Ежелгi дәуiрдегi Қазақстан

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 18:22, лекция

Описание работы

Ежелгi дәуiр. Адамның қалыптасуы. Тас дәуiрi кезеңдерi.Адамзаттың түрлерi. Қола дәуірі. Қола дәуiрiне тән ескеркiштер.
Мақсаты: Студенттерге өткен тарихымыз туралы жалпылама түсінік беру.

Работа содержит 1 файл

УМКД Казақстан тарихы.doc

— 1.53 Мб (Скачать)

3.Қимақ және Қыпшақ  мемлекетi.

Қимақ деген ел аты  орта ғасырлардағы араб, парсы  авторларының жазба деректерiнде  жиi кездесiп отырды. ХI ғасырда Махмуд  Қашқари “Диуани лұғат ат-түрiк” деген еңбегiнде қимақ елiн имақ деп атаған. Қимақтар VII-ғасырда Ертiс алқабымен Алтай тауының солтүстiгiнде қоныстанған. Ол кезде қимақ тайпалары Батыс Түркi қағандығының құрамында болған. Батыс Түркi қағандығы ыдырай бастаған кезде қимақтар одан бөлiнiп шықты. Олар VIII-ғасырда Ертiс өзенiнiң орта ағысын иемденiп бiрте-бiрте батысқа қарай iргесiн кеңейтiп, IХ-ғасырдың басында Жетiсудың солтүстiк батысындағы Алакөл алқабына дейiнгi жердi қамтыды. Балқаш көлi қимақ тайпаларымен қарлұқ тайпаларының арасындағы табиғи шекара едi. 840 жылы Монғолиядағы ұйғыр хандығы құлағаннан кейiн қимақтар күшейiп iргелi елге айналды.

Түркi халқының құрамына  қосылған ежелгi тайпалардың бiрi -    қыпшақ. Қыпшақтар түркi халқының және түркi тiлiнiң қалыптасуында  маңызды роль атқарды. “Қыпшақ” деген ат түркi тiлдерiндегi тарихи деректерде әр алуан формада кездеседi. Мұсылман тарихшыларымен орыс жылнамашылары көшпендi қыпшақтардың саны көп және олар Шығыс Қазақстанда, ал кейiн Орал бойымен Орталық Қазақстанды мекендедi, ұлан байтақ далада жетекшi тайпалардың бiрi болды дейдi.

Қыпшақтар жартылай  отырықшы халық болған. Олар Орта  Азиялық Сығанақ, Түркiстан, Мерке, Тараз, Отырар қалаларының негiзгi тұрғындары  болды. Қыпшақтар Шығыс халықтарымен (Орта Азия, Орталық Азия, Иран, Серия) Батыс елдермен (Ресей, Шығыс Европа) және Оңтүстiк (Византия) елдерiмен әскери сауда, экономикалық, шаруашылық, саяси, әкiмшiлiк қарым-қатынастар жасап отыды. ХII ғасырдың 2-жартысында Хорезм шахы қыпшақ қол астындағы Жент қаласын басып алып, қыпшақ даласының iшiне қарай бiрнеше рет жорық жасайды. Көп кешiкпей қыпшақ мемлекетi бiр жолата күйрейдi. Қыпшақтардың көпшiлiгi пұтқа табынған, ал Хорезммен қарым-қатынасқа байланысты ақсүйектердiң арасына ислам дiнiде тарай бастады.      

Өзін-өзі  тексеру сұрақтары:

1. Қарахан мемлекеті, этникалық құрамы, шаруашылығы.

2. Оғыздар. Қоныстануы, этникалық құрамы, саяси тарихы.

3. Қимақтар. Олар туралы жазба деректер.

4. Қимақ қағанатының құрылуы, территориясы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 105-112, 118-124 б.б.

2. «Қазақстан тарихы»  І том. А; 1996ж. 398-434 б.б.

3. Б. Көмееков «Қазақстан тарихы», 1993ж, №16 24-29 б.б.

4.»Қазақстан тарихы» очерктер, А; 1994ж. 119-157 б.б.

5. «Қазақ тарихы» жур. 1998ж. №2, 10-13 б.б.

 

5-дәріс.

Тақырыбы: Қазақстан аумағы дүниежүзілік өркениет жүйесінде.

Дәрістің мазмұны:

1.Ұлы Жібек жолы, оның  Қазақстанның географиялық және қалалық мәдениетінің дамуына ықпалы.

2Қазақстан аумағындағы  қалалардың өсуі, мәдениет.

3. Түркілердің діни  наным сенімдері.

4. ІХ-ХІІ ғ.ғ. ғалымдар мен ойшылдар.

 

1.Ұлы Жібек жолы, оның  Қазақстанның географиялық және қалалық мәдениетінің дамуына ықпалы.

Ұлы Жібек жолы – Азиядағы сауда керуен жоларының жалпы атауы.Жазба деректерде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістан мен осы Ұлы Жібек жолы арқылы сауда қатынасы болғаны айтылады.Ұлы Жібек жолының адамзаттың географиялық таным шеңберін кеңейтудегі маңызы бүгінгі Қазақстанда халықаралық туризмді дамытудың міндеттерімен үндес болып отыр. Жібек жолымен оның бойындағы тарихи- мәдени ескерткіштер, қайталанбас табиғат көріністері дүниенің түпкір-түпкіріненкелетін туристердіің назарын өзіне аударуда. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен мәдениетті дамытудың Халықаралық онжылдығы болып жарияланған 1987-1997жж. аралығында Жібек жолын жаңғыртуға қатыстыжобалар жасалып, жүзеге асты.Қазақстан бойынша Мәдениетті қолдау жылы болып жарияланған 2000 жылы Ұлы Жібек жолы бойында қалыптасқан, Түркістанның (Яса) 1500 жылдық мерейтойы халақаралық дәрежеде атап өтілді.

Ұлы Жібек жолы – Жерорта  теңізінен Қытайға дейін Еуроазияны көктей өтіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан торабы.

2. Қазақстан аумағындағы қалалардың өсуі, мәдениет.

         Қазақстанда заттық мәдениеттің 25 мыңға тарта ескерткіші бар. Олар негізінен Сыр бойына, Отырар алқабына, Маңғыстау мен Үстіртке, Ұлытау төңірегіне, Талас-Шу аңғарына, Жетісу мен Ертіс сыртына шоғырланған. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық қалаларының ірілері Отырар (Фараб), Тараз, Сығанақ, Түркістан (Йасы, Яса), Баласағұн, Суяб (Ақбешім), Сауран, Сайрам, Сарайшық.

Отырар – ХҮІІІ  ғасырдан астам өмір сүрген ұлы қала, бүгінде өзінің үйіндісінің ауқымымен  қайран қалдыратын алып төбеге айналған. Отырардың берік қамалы, айнала қазылған сулы ор үстіндегі аспалы көпірлерімен жабдықталған үш қақпасы боған.Ақша соғатын орынның, қолөнершілер тұрағының, су құбырының, нәжіс жүйесінің болуы мұндағы қала тіршілігінің астаналық сипатта болғанын көрсетеді.

  Тараз – ҮІ ғасырдың  өзінде-ақ белгілі болған ең  көне қалалардың бірі. ҮІ – ІХ ғғ. қалалар мен қоныстар негізінен сауда-саттық және қол өнеркәсібінің орталығы ретінде қырдағы ел мен отырықшы аймақты байланыстырушы маңызды экономикалық буын ретінде өмірге келген.

 Оңтүстіктегі асаірі  қалалардың бірі Испиджаб (Сайрам) қаласы болды.Византия, Иран , Кавказбен, Шығыс Түркістан елдерімен сауда және мәдени байланыс жасауда Сығанақ, Қойлық сияқты қалаларөте зор рөл атқарды.

3. Түркілердің діни  наным сенімдері.

 Ежелгі түркілердің діни  сенімдері негізінен Көкке (Тәңірге)  және Жерге (Жер-суға) табыну болды. Оның ішінде Көк (Тәңір) негізі болды. Түркі қағандары  тек Көк Тәңірісінің бұйрығыменбилік етеді деп түсіндірілген. Түркі хандары өз жазуларында Тәңіріні үнемі өздеріне рақымды болуға шақырады. Мазмұны жағынан келесі құдай отбасы және балалардың жебеушісі - әйел құдай Ұмай болды. Орта ғасырда барлық түркі тілді тайпалардың сенімдеріне сонау өткен ғасырда-ақ, Алтайда сақталған қасиетті тауларға (ыдуқ баш) табыну үлкен маңызға ие болды. Түркілердің нанымы бойынша жер және суды, ормандар мен тауларды көптеген рухтар жайлаған. Құрбандық шалумен олардың көңілін жұмсартқан.

Бұл барлық сенім, нанымдар ежелгі түркі тайпалары үшін ортақ  болды. Мұны орта ғасырдағы араб және парсы шығармаларында кездесетін түркілердің  нанымдарына берілген үзік-үзік сипаттамалар дәлелдейді.

4. ІХ-ХІІ ғ.ғ. ғалымдар  мен ойшылдар.

          Түркілерден шыққан зиялы отандастарымыздың көпшілігі өз шығармаларын сол кездегіғылым, білім, өнер тілі – араб тілінде жазылды. Солардың бірі Отырардан шыққан Әбу Насыр әл-Фараби. Оның шығармалары дүние жүзіне белгілі. Оның «Ғылымды жүйелеу», «Химия туралы толғаныс», «Физиканың негіздері туралы толғаныс», «Музыка туралы толғаныс», кітабы – іргелі ғылымдар саласынан көшелі ой айтқан көрнекті еңбектер.

Фарабиден екі ғасыр кейін өмір сүрген ғұламалар-Махмуд Қашқари мен Жүсіп Баласағұн өз шығармаларын араб әріпімен түркі тілінде жазған.

М. Қашқаридің «Дивани  лұғат ат-түрік» атты еңбегі 1072 ж. 25 қаңтарда басталып, 1074 ж. 10 ақпанда жазалып  біткен. Еңбектің түпнұсқасы бізге жетпеген. Түркі тілдерінің М. Қашқари жасаған алғашқы классификациясы екі түрлі негізге: 1) түркі халықтарының орналасу ретіне, яғни географиялық мәліметтерге, 2) түркі тілінің әрбір тобының өзіне тән фонетикалық және морфологилық қасиеттеріне, яғни лингвистикалық қасиеттерге сүйенген.           Жүсіп Баласағұнидың ХІ ғасырда түркі тілінде жазған педагогикалық трактаттары кең өріс алды. Оның «Құдатғу білік» атты кітабы – сол кездегі түркі тілді халықтардың дүниетану тақырыбындағы алғашқы шығарма.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Ұлы Жібек жолы, оның Қазақстандық тармақтары мен бөліктері.

2. Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан қалалары, олардың құрылысы мен қызметі.

3. Түркілердің наным-сенімдері.

4. ІХ-ХІІ ғ.ғ. ғалымдар  мен ойшылдар, олардың еңбектері.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. «Қазақстан тарихы»  І том. А; 1996ж. 349-361, 454-462 б.б.

2. К. Аманжолов «Қазақстан  тарихы» дәрістер курсы І, А; 2004ж. 78-85, 125-144 б.б.

3. «Қазақ тарихы» 2004ж. №2 47-53 б.б.

4. «Қазақстан тарихы»  очерктер, А; 1994ж. 159-162 б.б.

 

6-дәріс.

Тақырыбы: Моңғол шапқыншылығы қарсаңындағы Қазақстан.

Дәрістің мазмұны:

1. Темучин және Шыңғысхан  басқарған моңғол мемлекетінің  құрылуы.

2. Шыңғысханның көршілес  тайпаларымен соғысының қорытындысы. 

 

1. Темучин және Шыңғысхан  басқарған моңғол мемлекетінің құрылуы.

       ХІІІ ғ. басында моңғол мемлекеті құрылды. Мемлекет басында орманды алқаптың аң аулау кәсібі мен қырдың мал өсіруші тайпаларының басын біріктірген Темучин тұрды.Тайпалардың басым көпшілігі олардың ең күштісі татартайпаларының атымен аталған. Біртіндеп Монғол мемлекетініңнығаюына байланысты монғол – татар тайпалары деген біріккен саяси этникалық мағынаға ие болды.

Темучин 1155 ж. атақты ноян Есуки баһадүрдің семьясында дүниеге  келген. Темучин тайпалар арасындағы күресте өзінің батырлығымен ержүрек жауынгерлігімен танылған. Көп ұзамай бүкіл Моңғолиядағы тайпалардың өз қол астына біріктірген. Темучин керейттермен наймандар ұлысының билеушілерін талқандаған кезде ол орталық азия даласындағы бірден-бір құдіретті қолбасшыға айналып, мұны саяси тұрғыдан баянды етті.

1206 ж. онон өзенінің  сағасында бүкіл моңғолдық құрылтай  шақырылып, Темучинді моңғолдардың  билеушісі Шыңғыс хан деп ерекше  салтанатпен хан жариялады. Бар  билікті өз қолына алған Шыңғыс  ханның алдына қойған басты  мақсаты ішкі саяси-әлеуметтік қайшылықтарды болдырмау. Ол үшін көрші жатқан халықтың жерін басып алу, соғыс жолына түсу оған үстем тап өкілдерін тарту. Сөйтіп Шыңғыс хан әскери принцип ұстанған өз мемлекетін құра бастайды. Шыңғыс хан бүкіл моңғолияны үш әскери бөлікке бөледі.

І. Оң қанат (барунғар)

ІІ. Сол қанат (жоңғар)

ІІІ. Орталық (гол)

Әрбір әскер бөлік 10000 адамнан тұрды, мыңдар-он жүзден, жүздер-ондықтардан  құрылды.

2. Шыңғысханның көршілес  тайпаларымен соғысының қорытындысы. 

         Әскери ұйымға негізделген Шыңғысхан мемлекетінің бүкіл әскері 95 мыңдыққа бөлінді.

Бұл құрылған әскери феодалдық  мемлекеттің алдына қойған мақсаты  жаулаушылық саясатында болды. Алғашқы  жаулап алудың құрбаны болған жерлер 1207-1208 жылдары Жошының бастауымен Енесей қырғыздарымен теріскей Сібір халықтары, 1207-1209 ж.ж. Шыңғыс өзінің басшылығымен таңғұттардың Сися мемлекетін жойқын шапқыншылықпен басын алса, одан кейін ұйғырларды өздеріне тәуелді еткен. 1211-1215 ж.ж. арасында Қытай жерін басып алады. 1216 жылы Солтүстік Қытайдағы әрекет сәтті аяқталған соң моңғолдар Батысқа жылжуын қайта жалғастырды. Шыңғысхан үлкен ұлы Жошыға меркіттерді, сүйікті қолбасшысы Жебе ноянға Күшілік ханды бағындыруды табыстады. 1218 ж. Күшлік хан талқандалып, монғолдар Жетісуға келеді. Оларды жергілікті мұсылман халқы үлкен қуанышпен қарсы алды. Жебе ноян жарлық беріп, бейбіт халықтың мал-мүлкіне тиіспеуге тыйым салды., ал мұсылмандарға құдайға құлшылық етуге рұқсат берді. Осының бәріне наймандар басқаша қараған еді. Күшлік хан Бадахшанда қолға түсіп басы шабылды. Қазіргі Қазақстан жерінде, Торғай далаларында Жошы хан меркіттерді талқандады. Осы жерде оған Хорезм шахы Мұхаммед 60 мың әскермен шабуыл жасайды. Мұхаммед қыпшақтарға жорыққа келе жатқан болатын. Шайқаста ешкім жеңіске жеткен жоқ. Моңғолдар түн жамылып Шығысқа шегініп кетті. Кейінірек монғол-хорезм қатынастары асқынып, аяғы соғысқа ұласты.   

Ортағасырлық қытай  жазба деректері Шыңғысхан стратегиясының басты принципті белгісі - «ол  әскері қарсыласының есебінде ұстауы»  деп көрсетеді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Монғол мемлекетінің құрылуы, Шыңғысхан.

2. Ұлыстар, территориясы, этникалық құрамы.

3. Алтын Орда, аумағы, саяси тарихы.

4. Ақ Орда, территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы.

5. Әбілхайыр хандығы,  Моғолстан, Ноғай ордасы. Территориялары, саяси      

  тарихы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Ә. Әбдәкімұлы «Қазақстан тарихы» А; 1997ж. 88-92 б.б.

2. «Қазақ тарихы» 1997ж.  №1, 45 б.

3. К. Аманжолов «Қазақстан  тарихы» А; 2004ж. 281-292 б.б.

4. «Қазақ тарихы» жур. 1997ж. №5, 11-14 б.б.

7-дәріс

Тақырыбы: Монғол басқыншыларының Қазақстан мен Орта Азияны жаулауы.

Дәрістің мазмұны: 1. Қазақстан қалаларының қорғанысы.

                              2. Шапқыншылықтың зардаптары. 

 

    1. Қазақстан қалаларының қорғанысы.

Шыңғысхан өзінің көрші жатқан елдерін жаулап болған соң Қазақстан мен Орта Азияға одан әрі Батысқа қарай жылжуды көздейді. Деректемелердің хабарларына қарағанда, Шыңғысхан бұл жорыққа өте ұқыпты дайындалған. Ол Орта Азиядан, Қазақстаннан келген көпестер мен саудагерлерден Хорезм шахының, қарақытайлардың, қарахандардың ішкі саяси жағдайы туралы, олардың бір-бірімен қарым-қатынастарын, әскерлерінің құрамы туралы мәліметтер алып отырған. Сондай мәліметтің бірі қарақытайлықтармен Күшілік ханның жергілікті халыққа мұсылман дінін ұстауға тиым салуы. Арслан хан мұсылман діні үшін қарақытайларға қарсы күреске, Жетісу жеріне келіп кірген. Бұл жағдайда Шыңғысханның әскер басшылары дер кезінде пайдалана білді. 1218 ж. Жебе бастаған әскерлер Жетісуға кірсе, екіншіден Жебе өзінің әскерлеріне бейбіт халықтың мал-мүлкін тонамауды жариялайды. Найман ханы Күшілік пен қарақытайлардан ауыр зардап, зәбір көріп отырған жергілікті халық моңғол жаулаушыларына аса қатты қарсылықтар көрсете де қоймаған. Көптеген қалалар ешбір қарсылықсыз берілген. Қарахан мемлекетінің орталығы болған атақты Баласағұн қаласының өзі, моңғолдарға қарсылық көрсетпеген. Қаланы моңғолша «гобалық» - жасқы қала деп атаған. Әрине, бұл моңғол басшыларының уақытша көрсеткен сыпайылығы еді. Найман ханы Күшілік Бадақшан қаласында қолға түсіріліп, ауыр жазаланды.

Қазақстанның оңтүстігі  мен Орта Азияға қарай моңғол шапқыншылығы біршама тездей түседі. Оған басты  себеп «Отырар опаты» болған тәрізді. Шыңғысхан жіберген 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1818 жылдың жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Бұл керуеннің сауда жұмысынан гөрі жансыздық іс-әрекетінің басымдығын сезген, Отырар билеушісі Қайыр хан Инаншық Хорезм шахпен келісе отырып, керуенді тұтқындап адамдарын қырғынға ұшыратады. Енді Шыңғысхан Хорезм шахы алдында Қайыр ханды қолыма бер деген талап қояды. Бірақ осы талапты айтуға келген елшілер де өлтіріледі.Жағдайды пайдаланған Шыңғысхан бұларға қарсы қауырт соғысты бастайды.

Информация о работе Ежелгi дәуiрдегi Қазақстан