ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы Жапониядағы саяси ахуал

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 12:45, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Осы уақытқа дейін тарих ғылымының шығыс тану бөлімдерінің тарихшылары Жапония коммунистік козғалысы туралы проблемаларды Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңнің өзінде біршама зерттеп, монографиялық еңбектер жазды. Мұнымен қатар, сол кездегі партияның документтері де (Жапонияға байланысты) жарияланды. Жапония коммунистік партиясының мәселесі туралы 1927 жылғы 15 шілдедегі Коминтерннің Атқару коммитетінің қабылданған қаралары мен тезистері. Тағы да Жапония коммунистік партиясының бірқатар документтерімен КПЯ-ның көрнекті жетекші қайраткері Сейти Итикаваның 1931 жылғы соттағы сөзі Жапония коммунистік козғалысының пайда болуы мен дамуы туралы ең алғашқы тарихи документ болып калды.

Содержание

Кіріспе.......... ........3
1-тарау Жапония имперализмі
1.1 Жапония имперализімінің дамуының өзіндік ерекшеліктері...... .......9
1.2 Жұмысшы тобының қалыптасуы мен дамуы және социалистік
қозғалыстардың бағыты........................................................................................19
2-тарау Жапонияда саяси ахуал
2.1 Жапония коммунистік партиясының кұрылуы 20 жылдардың басындағы
КПЯ-ның қызметі...............................................................................................33
2.2 Алғашқы реппрессия кезіндегі КПЯ-ның жағдайы солшыл оппортунизммен күрес.........................................................................................46
2.3 1927 ж. Коминтеріннің (тезистері) қарарлары революциялық козғалыстың қайта өрлеу............................................................................................................54
Қорытынды...........................................................................................60
Пайдалынылған әдебиеттері тізімі.................................................................62

Работа содержит 1 файл

-Дип. ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы Жапониядағы саяси ахуал.doc

— 360.50 Кб (Скачать)

Мейдзи революциясынан кейін өнеркәсіптің қаулап өсуіне байланысты, Жапония жұмысшы табының да қалыптасуын тездетті. ХІХ ғасырдың 80-ші жылдарында жұмысшы табының саяси өмірге араласуы төмен болса, 90-шы жылдардың өзінде күрес формасы забастовкаға ұласты. 1887 жылы Токасима шахтасында үш рет көтеріліске шығып, үшеуінде де полиция қатаң басып тастады. Егер, 1883 жылы 3 конфликт болып оған 490 адам қатысса, 1896 жылы 27 забастовка болып, оған 6315 жұмысшылар мен қызметкерлер қатысты. Стачкалык күрестің авангарды шахтерлер, порттық жүк тасушылар, тас қашаушылар, ағаш шеберлері болды. ІХ ғасырда пролетариат жағдайы өте төмендеп кетті. Капиталистік, өндірістік иелері жұмысшылардың жағдайымен санаспады. Бұл туралы Жапония баспа беттерінде алғаш рет реформистік позицияда тұрған «Кокуминна томо» журналында жазды. 80-90 жылдары қарсаңында кәсіподақтар құруы алғашқы қадамдар жасады. Әсіресе, типография металлистер белсенділік көрсетті. 1887 жылы ақпан айында алғашқы кәсіподақтар құрылды. 1889 жылы Бэндэо-Одзава металистердің одағын құрды. Бірақ, одақ көп өмір сүрген жоқ. 1889 жылы 1600 жұмысшыны қамтыған тас қашаушылар мен жер қазушылардың одағы құрылды. Осы жылы металистердің кәсіподағы және типография қызметкерлері құрылды. Ең алғашқы құрылған қоғамдар мен одақтар әлі де болса ескі цехтық типте болды, тәжірибелері аз болғандықтан кәсіподақ деген ұйымның ролін барынша атқара алмады. ХІХ ғасырдың аяғында пролетариат толық қалыптасып бітпеген еді. Соған қарамастан, алғашқы одақтардың мәні зор болды. Пролетариаттың өз правалары үшін күресі басталғанын дәлелдеді. Ең алғашқы жұмысшылардың кәсіподақтары туралы В.И.Ленин былай деп жазды: «Капитализмнің алғашқы даму кезеңіне жұмысшы табының бытыраңқы және әлсіз жағдайынан осындай ғажайып прогреске жол бастауы жұмысшы табының орталыктануының алғы қадамы еді». [7; 48]

70-80 жылдары  «Движение за свободу и народные  права» деген атпен халық арасында қозғалыс басталды. 1880 жылы парламентті жақтаушылар одағы құрылды. «Бостандық және халықтар правосы үшін» басталған қозғалыс кең қанат жайды. Бұл қозғалысқа Жапония халқы, қатаң репрессияға қарамай, абсолюттік монархияны құлату және конституция қабылдау, парламенттік система құру, сөз бостандығы, баспа бостандығы т.б. демократиялық ұрандармен қозғалысқа кеңінен қатысты. Абсолюттік монархия бұл қозғалысты басып тастағанымен, Жапония халқының демократиялық күрестегі жолына негізінен қалады. 

Бұл қозғалыстың жетістігінің бірі - Императорлық үкімет 1881 жылы Конституция қабылдап, «парламент» құру туралы мәселе көтерді. «Бұл қозғалыс пролетариаттың сана-сезімінің оянуына және пролетариаттың бірігуіне тікелей араласпаса да үлкен әсерін тигізді». Жапония Европа елдерінен өндірістік шоғырлану жағынан қаншалықты қалса, социалистік идея жағынан соғұрлым артта еді. Жапония жаңа алдыңғы қатарлы технологиямен қатар Европада кең етек алған әлеуметтік-экономикалық идея философиядан да сабақ алды. 1867-1868 жылдардағы аяқталмай қалған буржуазиялық революциядан кейін, Жапонияның прогресшіл көзқарастағы қайраткерлер көп уақыт бойы «либерализм» идеяларының шырмауында болды. «Бостандық және халық правосы үшін» қозғалыстан соң барып, солшыл қанаттағы азғана жер иемденуші шаруалардан құралған топ, енді утопиялық және ұсақ буржуазиялық социализм теориясына көңіл бөле бастады.        70-80 жылдарында Жапониядағы социалистік қозғалыстың жағдайын, совет-жапонис тарихшысы Д.И.Гольденберг Европадағы 1848-1871 жылдардағы ұсақ буржуазиялық социалистік теорияның ықпалымен салыстырды. Батыстағы революциялар туралы естігенде, әсіресе Париж коммунасы, Жапония сырт дүниеден қаншалықты жасанды түрде оқшау тұрса да, қоғамның прогрессивтік тобын оятты. Жапония, Россия сияқты капитализм жолына кеш түсуі және әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақындығы Жапонияның орыс халықшылдығына деген көңілін аударды. Жапония қоғамына Европа ревалюциялық қозғалысы үлкен әсерін тигізді. Газет-журналдарда алғаш рет «Коммунист», «Комунизм», «социализм», «социалистік партия» деген сөздер пайда бола бастады.

1881 жылы «Повестки о женщинах-геройнях Европы» 1882 жылы «Российская сенсация - отважная девушка - преступница» деген Вера Засулич туралы екі кітап шықты. Сол жылы «положение партии русских негелистов» деген еңбекте алғаш рет Маркс, Капоткин, Бакуниндердің есімдері жазылды. Бір жылдан кейін жасырын түрде Степняктың «Потпольная Россия» деген еңбегі шықты, бұл еңбекті аударған Мурю Миядзакиді түрмеге қамады.         Кең түрде тараған идеялардың бірі - утопиялық социализм теориясы Т.Мордың, Р.Оуэн, Сен Симом еңбектері және социализм туралы ұсақ буржуазияның ой-пікірлері Ф.Лассоль, Л.Бланк т.б. «аграрлық социализм» Жапонияға социалистік идеялардың таратуының ерекшеліктерінің бірі, АҚШ-қа және Европада білім алу кезеңінде жүріп крестяньдық социализммен танысып, Отанға келер қызметтерін сол идеяларын таратумен бастады. Социалистік идеяларды таратуда негізгі рольге ие болған - Шығыс Социалистік партиясы 1882 жылы құрылған. Программасында негізінен «Бостандық және халық правосы үшін» қозғалысты дамыту керек делінген. Сэн Катаяма бұл партияны, яғни «Шығыстың социалистік партиясы» «пролетар партиясының бастамасы» деп баға берген. Билеуші топ бұл партияның қызметінен өз жауын көріп, жауып тастапты. Жұмысшы және социалистік қозғалыстың кең қанат жоюынан шошып, 1987 жылы «06 охране порядков» деген ең алғаш жұмысшы және социалистік қозғалысқа қарсы ең алғашқы полицейлік заң шықты. Бірақ, бұл заң жұмысшы және социалистік қозғалысқа бөгет бола алмады. Дәлел болатын жағдай 1892 жылы Шығыс бостандық партиясының құрылып, апта сайын шығып тұратын журналы. Партияға бірнеше қоғамдық организациялар мен қолөнершілер қоғамы және еңбекшілер кәсіподағы келіп қосылды.

Сэн Катаяма «Жапония социалистерінің, социализм идеяларын аз уақыт  ішінде халық арасында таратуын мені қуантты, Репрессия социализімін даму қарқынын күшейтіп отырды. Енді, біз социалистерді қоғамдық өмірдегі әртүрлі топтар арасында қызу еңбектерін көрудеміз. Бұл қарқынның социализімін табысқа жететінін көрсетеді».

Утопиялық социализммен қатар, Жапонияда, «крестьяндық социализм» идеясы да тарады. Сэн Катаяма өзінің қызметінің алғашқы жылдарында хрестянствомен айналысып, бұл ағымның әлеуметтік проблемаларды шешу жолын «қозғаушы күш болады деп жазған» Интеллигентцияның басым бөлігі, орыс халықшылдарының бунтарлық идеологиясымен айналысты. Патша самодержавасының Жапон абсолютизімінің арасындағы көптеген жақындықтарды салыстыра келіп, Жапония абсолютизмінің кейбір фигураларды жою арқылы, қоғамдағы көптеген проблемаларды жоюға болады деп есептеді. 1906-1908 жылдары Жапонияда анархизм мен анархо-синдекализм кеңінен тарады. Қараңғы жұмысшы табының ұсақ буржуазия, реформизм мен легализмнен үміт үзген, енді анархизм арқылы көздеген мақсаттарына жетеміз деп ойлады.

1900-1910 жылдардағы  Жапония өндірісінің дамуы өндірістердің  бірігуімен капиталдың шоғырлануымен біріге өтті. Ірі концеріндер құрылып, басында көбіне бұрынғы сауда өндірістік фирмалардың иелері тұрды. Олардың қолында бүкіл байлық жиналып, Жапония өндірістерінің патшаларына айналды. Елдің дамуына ірі-ірі өндіріс гиганттарына, «Мицубиси», «Мицум», «Окура», «Суадуки», «Фурукава» сияқты концерндер үлкен роль атқарды. Өндірістердің құрылымының өзгеруімен қатар, енді жұмысшы табының алдында да үлкен бір мәселе пайда болды. Ескі кәсіподақтар күресі жаңа жағдайға сай келмеді. Енді капиталдың өзгерісіне қарсы жаңа жағдайға сай келмеді. Енді капиталдың өзгерісіне қарсы профессионалды организациялар қажет болды. Жапония пролетариаты біртіндеп күш жинап, өзгерістерінің арасынан жалынды жетекшілер шыға бастады.

XIX ғасырдың 90 жылдан бастап жұмысшы және социалистік қозғалыстың жаңа дәуірі басталды. Ол көрнекті Жапония револиционері Сэн Катаяманың есімімен байланысты. Сэн Катаяма бұқара халықтың арасынан шығып, өзінің өмірінің бәрін коммунизм идеалы жолында құрбан етті. 1974 жылдың 33 жылдың шет елде өткізуге тура келді, негізінен АҚШ және СССР-де тұрды. Сэн Катаяманың есімін бұл күнде, марксизм-ленинизм ісіне адал қызмет еткен тұлға ретінде құрмет тұтады [8; 125-200].

Жапония коммунистік  партиясын қалаған Сэн Катаяма 1859 жылы 3 желтоқсанда тау арасындағы кішкене ғана Ходэги деревнясында үлкен шаруа отбасында дүниеге келді, шын аты-жөні Сугатаро Якуби. Әкесі Кунихэй Мидзуо, шешесі Китие Якуби жас кезінде Сугатараны шешесі тәрбиеледі, әкесі ол төрт жасқа толған кезде монастырға кетіп, будда сектасының монахы болып қалды, шешесі жас болса да екінші рет тұрмыс құрмай балаларын өзі тәрбиеледі. Бүкіл үй жұмысы мен дала жұмысы шешесінің қалуында болды.

1878 жылы Сугатаро  Якуби империялық армияға шақырылуынан  босану үшін, көрші деревнядағы  шаруаның асырап алған баласы ретінде, соның фамилиясын алады. 15 жасына дейін тек шіркеу священниктеріне ғана білім алады. 15 жасында бастауыш класта оқып, 20 жасында Окаяма қаласындагы педагогикалық институтының тыңдаушысы болып жазылады. 1881 жылы Токиоға келіп, білімін толықтыру мақсатында туған үйінен алысқа қалтасында небәрі жеті инемен келеді. Кішкене типографияға жұмысқа орналасады, жұмысы өте ауыр болғандықтан ауырып, кейін өмір бойы сау ауру қинап шықты деп жазады. Алғаш білімін толық аяқтау мақсатымен 1884 жылы 26 қыркүйекте досы С.Ивасакидің шақыруымен Америкаға жүріп кетеді. Ол жақта оқу үшін ақша жағынан қатты қысылады. Өзінің естеліктерінде «оқуды жалғастыру үшін, мен кез-келген жұмыстарды істеуіме тура келеді, бір тілім нан үшін, мен еден жуып, аспаз көмекшісі қонақ үй ресторандарында күтуші немесе шөп шабу жер жырту, т.с.с. жұмыстарды атқаруыма тура келді».

Сэн Катаяманың Америкадағы білім алу жолы 12 жылға созылды. Аса қиын кезеңде Сэн Катаяма әлеуметтік проблемаларымен айналысып, өзіне қатты әсер еткен Лассальдың еңбектерімен танысады. 30 жасында Аиова штатындағы Гринель университетіне түсіп, классикалық бөлімінде үш жыл оқып өмірлік позициясы қалыптасты деп жазды. Әлеуметтік мәселелермен бір жола айналысуында кездейсоқ емес еді, сол кезде Европа әлеуметтік проблемаларын зерттеп жүрген, профессор Илидің еңбектерімен шұғылданды. Америкадағы әлеуметтік проблемаларға бетпе-бет кездескен Катаяма, кейіннен бұл саланы Англияда да жалғастырды. 1892 жылы университетті бітіріп, искусство Бакалавры деген степенге ие болды. 1894 жылы Англияда өткізген үш айында Англия бұқаралық қозғалысымен кәсіподактарының қызметімен танысып, оның еңбектерімен танысады. Жұмысшы қозғалысының жетекшілерімен кездесіп, соның ішінде Том Манмен жеке танысады және социалист жұмысшы көсемдері Джон Борис, Англия парламентінің депутаты К.Гардидің еңбектерімен танысуы, Англия жұмысшы табының күресінің тәжірбесін жинақтауына көп көмектесті.

XIX ғасырдың 90 жылдары екінші жартысынан бастап, жаңа кезеңіндегі жұмысшы қозғалысы жиілеп, біріккен түрде өте бастады. 1900 жылы ақпанда теміржолшылардың ірі забастовкасы арқасында, жұмысшы күнін қысқартып, жалақыларын көбейтті. 1901 жылы наурызда Жапон жұмысшы достарының қоғамы (Нихон Родося Консэйкай) құрылып, ол 16 мың адам қатысқан митингі өткізді. Осы ірі жұмысшылар жиналысында Сэн Катаяма сөз сөйледі. Митингіде революция қабылданды, онда парламентке жұмысшылар арасынан куриялар сайлау, жастарға шеберхана мектептерін ашу, әйелдер мен балалардың жұмысын жеңілдету талаптарын койды [9; 200] .

Егер, жұмысшылар қозғалысының бірінші этапында тек әлеуметтік талаптар қоятын болса, енді екінші этапында елдегі саяси биліктің құрлысы туралы талаптар қоя бастады. Жерсіз қалған шаруалар, қайта жер талап ете бастады. 90 жылдың екінші бөлігінде «Арендаторлар қозғалысы» басталды, «косакунинундо» бұған фабрика-заводтардың жұмысшылары қосыла бастады.

Жапон-Қытай  соғысынан кейін деп жазды  Сэн Катаяма, Жапон капитализімінің  дамуы, пролетариаттың бас көтеруімен бірге жүрді, пролетариат пассивті әрекеттен, белсенділікке көшті, дәл осы кезде социал-демократиялық қозғалыс пен жұмысшы бұқараның бірігуі жүріп жатты.

1897 жылдың 1 желтоқсаннан бастап, Сэн Катаяманың басшылығымен «Родосэкай» (Рабочий мир) атты журнал шыға бастады. Журнал бетінде, социализм және жұмысшы қозғалысы туралы үгіт 
статьялары басылып отырды. Социалистік қозғалыстың өркендеуіне байланысты «Родо сэкай» журналы «С якайсюгися» (социалист) 13-ші нөмірінен кейін журналды конфискациялап, редакторы Катаямны сотқа шақырып, айыптаған соң, журналды «пролетариат» етіп өзгертіп, жасырын шығаратын болды.

1898 жылы Сэн Катаяма өзінің әріптесі С.Котоку және И.Абэмен біріге социализімді өзгерту қоғамын (Сякайсюги кэнкюкай) құрды. Кейіннен ол социализм қоғамы (Сякайсюги какай) болып өзгертілді. Бұл қоғам 1898 жылы 1тамызда Омиэ қаласындағы шойын қорыту жұмысшыларының митингісін өткізіп, 27 қыркүйекте Иокогама қаласындағы митингіде Жапон жұмысшылар одағының дүниежүзілік жұмысшы ассоциясында (МРА) қосылуы туралы шешім қабылданды. Осакодағы митингіде (1902 жылы 5 сәуірде) Батыс жұмысшыларының талаптарын қолдау туралы шешім қабылданды.

Осылайша, Жапония  жұмысшылар қозғалысы, батыс елдерінің жұмысшыларымен байланысшысы, Жапония жағдайында үлкен мағынаға ие болды. Жапония билеуші тобы 1887 жылы шығарған «Тәртіпті қорғау» заңының әлсіз екеніне көзі жетіп, 1900 жылы жаңа қатаң заң «Қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтау» (Дзиан кэйсацу Хо) қабылдады. Бұл заң қоғамдық қозғалыстар және жұмысшылардың стачкалары мен забаставкаларына қатаң бақылау қойды. Бүкіл саяси организациялар туралы, олардың суставы, программасы, мүшелерінің фамилиялары жөнінде мәлімдеме алып тұрды. Полицияларға күмәнді саяси құбылыстарға қатысты кең право берілді. Осындай «айдахар заңдары» арқылы билеуші топ Жапония жұмысшы қозғалысын басуға тырысты. Сэн Катаяма және алдыңғы қатарлы интеллигенцияның қайраткерлері, қарқындап келе жатқан жұмысшы қозғалысының саяси-идеялық қолдау жасау үшін, мықты социалистік идеямен қаруланған саяси партия құру қажеттігін түсінді. 1901 жылы майында алғаш рет әрекет жасады. Социал-демократиялық партия (Сякай минсюто) құру туралы жарияланды. Партия программасы монифест ретінде «Родо сэкай» журналында жарияланды. Монифест былай басталды «Байлар мен кедейлер арасындағы зор айырмашылықты қалай жою керек. Бұл XX ғасырдың аса маңызды проблемасы... Біздің партия халық мүддесін қорғау үшін дүниеге келді» [10; 25-36].

Бағдарламада сегіз принцип қабылданып, оның бірі «таптық қоғамды жою», «жерді қоғамдастыру, сонымен қатар, капитал мен өндіріс пайдаларын қоғамдастыру» туралы бекітілді. Бірақ, бұл партияның жаңа қабылданған заң негізіне сүйеніп жауып тастады. Утопиялық социализм, анархизм идеяларынан марксизмге жақындаған, қоғамның алдыңғы қатарлы интеллигенциясы ірі еңбектерін жаңа бастады.

Сэн Катаяманың 1903 жылы жазған «Наш социализм» 1903 жылы С.Котокудың «Сущность социализма» 1907 жылы У.Моритика және Т.Сакайдың «Основы социализма» деген еңбектері басылып шығып, Жапония халқының арасында социализм идеясын таратты. Осы кезеңде максизмнің жауы опартунистермен күрес жүргізу керек болды. Оппартунистер «ғылыми социализм» кебін киіп, Маркс және Энгельс идеяларын, жұмысшы табына экономикалық күресу жолына тұсу үшін қолданды. Осыған байланысты, марксистердің алдында маңызды проблема пайда болды: жұмысшы табын оппартунизм әсерінен арылтып, жұмысшы бұқарасынан реформистік иллюзиясынан арылтып, революция жолына тұсу қажет болды.

Информация о работе ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы Жапониядағы саяси ахуал