Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 16:50, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "История"
53.Ассирия державасының құрылуы. Әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. "Ассирия" — біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың бас кезінде Тигр өзенінің орта ағысы тұсында (қазіргі Ирак аумағы) құрылған ірі мемлекет. Ассирияның болашақ астанасы Ашшур қаласы маңызды сауда жолдарының бойында орналасты. Біздің заманымыздан бұрынғы 16 ғасырда осы қала басшылары көрші территорияларды жаулап алып, Ассирия мемлекетінің негізін қалады. Көп ұзамай Вавилон ықпалына түскенімен, ол әлсірей бастаған уақытта қайтадан тәуелсіздікке қолы жетті. Біздің заманымыздан бұрынғы 14 ғасырда Митанияны жаулап алып, қуатты мемлекетке айналды. Хет патшалығы құлағаннан кейін Ассирия билеушісі Тиглатпаласар І (біздің заманымыздан бұрынғы 1115 – 1077) бірнеше сәтті жорықтар нәтижесінде мемлекет шекарасын Вавилоннан Мысырға дейін кеңітті. Бірақ Арабиядан келген арамейлердің шапқыншылығына ұшырағандықтан бір жарым ғасыр бойы құлдырау кезеңін бастан кешірді. Тек біздің заманымыздан бұрынғы 10 – 9 ғасырларда ғана мемлекеттің жағдайы тұрақтанып, күш-қуаты арта түсті. Тиглатпасар ІІІ билігі кезінде Вавилон жаулап алынып (біздің заманымыздан бұрынғы 729 ж), империя шекарасы Жерорта теңізінің жағалауына дейін жетті. Ассирия Саргон ІІ билігі кезінде Урарту мен Израильді, оның немересі Асархаддон патшалық құрған уақытында Мысырды талқандады. Ашшурбанипалдың кезінде (біздің заманымыздан бұрынғы 7 ғасырдың ортасы) Ассирия өзінің күш-қуатының шырқау шегіне жетті. Оның шекарасы Мысырдан Мидияға, Жерорта теңізінен Парсы шығанағына дейін созылып жатты. Мемлекет астанасы Ниневия өзінің сән-салтанатымен, архитектурасымен әйгілі болды.
54.Жаңа Хетт державасы. Ішкі және сыртқы саясаты Б.з.д. 1460 ж . жаңа хетт династиясы құрылды. Осы кезде Хетт держаасы гүлдене түсті. Хетт державасын елдің астснасы Хаттусастан билеп отырған Суппилулиуме I (1380—1335 до н. э.) кезінде Сирияға жорықтар қайтадан басталды.Бірақ ел біраз жерін жоғалтты., Миттани мен Египетты жеңе алды,барлық шығыс Жерорта теңізінен Палестинаға дейін қол астына ала алды.Жаулап алынған солтүстік Сирия мен Месопотамия жерлеріне вассальды княждықтар құрылды.Княждықтардың әміршілері Суппилулиума 1 кішкентай ұлдары болды. Мурсили II (ок. 1335—1305 до н. э.) Хоремхеб фараонымен келісім шарт жасап,Хетт державасын биліктің шыңына көтерді.
Алайда,келесі ғасырда Сирия мен Палестинаға хетт әміршісі Хаттусилис III пен Рамсес II әскері арасында соғыс жанданды.Бұл Кадеш кезінде болған нәтижесіз қанды шайқаспен аяқталды.Аяғында,Сирия мен Финикияның үлкен бөлігі мысырлықтарда болды. 1280 г. до н. э. Мысырлықтармен келісім шатр жасалып,Хаттусилистың қызы фараонның әйелі болды.Сонымен қатар,Ахейлық Грециямен келісім шарт жасасты. Ішкі талас тартыстар мен сыртқы сәтсіздіктер кесірінен державада аштық басталды. «Су адамдары» әсерінен Хетт державасы толығвмен жойылды.
55. Ежелгі Парсы державасының экономикасы мен әлеуметтік қатынастары.
Парсылардың экономикасының негізгі көзі – ауыл шаруашылығы болды.Сонымен қатар,саудада дамыды. Парсылардың барлық әміршілері абсолюттік монархтар болды.Әміршілер туысқандарына немесе әлеуетті қастарының қыздарына үйлену арқылы тұрақтылықты сақтауға тырысты.Дегенімен тұрақтылықты сыртқы және ішкі түсінбеушіліктер кедергі жасап тұратын.
56.Ежелгі Үндістандағы Гуптар державасы. Гупттар Уттар-Прадешаның шығысы немесе Магадха ауданынан болуы мүмкін. Аллахабадтағы Ашоки коллонасындағы жазуларға сәйкес,негізгі жаулап алулар Чандрагупттың баласы мен ұрпағын жалғастырушысы Самудрагупттың арқасында.Самудрагупт астананы жаулап алынған Паталипутруға көшірген.Колоннаға сәйкес,оның билігі Непалдан Шри Ланкаға дейін мойындалды.Самадруптаның ұрпағы — Чандрагупта II —мәдениетке қосқан үлесімен танылған.Оның жерлерінің сипаты туралы қытайлық саяхаттанушы Фасянь мәлімет қалдырған.
Гупттардың басқару жүйесі Управление державой Гуптов было баяу орталықтандырылған. Провинцияларды (деша, бхукти) импервтордың туыстары немесе әскербасылары (кумараматьяс) басқарған басқарған.Провинциялар округтарға бөлінген.Округтарды жергілікті совет басқарған.
57. Ежелгі Үндістандағы ведалық дін және индуизм. Индуизм - әлемдегі ірі діндердің бірі.
Индуизм б.д. дейінгі бірінші мыңжылдықта пайда болды. Ол адамды рухани құтқарудың үш жолын ұсынды. Олар:қасиеттері істер жолы; таным жолы; адалдық жолы. Индуизмнің тұңғыш қауымы – «адживака»тақуалық жолын тұтып, тән құмарлығымен күресті . Бірақ , Вишнуға табынды. «Адживака» діни идеяларын «бхагаватами» толықтыра түсті . Ол Вишнумен қатар Кришнаға тең дәрежеде құрмет көрсетті. XII ғасырда брахмандар жарты құдай – Рамаға ерекше тұғыр орнатты. XV ғасырда діни ғұрыптар қара халықтың тілі болып саналатын хинди тілінде атқарыла басталды . Осының нәтижесінде Вишнудің көпшілік арасындағы мәртебесі жоғарылай түсті . Шиваға құлшылық жасау да осы құдайды мойындаушы қауымдардың бірлігінің нығаюына қызмет етті . Бірақ , көпқұдайлық үнді халықтарының одан әрі қауымдаса түсінуіне кедергі болған жоқ. Керісінше, осы көп құдайлар біртұтас діни түсінік аясында құрметтеліп, индуизм баршаның дініне айналды. Индуизм үшін «Махабхарата» және «Рамаяна» эпостары-Үндістанды арий тайпалары жаулап алуы кезеңіндегі үнділердің қаһармандық күресі туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары пантеоны туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары туралы кең әңгімеленеді. «Рамаянада» Раманың және оның жұбайы Ситаның өмірі баяндалады. Индуизмнің діни ескерткіштерінің ішінде құрылымдық жағынын «Махабхарата» эпосына енетін дүниетанымдық проблемаларға түсініктемелер беретін «Бхагават-Гита» философиялық концептия тұтастығымен ерекшеленді. Концепцияның негізінкүллі болмыстың бастауы ретіндегі пракрит туралы және одан дербес таза рух – пуруша туралы ережелер құрайды. Осылардан шығарма авторларының екі негізді мойындаған дуалистік көзқарасы көрінеді
Ведалар төрт бөлімнен тұрады:
І.Самхит—құдайларға арналған гимндер жинағы.
2. Брахман-самхитті түсіндіретін әр түрлі мифологиялық әңгімелер.
3. Араньякта (Орман кітабы) —
брахманға тән ритуалдардын
4.Ведалардың ең соңғы сатысы "упанишадта" дәстүрлі касталарды қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғары білім арқьілы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады.
Ведалар (білу)–ертедегі үнділердің: Ригведаның, Атхарваведаның, Самаведаның, Яджурведаның қасиеттті кітаптарының жиынтығы. Аталған кітаптарға қатысты брахмандарда үнді ғұрпының мистикалық мағынасын түсіндіріп, ведалардың символикасы ашып көрсететін араньяктарда (орман кітабы), кейіннен жазылған упанишадтарда (ведаға табыну, мифолого- философиялық тұрғыда негізделетін құдай, адам , табиғат туралы жлпы пайымдау) «веда» сөзімен белгіленеді. «Веда» сөзі «қасиетті кітап, асқан даналық» мағынасымен де қолданылады. Ведента («Ведтердің аяқталуы»)- үнді философиясындағы Веда беделін қабылдаған жүйелердің бірі.Негізін салған Бадараяна- индивидті жанды сансарадан құтқару. Бұл әлемнен басқа да әлем кеңістігінде еркінжағдайда және материалдық атомдармен байланысы бар сансыз көп жан өмір сүреді. Ишнара құдайы ең жоғарғы жаратушы емес, бірақ атомдар үйлесімін жасап, жанды атомен байланыстырып, ажырата алады. Иога – негізін салған Патанджали. Сана мен тінді біріктіре отырып, сыртқы әсерлерден алшақтау. Веданы қабылдағандар бұл процесті мокшаға жету, яғни азаптан құтылу деп түсінген. Вайшешика (ерекшелік) – алғаш рет Канада жүйелі түрде түсндіріп берген. Дүние тоғыз субстанциядан: жер, су, жарық, ауа, эфир, уақыт, кеңістік, жан, ақылдан тұрады. Материалдық объектілердің бәрі алғашқы төрт субстанциялық атомдардан құралады. Атомдар мәңгі, көзге көрінбейді, бөлінбейді. Сол атомдардың бірігуін дүниежүзілік жан басқарады. Ведалар адамдардың қалай өмір сүу керектігі туралы түсінік беретін заңдылықты – дхарма дейді. Әркімнің дхармасы құдай, жанұя, көршілер алдындағы парыздары, әрекеттері болып табылады. Әрине әркімнің дхармасы варнасына байланысты қалыптаспақ. Дхарманы орындаған адам қайта өмірге келуден құтылады.
58. «Сары орамалдылар» көтерілісі және Хань империясының құлауы. 184 — 204 жылы болып өткен шаруалардың қуатты “Сары орамалдылар” көтерілісінен кейін Шығыс Хань әулетінің билігі құлдырап кетті. Көтерілісші шаруалармен күрес барысында әскерді басқарған жергілікті билеушілер орталық үкіметтен іс жүзінде тәуелсіздікке қол жеткізді. Олар 220 жылы Шығыс Хань империясын жойып, оның орнына Саньго мемлекетін (220 — 280 жылы) құрды. Хань мемлекетінің батыстағы негізгі жауы ғұндар болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2 — 1 ғасырларда ғұндардың қауіпті болғаны сонша Хань мемлекетінің олардан қорғану үшін Қытай қорғанын салуға мәжбүр болды. Көшпелілермен соғыста жеңіске жете алмайтынын түсінген Хань билеушілері ғұндарды бір-біріне айдап салуға тырысты. Көп ұзамай бұл саясат өз жемісін беріп, көшпелілер өзара соғысты. Ғұн мемлекеті ыдырап, бір бөлігі батысқа ауып кетті де, қалғандары Хань мемлекетініңне бағынды. Хань әулетінің ресми идеологиясы конфуцийшілдік болды. Хань әулеті солтүстік пен солттүстік-батыста ғұндарға, батыста цян тайпаларына, Шығыс пен солтүстік-шығыста Кореяға, оңтүстік пен оңтүстік-батыста ухуаньдар мен сяньбилерге қарсы жаулап алушылық соғыстар жүргізіп, империя шекараларын елеулі ұлғайтты. Хань әулеті кезінде Орталық Азия мемлекеттерімен және Үндістанмен сауда және мәдени байланыстар орнатылды. Батыс Хань шаруалардың “Қызыл қастылар” және “Жасыл орман тұрғындары” (117 — 27 жылы) көтерілістерінің нәтижесінде құлады. Шығыс Хань шаруалардың ірі “Сары орамалдылар” көтерілісі (184 — 204) мен әскери ақсүйек топтардың күресінің барысында құлады.
59. Хань империясының ішкі және сыртқы саясаты. «Қызыл қастылар» көтерілісі. 27 жылдың соңында “Қы-зыл қастылар” көтерілісі басып жанышталды, тек 37 жылы ғана Лю Сюға “күшті үйлерге” сүйене отырып, елді біріктірудің сәті түсті. Шығыс Хань әулетінің алғашқы билеушілері шаруаларға жеңілдіктер жасап, салық көлемін азайтты. Батыстағы елдермен “Ұлы Жібек жолы” және оңт-тегі теңіз жолы арқылы экономикалық және мәдени қарым-қатынастар қайта жанданды. Елдегі жағдай тұрақтанып, мемлекет нығайғаннан кейін Хань әулеті сыртқы жаулап алу соғыстарын жалғастырды. Әскери қимылдар қолбасшы Бань Чаоның белсенді дипломаттық әрекеттерімен қатар жүргізілді. Хань мемлекетіне Жоңғария мен Шығыс Түркістандағы біраз иеліктер тәуелділікке түсті. Алайда Бань Чаоның өлімінен кейін империяға тәуелді жерлер оған қарсы көтерілді. Хань әулеті — Қытайды біздің заманымыздан бұрынғы 206 жылдан біздің заманымыздың 220 жылына дейін билеген императорлық әулет. Батыс немесе Ерте (Үлкен) Хань (біздің заманымыздан бұрынғы 206 — біздің заманымыздың 25 жылы) және Шығыс немесе Кейінгі (Кіші) Хань (біздің заманымыздың 25 — 220 жылы) болып бөлінеді. Қытай тарихнамасында Ван Ман билеген уақыт (біздің заманымыздың 9 — 23 жылы) пен одан кейінгі Лю Сюань билік еткен екі жыл ерекше кезең болып көрсетіледі және бұл жағдайда Батыс Хань әулеті біздің заманымыздан бұрынғы 206 жылдан біздің заманымыздың 8 ғасырына дейін биледі деп есептеледі. Әулеттің негізін салушы — Лю Бан елді біріктіріп, орталықтанған күшті империя құрды. Алайда оның туыстары мен жақтастарына көлемді жер иеліктерін бөліп беру саясаты елдің жікке бөлінуіне алғышарт жасады. Өз әскері, қаржысы мен әкімшілігі болған дербес иеліктер орталыққа қарсы тұрған патшалықтарға айналды. Орталық өкімет император Цзин-Ди (біздің заманымыздан бұрынғы 156 — 141 жылы), әсіресе, У-ди (біздің заманымыздан бұрынғы 140 — 87 жылы) патшалық еткен кезде нығая түсті.
60.Ежелгі Шығыс елдері
мәдениетінің қалыптасу