Ежелгi дәуiрдегi Қазақстан

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 18:22, лекция

Описание работы

Ежелгi дәуiр. Адамның қалыптасуы. Тас дәуiрi кезеңдерi.Адамзаттың түрлерi. Қола дәуірі. Қола дәуiрiне тән ескеркiштер.
Мақсаты: Студенттерге өткен тарихымыз туралы жалпылама түсінік беру.

Работа содержит 1 файл

УМКД Казақстан тарихы.doc

— 1.53 Мб (Скачать)

Өзін-өзі  тексеру сұрақтары:

1. Қазақ халқының қалыптасу  тарихы, «қазақ» этнонимі.

2. Қазақ хандығының құрылуы, оның алғы шарттары.

3. Жәнібек пен Керей,  олардың рөлі.

4. Қазақ хандығының  алғашқы құрылған жері.

5. Қазақ хандығы туралы  жазба деректер.

Пайдаланылатын  әдебиеттер:

1. «Қазақстан тарихы» очерктер, А; 1994 ж. 119-157 б.б.

2. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 229-248 б.б.

3. «Қазақ тарихы» жур. 1998ж. №2, 10-14 б.б. 

4. «Қазақ тарихы» жур. 1995ж. №4 21-28 б.б.

10-дәріс     

Тақырыбы: ХҮІ ғ. І-ші ширегіндегі Қазақ хандығы.

Дәрістің мазмұны:

1. Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясаты.

2. Қасым ханның «Қасқа жолы».

 

1.  Қасым хан тұсындағы  қазақ хандығының ішкі-сыртқы  саясаты.

     Қасым хан (1448ж.ш.т. – 1518ж.ш.ө.) – қазақ ханы (1511 – 23).

Қазақ хандығының негізін  салушылардың бірі – Жәнібек ханның ұлы.

Қасым хан 1511 жылдан билікке жеке ие болды, осы уақыттан бастап жоғарғы хандық билік ұзақ уақыт бойы Жәнібек ханның ұрпақтарына көшті. Мауараннахрда өкімет билігін басып алған Мұхаммед Шайбани хан қазақ хандығының күшеюіне жол бермеуге тырысып, қазақ жеріне әлденеше рет шапқыншылық жорық жасады. Көп ұзамай оның әскері тас – талқан болып күйретілді де, Түркістан қалаларының көпшілігі Қасым ханның қол астына көшті. 1513ж. Сырдария маңындағы Сайрам қаласы, Жетісудың негізгі аудандары Қасым хан иелігінің құрамына кірді. Қасым хан тұсында қазақ хандығының шек арасы Оңтүстікте Сырдарияның оң жағалауына дейін жетіп, Түркістан қалаларының көпшілігін қамтыды, Оңтүстік шығыста Жетісу даласының көпшілік бөлігін, Сол түстікте және Солтүстік шығыста Ұлытау мен Балқаш алабына дейін кеңейтілді. Қасым ханның билігі кезінде қазақ хандығымен ең алғаш дипломатиялық байланыс орнатқан ұлы князь Василий  III (1505 – 33 ) билік жүргізген Москва мемлекеті болды.

Мұхаммед Хайдар Дулати дерегіне қарағанда Қасым хан  тұсында саны миллион адамға жеткен қазақтар дербез халық ретінде Батыс Европаға белгілі болған. Сонымен қатар     Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати

«Тарих – ир -  Рашиди » атты шығармасында Қасым хан  тұсындағы қазақ мемлекетін сипаттай келе « Қасым хан бүкіл Дешті  Қыпшақта толық билеушіге айналып, Жошы ханнан кейін әлі ешкімде болмаған атақ пен    күш – қуатқа ие болды », - деді.

2.  Қасым ханның  «Қасқа жолы». 

     Қасым хан алғашқы қазақ заңы – « Қасқа жолды » жарыққа шығарды Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет – ғұрып ережелері негізінде жасалды. Қасым ханның қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын және қазақтардың этникалық жер аумағын біріктіру жолындағы

жеңістері іштегі және сырттағы беделін арттырып, атақ – даңқын асыра түсті.

Қасым хан тұсында  қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысы жақсара түсті.

Халық Қасымның шариғатты  алмай, ежелден қалыптасқан билер  заңы – жарғына жаңадан көтергенін қатты ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа 

жолы » деп атап кетті. Бұл заңға енген ережелер: 1) Мүлік заңы (жер дауы, мал, мүлік). 2) Қылмыс заңы (ұрлық, кісі өлтіру, шабу, талау). 3) Әскери заң (аламан міндеті, қосын жасау, қара-қазан,ердің құны, тұлпар ат). 4) Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастардағы сыпайылық, әдептілік). 5) Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бекеуіл,тұтқауылдардың міндеті).

Өзін-өзі  тексеру сұрақтары:

1. Қасым ханның билігі.

2. ХҮІ ғ. басындағы  хандықтың саяси, әлеуметтік жағдайы.

3. Қасым ханның ішкі-сыртқы  саясаты.

4. Қасым ханнан кейінгі хандықтың жағдайы.

Пайдаланылатын  әдебиеттер:

1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 248-254 б.б.

2. «Қазақстан тарихы»  очерктер, А; 1994ж. 157-159 б.б.

3. Х. Маданов, Ч. Мусин «Ұлы дала тарихы» А; 1994ж. 78-80 б.б.

 

11-дәріс

 

Тақырыбы: ХҮІ ғ. ІІ-ші жарт. Қазақ хандығы.

Дәрістің мазмұны:

1. Хақназар және Тәуекел хандардың саясаты.

2. Жүздердің құрылуы. Этникалық құрамы, территориясы.

 

1.  Хақназар және  Тәуекел хандардың саясаты.

      Қазақ хандығын нығайтуға зор күш жұмсаған Қасым хан қайтыс болғансоң (1523ж) оның мұранерлері арасында енжарлық және өкімет билігіне таласқан ішкі феодалдық қырқыстар туды. Қасым ханның баласы баласы Мамаш әкесінің орнына хан болып, көп ұзамай өзара қырқысқан ұрыстардың бірінде қаза тапты . Бұдан соң Қасымның немере інісі Таһир хан болды. Ол ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстарды тыя алмады, соған қарамастан төңірегіндегі елдердің бәрімен жауласты.

Таһир хан қазақ хандығының барлық жеріне бірдей бейлік жүргізе  алмады. Оның тұсында феодалдық қанаудың күшеюіне және ханның қаталдығына наразы болған халық шетінен жарылып шығып, көшіп кетіп отырды. Осындай күрделі жағдайлармен бетпе бет келген Хақназар хан (1538 – 1580) Қазақ хандығының жауласып келген Мауарннахрдағы Шайбани әулиетімен одақтасуға ұмтылды. Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі – Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылды тоқтатты. Сөйтіп Шайбани әулиетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла -  II мен қазақ хан Хақназар айрылмастай дос болып, өзара көмектесу жөнінде анттасып шарт жасасты.

Хақназар ханның бұл  дипломатиялық шарасы өте орынды болды.

XVI ғасырдың 60 – 70 жылдары  соғыс қимылдары тоқтап, қазақтардың  Орта Азия халықтарымен сауда  – саттық қарым – қатынасы, экономикалық байланысы өрістеді. XVI ғасырдың екінші жартысында, әсіресе  Тәуекел ханның тұсында (1582-1598ж.) қазақ хандығы саяси жағынан Хақназар кезіндегідей өрлеу үстінде болды. Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына жол ашу ісіндегі Хақназар ханның саясатын жалғастырды.

1583жылы Сырдариядағы  Оңтүстік Қазақстан қалалары  мен Ташкентті басып алды.  1598 жылы Самарқан мен Бұхараға жорық жасау кезнде жараланып қайтыс болды. Тәуекел хан туралы: «Тарихи – и – Кипчаки » (Қыпшақ тарихы) атты еңбектің авторы былай дейді: «Қазақ Тәуекел Әлді – Момын ханды өлтіріп, Пір – Мұхаммед ханның билік құра бастағаны туралы хабар алған кезде ол Ташкент пен Мауараннахрды бағындыру үшін (жолға)

шықты. » Ол (әуелі) Ташкентті  қаратты, содан соң Самарқанды басып  алды (және Бұхараға қарай) бет бұрды. Пір – Мұхаммед хан ашық шайқасқа шығу мүмкін еместеп тауып, қамалға  бекінді. Шамамен жиырма күн бойы Тәуекел хан (және оның әскері) Бұхара маңын тонады. Күн шығып, батқанға дейінгі уақыт аралығында екі жақтың арасында үнемі қақтығыстар болып тұрды. Ақыр – аяғында қазақтар жеңліс тапты. Тәуекел хан Самарқанға шегінді. Бауыры Есім ханмен одақтасып, Пір – Мұхаммед ханмен шайқасуға әзірленді. Кескілескен шайқас нәтежесінде Тәуекел ауыр жараланды. Сол жарақаттан Тәуекел хан о дүниеге аттанды.

2.  Жүздердің құрылуы.  Этникалық құрамы, территориясы.

Қазақ халқының тарихында  жүздердің пайда болуыерекше орын алады. Қазақ жүздерінің құрылуы – тарихи процесс. Ол қазақ халқының этникалық мекенінің қалыптасуымен қатар жүрді. Көптеген этникалық-саяси және шаруашылық факторлар әрекетінің нәтижесінде Қазақстан жерінде үш этникалық-аймақтық бірлестіктер – Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз қалыптасты.  Ұлы жүздің негізгі аумағы Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс аймағы. Тобыл, Есіл, Нұра, Сарысу өзендерінің тармақтары мен Орталық Қазақстанның даласындағы жазғы жайлау Орта жүз қалыптасқан екінші ірі этногенез орталығы болды. Ал Батыс Қазақстандағынегізгі маусымдық жайылымдар мен көші-қону жолдары, Сыр мен Жайықтың төменгі сағаларында, Ырғыз бен Торғайдың тоғысқан аудандары және Мұғаджар тауларында Кіші жүз қалыптасты.

Өзін-өзі  тексеру сұрақтары:

1. Хақназардың билікке келуі.

2. Хақназар тұсындағы хандықтың жүздерге бөлінуі, оның ішкі-сыртқы саясаты.

3. Орта Азия халықтарымен сауда-саттық қарым-қатынасы.

4. Тәуекелдің билікке  келуі.

5. Ташкентті басып  алуы, Тәуекел хан тұсындағы хандықтың  нығаюы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 251-254 б.б.

2. «Қазақстан тарихы»  очерктер, А; 1994ж. 159-162 б.б.

3. «Қазақстан тарихы»  ІІ том.

4. «Қазақ тарихы» жур. 1995ж. №4, 21 б., №5, 20 б., №6, 15 б.

                                                                                                                    12-дәріс.

 Тақырыбы: ХҮІ ғ. аяғы – ХҮІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығы.

Дәрістің мазмұны:

1. Есім және Тәуке хандардың билігі.

2. Әдет-құқықтық заңдар жинағы.

 

1. Есім және Тәуке хандардың билігі.

1598 жылы Тәуекел хан  қайтыс болған соң, оның орнына  отырған Есім хан (1598-1628жж.) қазақ  тарихында «Еңсегей бойлы ер  Есім» деген атпен әйгілі болды.Оған  бұл атақ 1598 ж. ағасы Тәуекел  ханмен бірге Мауараннахрға жасаған  жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан – Шығай ханның баласы. Ол қазақ хандығының Түркістан қаласындағыхан тағына отырған соң Бұхармен бітім шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп қайта құруды көздеді. Ал Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыруды көздеген саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты. Ташкент қаласы Қазақ хандығына қараған соң, оны Жәнібек ханның немересі – Жолым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді. Көп ұзамай ол тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Сөйтіп, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен  Есім хан иен Ташкентқаласын орталық еткен Тұрсын хан қатар билік жүргізді. Бұлардың арасында қақтығыстар туындай бастады. Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы күрес барған сайын шиеленісе түсті. 1627 жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын тұтас өз қол астына біріктірді.

Қазақ хандығының көрнекті хандарының бірі – Тәуке хан. Ол өз өкіметінің беделін көтеріп, барлық қазақ руларын біріктіру шараларын жасады. Тәуке ханның тұсында (1680-1718жж.) «Күл төбенің басында күнде кеңес» өткізілді. Тәуке хан тұсында қазақ хандығының шығыс жағындағы жайылымдарды Ойрат-Жоңғар феодалдарының басып алуына байланысты жердің тарылуы, мал жайылымдарына таласқан жанжалдардан адам өлімінің жиі болуы себепті жер дауын мүлік заңынан, құн дауынан қылмыс заңынан бөліп алып, жеке-жекетарау енгізуге тура келді.

2.  Әдет-құқықтық заңдар жинағы.

XVII ғ. аяғы – XVIII ғ. басында Тәуке хан заманында Қасым мен Есім ханның әдет-ғұрып ережелері жүйеге келтіріліп, «Жеті Жарғы» Заңдар жинағы шығарылды: ақсүйектердің артықшылық жағдайын қорғау көзделді, құн төлеу – адам өлтіргені үшін мүліктік өтем төлеу енгізілді.

    • Әкімшілік –құқық нормалары мен қылмысты іс құқығы.
    • Отбасы – неке құқығы.
    • Сот ісі.
    • Сұлтанды немесе қожаны тіл тигізіп, ренжітуші адам 9 мал, соққыға жығушы 27 мал айып төлейді.
    • Сұлтанды не қожаны өлтірсе 7 адамның құнын төлейді.
    • Әйелді зорлағанды өлім жазасына кесу.
    • Әйелге тіл тигізуші одан кешірім сұрайды, бұлай істеуден бас тартса қорлағаны үшін құн төлйді.
    • Жеті куә әшкерелесе, құдайға тіл тигізушіні таспен ұрып өлтіреді.

Хан, сұлтандар, ру ақсақалдары  халық істерін талқылау үшін күзде  жиналуы қажет. Жиналысқа қару-жарақсыз келуге рұқсат етілмейді. Қарусыз адамның дауысы болмайды және оған жасы кішілер орын бермейді. Әрбір тармақтың, ру мен бөлімшенің өз таңбасы болуы қажет. 

Өзін-өзі  тексеру сұрақтары:

  1. Есім ханның билігі, оның Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнықтыруы.
  2. Тәуке ханның билікке келуі. Оның ішкі-сыртқы саясаты.
  3. Қазақ қоғамындағы билер, олардың рөлі.
  4. Есім мен Тәуке хандардың әдет-құқықтық заңдар жинағы.

Пайдаланылатын  әдебиеттер:

  1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 268-272 б.б.
  2. Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995ж. 71-75 б.б.
  3. «Қазақстан тарихы» очерктер, А; 1994ж. 149-163 б.б.

 

13-дәріс   

Тақырыбы: Қазақ – Жоңғар қатынастар.

Дәрістің мазмұны:

1. Жоңғар хандығының құрылуы. «Ақтабан шұбырынды».

2. Қазақ жасақтарының айбынды жеңістері.

 

1. Жоңғар хандығының құрылуы. «Ақтабан шұбырынды».

Жоңғар хандығы (1635-1758) – Жоңғарияда XVII ғасырдың 30 жылдары қалыптасып, 1758 жылға дейiн өмiр сүрген феодалдық мемлекет. Шыңғысханның феодал империясы тұсында ойраттар империя әскерiнiң сол қанатына жатты (Зюнғар) – осыдан Жоңғария, жоңғарлар атауы шыққан). XV ғасырдың аяғында қалыптасқан жағдай ойрат феодалдарының күшiн бiрiктiрдi, бытырыңқылығын жоюды, олардың iшкi және сыртқы мүдделерiн қорғай алатын бiртұтас феодалдық күштi мемлекет құруды қажет еттi. Осындай жағдайда Шорас князьдығының билеушiсi Хара-Хула ойраттардың иелiктерiн бiрiктiруге күш салды. Оның бұл әрекетi баласы Батыр қонтайшы билiк құрған кездiң (1635-1660) бiртұтас Жоңғар мемлекетiн құрумен аяқталады. Ол билiк жүргiзген тұста феодалдық тәртiп нығайды. Жоңғар хандығы Ресеймен бейбiт сауда жүргiзгенiмен, оның нығайып күшеюi Жоңғар хандығының кейбiр мемлекеттермен бәсекелесуiне әкеп соқтырды. Патшалық Ресейдiң, Циньдiк Қытайдың эскпансионизмi Жоңғар хандығын Қазақ хандықтарымен күрес жүргiзуiне итермеледi, сонымен бiрге Қазақстанның оңтүстiгiндегi сауда-қолөнер орталықтары жоңғар қонтайшыларының назарын аудармай қойған жоқ. Қазақ феодалдары мен жоңғар феодалдары арасындағы күрес әсiресе XVIII ғасырдың басында күшейе түстi. Сөйтiп XVIII ғасырдың 1710-1711 жылы жоңғар әскерлерi Қазақ хандығының жерiне басып кiрдi. Қазақ жасақшылары басқыншыларға күштi тойтарыс бердi. Жоңғар әскерлерi 1713 жылы тағы да шабуылға шықты, бiрақ олар қазақ жерiнен қуылып тасталды. 1723 жылы жасалған Жоңғар-Қытай бiтiмi шарты жоңғарларды қазақтарға қарсы агрессия жасауға айдап салды. Агрессия 1723 жылы басталды да, қазақ халқына бұрын-соңды болмаған қайғы-қасiрет әкелдi.

Информация о работе Ежелгi дәуiрдегi Қазақстан