайым есептерді шешудің  программасынан бастап, күрделі  мәліметтер қорын құрудың сан  қырлы жұмыстары жүргізіледі.

      Паскаль тілі бұрын құрылған (Фортран, Алгол және т.б.) программалау тілдерінен маңызды ерекшелігі ол құрылымдық программалау идеясын өмірге біртіндеп енгізу.

     

 

 

 

 

 

4.10.7 Паскаль тіліндегі стандартты  функциялар

 

 

    Стандартты функциялар математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшiн қолданылады. Стандартты функцияны жазу үшiн ең алдымен функцияның аты, сосын жақшаның iшiнде аргументi көрсетiлуi керек.  

 

                             

 3-кесте

Математика  тілінде   жазылуы

Паскаль тілінде 

жазылуы

 Түсiнiктемесi

1

2

3

4

5

6

7

8

Sinx

Cosx

Arctgx

X2

Öx

êxç 

ln x

еx

Sin(x)

Cos(x)

Arctan(x)

SQR(x)

SQRT(x)

abs(x)

ln(x)

exp(x)

Синус

Косинус

Арктангенс 

х-тың квадраты

х-тың квадрат  түбiрi

х-тың абсолют  шамасы

х-тың натурал  логарифм  шамасы

е-ң х дәрежесi


               -1, егер х<0

signx=       0, егер х=0           SGN(x) – санның таңбасы                

1, егер х>0  

    

 Бұл тiзiмде  жоқ функцияларды есептеу үшiн  әр түрлi түрлендiру формулаларын  пайдалану керек.

Мысалы: tgx = sin(x)/cos(x);             

chx = (exp(x)+exp(-x))/2;             

Arcsinx = ARCTAN( x/SQRT(1-SQR(x)));             

Arcctgx = ARCTAN(1/x);             

Log5x=ln(x)/ln(5);             

an = exp(n*ln(x)) -  a-ның n дәрежесi  

 

 

4.10.8 Турбо Паскаль тіліндегі бағдарлама құрылымы

 

 

          Паскаль тiлi блокты құрылымдардан, яғни программа жеке блоктардан құралған. Жалпы блок оның тақырыбынан, сонан соң сипаттамалық және операторлық бөлiктерден тұрады. Блоктың тақырыбын әркiм өз қалауынша қояды, бiрақ ол блоктың iшкi мазмұнына байланысты болуы қажет. Блок программаны, процедураны немесе функцияны көрсетуi мүмкiн.      

 Программа  тақырыбы PROGRAM сөзiнен және программаның  атауынан тұрады. Турбо Паскальдың 7 версиясында программа тақырыбын жазбай-ақ қойса да болады. Сипаттаманы беру бөлiгi программада кездесетiн барлық мәлiметтердi хабарлауға және соларды сипаттауға арналған. Кей жағдайда сипаттау бөлiгiнiң жоқ та болуы ықтимал. Программаның операторлық бөлiгi берiлген алгоритмдi жүзеге асырады және ол BEGIN түйiндi сөзiмен басталып, END сөзiмен аяқталады.

Программаның  жазылу құрылымы:

PROGRAM аты;                 

 мәлiметтердiң  аты;                 

 мәлiметтердiң  типiн көрсетiп сипаттау;                 

 олардың  мүмкiн мәндерi;

BEGIN                 

 операторлар  тiзбегi;                 

 нәтижелер  тiзбегi;

END.       

 Мұндағы  PROGRAM - программа, BEGIN - программаның  басы, END -  программаның соңы деген мағынаны бiлдiредi. (;) белгiсi операторларды бiр-бiрiнен ажырату үшiн жазылады, бiрақ ол соңғы оператордан кейiн қойылмайды. Программаның соңы END сөзiнен кейiн ғана (.) қойылады, ол программаның аяқталғанын бiлдiредi.

program < идентификатор >; - программаның аты

uses  < идентификатор >; - библиотекалық модульдер тiзiмi

label . . .            белгілерді  сипаттау.                   

const  . . .          тұрақтыларды сипаттау.            

type  . . .           типтердi сипаттау.                       

var . . .              айнымалыларды сипаттау.           

begin

          операторлар                       программа денесi

еnd.

Бағдарламаны  орындап, пайдаланушы терезесінен   нәтижені қара.

Орындалушы (кеңейтiлуi .exe)  файл  жасау.   Паскаль тiлiндегi бағдарлама тексiн сақтағанда стандартты .pas деген кеңейтiлу (расширение) берiледi. Бағдарламаны орындалушы файл ретiнде сақтау үшiн, оған .exe кеңейтiлуi берiлу керек. Ол үшiн:

а) жадыға  сақтау үшiн: Меню / Compile / Destination / Memory

б) дискiге сақтау үшiн:  Меню/Соmpile/Destination/Disk           

Memory  немесе  Disk  Enter  арқылы  таңдалады.

Memory  мен  Disk-нiң  бiреуi  таңдап  алынған   соң, Меню /Compile/  Make  енгiзiледi  немесе  Ғ9  басылады. Орындалушы файл  жасалады. Каталогтағы файлдар тiзiмiнде кеңейтiлуi .exe файлы пайда болады.

 

4.10.9 Паскаль тіліндегі қарапайым операторлары

 

Операторлар программаның  BEGIN және END түйiндi сөздерiнiң аралығында орналасады. Оператор дегенiмiз  алгоритмдi жүзеге асыру барысында орындалатын iс-әрекеттердi анықтайтын тiлдiң қарапайым сөйлемi. Оларды жазылу ретiне қарай бiр-бiрiнен нүктелi үтiр (;) арқылы ажыратып жазады. Экран бетiне бiрнеше мәлiмет орналастыру кезiнде бiр жолға бiрнеше операторды жазуға болады. Керек  жағдайда жолдардың арасында не соңына жүйелi жақшаға алынған түсiнiктеме сөздердi қазақша әрiптермен терген орынды.    

 Операторлар  қарапайым және құрмалас болып  екiге бөлiнедi. Қарапайым операторлар  құрамында басқа операторлар  болмайды, яғни ол тек бiр оператордан  тұрады. Оған меншiктеу, көшу, процедураны  шақыру, енгiзу-шығару операторлары  жатады.    

 Құрмалас операторлардың  құрамына бiрнеше қарапайым операторлар  енедi, олар: шартты, таңдау және үш  циклдiк операторлар болып бөлiнедi.

 

4.10.10 Шарт операторын қолдану

4.10.11 Нұсқа операторын қолдану

4.10.12 While…do цикл операторы. repeat…until цикл операторы.for…do цикл операторы.

 

Циклдің процестері ұйымдастыруда Repeat операторы циклдің  қайталану саны белгілі болғанда қолданылады. Мұндай жағдайлар көбінесе программаларды құрғанда кездеседі. Әрине  бұл оператор бірден белгісіз санның қайталануынан немесе берілген формуламен есептелетін болса ғана қолданылады.

  
Repeat операторының жалпы жазылуы:  
Repeat  
<циклдің денесі>  
Until<шарт>

 
Мұндағы, қызметші сөздері Repeat- қайтала, Until- соған дейін деген мағынада қолданылады. Цикл денесі – қайталанып орындалатын бір немесе бірнеше операторлардан тұрады. Цикл денесін құрайтын операторлар санын шектеу қойылмайды. Шартты тексеру логикалық өрнек арқылы жүргізіледі.  
Орындалу ережесі: Repeat сөзінен кейін жазылған операторлар бір рет орындалады. Шарт жалған болса операторлар қайталанып орындала береді. Шарт ақиқат болғада ғана тоқтайды, яғни орындалмайды.  
Repeat операторы алгоритмдік тілдегі “дейін” цикл командасына ұқсас. “Әзір” цикл командасынан “дейін” циклінің айырмашылығы: қойылған шартқа тәуелсіз бірнеше цикл денесі орындалады. Сонан кейін, шарт тексеріледі. Демек, шарт ақиқат болмаса цикл денесі кемінде бір рет орындалады. Repeat операторының қызметін суреттегі блок схема арқылы сипаттауға болады.

Repeat операторы  құрамды оператордың орындалуын  талап етпейді. Бірақ бұл Repeat операторы циклдің бір рет те орындалуын қажет ететін жағдайда циклдарды жазуға жарамайды. Егер мұндай жағдайда болса, онда алғышарт операторын қолдануымыз керек. Мысалы: 1кг ірімшік 300 теңге тұрады. Ірімшіктің 100,200,300,...1000 граммына төленетін теңгені анықтайтын және есептің жауабын кесте түрінде шығарудың программасын жазайын.  
Programpr2;  
Varm:integer;{Бүтін}  
z:real;{Нақты}  
Begin  
m:=100;  
Repeat  
z:=(300*m)/1000;  
Writeln(m,’___’,z);  
m:=m+100;  
untilm>1000;  
readln  
end.  
Параметрлі қайталану операторы For операторы.Циклдік құрылымды алгоритмді программалауда қайталанушы процесс бір айнымалының мәніне тәуелді болса, For операторын қолданамыз. Айнымалы тек бір қадамға ғана өзгере отырып циклді басқарыды. Бұл айнымалы циклдің параметрлі қайталану операторы деп аталынады. Санағышы бар параметрлі цикл операторы цикл қайталануын бақылайтын санағыштың алғашқы және соңғы мәндері алдын ала белгілі болған кезде ғана қолданылады.  
For операторы алгоритмдік тілдегі параметрлі қайталану командасына сәйкес келеді.  
і үшін m1 бастап m2 дейін h қадам

Цб  
Серия  
Цс  
For операторы екі түрлі жазылады:

А) for I:=A to B do

 
Begin  
…  
End;  
Орындалу ережесі: Begin және End сөздерінің арасында жазылған операторлар I:=A, I:=A+1, I:=A+2,…,I:=B үшін орындалады. Мұндағы І цикл параметрі, А –параметрдің бастапқы мәні, В-параметрдің соңғы мәні.  
For Х:=М1 to M2 do S1; 
Мұндағы, қызметші сөздер: For(үшін), to(дейін) циклдің қадамы +1-ге өсіп отыратынын көрсетеді, do(орында);  
Х- скалярлық типтегі айнымалы циклдің параметрі;  
М1-цикл параметрінің бастапқы мәні;  
М2-цикл параметрінің соңғы мәні;  
S1-параметріне тәуелді қайталанып орындалатын оператор. Сондықтан, S1-цикл денесі деп аталады.  
Б) For I:=A DOWN TO B DO  
Begin  
…  
End;  
Орындау ережесі: Begin және End сөздерінің арасында жазылған операторлар I:=A, I:=A-1, I:=A-2,…, I:=B үшін орындалады.  
For X:=M1 down to M2 do S1;  
1-нұсқадан өзгешелігі to сөзінің орнына down to (төменге дейін) қызметші сөзі жазылады. down to циклдің өзгеру қадамы –1 тең екендігін көрсетеді. Мұндағы Х –тің мәні М1- ден М2-ге дейін –1 қадаммен кему үшін М1>M2 шарты орындалуы керек. Егер бұл шарт орындалмаса цикл денесі бірде бір рет орындалмайды.  
Егер, цикл денесі бірнеше оператордан тұрса, Begin және End операторлар жақшасынпайдаланамыз.  
Параметрдің мәніне тәуелді циклді блок схемасында төмендегідей сипаттайды.  
 
Параметрлі қайталану операторының жазылуына және орындалуына мысал келтірейік:

Оператордың жазылуы Нәтижесі  
For k:=-1 To 6 do Write (x,’,’) -1,0,1,2,3,4,5,6  
For k:=3 To 3 do Write (x,’,’)_ 3  
For k:=1 To 9 do Write (x,’,’) 1,2,3,4,5,6,7,8,9  
For k:=-1 To -6 do Write(x,’,’) Цикл орындалмайды  
For k:=10 down to 6 do Write(x,’,’) 10,9,8,7,6  
For k:=0 down to –1 do Write(x,’,’) 0,-1  
For k:=1 down to 16 do Write(x,’,’) Цикл орындалмайды

Қайталану санын  келесі тәсілдермен анықтауға болады. Соңғы мән – алғашқы мән +1 –  бірінші жағдай үшін;  
Алғашқы мән – соңғы мән +1 екінші жағдай үшін. Мысалы:Р=1*2*,…*10 сандарының көбейтіндісін есептеу.  
Program pr3;  
Var i,P :integer;  
Begin  
P:=1;  
For i:=1 to 10 do  
P:=P*1;  
Writeln (‘P=’,P);  
Readln  
End.

 

4.10.13 Break,continue,exit,halt операторлары.Тапсырманы шешу.

4.10.14 Циклды қолдану арқылы бағдарламаны жазу.

4.11.Delphi бағдарламалау тілі

 

Delphi ортасын  – програмалаушының сапалы жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол экрандағы бір уақытта ашылатын бірнеше терезелермен сипатталады. Бұл терезелер бір-бірін жартылай немесе толығымен жауып, экранда орын ауыстыра алады.

Delphi ортасы –  көптерезелік жүйе. Оның негізгі  төрт терезесі: 
1. Негізгі терезе (Project 1)

2. Объектілер  бақылаушысының терезесі (Object Inspector)

3. Формаларды  құрастырушының терезесі (Form 1)

4. Программа  кодының терезесі (Unit 1. Pas).

 
Негізгі терезеден басқа терезелерді  жылжытуға, өлшемін өзгертуге немесе экраннан алып тастауға болады. Форманың терезесінен Unit кодына өту және одан кері өту F12 пернесі арқылы орындалады.Негізгі терезе мен компоненттер жинағы.Негізгі терезе программаның жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және Delphi ортасы іске қосылып тұрғанда міндетті түрде экранның жоғарғы қатарында орналасады.Бұл терезде Delphi-ң негізгі меню жүйесі, пиктограммалық командалық батырмалары мен компоненттер политрасы орналасады.

Компоненттер  жинағы – Delphi-ң негізгі байлығы  болып табылады. Ол негізгі терезенің оң жағында орналасып, қажетті компонентті тез табуға арналған белгілерден тұрады:

Компонент деп  белгілі бір қасиеттерді иемденген  және форма терезесінде кез-келген объектіні орналастыру мүмкіндігін  туғызатын функциональды элементті  айтады. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген, ол топтарды парақтар деп атаймыз.Форма құрастырушының және объектілер бақылаушысының терезесі. Форма құрастырушының немесе форманың терезесі – болашақ программаның Windows жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады. Бұл терезенің жұмыс аймағы координаттық тордың нүктелерімен реттелген. 
Формада орналасқан әр компоненттер өзінің мекен-жайымен, мөлшерімен және түсімен анықталады. Форманы құрастыру File=>New=>Form опциялары арқылы орындалады. Шығып тұрған бос формаға бір компонентті, мысалы Standard парағының Button батырмасын орналастыру үшін компоненттер жинағындағы Standard белгісін сырт еткізіп, парақты екпінді күйге келтіру керек. 
Button батырмасының кескінің ажырату үшін тышқанды баспай тұрып парақта орналасқан белгілердің үстінен жылжытып көрген сәтте компоненттердің аты шығып тұрады. Қажетті компонентті сырт еткізіп белгілеп, тышқанды форма аймағының кез-келген жеріне сырт еткізсек, форманың бетінде Button 1 элементі пайда болады.Объектілер бақылаушысының терезесі 2 парақтан құрылады: Properties – қасиеттері және Events – оқиғалары. Properties парағы арқылы компоненттің қасиеттері – параметрлері анықталады, ал Events парағы арқылы компонентті әртүрлі оқиғаларға сәйкес сезіндіру анықталады.Программа кодының терезесі: 
Программа (немесе Модуль) кодының терезесі программаның мәтінін құруға және оны түзетуге арналған. Бұл мәтін арнайы ережелер бойынша құрылып, алгоритм жұмысын анықтайды. Delphi жүйесінде Pascal тілінің ұлғайтылған және дамытылған нұсқасы – Object Pascal программалау тілі қолданылады. Delphi ортасы іске қосылғанда программа кодының терезесі Windows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан тұрады. Жаңа форманың кодына Delphi ортасы бұл қатарларды автоматты түрде қосып отырады.  
Жобаны құру барысында осы кодқа қажетті өзгерістер енгізіледі. Delphi ортасы Unit, Unit 1 және implementation қатарларының аралығын өзгертіп отырады, ал программалаушының жұмыс аймағы – {SR*DFM} және END қатарлар аралығы бойынша.

Информация о работе Информатикадан отчет