Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 16:50, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "История"
Классикалық кезеңде философия дамиды, Демокриттің атомистік теориясы пайда болады (б.з. дейінгі 470 немесе 460 ж.ж.), софистік бағыт (Протагор) пайда болады, ол танымның объективті сипатын мойындайтын Демокриттен айырмашылығы қанша адам болса, сонша шындық болады деген. Софистерден Сократ шыққан (б.з. дейінгі 469-399 ж.ж.), ол абсолютті шындық бар, бірақ оны тек құдай ғана біледі деп санаған.
Б.з. дейінгі V ғ. әдебиетте комедия мен трагедия негізгі жанр болып саналды. Грек трагедиясы гомер эпосы тәрізді эстетикалық қана емес, тәрбиелік функция да атқарды. Трагедия авторлары көрерменді қызықтырып қана қоймай, оларды қорқытып, кейіпкерлерді мысалға ала отырып, құдай заңдарының әрекетін көрсетуге тырысты. Трагедияда катарсис (тазару), адамдардың адамгершілік қасиетін арттыру, қайғысына ортақтасу және аяушылық білдіру арқылы жанды «сұрқиялықтан» босату ұғымы орын алды.
35. А.Македонксийдің Шығысқа жорығы және Парсы державасын жаулап алуы. Бдд338ж. Македон патшасы Филипп ІІ Грецияны бағындырыпгрек әскерінің командирі болып ол шығысқа жорық жасайды. Бдд336ж ол македон әскернің 10000ын кіші азияның батыс жағалауларын жаулауға жібереді. Бірақ сол жылы филипп қастандықпен өлтіріледі.және енді оның ұлы патша Александр болады. Ол енді Парсылармен соғыста үлкен дайындық керек болатындығын ойлап кіші азиядағы әскерлерді шақырып алады. 2 жыл бойы соғыс жүргізіілмейді. Бдд334ж Македон әскері көктемде жорыққа шығадыү Ол 30000 жаяу әскері және 5000атты әскеден тұрды. Және 160 соғыс кемелері жүрді. Жорыққа тиянақты дайындалған болатын. ІІІ Дарийдің әскері одан да көп болғанымен македон әскеріне жетпеді әсіресе техн қарулар жағынан. Жәнеде әскерінің көбісі грек малайлары болған. Бірінші қақтығысбдд334ж Геллеспонта өзенінің жағалауында болды. Александр жеңді.осыдан кейін ол грек қалаларын жаулай бастады, тек Галикарнас қарсылық білдірді.бдд333ж жазда македондықтар Киликияны жаулап алып енді Сирияны көздеді. Дарий ІІІ қанжосарлық соғыста өзін ұстай алмай отбасысы тұтқында болса да қашып кетеді.Александрдің жеңісімен соғыс бітті.енді оған сирия және Финикия жағалауларына жол ашылды.Финикиялық қалалар Арад, Библ, Сидон өз еріктерімен беріледі. Бдд332ж июльде Тир қаласына тұтқиылдан шабуыл жасап алады, және тұрғындарын құлдыққа алады. Дарий ІІІ достық келісімінен бас тартып соғысты жалғастырады. Бдд332 ж күзде ол Египетті жаулап алып, Сирияға қайтып келеді. Арбелы қ. парсы әскерлері болған еді. Бдд331ж 1 қазанда осы жерде соғыс болады. Бірақ Дарий алдын ала тағы жеңілеміз деп қашып кетеді. Александр Вавилонды да бағындырады, бдд330ж февральда Сузыға жоыққа аттанады. Көп ұзамай Персеполь мен Пасаргадты Парсы патш.қоймасы орн жерлер қолына алады. Дарий Экбатанға шығыс Иранға қашады бірақ бактрийялық сатропанының қолынан қаза табады. Парсы державасы өмір сүруін тоқтатады. Және Александр патшалығының бір бөлігіне айналады.
36. Орталықтанған
ежелгі Үнді мемлекеті –
37.Орта патшалық
кезеңіндегі Египет. Ішкі және
сыртқы саясатына сараптама
38.Жаңа патшалық
кезеңіндегі Египет державасы.
Әлеуметтік-экономикалық және
39.Жаңа патшалық кезеңіндегі Египеттің сыртқы саясаты. Фивы қаласының басшысы Египетті басқыншы гипсос тайпаларынан азат етіп, жаңа патшалық кезеңі басталып, жаңа әулеттің негізі қаланады. Бұл шамамен б.з.д XVI ғасырдың аяғы мен XI ғасырдың аяғын қамтиды. Бұл кезеңде 18-20 әулеттер билік құрды. Жаңа патшалық кезеңі Египет тарихындағы ең дамыған кезеңі болып табылады. Осы кезеңде Египет державаға айналады, өркениетің ең жоғарғы даму шегіне жетіп, аймағы үлкейеді. Сирияға, Палестинаға жасалған жорықтар нәтижесінде он мыңдаған тұтқындар құлға айналды. Перғауындар – Тутмос І, Тутмос ІІІ, Аменхотеп ІІ заманында Египетке Сирия, Палестина, оңтүстікте Ніл өзенінің бастауына дейінгі жерлер қосылды. Вавилон, Хетт патшалықтарымен дипломатиялық қарым-қатынас орнады. Елдің күшейген тұсы Аменхотеп ІІІ (б.з.б. 15 ғ-дың 1-жартысы) заманы. Б.з.б. 15 ғасырдың 2-жартысынан бастап Сирия үшін хеттермен, кейін “теңіз халықтарымен” және ливиялықтармен үздіксіз соғыс жүргізілді. Нәтижесінде б.з.б. 11 ғасырда елдің саяси-экономикалық жағдайы қатты нашарлап кетті. Осылайша, III өтпелі кезең басталады. Ол б.з.д XI ғасырдың аяғы мен X ғасырдың ортасында 21 әулет билігі кезінде.
40.Ежелгі Египет тарихының кейінгі кезеңі. Египеттегі ливиялықтардың, Куштың және Ассирияның билігі. Египет тарихының кейінгі патшалық (ливия-парсы) кезеңінде XX ғасырдың ортасымен VI ғасырды қамтиды. Бұл кезеңде 22-30 әулеттер билік құрды. Бұл уақытта ел қайтадан бір орталыққа біріктіріліп, экономика әрі қарай дамыды, металл ақшалар пайда болды. X ғасырдың ортасында билікті Ливия әулеті алады. Олар 22- ші Ливия әулетінің негізін қалайды. Негізін қалаушы Ше Шонон I. Бірақ кейін Египет қайтадан ыдырай бастап, б.з.б. 671 ж. Ассирияның қол астына қарады. Дегенмен б.з.б. 663 – 610 жылдар тұсында ел азат етілді. Оның мұрагері Нехо ІІ Грекиямен және Жерорта теңізінің шығыс жағалауын мекендеген мемлекеттермен тығыз сауда байланысын орнатты. Бірақ б.з.б. 525 ж. елді парсы патшасы Камбис жаулап алды. Парсы билеушілері елдегі биліктерін сақтап қалу үшін Египет абыздарына көп жеңілдіктер жасады.
41.Ескі вавилондық кезең. Аморей әулетінің билігі. Вавилон – ежелгі мемлекет. Месопотамияның оңтүстік бөлігінде (қазіргі Ирак жері) б.з.д 2-мыңжылдықтың басында пайда болған бұл мемлекет өзінің басты қаласының атауымен аталды. Ол алғашында (б.з.д 24 – 22 ғасырлар) Аккад мемлекеті патшаларының, кейіннен Ур әулетінен шыққан (б.з.д 22 – 21 ғасырлар) патшалардың қол астына қарады. Б.з.д 1894 жылы аморит тайпасынан шыққан Сумуабум әулеті Вавилон патшалығының негізін қалады. Вавилонның гүлденуі І Вавилон әулетінің алтыншы патшасы Хаммурапи (б.э.д. 1792-1750 жж.) тұсында болды. Хаммурапи ірі мемлекет қайраткері, айлакер дипломат, ақылды заңгер және көріпкел ұйымдас тырушылық қасиетімен көзге және сөзге ілінген. Оның басқару кезінде мемлекет экономикасы суармалы жер шаруашылығына, бау-бақша және мал шаруашылығына, қолөнерге негізделген, сыртқы және ішкі сауданы дамытуға бағытталған еді. Маңызды сауда орталықтарына Вавилон, Ниппур, Сиппар, Ларса, Ур және т.б. қалалар жатқан. Вавилон өз қол астына бүкіл оңтүстік және орталық Қос өзен территриясын біріктірді. Алайда, Хаммурапи қайтыс болағанан кейін мемлекет ішінде қайшылықтар туындай бастайды. Сөйтіп, б.з.д 16 ғасырда елді касситтер жаулап алды.
42.Орта вавилондық кезең. Кассит әулетінің билігі. Шамамен б.з.д 1742 жылы кассит тайпасының көсемі Вавилонияға басып кіріп, әлі шынайы елді басып алмасада, өзін төрт елдің патшасы дап жариялайды. Алайда, касситтік әулеттің елді басқаруы б.з.д 1595 жылдан бастап б.з.д 1155 жылға дейін жалғасады. Касситтер дәуірінде сыртқы саясат айтарлықтай табысты болмады. Дегенмен, елдің шаруашылығы қайтадан өркендеп, жылқы өсіру жақсы дамыды. Касситтер әулеті құлағаннан кейін Навуходоносор І (б.з.д 1146 – 25) патша мен оның мұрагерлері тұсында Вавилон қайтадан күшейіп, Ассирия мен Эламды өзіне бағындырды. Бірақ кейіннен патшаның билігі әлсіреп, бөлініп шыққан Ассирия мен Эламның жасаған шабуылдары шаруашылықты мүлдем құлдыратып жіберді. Ассирия әскерлері қаланы екі рет қиратты, бірақ екі ретінде де Вавилон қалпына келтірілді. Б.з.д 626 жылы халдей тайпасынан шыққан Набопаласар Ассириядан бөлініп, өзін Вавилонның патшасымын деп жариялады. Ол мидиялықтармен одақтасып, Ассирия патшалығын талқандады да, территориясын бөліп алды.
43.Жаңа вавилондық
держава. Халдей әулетінің
44.Ассирия патшасы ІІІ Тиглатпаласардың билігі. Ассирияның жаулап алушылық саясаты. Ассирия — б.з.д II-мыңжылдықтың бас кезінде Тигр өзенінің орта ағысы тұсында (қазіргі Ирак аумағы) құрылған ірі мемлекет. Ассирияның болашақ астанасы Ашшур қаласы маңызды сауда жолдарының бойында орналасты. Б.з.д XVI ғасырда осы қала басшылары көрші территорияларды жаулап алып, Ассирия мемлекетінің негізін қалады. Көп ұзамай Вавилон ықпалына түскенімен, ол әлсірей бастаған уақытта қайтадан тәуелсіздікке қолы жетті. Б.з.д XIV ғасырда Митанияны жаулап алып, қуатты мемлекетке айналды. Хет патшалығы құлағаннан кейін Ассирия билеушісі Тиглатпаласар І бірнеше сәтті жорықтар нәтижесінде мемлекет шекарасын Вавилоннан Мысырға дейін кеңітті. Бірақ Арабиядан келген арамейлердің шапқыншылығына ұшырағандықтан бір жарым ғасыр бойы құлдырау кезеңін бастан кешірді. Тек б.з.д X– IX ғасырларда ғана мемлекеттің жағдайы тұрақтанып, күш-қуаты арта түсті. Ассирияның жаңа кезеңде гүлденуі ІІІ Тиглатпаласармен байланысты. Ол әкімшілік әскери салық формасын жүргізді. Әскери реформа нәтижесінде тұрақты әскерлер құрылды, жаяу және атты әскер, ауыр, жеңіл қаруланған әскерлер болды. Тиглатпаласар ІІІ билігі кезінде Вавилон жаулап алынып (б.з.д 729 ж), империя шекарасы Жерорта теңізінің жағалауына дейін жетті. Ассирия Саргон ІІ билігі кезінде Урарту мен Израильді, оның немересі Асархаддон патшалық құрған уақытында Мысырды талқандады. Ашшурбанипалдың кезінде Ассирия өзінің күш-қуатының шырқау шегіне жетті. Оның шекарасы Мысырдан Мидияға, Жерорта теңізінен Парсы шығанағына дейін созылып жатты. Мемлекет астанасы Ниневия өзінің сән-салтанатымен, архитектурасымен әйгілі болды. Бірақ Ашшурбанипалдан кейін басталған елдегі дағдарыс, оны пайдаланған Мидия мен Вавилонның біріккен күштерінің соққысы нәтижесінде біздің заманымыздан бұрынғы 607 – 605 ж. Ассирия құлады.