Шпаргалка по "Истории"

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 16:50, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "История"

Работа содержит 1 файл

tarikh_shpor.doc

— 357.50 Кб (Скачать)

9. Ежелгі Иран тарихының  деректері мен хронологиясы  Еж.Иран мемлекеті иран түбегінде орналасқан, оның жан жағын таулар қоршап жатыр. Солтүстігінде Эльбрус таулары, шығысында Түрмен Хорасан таулары, батысында Загрос таулары, оңтүстігінде Иран таулары. Иран жерінің орталығының көп жері шөл шөлейтті. Ирандағы алғашқы өркениет Иранның оңтүстік батысысында Иллам болған. Иран жеріне адам баласы тым ерте заманнан бері қоныстанған. Б.з.б. 3-мыңжылдықта қазіргі Иранның оңтүстік-батысында алғашқы мемлекеттер құрыла бастады. Б.з.б. 2-мыңжылдықта бұл аймаққа Орталық Азиядан арий тайпалары келіп қоныстанды. Б.з.б. 673–672 ж. қазіргі Иранның солтүстік-батысында Мидия мемлекеті пайда болып, 616–605 ж. Ассирияны талқандап, аса ірі мемлекетке айналды. Б.з.б. 550 ж. өкімет билігі парсылық Ахемен әулетіне көшті (қ. Ахемен әулеті). Ахемен әулеті мемлекетінің шекарасы шығыста Үнді өзеннен батыста Эгей теңізіне дейін, солтүстікте Армениядан оңтүстікте Ніл өзендеріне дейін жетті. Батыс пен Шығысты жалғастыратын сауда жолдары үшін бұл мемлекет гректермен ұзаққа созылған соғыс жүргізді. Сақтар еліне бірнеше дүркін басқыншылық жорықтар жасады (қ. Кир ІІ, Дарий І).

Ахемен әулеті мемлекетін б.з.б. 330 ж. Александр Македонский талқандады. Иран эллиндік мемлекеттердің билігіне көшіп, б.з.б. 2 ғасырдың орта тұсынан  бастап Парфия патшалығына бағынды. 224 ж. Парфия мемлекеті құлап, орнына Сасани әулеті мемлекеті құрылды. Сасани әулеті мемлекеті Оңтүстік Арабияны, Сирияны, Палестинаны, Мысырды жаулап алды. Византияға қауіп төндірді, Түрік қағанатымен соғыс жүргізді. Бірақ Сасани әулеті мемлекеті арабтардың шабуылынан құлап, 7 ғасырдың 2-жартысында Иран Араб халифаты құрамына қосылды.

8 ғасырда Араб халифатының  билеушісі Әбу әл-Аббас әс-Саффах  халифат астанасын Бағдадқа көшірді.  Иран аумағы ұзақ жылдар бойы  Аббас әулеті билеген Бағдад  халифаты құрамында болып, мәдени  және экон. дамуды басынан кешірді. 9 — 10 ғасырларда елде Араб халифатына шартты түрде ғана тәуелді болған әмірліктер құрылды. Елде экономикалық және мәдени өрлеу байқалып, қалалар өсе бастады. Сондай әмірліктердің бірі Самани әулеті биліктен кеткеннен кейін Шығыс Иран Ауғанстанмен және Орта Азияның бір бөлігімен бірге түркі текті Ғазнауи әулеті билеген мемлекеттің құрамына кірді (қ. Ғазнауи әулеті). 11 ғасырда Иранға түрік-оғыздар (салжұқ) басып кіре бастады. Көп ұзамай олар Ғазнауи әулеті әскерін талқандап, бүкіл Иранды және көрші елдерді басып алып салжұқтар мемлекетін құрды. 12 ғасырда салжұқтар бірнеше сұлтандыққа бөлініп кетті де, осы ғасырдың аяғына таман бүкіл Иранды түркі қыпшақ тайпасынан шыққан Хорезм шаїы Текеш басып алды. 1220 — 56 ж. Иранды Шыңғыс хан әулеті жаулап алды. Олар елде Хулагу әулетіне қарайтын ильхандар мемлекетін құрды. 14 ғасырдың 30-жылдары ильхандар мемлекеті бірнеше иелікке бөлініп кетті де, 1380 — 93 ж. Иранды Әмір Темір әскерлері басып алды. Әмір Темір өлгеннен кейін Шығыс Иран Темір әулетінің билігінде қалып, Батыс Иранда Қарақойлы мемлекеті құрылды. 16 ғасырда Кіші Азиядан шыққан түркі тайпалары (қызылбастар) Иранға басып кіріп, 1501 — 1610 ж. елді толығымен бағындырып, Сефеви әулеті мемлекетін құрды. 17 — 18 ғасырларда Иранның экономикасы құлдырап, халықтың жағдайы нашарлап кетті. Ұсақ халықтар (ауғандар, түрікмендер, әзербайжандар, күрдтер, армяндар, грузиндер) орталықтың езгісіне қарсы жиі-жиі көтеріліс жасап тұрды. Әсіресе, 18 ғасырдың 2-жартысында елдегі үстемдік үшін екі әулеттің (Зенд және Каджар) арасындағы үздіксіз соғыс халықты әбден қалжыратты. 18 ғасырдың аяғында билікке Каджар әулеті келді. Осы кезден елдің ішкі істеріне еур. мемлекеттер (Англия, Франция) араласа бастады. 19 ғасырдың басында болған орыс-иран соғысынан кейін елде шетелдіктердің билігі күшейіп кетті.

10. Ежелгі Үндістандағы  варналық касталық жүйе және  оның қоғамдағы орны Біздің жыл санауымыздан үш мындай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде кауымдық қоғам ыдырап, оның орнына кұлдық қоғам калыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар),кшатрии-лер (әскербасылары), вайшьилер (ауқаттышаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі" мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардын үлесіне —ой еңбегі, кшатрииларға — әскери қызмет, вайшьилерге — егін шаруашылығы, қоленер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға — қара жұмыс қана тиді. Осы кезде қоғамдык өмірге, әлеуметтік қатынастарға сай келетін мифологиялык, философиялық көзқарастар да қалыптасты. Олар негізінен ежелгі үнді мәдениетінің ескерткіші — ведаларда (веда — білім) жиынтықталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады:

І.Самхит—құдайларға  арналған гимндер жинағы.

2. Брахман-самхитті түсіндіретін  әр түрлі мифологиялық әңгімелер.

3. Араньякта (Орман  кітабы) — брахманға тән ритуалдардын  орнына, сол құдайларды іштей  сыйлап құрметтеу, олар туралы  ойлап толғану сияқты көзқарас.

4.Ведалардың ең соңғы  сатысы "упанишадта" дәстүрлі  касталарды қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғары білім арқьілы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады. Алғашқы қауымдық құрылыстың бөлінуіне, қоғамдық және мүліктік теңсіздікке байланысты варналар құрылды. Варналар таптық қоғамға дейін пайда болып, таптық қоғамда жария бекітілді. Кейін, тең құқылылар топтарға, ал тең еместер өздерінің қоғамдық дәрежелеріне қарай және құқықтары мен міндеттеріне байланысты бөліне бастады. Некелер тек өз варналарында  ғана қиылуға рұхсат етілді, яғни қатаң эндогамдық талап қойылды; белгілі қәсіп мұрагерлікпен бекітілді; бір құдайға бас иеді. Сөйтіп, варналар сапалық өзгеріске ұшырады, яғни тұйық топтарға (каста) айналды. Кастаға жатқызылу адамның тумысынан белгілі болған және мұраланады. Әлеуметтік, экономикалық және идеологиялық сипаттағы факторлар Үндістанда өз ерекшелігі бар әлеуметтік құрылымның пайда болуына, нығайуына және сақталуына ұйытқы болды. Үнді деректері, жекелеп алсақ «Ману заңы» варналарға мынадай сипаттама береді: брахмандар – абыздар тайпасы мүшелері, кшатрии - әскери      аристократия, вайшья – қатардағы шаруалар, шудра – құқығы жоқ қоғам мүшелері енген. Брахмандар абыздардың функциясын атқарған және құдіретті ілімді менгергендер, қоғамда құрметті  орынға ие болған. Оларды  «авадхья» - қолсұғылмайтындар деп таныған. Шудра варнасының пайда болуы соғыстармен және қоғамдық, мүліктік теңсіздіктің күшеюімен байланыстырады. Өйткені, осының нәтижесінде қауым мүшелері емес көптеген адамдар пайда болды,  оларды шудра деп атаған. Қауымға келген келімсектер қауымның толыққанды мүшелері сияқты құқыққа ие бола алмады. Олар қоғамдық жұмыстарды шешуге кіріспейді, қауымдық жиналыстарда қатыспайды; «екінші рет дүнииеге келу» атты құдіретті жораны өтпейді, демек шудралардан басқа ерікті қауым мүшелері  «екінші рет туылған» (двиджати) деп саналған. Ал, ең төменгі төртінші варна, бір ғана рет туылған шудралар деп есептелген.

11. Ежелгі Египет  мәдениеті мен діні Мысыр мәдениеті мен өнерінің бізге жеткен алғашқы белгілері, шамамен, б. з. д. IV мыңжылдықтарда пайда болған. Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, біртіндеп қүл иеленуші мемлекеттер құрыла бастады. Ғасырлар бойы мысырлықтардың асыраушы анасы болып келген Ніл дариясы енді қүл иеленушілердің меншігіне айналды. Династиялыққа дейінгі кезең.Бұл кезеңде тас өңдеу өте жақсы жолға қойылды. Жалпақ тас бетіне бедерлі суреттер салына бастады. Мысыр шеберлері тарихи кезеңдер мен әскери жорықтарды бейнелеп, бедерлеуге тырысты. Олардың ең басты мақсаты — адам образын көрсету болды. Адамның тұлғалық бейнесі канондық тәсілмен берілді. Адамның басы, аяқ-қолын алдынан, иығын қырынан бейнелеуге тырысты. Осы әдіс-тәсіл қаншама ғасырлар бойы өзгермей, Мысырдың өзіндік бейнелеу мектебін қалыптастырды. Б.з.д. III мыңжылдықта жалпақ тастарда бедерленген перғауын бейнелерін Мысырдағы Каир мұражайынан көруге болады. Ежелгі патшалық кезеңі.Сәулет. Мысырда біріккен орталық мемлекет б.з.д. IV—II мыңжылдықтарда қалыптаса бастады. Сол кезден бастап Мысыр өнері дамып, сатылы пирамидалар пайда болды. Ең алғашқы пирамида Жосер перғауынның құрметіне орнатылды. Хеопс салғызған ең үлкен пирамиданың ұзындығы 147 метрге жетті. Ол 2 млн 300 мың блок кірігіштен тұрады. Пирамиданың ең төменгі жағы төртбұрыш, жоғары жағы үшбұрыш тәрізді үшкірленіп отырады. Мусін. Елдің атрибуты ретінде Мысыр храмдарында перғауын статуялары орнатылды. Ол негізгі канондық заңдылыққа сүйеніп жасалды. Адамдар бейнесі өте қарапайым бейнеленді. Тік тұрған, қырынан отырған адамдар мүсінделді. Осы кезеңде б.з.д. III мыңжылдықта, қос портретті мүсін Рахотеп пен оның жары Нофрет мүсіндері пайда болды.Бұл сәулет, мүсін және кескіндемеден құралып, синтездік өнер құрады. Орта патшалыц кезеңі.Сәулет. Бұл кезеңде пирамида құрылысы тоқталды. Қабір және храмдардың жаңа үлгілері пайда болды. Ескерткіштің жаңа түрі — храмдық қабір бірінші рет I Ментухотепке орнатылды. Онан кейін храм ансамбльдерінің күрделі түрлері дами бастады. Мусін. Жеке адамдардың портрет-мүсіндері пайда болды. III Сенусерт перғауынның портреті жасалды. III Аменхотеп мүсіні пайда болды. Кескіндеме. Храмға қойылатын табыттар росписьпен әшекейленді. Орта патшалық кезеңінде сахналық қабырғаларда аңшылық кәсібі көркемсурет ретінде бейнеленді. Жаңа патшалық кезеңі .Сәулет. Жаңа патшалық кезеңінде храмдар түрленіп, тікбұрышты болып келді. Ашылатын қақпалар жасалды, колонналық залдар пайда болды. Мұндай храм Амон Құдайына арналып салынды. Жаңа патшалықтың екінші кезеңінде құрылыстар кең дамыды. Ең үлкен храм II Рамзеске арналды. Бейнелеу өнерінің шыншыл түрлері калыптасты. IV Аменхотеп перғауынның храмы пайда болды. Ескі дәстүрлер біртіндеп бұзылды. Эхнатон және оның жұбайы Нефертитидің мүсіндік портреті жасалды. Кешеуіл уақыт кезеңі. Мысыр өнерінің дамуында көп жылғы соғыстар бейнеленді. Ескерткіш мүсіндер жасалды. Б.з.д. 332 жылы Александр Македонский соғысы жаңа өнерде ерекше орын алды. Ежелгі Мысыр көркемдік мәдениеті бұрынғы дәстүрмен, антикалық өнермен ұласты. Діні Копт христиандары.«Копт» сөзі арабтың «купт» сөзінен, ал оның өзі гректің «эгиптос» сөзінен шыққан. Бірақ түп тамыры одан да тереңіректе ежелгіегипеттік "Ха-Ка-Птах" сөзінен таралуы да мүмкін. Коптар Ніл алқабын мекендеген алғашқы египеттік христиандардың ұрпақтарымыз деп санайды. Египтегі христианшылдықтың пайда болған жері Александрия, бұл жерден ол елдің ішінде екі негізбен: анахореттік және монаштық қоғамдастық ретінде тарады. Коптар Иисус Христосқа екі – тәңірлік және адамдық табиғат емес, тек бір ғана тәңірлік табиғат қана тән деген сенімді ұстады. Әлемдік Халкидон Соборы 451 ж. монофизиттікті қате ілім деп айыптағаннан кейін, Египеттегі копт шіркеуі ортодоксалды христиан шіркеуінен ажырады. Мысырды 641 жылы арабтар жаулап алғанға дейін бірнеше ғасырлар бойы христиан елі болып келді. Енді коптар Египеттің 68-миллиондық тұрғындарының ішіндегі шамамен 5-7 млн. деп саналады. Олар мұсылмандармен қатиар өмір сүреді, тіпті кейбір уақытта шіркеудің қоңыраулықтары мешіттердің мұнараларымен көрші орналастырылған. Копт шіркеуінің басында патриарх тұр, қазіргі уақытта Шенуда ІІІ, резиденциясы Александрияда. Коптар ұқыпты сыйынады және пост (еттен және сүт тағамдарынан бас тартады) ұстайды. Олардың литургиясы православ ғұрыптарына жақынырақ.

12. Ежелгі Қосөзен  мәдениеті мен діні  Мәдениеті.XIX ғасырдың соңғы ширегінде Тигр және Ефрат (Қос өзен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі қалалардың орны ашылып, әлемге «Шумер өркениеті» деген жаңа мәдениет белгілі болды. Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған мол мәдени мұраларына қомақты үлес қосқан, дүниежүзілік өркениеттің тағы бір бастауына айналған бұл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат қауымының «фәлсафалық мәйегі», ілгерілеу мен дамудың қайнар бүлағы деп дәріптелді.

Жер бетінде алғаш  өркениетті қауым, іргелі мемлекет құрған шумерлердің мәдениеті дүниежүзілік мәдени ошақтардың бірі Египет мәдениетіндей  өте жоғары болды. Бірақ Ніл аңғарында  үш мың жыл бойы бір-ақ халық қоныстанып, бір-ақ қана мем¬лекет Ежелгі Египет қоныстанса, ал Қос өзен бойында Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирия, Иран сияқты түрлі мемлекеттік құрылымдар тарих сахнасында бірінен кейін бірі алмасып тұрды, түрлі халықтар өзара сауда-саттық жасаумен қатар, өзара әскери қақтығыстарға да жиі барып түрды, соның салдарынан қалалар мен әсем ғимараттар күл-талқан болып қирады да. Бірақ мұндай қақтығысқа қарамастан бұл мемлекеттердің мәдени гүлдену процесі тоқтап қалған жоқ.

Оған дәлел, Қос өзеннің  ең көне мәдениеті Шумер-аккад мәдениеті. В.В. Струве, В.И. Авуев, В.А. Тураев, Б.И. Грозный сияқты аса көрнекті шығыстанушы ғалымдардың пікірінше, шумерлер бүкіл Вавилон мәдениетінің негізін қалаушылар бо¬лып саналады. Ал шумерліктердің өздері, олардың ата-бабаларын Қос өзен өңіріне сонау таудың ар жағынан, солтүстіктен, яғни солтүстік-шығыстан келген. Шумерліктерде көп Құдайға табынды. Негізгі Құдайлары Ан,Энки (су Құдайы) , Энлил (кеңістік құдайы),әйел құдайы арасынан Инанна маңызда роль атқарды.

13. Ежелгі Иран мәдениеті мен діні. XIX ғасырдың соңғы ширегінде Тигр және Ефрат (Қос өзен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі қалалардың орны ашылып, әлемге «Шумер өркениеті» деген жаңа мәдениет белгілі болды. Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған мол мәдени мұраларына қомақты үлес қосқан, дүниежүзілік өркениеттің тағы бір бастауына айналған бұл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат қауымының «фәлсафалық мәйегі», ілгерілеу мен дамудың қайнар бүлағы деп дәріптелді.Жер бетінде алғаш өркениетті қауым, іргелі мемлекет құрған шумерлердің мәдениеті дүниежүзілік мәдени ошақтардың бірі Египет мәдениетіндей өте жоғары болды. Бірақ Ніл аңғарында үш мың жыл бойы бір-ақ халық қоныстанып, бір-ақ қана мем¬лекет Ежелгі Египет қоныстанса, ал Қос өзен бойында Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирия, Иран сияқты түрлі мемлекеттік құрылымдар тарих сахнасында бірінен кейін бірі алмасып тұрды, түрлі халықтар өзара сауда-саттық жасаумен қатар, өзара әскери қақтығыстарға да жиі барып түрды, соның салдарынан қалалар мен әсем ғимараттар күл-талқан болып қирады да. Бірақ мұндай қақтығысқа қарамастан бұл мемлекеттердің мәдени гүлдену процесі тоқтап қалған жоқ.Оған дәлел, Қос өзеннің ең көне мәдениеті Шумер-аккад мәдениеті. В.В. Струве, В.И. Авуев, В.А. Тураев, Б.И. Грозный сияқты аса көрнекті шығыстанушы ғалымдардың пікірінше, шумерлер бүкіл Вавилон мәдениетінің негізін қалаушылар бо¬лып саналады. Ал шумерліктердің өздері, олардың ата-бабаларын Қос өзен өңіріне сонау таудың ар жағынан, солтүстіктен, яғни солтүстік-шығыстан келген

14.Ежелгі Үндістан мәдениеті  мен діні. Үнді — будда мәдениеті. Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі — Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б. 2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі — Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалар дегеніміз — діни сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Үндінің атақты жазушысы Рабиндранат Тагор ведалық гимндерді «Халықтың қуанышшаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поэтикалық куәгері» деп өте жоғары бағалаған болатын. «Жаратушы әні» гимнінде бізді қоршаған дүние былай деп сипатталады: «Ең алғашқы кезеңде дүние хаос жағдайында болды. Бірақ, уақыт өткен сайын адамзат баласының тіршілік етуге деген құлшынысы байқалды, соның нәтижесінде жарық, одан кейін аспан мен су патшалығы пайда болды. Міне, дәл осы кезден бастап жер бетінде тіршілік қалыптасты, ал құдайлар дүние жаратылғаннан кейін барып пайда болды». Шамамен, б.з.б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді-арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Өйткені, упанишадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән-мағынасы, адамды ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы, өлім мен мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық толғауларға толы болып келеді. Ең бастысы — упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапқан. Брахман — абсолютті шындық, абсолютті руханилылық, бұл дүниеде одан тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда. Ол Атман болса осы жағдайларды ескере отырып — жеке тұлғаны мойындау. Упанишадтар діни философиялық ой-сананың дамуына түрткі болды, сөйтіп көп ұзамай-ақ оның алты мектебі қалыптасты

15. Ежелгі Қытай мәдениеті  мен діні. Конфуцийлік-даосистік мәдениет. Қытай этносы қытай халқының басқа халықтардан өзгеше мәдениетінің қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Қытайлықтар болмыс құпиялары мен өмір мен өлім мәселелерінен гөрі жарылқаушыларға бас иіп, оларға еліктеуді өздерінің қасиетгі парызы деп санады. Қытай елінде о дүниедегі рахат өмірді уағыздаушылардан гөрі, осы нақты өмірдің мән-мағьнасын терең түсіне отырып «өмір үшін өмір сүруге» үйретушілерді ұлылар қатарына жатқызып, олардың даналық қағидаларына бас иген. Дәстүрлі қытай мәдениетінің өзіндік бет-бейнесінің қалыптасуына діннен гөрі, салттық этиканың ерекше әсер етуі де осы жағдайға тікелей байланысты болса керек.Қытай қоғамында орын алған мұндай жағдайлардың бәрі де адамзатты қоршаған дүниенің бейнесі жайындағы нақты үғымдардың қалыптасуына да, оның эволюциялық сипатына да өз ықпалын тигізбей қойған жоқ. Мысалы, Қытайдың діни құрылымында дін адамдарының рөлі алғашқы кездерде онша жоғары бола қойған жоқ. Оған дәлел ретінде Аспан құрметіне бай-ланысты өткізілетін діни рәсімдерді ғалым адамдардың емін-еркін атқара беретіндігін атап көрсетуге болады. Өйткені, Қытайда сол заманның өзінде-ақ ғалымдарға ерекше құрмет көрсетіліп, оларды жоғары сословиеге жатқызған, бірақ олар мұндай абыздық қызметтерден гөрі мемлекеттік істерге өте жақын тұрды. Қытайдың діни құрылымының бұл ерекшелігі сонау көне заманда, атап айтқанда, б.з.б. екінші ғасырдан бастап-ақ қалыптаса бастаған болатын.Қытайлар да дүние жүзінің басқа халықтары сияқты құдайлар мен рухтардың құрметтеріне құрбандықтар шалды (кей жағдайларда қанды құрбандықтар да берілетін болған). Бірақ, уақыт өткен сайын көп құдайлар мен рухтардың ішінен Ұлы Құдай дәрежесіне жетіп, аты аңызға айналған Шанди басты орынға шықты. Әрине, діннің даму тарихындағы мұндай дара тұлғалар әлемдік басқа діндерде де жиі кездеседі (мысалы, Египетте). Бірақ, Қытайда Ұлы Құдай Шандиді өз халқының мұңын жоқтап, жағдайын ойлайтын, оған барынша қамқорлық жасайтын қамқоршы және арғы ата-бабаларының, ата-тектерінің негізін қалаушы ретінде де қабылдаған. Сондықтан да болар, қытай халқының тұрмыс-тіршілігіндегі барлық мәселелердің түйінін шешу — Шанди құдайға табынумен, оған жалбарынумен тығыз байланысты болған.

Информация о работе Шпаргалка по "Истории"