Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 16:50, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "История"
45.Ежелгі Қытайда орталықтанған мемлекет- Цинь империясының құрылуы. Ішкі және сыртқы саясаты. Цинь империясы (б.з.б. 221 — 206) — Қытайдағы орталықтанған тұңғыш ежелгі мемлекет. Ол Қытайды бір орталыққа бағындырған тұңғыш император Цинь Шихуандидің тұсында құрылды. Цинь патшалығына дейін Қытайда бір-біріне бағынбайтын бірнеше ұсақ патшалықтар өмір сүрді. Eлдің астанасы солтүстік-батысында орналасқан Сяньян қаласы болды. Цинь патшалығы ұзаққа созылған қиян-кескі соғыстар нәтижесінде құрылды. Дегенмен, елдің бір ортлыққа біріктірілуі оның болашақ дамуына орасан зор әсер етті. Мемлекеттің орнықтылығы патшаның шексіз билігіне негізделді. Патшалық өкімет ең алдымен егіншілікті дамытуға мүдделі болды. Елдегі барлық шаруалар үлестік жер алды. Алғашқы кезде оларға кейбір салық жеңілдіктері жасалды. Ал қолөнер мен сауда биліктің қолдауына ие болмады. Қайта тамақ, әсіресе, астық өнімдерінің бағасына қатаң мемлеттік бақылау орнатылды.Бұрынғы ұсақ патшалықтардың қорғаныс қамалдары жойылып, ел жаңадан 36 әкімшлік аймақтарға бөлінді. Бұрынғы заңдар толығымен жойылып, орнына аса қатал қылмыстық баптармен толықтырылған жаңа құқықтық жүйе енгізілді. Ақша реформалары жасалды және өлшем бірліктері бірыңғай жүйеге келтірілді. Бұл шаралар өз кезегінде тауар-ақша қатынасының жылдам дамуына алып келді. Бірнеше мемлекеттің біріктірілуі нәтижесінде құрылғандықтан әр түрлі диалектіде сөйлейтін халық бір-бірін түсінбеді. Сондықтан бұрынғы жазулар толығымен қолданыстан шығарылып, бірыңғай жазу үлгісі енгізілді. Ортақ жазу тілінің пайда болуы келер ғасырларда қытай халқын мәдени тұтастырушы күшке айналды. Цинь патшалығы сыртқы саясатта солт. және оңт. бағытта бірдей жаулап алу жорықтарын жүргізді. Жаулап алынған жерлер билеушінің меншігі болып саналды және оған әр түрлі жеңілдіктермен ішкі өлкелерден әкелінген халық қоныстандырылды. Солт-те Қытай қорғаны салынды.Зерттеушілер қытай қорғанын салу барысында 1 млн-ға жуық адам қаза болған деп есептейді. Бұл қорғандар кейіннен мыңдаған жылдар Қытайдың солт. шекарасын қорғап тұрды және ол үнемі жаңартылып отырды. Мемлекет ішінде шеткі аймақтарды астанамен байланыстыратын жол салу құрылысы қызу жүргізілді. Жан-жақтан орт-қа бағытталған жолдардың салынуы сауда мен қолөнердің жедел дамуына алып келді. Қатал заңға негізделген тәртіп пен әрі құрылыстарға жүз мыңдаған адамдардың тартылуы аса көп мөлшерде материалдық және адам шығынына алып келді. Ол халықтың орт. өкіметке жаппай наразылығын туғызды. Цинь Шихуанди қайтыс болғаннан кейін халық наразылығы жаппай бас көтеруге ұласты. Келесі билеуші Эршихуанди 4 жылдай ғана билік құрды. Осыдан кейін Цинь патшалығын құрған әулет толығымен жойылып кетті. Бірақ орталықтанған Қытай мемлекеті сақталып қалды. Билікке жаңа әулет келіп, Хань мемлекеті құрылды.
46.Ежелгі Қытайда
Хань империясының құрылуы. У-
47.Шығыс Хань империясының ішкі және сыртқы саясаты. Көтерілісшілермен күрестің барысында жергілікті ақсүйектер Лю Сю бастаған жаңа — Кейінгі немесе Шығыс Хань әулетінің (25 — 200) негізін қалады. 27 жылдың соңында “Қы-зыл қастылар” көтерілісі басып жанышталды, тек 37 жылы ғана Лю Сюға “күшті үйлерге” сүйене отырып, елді біріктірудің сәті түсті. Шығыс Хань әулетінің алғашқы билеушілері шаруаларға жеңілдіктер жасап, салық көлемін азайтты. Батыстағы елдермен “Ұлы Жібек жолы” және оңт-тегі теңіз жолы арқылы экономикалық және мәдени қарым-қатынастар қайта жанданды. Елдегі жағдай тұрақтанып, мемлекет нығайғаннан кейін Хань әулеті сыртқы жаулап алу соғыстарын жалғастырды. Әскери қимылдар қолбасшы Бань Чаоның белсенді дипломаттық әрекеттерімен қатар жүргізілді. Хань мемлекетіне Жоңғария мен Шығыс Түркістандағы біраз иеліктер тәуелділікке түсті. Алайда Бань Чаоның өлімінен кейін империяға тәуелді жерлер оған қарсы көтерілді. 184 — 204 жылы болып өткен шаруалардың қуатты “Сары орамалдылар” көтерілісінен кейін Шығыс Хань әулетінің билігі құлдырап кетті. Көтерілісші шаруалармен күрес барысында әскерді басқарған жергілікті билеушілер орталық үкіметтен іс жүзінде тәуелсіздікке қол жеткізді. Олар 220 жылы Шығыс Хань империясын жойып, оның орнына Саньго мемлекетін (220 — 280 жылы) құрды. Хань мемлекетінің батыстағы негізгі жауы ғұндар болды. Б.з.д II — I ғасырларда ғұндардың қауіпті болғаны сонша Хань мемлекетінің олардан қорғану үшін Қытай қорғанын салуға мәжбүр болды. Көшпелілермен соғыста жеңіске жете алмайтынын түсінген Хань билеушілері ғұндарды бір-біріне айдап салуға тырысты. Көп ұзамай бұл саясат өз жемісін беріп, көшпелілер өзара соғысты. Ғұн мемлекеті ыдырап, бір бөлігі батысқа ауып кетті де, қалғандары Хань мемлекетіне бағынды.
48.Ежелгі Шығыс
тарихының деректері.
Ежелгі Шығыс тарихына байланысты жазбаша деректерді екі топқа бөлеміз: 1.Құжаттар - мәліметтер анығырақ болады, сондықтан олар маңызды. 2.Наратиптік деректер немесе әңгімелер - автордың субьективті көзқарасын білдіреді, сондықтан оларға сын көзбен қарау керек.
49. Ежелгі Шығыс
тарихы хронологиясының
50. Ежелгі Шығыстағы қауым және мемлекет. Ежелгі шығыстағы мемлекеттің ьасқару формасы монархия болды. Еж. Шығыста 3 тап болды:
1. Құл иеленушілер
2. Құлдар
3. Еріктілер (саудагерлер, қолөнершілер, жер өңдеушілер)
Ежелгі шығыста қауымдар сақталды. Бұл көбінесе территориялық қауымдар болды, қауымды жеке адам басқарды, патриархаттық қауым, билігі шексіз болды. Осылайша еж. шығыста адамдар ұжымдық түрде өмір сүрді. Шығыста жер мемлекеттің меншігі, ал мемлекетті монарх басқарды. Сондай-ақ еж. шығыста жеке меншік жердің түрі болды. Шаруашылық түрлері:
• Патшалық
• Храмдық
• Жеке меншік
Ежелгі шығыста мемлекеттер қала түрінде қалыптасқан. Жалпы қауым өмірінде белгілі бір қызметке иеленген адамдар маңызды рөль атқарды. М: абыздар, әскербасы, бас сот.
Ежелгі шығыс тарихының ерте кезеңіне тән белгілер:
1. Қоғамда ерікті адамдардың болуы, территориялық қауымдардың болуы
2. Діни жүйелердің көп құдайға табынушылығы, ерекше абыздар сословиесінің пайда болуы
3. Қала мемлекеттер және патшалықтардың құрылуы
Шығ. елдерінің ежелгі тарихының кейінгі кезеңіне тән белгілер
1. Жерге жаке меншіктің күшеюі. Қауымдар біртіндеп әкімшілік бірліктерге айналуы.
2. Империялар, державалар құрылды.
3. Әлеуметтік психологиялық салада өзгерістер болды.
4. Жаңа діндер, философиялық ілімдер пайда болады.
51.Вавилон патшасы Хаммурапидің заңдары. Вавилонның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Хаммурапи заңдары — Вавилон заңдарының жинағы. Бұл заңдар Хаммурапи патшалық еткен кезде, шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1760 жылы қабылданған. Хаммурапи заңдары Ежелгі Шығыстағы құл иеленушілік құқықтың аса маңызды ескерткіші болып есептеледі. Диорит бағанға сына жазуларымен жазылған бұл заңдардың мәтіндері 1901 — 1902 жылдары ежелгі Эламның астанасы — Сузы қаласының орнына жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Оны ол жерге эламдықтар әскери олжа ретінде әкелген болса керек. Хаммурапи заңдары қазіргі кезде Луврда сақтаулы тұр. Заңның неғұрлым кейінгі көшірмелерінің жұрнақтары Сузы, Ниневия, тағы басқа. Месопотамия қалаларында жүргізілген қазба жұмыстарында табылды. Хаммурапи заңдарының мәтіні кіріспеден, 282 баптан және қорытынды бөлімнен тұрады. Онда әлеуметтік теңсіздіктің салыстырмалы түрдегі жоғарғы дәрежесі бейнеленген. Сына жазуымен баяндалған заңдар азаматтық және қылмыстық құқыққа бөлінбесе де баптар белгілі бір топтарға біріктірілген; сот процесі, меншік, патша қызметі, неке мен отбасы, міндеттер, тағы баскқа. Оның үстіне әрбір тақырып қылмыстық-құқықтық, сондай-ақ азаматтық-құқықтық тұрғыдан түсіндіріледі. Құқық субъектілері болып ерікті қауым мүшесі (авилум — “адам”) және толық құқығы жоқ патша қызметіндегі ерікті адам (мушкенум — “төмен құлайтын”) танылды. Кейбір құқықтарды (ажырасу және қалың малын қайтарып алу құқығы) ерікті әйелдер де пайдаланған. Құлдар мен балалар тек құқық нысандары ретінде ғана қарастырылды. Хаммурапи заңдарында құл иеленушілердің құлдарға үстемдігін, жалпы жеке меншікті нығайтуға және патша қызметіндегі адамдардың мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөлінді. Бұл заңдар бойынша Вавилон патшалығындағы тауар-ақша қатынастарының елеулі дамығаны жөнінде қорытынды жасауға болады. Ғылыми әдебиетте Хаммурапи заңдары әрекет еткен құқық жинағы ретінде (бұл неғұрлым шындыққа жанасады), “әлеуметтік әділеттілікті” бейнелеген заңдық трактат немесе Хаммурапи патшаның өз қызметі жөніндегі құдайларға берген есебі ретінде қарастырылады. Хаммурапи заңдары ежелгі Кіші Азияның өзінен кейінгі заңдарына елеулі ықпал етті.
52.Эллинизм және эллиндік мемлекеттер. Эллинизм – Жерорта теңізінің шығысындағы елдер тарихының Александр Македонскийдің жорықтарынан (б.з.б. 334 – 323) бастап бұл елдерді Римнің жаулап алуына дейінгі кезеңі. “Э.” ұғымын тарихнамаға 19 ғ-дың 30-жылдары неміс тарихшысы И.Г. Дройзен енгізді. Әр түрлі бағыттағы тарихшылар Э-ді әр түрлі түсіндіреді. Біреулері бірінші қатарға грек және жергілікті шығыс мәдениеттерінің бір-біріне өзара әсерін шығарып, Эллинизмнің хронол. шеңберін орта ғасырлардың басталуына дейін жеткізеді. Енді біреулері әлеум.-саяси құрылымдардың өзара әсеріне баса көңіл бөліп, мұндағы грек-македондықтардың жетекшілік рөлін атап көрсетеді. Эллиндік мемлекеттердің пайда болуы (диадохтардың күресі) (3 ғ-дың басы). Македонский қайтыс болған б.з.б. 323 жылдың қарсаңында оның державасы Балкан түбегін, Эгей т-нің аралдарын, Египетті, Кіші Азияны, Орт. Азияның оңт. аудандарын, Индия өзенінің төменги ағысына дейінгі жерлерді алып жатты. Македонский державасының маңызды саяси күші армия болды. Жаяу әскер мен гетайрлардың (таңдаулы атты әскердің) арасында болған қысқа мерзімді күрестің нәтижесінде державаны бөлінбейтін біртұтас қалпында сақтап қалу жөнінде келісімге қол жеткізілді. Ал тақ мұрагерлері ретінде Филипп ІІ-нің некесіз туған ұлы Арридей мен Александрдың әйелі Роксананың дүниеге әлі келе қоймаған сәбиі жарияланды. Билік іс жүзінде Александрдың кезінде жоғ. әскери және сарай маңындағы қызметтерді иеленген македондық ақсүйектердің шағын тобының қолына көшті. Грекия мен Македонияны басқару Антипатр мен Кратерге жүктелді, Фракия Лисимахқа берілді. Кіші Азияда Фригия, Ликия мен Памфилияның сатрабы – Антигонның (Жалғыз көзді Антигон І) ықпалы күшті болды. Египет Птоломей Лагтың (Птоломей І Сотер) басқаруына берілді. Маңызды әскери қызметтерді Селевк (Селевк І Никатор) мен Антипатрдың ұлы Кассандр иеленді. Пафлагония мен Каппадокияның сатрабы Евменмен болған қақтығыста Кратер қайтыс болғаннан кейін Антипатр регентке айналып, оған патшаның отбасы тапсырылды. Антигон Азияның стратег-автократоры өкілеттілігін алып, сонда орналасқан патша әскерінің басшысына айналды. Селевкіге Вавилония сатрапиясы беріліп, Евменмен соғыс жүргізу Антигонға тапсырылды. Екі жылдың ішінде Антигон Евменді Кіші Азиядан түгелге дерлік ығыстырып шығарды. Өз өкілеттігін әскер басылардың македондық әулетінен шыққан Полиперхонтқа беріп, Антипатр 319 ж. қайтыс болды. Бірақ Полиперхонтқа қарсы Антигонның қолдауына сүйенген Кассандр шықты. Диадохтардың соғысы басталды. Әскери қимылдардың маңызды аймағы Грекия мен Македония болды. Мұндағы Полиперхонт пен Кассандрдың арасындағы күреске патша отбасы, македондық шонжарлар және грек полистері тартылды. Нәтижесінде патша әулеті өзінің билігінен түпкілікті айрылды. Филипп ІІІ, оның әйелі Эвридика мен Македонскийдің анасы-Олимпиада қаза тауып, Роксана баласымен бірге өз билігіне Македония мен Грекияның көп бөлігін бағындырған Кассандрдың қолына түсті. Евмен мен Антигонның арасындағы күрес Персида мен Сузианаға ауысты. 316 жылдың бас кезінде Евмен талқандалып, Антигон диадохтардың ішіндегі ең қуаттысына айналды. Бұл Птоломей, Селевк мен Кассандрды Антигонға қарсы одақ жасасуға мәжбүр етті, оларға Лисимах та қосылды. Сирия, Финикия, Вавилония, Кіші Азия, әсіресе Грекияда кескілескен шайқастар теңізде де, құрғақта да жүріп жатты. Соғыс алма-кезек жеңістермен өтіп, 311 ж. аяқталды. Диадохтар өздерін дербес, тәуелсіз билеушілер ретінде тануға келісім жасасты. Диадохтардың жаңа соғысы 307 ж. басталды. Роксана мен Александр ІV Кассандрдың бұйрығымен өлтірілді. Грекиядағы әскери қимылдарды Македониядағы билікті басып алу мақсатымен Антигон соғыс бастады. Оның ұлы Деметрийге Мегара мен Афинадан Кассандр қойған билеушіні орнынан алып тастаудың сәті түсті. 306 ж. Деметрий Птоломей флотын Кипрдегі Саламиннің түбінде талқандады. Осы жеңістен кейін Антигон (Антигон І) өзіне және Деметрийге (Деметрий І Полиоркет) патша атағын берді. Басқа да диадохтар өздерін патша деп жариялады. 301 ж. Ипс маңында болған шешуші шайқаста Лисимах, Селевк І мен Кассандр Антигон І-нің әскерін толықтай талқандады. Антигонның өзі шайқас кезінде қаза тапты. Деметрий әскерінің қалдығымен Эфеске қарай шегінді. Оның қолында әлі де болса күшті флот пен Кіші Азия, Грекия мен Финикияның бірқатар қалалары бар еді. Антигон І-нің иеліктері Селевк І мен Лисимахтың арасында бөліске түсті. Бұл уақытқа дейін ең ірі эллиндік Птоломейлер, Селевкілер, Вифиндер мемлекеттері мен Понтий патшалығының негізгі шекаралары анықталып болды. Диадохтардың бұдан кейінгі күресі негізінен Грекия мен Македония аум-нда өрістеді. 298 ж. Кассандр қайтыс болғаннан кейін Македониядағы билік үшін күрес Деметрий І, Эпир патшасы – Пиррдің, Кассандр мен Лисимахтың балалары арасында жүрді. Жеңімпаз Деметрий І болып шыққанмен, 287 – 286 ж. Сурет:Лисимах Пиррмен одақтасып, оны Македониядан ығыстырып шығарды. Селевк І тұтқынға алған Деметрий І 283 ж. қайтыс болды. Селевк талқандаған Лисимах 281 ж. қаза тауып, мемлекеті ыдырап кетті. 283 жылдан Македония негізін Деметрийдің ұлы – Антигон ІІ Гонат салған жаңа әулеттің қолына көшті