Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 12:45, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі. Осы уақытқа дейін тарих ғылымының шығыс тану бөлімдерінің тарихшылары Жапония коммунистік козғалысы туралы проблемаларды Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңнің өзінде біршама зерттеп, монографиялық еңбектер жазды. Мұнымен қатар, сол кездегі партияның документтері де (Жапонияға байланысты) жарияланды. Жапония коммунистік партиясының мәселесі туралы 1927 жылғы 15 шілдедегі Коминтерннің Атқару коммитетінің қабылданған қаралары мен тезистері. Тағы да Жапония коммунистік партиясының бірқатар документтерімен КПЯ-ның көрнекті жетекші қайраткері Сейти Итикаваның 1931 жылғы соттағы сөзі Жапония коммунистік козғалысының пайда болуы мен дамуы туралы ең алғашқы тарихи документ болып калды.
Кіріспе.......... ........3
1-тарау Жапония имперализмі
1.1 Жапония имперализімінің дамуының өзіндік ерекшеліктері...... .......9
1.2 Жұмысшы тобының қалыптасуы мен дамуы және социалистік
қозғалыстардың бағыты........................................................................................19
2-тарау Жапонияда саяси ахуал
2.1 Жапония коммунистік партиясының кұрылуы 20 жылдардың басындағы
КПЯ-ның қызметі...............................................................................................33
2.2 Алғашқы реппрессия кезіндегі КПЯ-ның жағдайы солшыл оппортунизммен күрес.........................................................................................46
2.3 1927 ж. Коминтеріннің (тезистері) қарарлары революциялық козғалыстың қайта өрлеу............................................................................................................54
Қорытынды...........................................................................................60
Пайдалынылған әдебиеттері тізімі.................................................................62
1923 жылы 5 маусым күні таңғы сағат төртте «Қоғамдық тәртіп пен тыныштық сақтау» заңының негізінде коммунистерді жаппай қоғамға ала бастады. Жүзден астам партияның жетекшілерін, соның ішінде Т.Сакай, С.Итикаев, С.Носака қамауға алынды. Қамауға прогрессивті көзқарастағы профессорлар да алынды. Васэда университетінің «Коммунистік партиясының қолдаушы пунктіне» айналған деген сылтаумен, полиция еркін түрде кіріп, конфискация жасайтын болды. Жапония буржуазиялық помещиктер, билеушілермен бұл репрессиямен тынбай, екі ай өткен соң, 1923 жылдың күзінде Конто районында жер сілкінісінен туған тәртіпсіздіктерді сылтауратып, тағы да қудалады.
Токио қаласында қатаң репрессияға компартия мүшелерінен провсоюз, демократиялық ұйымдарды жауып, қамауға ала бастады. Полицейлік террордың құрбандығына Жапония коммунистік жастар одағының председателі Еситара Кавай, профсоюз лидері Кэй Сити Харо Сава және жұмысшы қозғалысының белсенді жетекшісі, анархист Сакаэ Осуги және оның зайыбы азапталып өлтірілді.
КПЯ және жастар қозғалысына Еситаро Кавайдың өлімі ауыр қаза болып тиді. 19 жасар Еситаро Хитоти руднигінде жұмыс істеген. Токиоға келген Кавай бірден революциялық қозғалысқа араласып, профсоюздық қозғалысты біріктіру үшін көп қызмет көрсеткен.
Михон Дайгако
университетінде кешкі
Нақты дерек бойынша 1924 жылы 1920 жылға қарағанда, 647 қақтығысудан 933-ке өсті, оған қатысушылардың саны 68814-тен 94047 дейін өсті (1924 ж.). Қақтығыстар көп жағдайларда стачкаларға ұласып отырды. 1924 жылы ірі буржуазиялық партиялардың монархиялык бюрократияның тым қатаң бақылауына қарсы шығуы, жаңа партиялық кабинеттің құрылуын талап етті. Буржуазиялық партияларды прессия колдану нәтижесінде, 1924 жылы жаңа партиялық кабинет құрылды. Кен Сейкай партиясының лидері Като кабинеті басқарды, осылайша мемлекет басына партиялық кабинеттердің билеуі келіп шықты (1932 жылға дейін екі партия ауысып отырды) Кен Сейкай, Сэйюкай.
Буржуазиялық партиясы монополистік буржуазия позициясында тұрып, помещиктік-сарайлық бюрократиямен күрес жүргізді. Бірақ, буржуазия партиясының лидері радикалды өзгерістер жасауға ұмтылған жоқ. Репрессияның нәтижесінде жұмысшы қозғалысының төмендеуі-реформистік тенденцияларды алып келді. Содомай оңшыл реформистерінің лидерлері Жапония өндіріс компанияларының «Рационализациялануда» деп жұмысшылардан еңбек өнімділігін көтеруді талап етіп, капиталистерден ұсақ жеңілдіктер талап етті. Коммунистерді жаппай қамауға алу, Содомейдің солшыл қанатын әлсіретті. Осы жағдайды пайдаланған профцентрдегі оңшыл қанаттағы жетекшілер Бундзи Судэуки, Суэхиро, Нискию және т.б. партиялық кабинеттің шығарған кейбір демократиялық реформаларын жан-жақты мадақтауға кірісті. Репрессия салдарынан Жапония коммунистік партиясының ішінде ара салмағы өзгеріп, оңшыл аппартунистермен леквидаторлық ағымдағы жетекші іске кірісе бастады [21; 36].
Жапония коммунистеріне көмектесу үшін, С.Катаяма 1923 жылдың соңында Владивастокқа келіп, Жапониядан келген хабарларды талдап, КПЯ-ның қызметі қалпына келтіру үшін көп жұмыстар атқарды. Жапония коммунистік партиясының жетекшілері күннен-күнге ликвидаторлық ағымға түсіп, КПЯ-ны таратуға шықырды. Кәсіподақ қайраткері Кацумаро Акамацу және партия теоретигі Хиптоси Ямакава КПЯ-ның пайда болуының өзі ыңғайсыз жағдайда құрылған деп оны қазір таратып, кейіннен мықты фундаментте құру керек деп дәлелдеді. 1924 жылы ақпанның аяғы мен наурыз айының басында КПЯ-ның азғана жетекшілерінің группаларының кездесуінде партияның тарату туралы шешім қабылдады. Кейін қайта құру үміті мен партия мүшелерімен байланыс ұстап тұру үшін Бюро қалдырды. Оған К.Токуда, К.Арахата, С.Сано, С.Носака кірді.
1924 жылы «марксизм» журналын шығаруға көмектесті. КПЯ-ны таратуға С.Катаяма және коминтерн үзілді-кесілді қарсы шығып, үлкен қателік екенін көрсетті. 1924 жылдың шілде айында Коментерннің V конгресі шақырылып, Жапония проблемасы туралы мәселеге арналған комиссия құрылды. КПЯ-ға қатысты мәселелер С.Катаяма және бюро мүшесі К.Токуданың қатысуымен қаралды. Комиссия қызметінің нәтижесінде КПЯ-ны қалпына келтіру жұмыстарын бастау туралы шешім қабылдады.
Бюро мен байланыс жасау үшін Москвадан Шанхайға М.Само КПЯ-ның қалпына келтіру жұмыстарын бастаушы қайтып кетті. 1925 жылдың қаңтарында Шанхай қаласында Жапониядан бюро мүшелері мен коминтерн представительдерімен және ИККИ-дің жауапты қызметкері Катаяманың жақын көмекшісі Г.И.Войтенко шақырылған мәжіліске келді. Бұл мәжілісте ликвидаторлар ісін айыптап, КПЯ-ның қалпына келтіру үшін, нақты курс белгіледі. Коминтеріннің ұсынысымен Бюроны Орталық Бюро етіп қайта құрып, мүшелікке халық арасында беделін жоймаған коммунистер «Кюити Токуда, Масаносске, Ватанабэ, Сейти Сано, Гойтиро Кокуре, Санзу Носако» кірді.
Қыркүйек айында «Мусансия Симбум» газеті шыға бастап, легальды орган ретінде партияның бұқара арасындағы қызу үгіт жұмыстарын жүргізді. Елдегі прогрессивті демократиялық күштер, соның ішінде коммунистер оппартунистермен күресті күшейтіп, солшыл қанатына соққы берді.
«Қоғамдық тәртіпті қолдау» заңы ұйымдар құруға тыйым салды, тәртіп бұзушыларды он жылдық каторгалы жұмысқа жіберу туралы заң қабылданды, ол заңмен қатар 5 мамыр күні жаппай сайлау провасы туралы заң шықты. Ол бойынша дауысқа жасы 25 жеткен тек ер адамдар ғана қатысатын болды. Жалпы сайлау дауысына Жапония халықының 16 проценті ғана қатыса алды. Осылайша үкімет (қамшы және балмұздақ), яғни екі жақты алдау саясатын құрды. Мұндай жағдайда кәсіподақ қозғалысын басқарып отырған Жапония еңбек федерациясы (Содоэй) келісімпаз ағымына түсіп, федерациядағы солшыл қанаттағы коммунистерді федерациядан шығара бастады. Антикоммунистік және бөлшектеу саясатын жүргізіп отырған федерация лидерлерінің саясаты, бұл профсоюз ұйымының бөлшектенуіне әкеп сокты. Содоэйден қуылған 30 кәсіподақ және оған қосылған екі саяси ұйым 1925 жылы маусымда Жапония профсоюздерінің ұйымын құрды (Хегикай). Хегикай бұқара арасында үлкен жұмыстар жүргізді [22; 14]
1926 жылы желтоқсанда жұмысшы қозғалысы нәтижесінде жұмысшы шаруа партиясының II съезінде партияның саяси бағыты өзгеріп, КПЯ-ны қалпына келтіру жұмысына ыңғайлы жағдайлар жасады, өйткені бұл партия ісі ашық түрде жүргізіліп, коммунистердің қызметіне қолайлы жағдай жасады.
1926 жылы желтоқсанда Жапонияда 3 ашық түрде өмір сүріп тұрған партиялар болды:
1. Жұмысшы-шаруа партиясы (лидері
Икуо Ояма 15 мың мүшесі
бар);
2. Социал-демократиялық партия
(лидері Исо Абэ 88 мың мүшесі
бар);
3. Жапония жұмысшы-шаруа партиясы
(лидері Хисаси Асо 20
мың мүшесі бар).
Бұл партияның коммунистерінің еңбегінің нәтижесінде кәсіподақ қозғалысы мен еңбекшілер қозғалысы күшейтті. КПЯ-ның Орталық Комитетінің біртұтас штабының болмауы халық арасында 1925-1926 жылы «Солшыл оппортунизмі» өз қызметінің ықпалын күшейтті. Бұл Жапония коммунистік қозғалысына зиян келтіріп, арандату жұмыстарын жүргізді. Бірақ, Жапония коммунистерінің кәсіподақ, шаруалар, жастар және студенттер қозғалысының арасындағы қызметі партияны қалпына келтіру үшін біраз жетістіктерге жетті.
Профинтермен тығыз байланыстың аркасында, кең дайындыктан соң, 1926 жылы желтоқсанда Госики қаласында (Ямагата проф.) КПЯ-ның тарихын қалпына келтіру съезі ретінде тарихқа енген II съезі болып өтті. КПЯ-ның Орталық Комитеті сайланып, оның құрамына Кюто Токуда, Сәти Тикава, Манабусано Сано, Масанова Батанаев т.б. кірді. Орталық Комитетінің председателі Фумио Саноны сайлады. КПЯ-ның қабылдаған курсында солшыл оппартунистік бағыттағы қателіктер болғанмен, буржуазияға қарсы саяси күрес жүргізетін саяси партияның қайта қалпына келтірілгені халық арасындағы қозғалысты өрістетті. КПЯ-ның үшінші қалпына келтіру съезінен кейінгі партияның жетістіктері ұзаққа созылмады. 1926 жылы Жапония экономикасының қарқындап дамуының арқасында, жұмысшы табының қозғалысының бәсеңдеуін және репрессиялық заңдардың коммунистер қатарын сиретуі, партия ішінде «солшыл оппартунистік» тенденцияны күшейтіп жіберді. Партия жетекшілерінің басым бөлігі қамауда немесе жасырын комитетте қызмет етуі, ұсақ буржуазиялық элементтердің, родикалиттердің бас көтеруіне әкеліп соқты. Солардың бірі партия жетекшісі К.Фукумуто еді.
1925-1926 жылдар аралығындағы КПЯ-ның бұрыңғы қайраткерлерінен ешкім дерлік қалмаған, ол жағдай тұрақты саяси бағыттың болмауынан, бұқараның қозғалысына жетекшілік ете алмайды. Осы кезеңде жас теоретик Кадзуо Фукумото (көп уақыт бойы Франция және Германияда болып, онда Гелельдің философиясымен танысып, Роза Люксембург және В.И.Лениннің еңбектерімен танысып болған). Жапония коммунистік қозғалысының қазіргі кезеңі, орыс социал демократиясының қалыптасу кезеңін еске түсіреді деп санады. Бұқараның арасында әсіресе, студенттер жастарының родикалды көзқарастағы топтардың арасында Фукумота идеялары тез тарап, интелигенцияның солшыл қашаттағы өкілдері мен жас жұмысшылардың өзіне қаратуына ыңғайлы жағдай көмектесті. Тәжірибесі мол революционер М.Ватанабэнің өзі де, біраз уақыт бойы Фукумотоистің концепцияның ықпалында болды.
Фукумото және оның жолын қуушылар Ямакамен сынауға алып, сектанттық позицияны ұстады. Фукумото партияның ролі мен мәні деген мәселеге бұрынғысынша партияны бұқара халықтан изоляцияда ұстау керек деген бағытта тұрды. «Фукомотоизм» ағымының басты қателігі марксизм және ленинизм идеяларын іске асыра алмауы. Фукумотоистер Жапония революциялық қозғалыстың теоретикалық категориялар арқылы жетекшілік етуге тырысты. Марксизм-ленинизм үзінділерін ғана Жапониялық жағдайға пайдаланды [23; 15-17].
Фукумотоизи лениндік ілімді бұрмалап, бұқарамен тығыз байланысты керісінше, партия мүшелері өздерінше халықтан бөліп қарады. Фукумото идеялогиялық үгіт майданын асыра сілтеп, саяси және экономикалық күрестен аластатты. Фукумото теориясының мәні - пролетарлық қозғалыс пен компартияның орталық күші теориялық күрес болу керек деп көрсетті. Фукумото профсоюздарды артық күш ретінде санап, жұмысшы табының классикалық дәрежесіне жету жолындағы экономикалық мәселелермен айналыстыратын кедергі күш ретінде қарады. Партияның бұқаралық түрін терістетіп, жұмысшы және шаруаларға партияға кіру жолына бөгет жасады.
«Жапония коммунистік партиясының 50 жылдығына» арналған партия документтерінде: «Фукумотизм ағымы» жөнінде былай деп жазды: «Фукумото» Лениндік принциптерді әсіресе, партия құрылысы жөніндегі ілімін бұрмалап, партия тек қана «шынайы марксистік сана-сезім» және «теориялық күрес» нәтижесінде ғана шынайы авангартқа айналды. Бұл партия тек «сана сезім» проблемаларымен шұғылданып, бұқарамен тығыз байланыс арқылы революциялық қозғалыстағы саяси авангарт болудан аластату еді.
Партиядағы жағдай жастарға да әсерін тигізді. «Солшыл» уклондағы лидерлер шыға бастады. Күнделікті күрес жоспарын кейінге ысырып, «теориялық күреспен шұғылданды» С.Итикаваның айтуы бойынша, «Фукумотоизмнің пайда болуы коммунистік қозғалысқа соққы болып тиді» солшыл оппартунизм КПЯ-ның басқару және партияның позициясына әсер етті. Солшыл және оңшыл оппартунизмнің пайда болуының өзіне Жапония қоғамының тарихи және әлеуметтік, экономикалық себептері әсер етті. Жапония капитализмінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты, не пролетариаттың, не шаруалардың революциялық традициялық тәжірибесі жок еді, буржуазиялық пропоганды бұқараны революциялық қозғалыстан аластатуға тырысты.
Коммунистік партия өте қиын жағдайда әрекет етіп, қатаң полицейлік режиммен репрессиялық расправадан партия жетекшілері құрбан болып, көп уақыт бойы тұрақты басшылығы болмай, жергілікті органдар мен орталық органдардың арасында байланыс нашар болудың өзі саяси бірлікті әлсіретті.
Жапония коммунистік қозғалыстағы қалыптасқан жағдай Комминнің назарын аудартты. 1927 жылы көктемде консультацияға Москваға КПЯ - делегациясы шақырылды. Олардың ішінде фукумота мен Ямакава да бар еді (Ямакава бас тартты).
2.3 1927 жылғы Коминтерн қарарлары (тезистері) революциялық қозғалыстың қайта өрлеуі
1927 жылы 18-30 мамыр аралығында ИККИ-дің VIII пленумында Жапония мәселесіне комиссия құрылды. Құрамына С.Катаяма кірді, комиссия КПЯ делегацияларымен ақылдаса отырып қызмет етті. КПЯ-ның жетекшісі С.Итикаваның комиссия қызметі туралы естелігінде былай деп жазды. «1927 шілдеде Жапониядан келген партия делегациясы Коминтерннің басшылығымен КПЯ мәселесін талқылады. Коминтерн жетекшілері Жапония проблемаларына өте ұқыптылықпен қарады. Хитоси Ямакава еңбектерін жақсылап аударып, талдап және фукумотойзм документтерімен танысып, сол кездегі Жапония революциялық қозғалысын ашық түрде сынап, қателіктерін көрсетті. Жапония делегациясы әсіресе, Масаноско Ватанабэ Жапония проблемасын талқылауға қызу араласты. Осы талқылаулардан кейін 1927 жылы шілдеде Коминтерннің Жапония туралы тезистері шықты».
«Коммунистік интернационал Атқару комитетінің Жапония мәселесі туралы 1927 жылғы 15 шілде тезистері» деген атпен де арнайы тарихи документі шықты. Бұл документте Жапония тап күресінің ара салмағы мен Жапония коммунистерінің революциялық күресінің нақты бағдарлама жасалды және «Ямакавизм» «фукумотовизмді» жойды. Коминтерн тезисін КПЯ-ның Орталық Комитетінде бір ауыздан мақұлдап, Жапония коммунистерінің ең алғашқы бағдарлама документі ретінде тарихқа енді, онда Жапония коммунистік партиясының тактикасы мен стратегиясы белгіленді және революциялық қозғалысты жетекшілік етудегі қаруына айналды. Коминтерннің тезисінде КПЯ-ның ең басты міндеті Жапония империализмінің мелиотаристік саясатына қарсы күресу керек деп көрсетті. 1927 жылы Жапония үкімет басына Танака Гити кабинетінің келуі, оның мемарандумы ашық мелитористік саясат бастағанының айғағы еді. Танака кабинеті «жаулаушылық соғысын Қытай революциясына қарсы бастап, бүкіл Қытайды жаулау, одан әрі советтік одаққа қарсы соғыс дайындауы Жапония коммунистерінің агрессиямен қызу күресу міндетін орындауға кірісті».
КПЯ-ның бағдарламасында ең алғашкы талаптардың бірі елді демократияландыру мақсатында ең алдымен - монорхиялық құрлысты жою, империализм соғыстарына қарсы күрес халыққа демократиялық бостандық беру және жұмысшыларға 8 сағат жұмыс күнін белгілеу шаруаларға жер үлестіру. Жапониядағы дамыған капитализм құрлысындағы императорлық система мен жартылай феодалдық меншікті жою үшін ең алдымен буржуазиялық-демократиялық революция арқылы, социалистік революцияға ұластыруын түсініп, осы алғашқы бағдарламасын жасады. Тезисте ең алғашқы жұмысшы тап және еңбекші бұқараның саяси жетекшісінің яғни, КПЯ-ның ролінің жоғары екенін атап көрсетті және КПЯ бұқарамен үнемі байланыс жасау үшін партияның секцияларын көбейту керектігі жөнінде айтылды. Х.Ямакава тобы коминтерн тезистеріне қарсы шығуына байланысты партия қатарынан шығарылды. 1928 жылы Х.Ямакава және Роноха 1922 жылғы тезистерді жоққа шығарып, компартияны айыптап, жұмысшылар арасында дискуссиялар жүргізеді. «1927 жылғы тезистердің» негізінде еткен КПЯ-ның Орталық Комитетінің желтоқсан пленумында партия саяси және ұйымдық бағытын анықтап түбегейлі бетбұрыс жасады. 1928 жылы Х.Ямакава 1 ақпанда КПЯ Орталық Комитеті астыртын баспа органын құрып, «Секки» газетін ұйымдастырды. Бұл газет арқылы партия бұқара арасына өзінің идеяларын таратты. 1927 жылдың желтоқсанында 1928 жылдың наурызына дейін партия қатары жұмысшы табымен толтырылды. КПЯ 1928 жылы ақпанда өтетін алгашқы бүкіл ұлттық сайлауға дайындала бастады. Партияның өзі ашықтан-ашық өз кандидаттарын жібере алмайтындықтан, жұмысшы-шаруа партиясының атынан өз кандидаттарын, коммунист Кюти Токуда, Кенде Ямамото, Кие хито Тосава т.б. жалпы партия 40 коммунисті ұсынды. Алғашқы парламенттік сайлау, әлде бұрын болып көрмеген саяси өрлеу туғызды. Минингілер өткізіліп, онда кандидаттардың бағдарламалары туралы ашық хабарланып отырды. Пролетарлық партия кандидаттары қатаң репрессияға ұшырады. Қатаң полицейлік қуғындау мен репрессияға қарамастан, пролетарлық партия 490 мың (4,7 процент) дауыс алып, парламентке 8 депутаттың кандидатын сайлауына праволы болды. Солшыл жұмысшы-шаруа партиясынан 190 мың дауыспен екі кандидат ұсына алды. Сайланған кандидаттар арасында КПЯ позициясында тұрған жұмысшы қозғалысының көрнекті қайраткері С.Ямамото болды.
Информация о работе ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы Жапониядағы саяси ахуал