Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 18:22, лекция
Ежелгi дәуiр. Адамның қалыптасуы. Тас дәуiрi кезеңдерi.Адамзаттың түрлерi. Қола дәуірі. Қола дәуiрiне тән ескеркiштер.
Мақсаты: Студенттерге өткен тарихымыз туралы жалпылама түсінік беру.
4. ГЛОССАРИЙ
Қазақстан тарихы пәні бойынша глоссарий
Қазақ тілінде |
Орыс тілінде |
Ағылшын тілінде |
1 |
2 |
3 |
Адамның маймыл тектес түрiнен қазiргi адамға дейiнгi морфологиялық дамуы. |
Антропогенез |
|
Адам-зат тарихының ежелгi кезең зерттейтiн ғылым. |
Археология |
|
Амудария ағысының төменгi сағасы. |
Аракс |
|
Базис/қондырма. База-дегенiмiз
қоғамның экономикалық |
Базис |
Base /superstructure |
Мақұлдамауды көрсетудiң ұйымдасқан амалы. |
Байкот |
Baycoot |
Большевиктiк партияның саяси теориясымен практикасы. |
Большевизм |
|
Бiр халықты мәдениетiнiң белгiлерiне қарап, қасақана қыру. |
Геноцит |
Genocide |
Геосаясат. Саясатқа XIX ғасырдың аяғында Германияда пайда болған сыртқы саясат жүргiзудi белгiлi бiр аумақпен және тiршiлiк өрiсiмен шектейтiн көзқарас. |
Геопалитика |
|
Жариялылық. Орыс сөзi:
қоғамның байыпты зерттеуге |
Гласность |
Glasnost |
Халық билiгi. |
Демократия |
Democracy |
“Дипломатия” қатынас жасау. |
Дипломатия |
Diplomacy |
Зороастризм |
||
Сыртқы дүниенi сана арқылы тану керек дейтiн доктрина |
Идиализм |
Idealism |
Emigre – французша сөзбе-сөз басқа елге кеткендер. |
Иммиграция |
Immigration |
Ұжымдастыру. Жерге жеке меншiктi жою процессi. |
Коллективизация |
Collectivization |
Отарошылдық. Күштi державаны
өзiнiң аумақтық бақылауын |
Колониялизм |
Colanialism |
Тап. Атау атағына немесе
қоғам дамуының деңгейiне |
Класс |
Class |
Әйел билiгi. |
Матриархат |
Matrarchy |
Орта тас дәуiрi. |
Мезолит |
|
Көшi-қон |
Миграция |
Migration |
Саяси партия билiк
басына қайта оралса, өзi ұсынатын
қимыл бағдарламасын |
Манифест |
Manifest |
Көшпендiлiк. |
Намадизм |
|
Жаңа тас дәуiрi. |
Неолит |
|
ЖЭС (жаңа экономикалық саясат) кеңес одағында 1921 ж. Наурызда қатаң орталықтандырылған бақылау орнына енгiзiлген саясат. |
НЭП (новая экономическая политика) |
NEP (New Economic Policy) |
Ежелгi тас дәуiрi. |
Полеолит |
|
Суреттелiнген жазу. |
Пиктография |
|
Тасқа салынған сурет. |
Петроглиф |
|
Қайта құру. Ол орталық камитеттiң 1987 жылғы сәуiр пленумынан кейiн кеңес каммунистiк партиясының ресми саясаты ретiнде қабылданды. |
Перестройка |
Perestroika |
Саналы адам. |
Хомосапиенс |
Homo Sapiens |
Кезеңдi зерттейтiн ғылым. |
Хронология |
|
Тас-мыс кезеңi |
Энеолит |
|
Әлде бiр жүйенiң немесе құрылымның уақыт өте келе табиғи түрде өзгеруiн бiлдiредi. |
Эволютция |
Evolution |
4. Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Кафедра Қазақстан тарихы тьютор Бақтығұлова Б.Н.
(аты-жөні)
Пән Қазақстан Республикасының тарихы
Кредит саны 3
№ |
Әдебиет атауы |
Барлығы |
Ескерту | |||
кітапханада |
кафедрада |
Студенттердің қамтылу пайызы (%) |
Электронды түрі | |||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Қазақстан тарихы (1,2,3 том.) |
3 |
- |
Оқу залы 2 | ||
2 |
Қазақстан тарихы очерктер |
104 |
10 |
- |
Оқу залы 2 | |
3 |
К.Аманжолов “Қазақстан тарихы” (1,2 дәрiстер курсы) |
1-54 2-54 |
5 |
- |
Оқу залы 2 | |
4 |
М.Чапай “Қазақстан тарихы” |
5 |
10 |
- |
Оқу залы 2 | |
5 |
Қ.Салғарин «Алтын тамыр» А;1986ж. |
10 |
6 |
- |
Оқу залы 3 | |
6 |
Аманжолов К., Рахметов К. Түркі халықтарының тарихы. 2-к. А;1997 |
4 |
- |
- |
Оқу залы 3 | |
7 |
Салғараұлы Қ. Қазақтың қилы тарихы. А; 1992 ж. |
15 |
2 |
- |
Оқу залы 2 | |
8 |
Кәрібаев Б.Б. Түркістан және қазақ хандығы А; 1999 ж. |
13 |
6 |
- |
Оқу залы 3 | |
9 |
Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдағы 20-40 жылдарында. А;1994 ж. |
18 |
2 |
- |
Оқу залы 2 | |
10 |
Рысбеков Т.З. Өскен өлке тарихы А; 1997 ж. |
20 |
10 |
- |
Оқу залы 2 | |
11 |
Қонаев Д.А. Өтті дәрен осылай А; 1992 ж. |
15 |
4 |
- |
Оқу залы 2 | |
12 |
Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. А; 1996 |
10 |
4 |
- |
Оқу залы 3 |
Электрондық оқулықтар тізімі:
№ |
Әдебиет атауы |
Барлығы |
Ескерту | |||
кітапханада |
кафедрада |
Студенттердің қамтылу пайызы (%) |
Электронды түрі | |||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Этнография рус.и каз. Аманжолова Д., Алаш, Алматы, 2009, 410 с. |
№ 3 оқу залында |
+ |
|||
2 |
Асфендияров. Ист Казахстана. |
№ 3 оқу залында |
+ |
|||
3 |
Атабаев К. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. |
№ 3 оқу залында |
+ |
|||
4 |
Зиманов История России и Букеевского ханства. |
№ 3 оқу залында |
+ |
|||
5 |
Рысбеков Т., Менін Қазақстаным. Орал. 2002. 162 б. |
№ 3 оқу залында |
+ |
|||
6 |
Рысбеков Т.З. Диалог с историей. Уральск. 2004. 124 с. |
№ 3 оқу залында |
+ |
|||
7 |
Мендикулова Г. Исторические судьбы казахской диаспоры. |
№ 3 оқу залында |
+ |
|||
8 |
Кенжалиев И. М. Өтемісұлы. |
№ 3 оқу залында |
+ |
|||
9 |
Кенжалиев И. И Тайманұлы . |
№ 3 оқу залында |
+ |
|||
10 |
Сдыков М.Н., История
населения Западного Казахстана |
№ 3 оқу залында |
+ |
|||
11 |
Мухтар А.К. Қазақ мұнайының тарихы, Алматы, 2006, 224 б. |
№ 3 оқу залында |
+ |
|||
12 |
Казахстан и ОБСЕ Монография. |
№ 3 оқу залында |
+ |
5. Тақырыптық дәрістер.
Тақырыбы: Ежелгi дәуiрдегi Қазақстан.
Дәрістің мазмұны: 1.Ежелгi дәуiр. Адамның қалыптасуы. Тас дәуiрi кезеңдерi.
2.Адамзаттың түрлерi.
3. Қола дәуірі. Қола дәуiрiне тән ескеркiштер.
Мақсаты: Студенттерге өткен тарихымыз туралы жалпылама түсінік беру.
1.Ежелгi дәуiр. Адамның қалыптасуы. Тас дәуiрi кезеңдерi.
Адамзат тарихы тас дәуiрi қола дәуiрi және темiр дәуiрi болып үш кезеңге бөлiнедi. Ежелгi тас дәуiрi адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердiң бiрi. Бұл кезде адамдар жерден бауырын көтерiп, екi қол еңбек әрекетiне бейiмделдi. Мұның өзi алғашқы адам iспеттес тiршiлiк иелерiнiң күнкөрiс үшiн тас құралдарын жасауына мүмкiндiк бердi. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының, ең ұзаққа созылған тас дәуiрiнiң уақытын шартты түрде белгiлеуге мұрындық болды.
Алғашқы адам
тақiлеттес тiршiлiк иелерi мен
оның қарапайым шаруашылығының
қалыптасу кезеңiн қамтитын
Палеолит дәуiрiндегi адамдар қоғамдық ұйымдасу мен дамудың ұзақ және күрделi сатысынан өттi. Оның бастапқы кезеңiнде табиғаттың дүлей күштерiнен қорғану, шабуыл жасау, аң аулау, жемiс теру үшiн бiрiгiп, белгiлi бiр тобыр құру керек болды. Рулық қарым-қатынас қалыптасқанға дейiнгi бұл әлеуметтiк құрылымда қоғамдық қатынастар дамып, жетiлмеген едi, үй шаруашылығы да болған жоқ.
2.Адамзаттың түрлерi.
Еңбекке бейiмi бар, адам тақiлеттес ең әуелгi тiршiлiк иесi ғылымда «презинджантроп»ген атпен белгiлi. Оның сүйектерiнiң қалдықтары Шығыс Африкадан табылған. Ғылымда «Homo habilis» («шебер адам») деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмiр сүрген. Оның миының аумағы 652 см. (куб), яғни ертедегi маймылдың миынан әжептәуiр көлемдi де салмақты болған. «Шебер адамның» еңбек құралы маьта тастың сындырылған түрлерiнiң қырлары пышақ сияқты өткiрленiп, кесу үшiн пайдаланылған.
Адамзаттың дамуындағы тас дәуiрiнiң орта және соңғы кезеңдерiне сәйкес келетiн «Homo erectus» («түрегелген немесе бойын жазған адам») питекантроп және синантроп болып екiге бөлiндi. Оның алғашқысы мен соңғысының араларында дамудың, жетiлудiң оң өзгерiстерi болғаны, сонымен бiрге олардың дамуында сабақтастық бары байқалады.
Бiрiншi питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Питекантроп бұдан бiр миллиондай жыл бұрын өмiр сүрген. Ол «Homo habilis»-пен салыстырғанда елеулi эволюциялық өзгерiстерге ұшыраған. Ми көлемi үлкейiп, бас сүйегi мен жақ сүйектерi кiшiрейген, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерген.
Синантроп 1927 жылы Чжоу-коу-дянь үңгiрiнен табылды. Одан синантроптың сүйектерiмен бiрге әр түрлi формадағы тас құралдар, ошақта көп жатқан тастар және төменгi антропоген (геологиялық жер қыртысы) тарихындағы ширектiк дәуiр фаунасы жануарларының көп сүйектерi кездескен. Бұдан синантроптар сол кездiң өзiнде-ақ от жағуды бiлген деген қорытынды жасауға болады.
Тас дәуiрiнiң тарихында мезолит пен неолит бiздiң заманымыздан бұрынғы XII-X ғасырларды және V-III мың жылдықтардың арасын қамтиды (мезолит-орта тас дәуiрi, неолит-соңғы тас дәуiрi). Ол кезде табиғат осы заманғы бейнеде болды. Жануарлар дүниесiнiң құрамы өзгерiп, аңшылар көбiнесе бизон мен жылқы, жабайы ешкi мен киiк, қоян, үйрек аулады. Мезолит заманындағы адамдардың садақ пен жебенi ойлап шығаруы үлкен жетiстiк едi және осы тұста микролиттер-үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрiздi ұсақ қалақтар қолданылды.
3.Қола дәуiрi. Қола дәуiрiне тән ескеркiштер.
Бiздiң заманымыздан бұрынғы II мың жылдықта мал және егiншiлiк шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсiбi дами бастады. Мұның өзi Қазақстан жерiндегi әлеуметтiк-экономикалық жағдайларды өзгертугi жол ашты. Мал өсiрушi тайпалар iрi және қуатты бiрлестiктер құрды. Бұлардың арасында әр түрлi себептермен келiспеушiлiктер туып, қарулы қақтығыстар да орын алды. Қару ендi жабайы аңдарды аулау үшiн ғана емес, сонымен қатар тайпалардың соғыстарында да жиi қолданылды. Қару жасау бiрте-бiрте металл өңдеудiң дербес саласына айналды.
Б. з. б. II мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген. Қола-әр түрлi өлшемдегi мыс пен қалайының, кейде сүрменiң, күшәланың, қорғасының қорытпасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқыту температурасы төмен, түсi алтын сияқты әдемi болып келедi. Ол еңбек құралдары мен қару жасау үшiн қолданылатын негiзгi шикiзат болып табылады. Қазақстан жерiнде түстi металдардың, әсiресе қалайы мен мыс рудаларының көп кездесулерi металл өңдеу кәсiбiн кеңiнен пайдалануға негiз болады.
Қола дәуiрiндегi экономикалық басты-басты екi бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсiбiнiң тез дамуы, ең алдымен еркектердiң еңбегiн қажет еттi. Мұның өзi қоғамда еркектер рөлiнiң күшеюiне әкелдi. Сөйтiп, аналық рудың орнына аталық ру (патриархат) пайда болды. Қоғамдық өмiрдегi iрi өзгерiстер өндiрiстiк күштердiң өсуiне, қоғамдық еңбектiң мамандануына, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты едi. Жеке отбасылар бөлiнiп оқшауланды, меншiк ұлғайып кеңейдi, рулық қауым iшiнде мүлiк теңсiздiгi көрiнiс бере бастады.