Шпаргалка по "Истории"

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 16:50, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "История"

Работа содержит 1 файл

tarikh_shpor.doc

— 357.50 Кб (Скачать)

1. Ежелгі Египеттің табиғат жағдайы мен халқыТабиғаты.Ніл алқабында Мысырдың бай өлкесі мен атырауында жердің әрбір текше метрі барынша пайдаланылады. Мұнда бидай, арпа, қарақұмық, күріш, жүгері, мақта, қант құрағы, көкөністер, зәйтүн мен дәмдеуіштер өсіріледі. Орман, тоғайлар мүлдем жоқ, бірақ та Нілдің жағалауында құрма пальмалары өседі. Жеміс ағаштары, банан плантациялары мен жүзімдер Нілдің шұраттары мен атырауында өздерін өте тамаша сезінеді. Жерорталық жағалауларда негізінен пальма тығыз өскен жағажайлар, Синай түбегінде – көлденеңінен кесілген жатқалдар, барлық түске боялған тау реңжердері көз тартады. Шөлейттің ортасында шоқ тоғайлары мол өскен шұраттар, плантациялар мен мол өнімді дәнді дақылды егістіктері бар жасыл аралдар. Халқы.Бүгінгі күні Мысырдың тұрғындары 70,5 млн.адамнан асады және жыл сайын 1,3 млн. өсіп отырады. Каирда қазір 17 млн. адам өмір сүріп жатыр, бұл дегеніміз 50-ші жылдардағы барлық елдің тұрғындарының саны. Ежелгі египеттіктердің арабтанған ұрпақтары тұрғындардың 99% құрайды. Этникалық азшылықты нубийлықтар, сонымен қатар бедуиндер және өзге де көшпелі тайпалар құрайды. Тұрғындардың 80% - шаруалар (феллахтар) Копт христиандары.«Копт» сөзі арабтың «купт» сөзінен, ал оның өзі гректің «эгиптос» сөзінен шыққан. Бірақ түп тамыры одан да тереңіректе ежелгіегипеттік "Ха-Ка-Птах" сөзінен таралуы да мүмкін. Коптар Ніл алқабын мекендеген алғашқы египеттік христиандардың ұрпақтарымыз деп санайды. Египтегі христианшылдықтың пайда болған жері Александрия, бұл жерден ол елдің ішінде екі негізбен: анахореттік және монаштық қоғамдастық ретінде тарады. Коптар Иисус Христосқа екі – тәңірлік және адамдық табиғат емес, тек бір ғана тәңірлік табиғат қана тән деген сенімді ұстады. Әлемдік Халкидон Соборы 451 ж. монофизиттікті қате ілім деп айыптағаннан кейін, Египеттегі копт шіркеуі ортодоксалды христиан шіркеуінен ажырады. Мысырды 641 жылы арабтар жаулап алғанға дейін бірнеше ғасырлар бойы христиан елі болып келді. Енді коптар Египеттің 68-миллиондық тұрғындарының ішіндегі шамамен 5-7 млн. деп саналады. Олар мұсылмандармен қатиар өмір сүреді, тіпті кейбір уақытта шіркеудің қоңыраулықтары мешіттердің мұнараларымен көрші орналастырылған. Копт шіркеуінің басында патриарх тұр, қазіргі уақытта Шенуда ІІІ, резиденциясы Александрияда. Коптар ұқыпты сыйынады және пост (еттен және сүт тағамдарынан бас тартады) ұстайды. Олардың литургиясы православ ғұрыптарына жақынырақ.

2. Ежелгі Египет тарихының  деректері мен тарихнамасы Египет тарихы бойынша материалдық және рухани деректер көп. Рухани деректері: Тель Амарнның дипломатиялық архиві, III Тутмас жазбалары, діни ғылыми әдеби жазбалары. Ежелгі грек авторларының еңбектері. Ежелгі Египетті зерттеу Напалеон Бонопарттың XVIIIғасырдың аяғаныда жасаған жорығы Египетті зертееуге жол ашты. 1822 жылы француз ғалымы Шампальон Еж.Египет жазуының сырын ашты. Осылайша, египтологияның негізін қалады. Еж.Египеттің жазуы иероглифтік жазу болды. Дарынды ғалым Мариэрт бірінші болып толық түрде жекелеген археологиялық кешендерді зерттеуге тырысты. Ол қасиетті өгіздері бар алып склепті және Саккорадағы ежелгі патшалық табытын, Мемфис аймағын, Абидостағы ХІХ- әулет храмдарын ашты. Ол ежелгі қазбалар басқармасын ашуға және Каирда египтологиялық мұражай ашуға ат салысты. Шампольон мен Марриэттің еңбектерін жалғастырушы Гастон Масперо (1846-1916жж). Ол Саккорадағы Ү-ҮІ династиялардың пирамидаларына кіріп, ежелгі діни мәтіндерді ашты. Ғалым Фивы маңынан жаңа патшалық дәуірінің атақты патшасының мумиясын тапты. Масперо ескерткіштерді қорғау мәселесімен де айналысты. Де Моран архайкалық Египет ескерткіштерін зерттеуді жалғастырған. Келесі зерттеуші Фмендрес Петри Абидостағы әулеттерге дейінгі кезеңге жататын патша табыттарын ашты. ХХ ғасырдан бастап археологиялық қазба жұмыстары жүйелі түрде жүргізіле бастайды. Египет ғалымдары Каирда жергілікті египтологиялық мектептердің негізін қалады. Американ археологы Рейснер Хдару пирамидасының маңындағы жерлеу орындарын және Гизадағы Менкаураны зерттеді. Патша және ақсүйектердің табыттарынан көптеген құнды ескерткіштер тапты. Бұл қазба жұмыстары египеттік табыттардың үлгісінің эволюциясын ашуға көп көмек берді. Қазба жұмыстары ежелгі Египеттің саяси, мәдени және әлеуметтік тарихын зерттеуге көп материалдар ұсынды. Б.д.д. 4 м.ж. 2 жартысында Еж.Египетте алғашқы қала мемлекеттер «номдар» п.б. 4 м.ж. аяғында жоғарғы және төменгі Египет номдары бірікті.. Осы кезеңде төменгі және жоғарғы Египет бір бірімен бірікті.

Орталықтандырылған Египет тарихын  мынадай кезеңдерге бөлеміз:

1.Ерте патшалық

2.Ежелгі патшалық 

3.Орта  патшалық 

4.Жаңа патшалық 

5.Кейінгі патшалық 

3. Ежелгі Египет тарихының  кезеңдері мен хронологиясы Ежелгі Мысыр – Африканың солтүстік-шығысында Ніл өзені бойында құрылған ертедегі мемлекет. Мысыр жерін адам баласы палеолит дәуірінен мекендей бастаған. Неолит кезеңінен климат өзгеріп, бұрынғы саванналарды құм басып, адамдар Ніл өз. бойына жинала бастады. Б.з.б. 4-мыңжылдық шамасында Ніл өз. бойына жиналған тайпалар (протосемит, бербер, кушит, т.б.) өзара араласып, Мысыр халқы қалыптасты. Халық санының күрт өсуіне, аңшылық пен балық аулау кәсіптері арқылы тамақ табудың қиындауына байланысты мал шаруашылығы мен егіншілік дами бастады. Қоғамның әрі қарай дамуы нәтижесінде алғашқы мемл. бірлестіктер пайда болды. Олардың арасынан екі мемлекет іріктеліп шығып, елдің оңтүстігінде жоғарғы Мысыр, ал солтүстігінде төменгі Мысыр патшалықтары құрылды. Б.з.б. 3-мыңжылдық шамасында жоғ. Мысыр билеушісі Менес (Мена) төменгі Мысырды басып алып, елді біріктірді. 1. Ең ежелгі патшалық (б.з.б. 3000 – 2800) кезеңінде елді екі билеуші әулет кезек-кезек басқарды. Жерді суғару қолға алынып, мыстан қару-жарақтар, құрал-саймандар соғылды, айырбас сауда дүниеге келді. Нубияға, Ливияға, Синай түбегіне жорықтар жасалды. 2. Ежелгі патшалық (б.з.б. 2800 – 2250) үшінші әулеттің билікке келуімен басталды. Ауыл шаруашылығы, қолөнер, айырбас сауда мен құрылыс жұмыстары жетілдіріліп, жерге жеке меншік пайда болды. Перғауын мен мемлекеттік аппараттың билігі күшейтілді, тұрақты әскер құрылды. Құл еңбегін кеңінен қолдана отырып, перғауындарға арналған пирамидалар салынды. Мысырдың бірінші бөлінуі б.з.б. 2250 – 2050 ж. болды. Жер көлемінің тым ұлғайуына байланысты жергілікті тайпа көсемдерінің билігі күшейіп, нәтижесінде б.з.б. 23 – 22 ғасырларда Мысыр бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. өсақ мемлекеттер өзара қырқыса бастады. Дегенмен сауда мен қолөнердің дамуы елдің бір орталыққа бағынуын қажетсінді. Сөйтіп, б.з.б. 21 ғ-дың ортасына таман ел қайтадан бірікті. 3. Орта патшалық (б.з.б. 2050 – 1700) 12-ші әулеттің билік басына келуімен тікелей байланысты. Өсақ иеліктер қайтадан бір орт-қа біріктірілді. Суландыру жұмыстары, қолөнер, сауда бұрынғысынан да өркендеді. Сириямен, Крит аралдарымен сауда байланыстары жақсарды. Бұл кезеңнің соңына таман орт-тың билігі әлсіреп, перғауындар арасында билік үшін күрес басталды. Мысырдың екінші рет бөлінуі кезінде (б.з.б. 1700 – 1580) елге солт.-шығыстан гиксос тайпалары шабуыл жасап, мемлекеттің көпшілік бөлігін басып алды да 110 жылдай билік құрды. Мысыр перғауындары тек елдің оңт. жағында үстемдік етті. 15 – 17-әулеттен шыққан перғауындар елден басқыншыларды қуып шығу үшін үздіксіз соғыс жүргізгенімен, тек 18-әулеттің тұсында ғана Мысыр толық азат етілді. 4. Жаңа патшалық (б.з.б. 1580 – 1070) кезеңінде қола мен темірден әр түрлі бұйымдар (соқа, жіп иіретін құралдар, дөңгелек, шыны-пиала, т.б.) шығарылды. Сирияға, Палестинаға жасалған жорықтар нәтижесінде он мыңдаған тұтқындар құлға айналды. Арбакештер әскері пайда болды. Перғауындар – Тутмос І, Тутмос ІІІ, Аменхотеп ІІ заманында Мысырға Сирия, Палестина, оңт-те Ніл өз-нің бастауына дейінгі жерлер қосылды. Вавилон, Хетт патшалықтарымен дипломат. қарым-қатынас орнады. Елдің күшейген тұсы Аменхотеп ІІІ (б.з.б. 15 ғ-дың 1-жартысы) заманы. Б.з.б. 15 ғ-дың 2-жартысынан бастап Сирия үшін хеттермен, кейін “теңіз халықтарымен” және ливиялықтармен үздіксіз соғыс жүргізілді. Нәтижесінде б.з.б. 11 ғ-да елдің саяси-экон. жағдайы қатты нашарлап кетті. 5. Кейінгі патшалық (ливия-парсы) кезеңінде (б.з.б. 1070 – 332) ел қайтадан бір орт-қа біріктіріліп, экономика әрі қарай дамыды, металл ақшалар пайда болды. Бірақ кейін Мысыр. қайтадан ыдырай бастап, б.з.б. 671 ж. Ассирияның қол астына қарады. Дегенмен Сайс Псамметих І (б.з.б. 663 – 610) тұсында ел азат етілді. Оның мұрагері Нехо ІІ Грекиямен және Жерорта т-нің шығыс жағалауын мекендеген мемлекеттермен тығыз сауда байланысын орнатты. Бірақ б.з.б. 525 ж. елді парсы патшасы Камбис жаулап алды. Парсы билеушілері елдегі биліктерін сақтап қалу үшін Мысыр. абыздарына көп жеңілдіктер жасады. 6. Грек-рим кезеңі (б.з.б. 332 – б.з. 395) Мысырды А.Македонскийдің жаулап алуымен басталды. Аса ірі сауда және мәдени орталық – Александрия қаласының негізі қаланып, бұдан басқа да көптеген сауда және қолөнер орталықтары құрылды. Орт. Азия, Үндістанға дейінгі елдермен байланыс орнатылып, Мысыр жерінде Батыс және Шығыс мәдениеттері біріктірілді. Алғашқы патшалықтар тұсында перғауын сарайларында арнайы мектептер ашылып, болашақ шенеуніктер даярланды. Мектептерде 5 – 16 жас аралығындағы ер балалар оқып, 12 жастан бастап әр түрлі мекемелерде көшірмеші, хатшылық жұмыстарды атқарды. Мектептерде сауатты жазу мен есепке баса назар аударылып, қосымша гимнастик. жаттығулар, суда жүзу, өзін-өзі дұрыс ұстау үйретілді. Діни мектептерде астрономия мен медицина оқытылды. Ақсүйектердің балаларына әскери білім берілді. Математика ғылымы алгебра мен геометрияға бөлінді. Қарапайым алгебра есептері шешіліп, пирамидалар геометр. жолмен салынды. Мысыр абыздары жұлдыздарды зерттеу арқылы жылды 3 маусымға (сулы-жаңбырлы, егінді, құрғақ) 12 айға бөлді. Әр айда 30 күннен болды. Ал қалған 5 күнді жылға қосты. Уақытты есептеу үшін құм және су сағаттары қолданылды. Елді мекендердің алғашқы карталары мен қалалардың жоспары жасалынды. Анатомия мен хирургия да жақсы дамып, өлген адамдардың денесі бальзамдалды, хирург. аспаптар пайда болды. Бұған қоса адам емдеуде магия, сиқыршылық, кері дуалап оқу әдістері кеңінен қолданылды. Денені мумиялау, дәрі-дәрмек, түрлі-түсті бояулар жасау арқылы химия ғылымы да дами бастады. Мысыр теңізшілері перғауындардың бұйрығы бойынша алыс елдерге саяхат жасады. Грек-рим мәдениеті келгенге дейін Мысырда нақты тарихи оқиғалар тек жартастағы жазулар мен аңыз-әңгімелер арқылы ғана сақталып отырған. Мысыр мәдениеті ежелгі дәуірде антик. мәдениеттің, кейіннен Еуропа және мұсылман мәдениеттерінің бастауы болды. Гректер Мысырды ежелгі данышпандар елі деп атап, оларды өздерінің ұстаздары санады.[2] 7 ғасырда Мысырды арабтар жаулап алды. Мұнда араб тілімен бірге өз діндерін – исламды таратты. Мысыр 1952 жылғы революциядан кейін ғана шын мәніндегі ерікті мемлекетке айналды. Оған дейін көп жыл бойы Ұлыбритания үкіметі қол астында еді. Республикада 1952 жылғы революциядан соң көптеген зауод, фабрикалар салынды.

Мысыр Израильмен тарпынан талай шабуылға ұшырады. 1967 ж. Израиль Мысырдың Синай  түбегін басып алды. Мысырдың халқы  Израиль тартып алған Синай түбегін, басқа да араб жерлерін азат ету үшін қүресуде. 1974 ж. Мысыр халқы Суэц каналының шығыс жағасындағы Израиль әскерлерін кетуге мәжбүр етті. Канал бойымен Еуропа мен Америкадан Азия және Шығыс Африкаға кеме жолы ашылады.

4. Ежелгі Оңтүстік Азия  тарыхының деректері мен тарихнамасы Оңтүстік Азияның қазіргі территориясында Үндістан, Пәкістан,Бангладеш,Непал, Бутан орналасқан. 3 мың жылдан астам уақыт бойы өз дәстүрлері қалыптасқан үнді әдебиеті санскрит тілінде жазылған, лирика, эпос пен драманың негізі қаланған діни мадақ жырлар — ведалардан басталады. Шамамен б.з.б. 6 — 5 ғасырларда ауыз әдебиетінде аса көлемді эпик. поэма — “Махабхарата” мен “Рамаянаның” негізі пайда болып, б.з. алғашқы ғасырларында санскрит тілінде түпкілікті қалыптасты. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың 2-жартысында пали мен кракритах тілінде діни дидактика мен ауыз әдебиеті сюжеттері үйлескен буддалық әдебиет туды. Б.з.б. 4 — 3 ғасырларда елдің дравидтік оңт-нде ежелгі туындыларының (“Он жыр”) дүниеауи сипаты басым болған өзіндік драма-тамиль әдебиетінің негізі қаланды. Санскрит тілінде жазылған халық ертегілерінің жинағы — “Панчатантра” (б.з. 3 — 4 ғасырлар) повесть жанрының бастамасы болды. Жаңа заман шебінде жеке шығарм-қа көшу байқалып, дербес әдеби түрлер мен формалар қалыптасты: Халаның пракриттік лирикасы (шамамен 4 ғасыр), Ашвагхошидің (шамамен 2 ғасыр), Бхасаның (4 ғасыр) санскриттік драмалары, тамиль-лиро-эпостық поэзиясы (мыс., авторы Иланго Адигаль болып есептелетін “Білезік туралы повесть”, 7 — 9 ғасырлар). Калидаса (шамамен 5 ғасыр) мен Дандиннің (6 — 7 ғасырлар) санскриттік мифологиялық мазмұнындағы шығарм. өзінің діни реңін бүтіндей жоғалтып, адамгершілік идеяларды білдірудің құралына айналды. Драмалық тамиль әдебиетінің шыңы дана билеушінің мүлтіксіз тұлғасын суреттеген Тируваллурдың “Тирукурал” атты қанатты сөздер кітабы (4 — 5 ғасырлар) болып табылады. Шамамен 7 ғасырдан бастап санскрит және тамиль тілдеріндегі әдебиеттермен қоса дравид және жаңа үндіарийлік тілдердегі әдебиеттер пайда болды. Кейінірек кашмир әдебиеті мен синдх әдебиетінің, сондай-ақ пушту тіліндегі үнді әдебиетінің негізі қаланды. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысында Үндістанға арийлер келіп, алғашында Пенджабты, соңынан Ганг жазығын мекендеді. Ежелгі үнді діни мадақтау жырлары мен жадылау өлеңдерінің жинағы — ведалар арий тайпаларының өмірін суреттейді. Арийлер мал, егін өсірумен айналысып, әр түрлі қолөнерді меңгерді, сауда-саттық жүргізді. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың 1-жартысында Солтүстік Үндістанда бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болды. Бұл кезеңнің тарихы аз зерттелген. Б.з.б. 6 ғасырдағы құл иеленуші мемлекеттердің көпшілігі Солтүстік Үндістанның шығыс бөлігінде, Ганг мен Джамна өзендерінің алаптарында орналасты (Анга, Магадха, Вриджи, Каши, Кошала, Панчала, Ватса, Куру, т.б. мемлекеттер). Олардан солтүстік-батысқа және оңтүстікке қарай орналасқан Гандхара, Аванти, т.б. мемлекеттер жөнінде деректер аз сақталған. Б.з.б. 4 ғасырдың ортасында Нанд әулеті билеген Магадха мемлекетіне Ганг жазығы түгел бағынды. Инд өз. жазығының бір бөлігін Ахемен әулеті жаулап алды. Б.з.б. 327 — 325 жылы Үндістанға Александр Македонский әскері баса-көктеп кіріп, Биас өзендеріне дейінгі жерді иеленді. Магадханың көршілес аймақтарды басып алуы Маурья әулеті тұсында да жалғаса берді. Ашок патшаның кезінде Маурья әулеті Үндістанға түгелдей дерлік, қазіргі Ауғанстан аумағының бір бөлігіне өз биліктерін орнатты. Олар күшті әкімш. және әскери аппарат құрды. Бірақ ішкі қарама-қайшылықтар мен Үндістанға бактрия гректерінің баса-көктеп кіруі оларды әлсіретіп жіберді.

5. Ежелгі Қытай тарихының  деректері мен тарихнамасы Б.д.д. II м.ж.  хуанхэ бассейнің аймағында п.б. Еж.Қытай халқының қалыптасуы б.д.д. II м.ж.тан басталады. Ежелгі Қытайдың мемлекеті  тарихының кезеңдері: 1 кезең — Шан «Инь» кезеңі (б.э.д. ХҮІІІ-ХІ г.г.) — құлиеленушілік қоғамның қалыптасуы жүзеге асады. Бұл кезеңде, сонымен катар, екі кезең көрініс табады: а) ерте Шан (б.э.д. ХҮІІІ — ХҮ ғ.ғ.) — таптардың пайда болуының бастапқы кезеңдері ғана тән; э) кейінгі Шан (б.э.д. ХІҮ— XI г.ғ.) — таптық қоғам толығымен қалыптасып бітеді. 2 кезең — Чжау кезеңі (б.э.д. XI — III ғ.г.) — иерархиялық әлеуметтік жүйе пайда болады; 3 кезең — Цинь кезеңі (б.э.д. 221-201 ж.ж.) және Хань кезеңі (б.э.д. III ғ.— б.э. III г.) — жаңа, феодалдық қатынастардың негізі пайда болады. Қытай б.д.д. . I м.ж.қа дейін жабық есік саясатын жүргізді. Еж.Қытай тарихы бойынша  көптеген деректер жазылды: Сыма-Цзыннның «тарихи жазбалары», аңыздар боайынша Шань-Ин мемлекеті құрылғанға дейін 5 патша (әулет) және Ся мемлекеті болған дейді. Б.д.д. XVIII ғ-да Шань-Ин мемлекетінің негізі қаланды. Бұл мемелкеттің негізгі халқы Инь болды. Жер өңдеумен байланысты. Б.д.д.  XI ғ-да Шань-Ин мемлекеті чжоу тайпалары нәтижесінде құлады,жаулып алынды. Чжоу мемлекетін 2 кезеңге бөлеміз: б.д.д. 11-75 Цинь дейін, б.д.д.   8-3дейін шығыс Чхоу. Чжоу мемлекеті  2 кезеңді бірнеше кішкентай мамлекеттерге ыдырады. Б.д.д. 6-3 ғасырлар  арасында философиялық мектептер пайда болды. Цинь мемлекеті күшейіп б.д.д.  221  жылы Қытайды біріктіріп орталықтандырылған мемлекет құрылады. Алғашқы басшысы Цинь Ши Хуанди, тек 14 жыл мемлекет қмір сүрді. Еж.Цин мемлекеті тұсында Ұлы Қытай қорғаны салына бастады. Бд.д. 207 жылы бұл мемлекет ішкі тоқыраудын құлап, оның орнына б.д.д 202 жылдары Хань мемлекеті келеді. Б.л 3 ғасырына дейін жалғасады. Хань мемлекеті император  Удидің тұсында гүлденді.  Бұл «Алтын ғасыр» деп аталды. Б.д 25 жылы «қызыл қастылар» деп аталатын халық көтерілісі болды., бұдан кейін  мемлекет Шығыс Хань мемелекетінің тарихы басталды. Б.д 220 жылы халық көтерілісі «сары орамалдылар» нэтижесінде құлады.

6. Ежелгі Қосөзен табиғат жағдайы мен халқы Солтүстігінде Армения тауларынан оңтүстігінде Парсы шығанағына дейін, Шығысында Иран таулы аймағынан батысында Сирия-Қосөзен даласына дейін алып жатыр. Қазір бұл көбіне Иран Республикасының территориясы. Ефрат пен Тигр өзендері бастауын Армян таулы өлкесінен алып, Парсы шығанағына құяды. Ежелде екі саға, қазір бір үлкен саға Шатт Әль Араб. Өзендер тау бұлақтарымен қоректеніп, Тавр және Антитавр тау тау жоталарын басып өтіп төменде балшықты, сазды жазықтардан өтеді. Тигр Ефраттан суы молырақ, ағымы қатты болған. Тасуы Армян тауындағы қардың еруіне байланысты, әдетте наурыз сәуір айларында болған.Геродот және басқа да антикалық авторлардың айтуынша Қосөзен жері өте өнімді болған.

Б.з.д. III м.ж. Месоп аумағында көптеген ұлттар болған, олардың арасында оңт: шумер, орталық бөлікте аккадтықтар, солт. Куриттер болған. Әр жерде кішігірім поселкелерден мемлекеттер құрыла бастады, қала орт: Ашшур.

7. Ежелгі Қосөзен тарихының   деректері мен тарихнамасы Ежелгі Қосөзен тарихы бойынша деректер өте көп . Бірақ оның өзі әр түрлі ғасырға байланысты болды. III м.ж. бойынша деректер көп, ал II м.ж. бойынша аз. Оның себебі жазу материалдарына байланысты. Геродот және басқа да антикалық авторлардың айтуынша Қосөзен жері өте өнімді болған. Біздің заманымыздан бұрын 2400 жылы Аккаде қ-ның негізін қалады. Осы уақыттан бастап Шумердің солтүстік облысы Аккад деп атала бастады. Джемдет-Наср және одан да ертеректегі Урук пен эль-Обейд археол. мәдениеттеріне тән ескерткіштер шумерлердің бұл аймақты біздің заманымыздан бұрын 5 – 4-мыңжылдықта мекендей бастағанын дәлелдейді. Шамамен біздің заманымыздан бұрын 3-мыңжылдықта Шумерде алғашқы мемлекеттік құрылым қалыптаса бастады. Зерттеушілер сына жазуы пайда болып, орныққан б.з.б. 2700 – 2300 жылы аралығын ерте әулеттік кезеңге жатқызады. Ол кезде бұл аймақта сыртында үлкен отбасылық қауымдар өмір сүрген көптеген қала-мемлекеттер құрылды. Ондағы негізгі халық толық құқық-ты қауым мүшелері мен оларға тәуелді қалалық ғибадатхана тұрғындары еді. Қалаларда дәулетті қауымдық ақсүйектер пайда болды. Шаруашылық жүргізу өзен суы және су қоймаларына жиналған жауын-шашын суын пайдаланып, егіншілікпен айналысуға негізделді.

8. Ежелгі Қосөзен тарихының  кезеңдері мен хронологиясы Шумер– Месопотамия ойпатының оңт-нде орналасқан ежелгі тарихи аймақ. Ол Тигр мен Евфрат өзендерінің аралығында, қазіргі Ирак аум-ның оңтүстік бөлігінде болған. Қазіргі күнге жеткен жазба деректер бойынша Шумерді — біздің заманымыздан бұрын 3-мыңжылдықтың соңында негізінен шумерлер және аздаған мөлшерде шығыс семиттер – аккадтар мекендеген. Аккадтар шамамен — біздің заманымыздан бұрын 2400 жылы Аккаде қ-ның негізін қалады. Осы уақыттан бастап Шумердің солтүстік облысы Аккад деп атала бастады. Джемдет-Наср және одан да ертеректегі Урук пен эль-Обейд археол. мәдениеттеріне тән ескерткіштер шумерлердің бұл аймақты біздің заманымыздан бұрын 5 – 4-мыңжылдықта мекендей бастағанын дәлелдейді. Шамамен біздің заманымыздан бұрын 3-мыңжылдықта Шумерде алғашқы мемлекеттік құрылым қалыптаса бастады. Зерттеушілер сына жазуы пайда болып, орныққан б.з.б. 2700 – 2300 жылы аралығын ерте әулеттік кезеңге жатқызады. Ол кезде бұл аймақта сыртында үлкен отбасылық қауымдар өмір сүрген көптеген қала-мемлекеттер құрылды. Ондағы негізгі халық толық құқық-ты қауым мүшелері мен оларға тәуелді қалалық ғибадатхана тұрғындары еді. Қалаларда дәулетті қауымдық ақсүйектер пайда болды. Шаруашылық жүргізу өзен суы және су қоймаларына жиналған жауын-шашын суын пайдаланып, егіншілікпен айналысуға негізделді. Сондықтан негізгі каналдар мен суландырылған жерлер үшін үздіксіз соғыстар жүргізіліп тұрды. Кейбір жекелеген қала-мемлекеттердің әскери көсемдері (ертеректегілерінен неғұрлым белгілері б.з.б., 28 – 27 ғ-лардағы Киштің, Уруктың І-әулетінің, кейіннен Ур, Лагаштың билеушілері, т.б.) көршілес қалаларға кезекпе-кезек үстемдік ете бастады. Қалалардың өз ішінде де билік үшін күрес жүріп жатты. Бұл күрестің неғұрлым белгілі көрінісі Лагаштағы б.з.б. 24 ғ-дағы Урукагинаның (Уруинимгинаның) реформалары болды. Ерте әулеттік үлгідегі соңғы билеуші Лагашпен көршілес Умманың, кейіннен Уруктың билеушісі болған Лугальзагисси еді. Аккад патшасы Ежелгі Саргонға Умма, Урук пен Лагашты және Шумердің басқа да тәуелсіз мемлекеттерін бағындырудың сәті түсті. Ол Месопотамияда “дүниенің 4 мемлекеті патшалығын” (Аккад әулеті, б.з.б. 24 – 22 ғ.) құрды. Бұл мемлекет таулық кутий тайпаларының соққысынан құлады. біздің заманымыздан бұрын 22 ғ-дың соңында кутийлерді Урук патшасы Утухенгалем талқандады. Ол қайтыс болғаннан кейін билік Урдың ІІІ әулеті және “Шумер мен Аккад патшалығының” негізін салушы Ур-Наммға көшті. Бұл мемлекет аса көп шенеуніктер мен бақылаушылар аппаратымен басқаратын алып патшалық иеліктерге негізделді. Ондағы қызметшілер іс жүзінде құлдық жағдайға жеткізілді. Соның салдарынан қауымдардың шаруашылық, саяси және мәдени өмірі құлдырап кетті. Урдың ІІІ әулеті кезінде құдайлардың храмдары бір үлгіге келтірілді, патшалар көздерінің тірісінде құдайлармен теңестіріле бастады. біздің заманымыздан бұрын 2000 жылдар шамасында Урдың ІІІ әулеті батыс семит тайпалары – амориттер мен таулықтар – эламиттердің соққысынан құлады. Шумердің бұдан кейінгі тарихы Вавилон тарихымен тығыз байланысты.

Информация о работе Шпаргалка по "Истории"