ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы Жапониядағы саяси ахуал

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 12:45, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Осы уақытқа дейін тарих ғылымының шығыс тану бөлімдерінің тарихшылары Жапония коммунистік козғалысы туралы проблемаларды Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңнің өзінде біршама зерттеп, монографиялық еңбектер жазды. Мұнымен қатар, сол кездегі партияның документтері де (Жапонияға байланысты) жарияланды. Жапония коммунистік партиясының мәселесі туралы 1927 жылғы 15 шілдедегі Коминтерннің Атқару коммитетінің қабылданған қаралары мен тезистері. Тағы да Жапония коммунистік партиясының бірқатар документтерімен КПЯ-ның көрнекті жетекші қайраткері Сейти Итикаваның 1931 жылғы соттағы сөзі Жапония коммунистік козғалысының пайда болуы мен дамуы туралы ең алғашқы тарихи документ болып калды.

Содержание

Кіріспе.......... ........3
1-тарау Жапония имперализмі
1.1 Жапония имперализімінің дамуының өзіндік ерекшеліктері...... .......9
1.2 Жұмысшы тобының қалыптасуы мен дамуы және социалистік
қозғалыстардың бағыты........................................................................................19
2-тарау Жапонияда саяси ахуал
2.1 Жапония коммунистік партиясының кұрылуы 20 жылдардың басындағы
КПЯ-ның қызметі...............................................................................................33
2.2 Алғашқы реппрессия кезіндегі КПЯ-ның жағдайы солшыл оппортунизммен күрес.........................................................................................46
2.3 1927 ж. Коминтеріннің (тезистері) қарарлары революциялық козғалыстың қайта өрлеу............................................................................................................54
Қорытынды...........................................................................................60
Пайдалынылған әдебиеттері тізімі.................................................................62

Работа содержит 1 файл

-Дип. ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы Жапониядағы саяси ахуал.doc

— 360.50 Кб (Скачать)

1928 жылы ақпанда КПЯ-ның Орталық Комитетінің ІІ пленумы болып өтті. Онда Орталық Комитетің жаңа құрамы құрылды, оған Н.Ватанабэ, С.Итикава, М.Сано, Г.Кокуре, К,Ямамото кірді. Орталық Комитеттің председателі болып Жапония көрнекті революционері Масаноске Ватанабэ сайланды. Орталық Коммитетінің II пленумы өз тәжірибелерін жинақтап, ликвидациялық, сектанттық қалдықтарды жойып, бұқаралық үгітті күшейту мәселесінде баспа органдарын күшейту арқылы, пролетарлық партиялардың бірігуі үшін нақты әрекеттер көрсетілді.

Бұл пленум КПЯ-ның ІҮ съезін шақыруға дайындық жасады. Бірақ, репрессияның басталуына байланысты съезд шақырылмай қалды. Революциялық қозғалыстың өзгеруінен шошыған буржуазиялық-помещиктік монархия репрессиясын үдетті. КПЯ-ның мүшелерін жаппай қамауға ала бастады. 1928 жылы 15 наурызда партияның 1600 мүшесін қамауға алды. 10 наурыз күні өкімет Жапония кәсіподақ советін тарату туралы указ шығарды, мұнымен қатар, жұмысшы-шаруа партиясының, бүкіл Жапондық пролетар жастарының лигасы мен солшыл ұйымдарды таратты.

Танака үкіметі  «қоғамдық тәртіпті қорғау туралы» заңды қайта қарау указын шығарды. Онда 10 жылдың каторгалық жұмыс, өлім жазасы мен өмір бойғы каторгамен ауыстырылды. Бұл статья ең алдымен коммунистер мен партия қайраткерлеріне қолданды. 1928 жылы шілдеде құпия полициясы ұйымдастырылып, демократия және революциялық қозғалысты «қауіпті элементтерді» жою міндетін атқарумен шұғылданды.

1928 жылы бүкіл  елді қамауға мыңдаған коммунистер алынды. Қазанда КПЯ-ның көрнекті қайраткер  жетекшісі Гойтиро Комуреоны түрмеге жапты. 15 жасынан бастап революциялық жұмысқа араласып, өндіріс орындарында партияның секцияларын ұйымдастырып, ең алғашқы «Нихон Когаку» деген партиялық газет шығарған. Түрмеде азапталып, 1940 жылдың 17 наурызында қайтыс болды. 1928 жылы қазанда КПЯ Орталық Комитетінің преседателі М.Ватанабені, партия тапсырмасы мен Қытайға кетіп бара жатқан жолында құпия полиция агенттері жолда азаптап өлтірді.

Жапон полициясына шектен тыс праволар берді. 1925 жылы 5наурызда парламент сессия кезінде жұмысшы-шаруа партиясының депутаты С.Ямамато өлтірілді. Партияның қатарында болмағанымен, ол шынайы коммунист болған еді.

Партия жаппай террорға қарамастан, негізгі кадрды сақтап қалып, талқандалған ұйымдарды қалпына келтіруге кірісті. Коммунистердің күшінің негізінде сәуір айында бүкіл елдің коммунистерімен байланыс жасап, «Секи» газетін қайта шығара бастады. 1928 жылы қазан айында партияның Орталық Комитеті қайта құрылып, оны Москвадағы Коминтерннің IV конгресінен оралған С.Итикава баскарды. Партия Қытайдағы Жапон агрессиясына қарсы кең үгіт жүргізді. 1928 жылы мамырда Жапония коммунистік партиясы мен Қытай коммунистік партисы бірлесіп, декларация шығарды. Онда Жапония империализімінің агрессиялық саясатын айыптап, Жапония пролетарлық революционерлерінің қуғындауына наразылық білдіріп, ортак жауы - Жапония империализіміне қарсы күресуге шақырды. КПЯ бұқара арасында жаппай үгіт жүргізу арқылы кәсіподақтар арасында үлкен жетістіктерге жетті. Таратылған Жапония кәсіподақ советінің орнына - бүкіл Жапондық правсоюз советін құрды. Жастар лигасының орнына Жастар Одағын құруға кірісті.

Окуо Ояма және т.б. көрнекті демократ қайраткерлер, жұмысшы шаруа партиясын қайта қалпына басқаша атпен құруға кірісті. 1928 жылы желтоқсанда жаңа партияның Құрылтай съезі ашылып, 3 күнінде үкімет партияны таратып жіберді. КПЯ-ның жұмысшы-шаруа одағын легальды түрде бірақ, партиялық емес ұйым түрінде құрып, шаруалар мен жұмысшылардың  бірігуіне  жол  ашып  берді.   1928 жылы   15 наурыздағы жаппай қамауға алудан кейін, 1929 жылы сәуірде полиция тағы да репрессия ұйымдастырып, компартия мен жұмысшы-қозғалысының революциялық қанатының қайраткерлерін қамауға алды. 16 сәуір күні мындаған коммунистер қамалып, КПЯ-ның Орталық Комитетінің бүкіл мүшелері мен партияның бас секретары С.Итикаваны да қамауға алды. Бұл репрессиялар партияның қатарына ауыр нұсқан келтірді. Бірақ, партия терең жасырын қызметке көшкен қайраткерлер сәуір репрессияларынан кейін 1929 жылы маусымда КПЯ-ның Орталық Бюросын құрды. Ол шілдеден бастап партияның баспа органы «Секки» газетін шығара бастады.

Құпия полицияның «1930 жылғы елдегі қоғамдық қозғалысының жағдайы» туралы баяндамасында КПЯ-ның қызметін былай суреттейді. Сева жылының үшінші бөлімінде (Сева-1928 ж.) КПЯ мен байланысты 500-ден аса адам ұсталды, ал төрт бөлігінде «Қоғамдық тәртіпті сақтау» заңын бұзушылардың саны 400-ден асты. Коммунистік қозғалыстар күннен-күнге өршуде, олар жасырын қызметке көшті. 1929 жылы партия жасырын және ашық формадағы күресті қосып, парламенттік сайлауларға дайындала бастады. 1929 жылдың аяғында бүкіл капиталистік дүниежүзінде терең экономикалық кризиске ұшырап, Жапонияға қатты соққы болып тиді. Экономикалық кризис әсіресе, өнеркәсіппен саудаға қатты әсерін тигізді.

1930 жылы Жапония  экспорты 35 процентке түсіп кетті,  импорт - 30 процентке түсті. 1931 жылы сыртқы саудадағы да 30 процентке төмендеп, товардың құны 60 процентке түсті. Жұмыссыздық 3 млн. адам қамтыды. Ауыл шаруашылық күйзелді. 1930 жылы күріш құны жартысынан көп төмендеді.

Үкімет бұл  кризистен шығу жолын халық арқасына салмақшы болды. Әлеуметтік қайшылық елдегі бүкіл халықты көтеріліске итерді. 1929-1930 жж. еңбекшілердің бас көтеруі жиіледі. 1930 жылы забастовка саны 2289-ға жетіп, оған 191 мың адам қатысты. 1931 жылы 2456 забастовка болса, оған 154 мың жұмысшы қатысты. Кризистің ұлғаюы, забастовкалық күрестің көбеюі, елдің билеуші тобын сескендіріп, тағы да - репрессияға сүйенді. Бұл репрессиялар КПЯ-ның басқару ядросын түгелмен дерлік жойды.

КПЯ-ның репрессияның кесірінен көптеген коммунистердің қамауда болуы, бір жағынан демократиялық және жұмысшы-қозғалысын күшейтсе, екінші жағынан партияның ішінде «солшыл» оппартунистік ағымның туындауына жағдай жасады. Кәсіподақ орталық баспасы таратуға тырысты.

Бірақ, партия бұл демогогтарды тез арада жойды (олардың полициямен байланысын әшкерледі) КПЯ-ның қалған күштері тез арада «солшыл» оппартунистердің жіберген қателерін түзеуге кірісіп газетінде және Дзекенің органы «Родося симбунда» Танака тобының «солшыл» қызметін сынауға алды. 1930 жылдың жазында болған Профинтерннің Уесінде кәсіподақтар-дың экономикалык күресінің   саяси талаптарды байланыстыру қажеттігін көрсетіп, Жапония жұмысшы қозғалысындағы қате тенденцияларды түзеуге көмек берді [25; 26-28].

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен, 1922 жылы 15 шілдеде жасырын түрде құрылған Жапония коммунистік партиясы өзінің қызметін алғашқы күннен бастап, Жапония қоғамының коммунистік және демократиялық қозғалысты басқаруда авангарттық саяси партия ретінде сол жылдардың Жапония империализімінің билеуші топтарының қатаң репрессия заңдарына қарамай көп қызмет жасады. 1922 жылдан бастап 1945 жылға дейін партия жасырын түрде өмір сүрді. Сол жылдардың қиын кезеңінде КПЯ үнемі Жапон агрессиясына қарсы милитаристік бағыттан елді демократияландыру үшін талмай күресті. КПЯ подполиядан шығысы мен жалпы еңбекші бұқараның демократиялық күресіне тікелей араласа бастады. 50 жылдардан бастап Америка окуппация үкіметі Жапония коммунистерін репрессияға ұшыратты. Партия стратегия және тактика мәселесіндегі көп жылдар бойы жіктелу және алауыздық кезеңнен өтті. КПЯ-ның қазіргі қолданып отырған бағдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша, партияның негізгі міндеті американдық империализмге қарсы және Жапония монаполистік капитализміне қарсы, елде антиимпериалистік демократиялық революция және оны ары қарай социалистік революцияға араластыру жолын көрсетті.

КПЯ-ның бағыты бейбіт революцияны дамыту, бірақ сонымен қатар, елде бір тұтас ұлттық-демократиялық майдан құру және парламент пен жергілікті басқару органдарында өз өкілдерін көбейтті. 70 жылдардан бастап, КПЯ саяси бағыты жағынан нақты мәселе қойды біртұтас прогрессивті күштердің майданын құру. Бұл Жапон-Американ әскери одағын жою үшін және Жапония елін бейтараптандыру жолымен дамытып, малиторизм және елді демократияландыру жолына түсу бағытын ұстады. 1970 жылы КПЯ ХП съезінде осы бағдарламамен КПЯ Окиява халықтық партиясы (НПО) бірікті. 1976 жылы кезектен тыс ХПІ съезінде «Бостандық және декларациясын қабылдады. XVI съезд 1977 жылы XV съезд 1980 жылы XVI съезд 1982 жылы КПЯ-ның съездерінде партия бұқара арасынан өз қатарын ұлғайту мәселесіндегі және еңбекші халықтың авангарттық партиясы болу проблемаларына тоқталды.  Оған  мыңдаған делегаттар  26 коммунистік партия және жұмысшы партиясымен КПС өкілдері де қатысты (Ғылым академиясының президенті П.И.Федосеев қатысты).

Съезді КПЯ-ның Орталық Комитетінің председателі Кендзи Миямото ашты. ХУП съезден кейінгі жетістіктерге тоқтала келіп, парламенттік сайлаудағы соңғы жылдардағы жетістіктерге тоқталды. КПЯ-ның халықаралық коммунистік қозғалысындағы проблемалары туралы кейбір социалистік елдердің пікірлерімен кездеспейтіндігін айтты. Жапония социалистік партиясының және оппазициялық саяси ұйымдарының саясатымен келіспейтіндігін айтып өтті. Миамота елдегі «Херосима және Нагасаке үндеуі» деген қозғалыстың жетістіктерімен таныстырды. Елдегі бұл қозғалысты бүкіл дүние жүзінің 150 мемлекеті қолдап отыр. Жапония коммунистері - ең алғашқы және ядролық қарудың сұмдық зардабын бірден-бір өздері тартып көргендіктен, Жапония коммунистері жер бетінен бұл қаруды жою үшін осы қозғалысты жан-жақты дамытуда. Қазіргі кезеңде Жапония қоғамында Жапон коммунистік партиясынан баска да саяси партиялар өмір сүруде. Буддо сектасының партиясы 183 мың мүшесі бар. Комето Орталық Комитетінің преседателі Е.Кокейри. Либерал демократиялық партиясы 1955 жылы 15.11 айда құрылған. Буржуазиялық партия, яғни либерал және демократиялық партиясының біріккені.

Партия демократиялық социалистік партиясы 1960 жылы құрылған. Жапония социалистік партиясы 1945 жылы құрылған 70 мың мүшесі бар. КПЯ-ның Орталық Комитетінің председателі Т.Дай бас секретары С.Ямагути. Жоғарғы органы жыл сайынғы съезд. Парламенттегі ірі оппозициялық партиялардың бірі. КПС пен байланысы бар.

Міне, осы саяси партиялар Жапония қоғамының саяси өмірінде КПЯ-мен қатар үлкен рольде орын алады.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Васильев Л.С  История  Востока  М.,2002 г., стр 45-69
  2. Григорянц. А Древняя страна меняет облик. Новое время., 1987. N5. с. 28.
  3. Гаджиев К.С. Введение в геополитику. Изд 1-е. Учебник для вузов. М., 2000г., 30 стр
  4. Гаджиев К.С. Введение в геополитику. Изд 2-е. Учебник для вузов. М., 2001г., 432 стр
  5. Қазақ-Совет Энциклопедиясы. 8-том., А: 1976ж., 663-680 беттер
  6. Исламов А.И. Лекции по истории международных отношений. (Индия).  Учебник. Шымкент, 170-189 стр
  7. История дипломатии./под.ред.Н. Кулогова/  Москва 2000., 56-58 стр
  8. Давыдов Н.М. История Ирана. Ленинград. 1980., с 45-56
  9. Дербеш Н.М. Иранская революция. Москва., 2001 г., с 58-60  
  10. Лаумулин М. Большие планы. //Континент., 2005 г., 16-29 ноября., №22, с78
  11. Розалиев Ю.А. Новая  и новейшая  история стран  Азии и Африки. М., 1982 г., стр 25-36
  12. Дж. Греквилл. История ХХ века. Аквариум, 1999. -365 с.
  13. Никифоров В.Н  Восток и Всемирная  история.М.,1972г., стр 125-136
  14. Живутинков А.С.Как это было? /История Вьетнамского народа/. М., 1978 г., стр 15-23 
  15. Будкевич С.Л. Из истории проникновения идей октября в Японию Октябрь и Япония. М.1968.
  16. Гамазков З.А. Из истории распространения марксизма-ленинизма в Японии М.1971., с 47-49
  17. ИвановаГ.Д Дело обаскарбления трано. М.1972., с 26
  18. Петров А.Н. Японскии пролетариат М.1927., с 37-39
  19. Коволенко И.И. Очеркии истории камунистческого движения в Японии М. Наука 1979., с -100-115
  20. Черных А.Г. Хруслов Г.В, Ленин Япония, Владивасток 1971 Сенатров А.И. Сэн Катаяма 1988., с 6

Мерзімді  басылымдар:

а) газеттер:

21. «Правда» 1918, 23 тамыз.

22. «Акахата» 1925, қараша.

23. «Правда»  1972 18 шілде.

в) журналдар:

24. «Хикари» 1927, №4.

25. «Тихии океан» 1934, №1.


Информация о работе ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы Жапониядағы саяси ахуал