Ежелгi дәуiрдегi Қазақстан

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 18:22, лекция

Описание работы

Ежелгi дәуiр. Адамның қалыптасуы. Тас дәуiрi кезеңдерi.Адамзаттың түрлерi. Қола дәуірі. Қола дәуiрiне тән ескеркiштер.
Мақсаты: Студенттерге өткен тарихымыз туралы жалпылама түсінік беру.

Работа содержит 1 файл

УМКД Казақстан тарихы.doc

— 1.53 Мб (Скачать)

2. Қазақ мемлекетінің  дербестігін сақтау.

Ол Тарбағатай, Алтай  таулары, Зайсан көлінің шығысындағы тарихи қазақ жерлерін қайтаруға күш жұмсады. Пекин билеушілері 1760 жылы Тарбағатай таулары маңайында көшіп жүрген қазақтарды қудалағанда, оны келіссөздер арқылы шеше білді. Абылайдың Орта Азия хандықтарымен саяси қатынасы табысты болды.

XVIII ғасырдың 70 жылдарының  басы – белгілі қолбасшы Абылай  Хождент, Ташкент билеушілеріне соққы берді. Нәтижесінде: Ташкент бегі салық төлеуге мәжбүр болды; Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ және Ташкентке тәуелді бірнеше қалалар Абылай билігіне көшті; Қазақ хандығының халықаралық жағдайы жақсарды.

1771 жыл – Орта жүз ханы Әбілмәмбет қайтыс болып, дәстүр бойынша ақсүйектер хан ұлы Әбілпайызды емес, Абылайды хан сайлады. Үш жүз өкілдерінің Абылайды барлық қазақтың билеушісі деп тануының себептері: Жоңғарияға қарсы азаттық күресін басқаруы; Үш жүзді біріктіруі; Ресей мен Қытай қыспағына қарамастан, іс жүзінде елдің дербестігін сақтауы. Патша үкіметі тәуелсіз қазақ хандығын жоюға күш салып, Абылайды хан сайлауға келіспейтінін білдірді.

1778 жыл 24 мамыр –  ІІ Екатерина Абылайды тек Орта жүздің ханы етіп бекітті. Абылай хан Ресеймен қарым-қатынаста бейбіт жағдайда болу қажеттігін ескеріп, ресми түрде бодандықты мойындады. Ал іс жүзінде тәуелсіздігін сақтады.

1759 жыл 1 қаңтар –  Үрімшіде Абылайдың сауда миссиясы  жақсы қабылданды. Абылай хан қазақ жерінің шекарасын қалпына келтірді. Мәдениетті дамытуға үлес қосты. Оның төңірегіне белгілі жыраулар, ақындар топтасты: Бұқар жырау, Үмбетей жырау, Тәтіқара ақын.  

            Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Абылай қолбасшы, саяси қайраткер ретінде.

2. Қазақ мемлекетінің дербестігін сақтау барысында, Ресеймен және Қытаймен қарым-қатынасы.

3. Абылай сұлтан ірі  қолды басқарып, Жоңғарияға шабуыл жасауы.

4. Үш жүз өкілдерінің Абылайды барлық қазақтың билеушісі деп тануының себептері.

 Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 320-334 б.б.

2. «Қазақ тарихы» жур. 1996ж. №5 17-19 б.б.

3. «Қазақстан тарихы» очерктер А; 1994ж. 162-163 б.б.

                                                                                                         17-дәріс.

 

 Тақырыбы: XVIII ғасырдың ІІ-жартысы ХІХ ғасырдың І-жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

 Дәрістің мазмұны:

1. 1836-1838 жылдардағы Ішкі ордадағы шаруалар көтерілісі, Бөкей хандығының құрылуы.                

2. Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі.

3. 1836-1838 ж.ж. көтерілістің  жеңілу себептері.

 

1. 1836-1838 жылдардағы Ішкі  ордадағы шаруалар көтерілісі, Бөкей  хандығының құрылуы.                

Кіші жүз үш жүз  ішіндегі ең көп аумақты иеленген: Жайық пен Тобылдан бастап, Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі жер (850000 шақырым). 1801 жылғы 11 наурыз – император І Павелдің жарлығымен Кішіжүз қазақтарының Жайық пен Еділ аралығында көшіп-қонуы заңдастырылып, Бөкей хандығы (Ішкі орда) құрылды. І Павел мақсаты: қазақтардың жер үшін күресін әлсірету; Ресейдің саяси билік аясын кеңейту; қазақтармен сауда жасау арқылы пайда түсіру; Кіші жүздегі жағдайды тыныштандыру.

Бөкей Нұралыұлы алғашқыда  елін сұлтандық дәрежеде басқарды, 1812 жылдан хан атанды.

Патша үкіметіне арқа сүйеген Жәңгір хан (1823-1845 ж.ж. шын есімі Жиһангер, Әбілхайырдың шөбересі, Бөкейдің баласы) Орданы басқару жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізді:

- Патша үкіметі қаражатымен  1827 жылы Жасқұс деген жерде  хан сарайы салынды;

- 1827 жылы 12 биден құралған  хандық кеңес ұйымдастырылды;

- 12 старшындық топ құрылып, баж салығының жиналуын қадағалады;

- Көшпенділерді отаршылықтандыруға, сауданың дамуына, мектептер ашуға  көңіл бөлді.

   2. Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі.

Исатай 1791 жылы туған, оның азаматтық көзқарасының қалытасуына нағашысы Жабай Бегалыұлы зор ықпал етті. Бөкей хан Исатайды 1812 жылы 21 жасында Беріш руының Жайық бөлімінің старшыны (ағаманы) етіп тағайындап, 1814 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы старшындыққа бекітті. 1817 жылдан бастап батырдың патша чиновниктерімен байланысы салқындай бастады. 1817, 1823 жылдары Орынбор генерал-губернаторының нұсқауымен сотқа тартылды. Исатайдың ең жақын серігі – ақын, Беріш руының старшыны Махамбет Өтемісұлы. (1804-1846 ж.ж.)

1829 жылы 15 шілде – 1830 жылы қыркүйек аралығында Махамбет Калмыков түрмесіне қамалды. Оған халық арасында хан иелігінен кетуге және Жайықтың сол жағасына өтуге үгіт жүргізді деген айып тағылды. Махамбет орыс жазушысы әрі этнограф В.И. Дальмен және оқымысты саяхатшы Г.С. Карелинмен тығыз қарым-қатынаста болды. Махамбеттің өлеңдерінен Кіші жүзді қамтыған көтерілістің мақсаттарын, басты талаптарын айқындауға болады.

Көтерілістің басты  мақсаты:

- Хан озбырлығына шек қою;

- Шаруалар жағдайын жақсарту;

- Жер мәселесіндегі патша үкіметінің  отаршылдық саясатын өзгерту;

- Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.

1836 жылы ақпанның басында басталған  көтеріліс халық-азаттық сипатта болып, Қарауылқожаны биліктен тайдыруға, ханның жарлықтарын мойындамауға шақырды.

3. 1836-1838 ж.ж. көтерілістің  жеңілу себептері.

Үстем тап өкілдерінің  опасыздығы, көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы. Қару-жарақтың теңсіздігі, стихилылығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі. Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы.

Көтерілісшілерді жазалау шаралары:

    • 500 адамдық сапта дүре соғылып, 8 жылға Ригаға қара жұмысқа айдалды.
    • Тұзға салынған мың шыбықпен дүре соғылып, Сібірге айдалды.
    • Соққыға жығып, солдатқа жіберілді.
    • 20-дан 50-ге дейін дүре соғылды.

Нәтижесі: салық мөлшеріне  шек қойылды; патша үкіметі қазақ  старшындарымен санасатын болды; Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегендігін дәлелдеді; қазақ феодалдарының отаршылдық басқарумен байланыста екенін көрсетті; әртүрлі халықтардың қанаушыларға қарсы бірігіп күресуінің негізі қаланды.

Тарихи маңызы: ХІХ  ғасырдың 30 жылдарындағы ірі әлеуметтік ұлт-азаттық қозғалыс. Отаршылдыққа қарсы бағытталды. Ресейдегі азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі.  

                     Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Қазақ жеріндегі ұлт-азаттық көтерілістер және Бөкей хандығының құрылуы.

2. Қазақстанның саяси  құрылысындағы өзгерістер.

3. Исатай Тайманұлы,  Махамбет Өтемісұлы бастаған  ұлт-азаттық көтерілісі.

4. Көтерілістің басты мақсаты.

Пайдаланылатын  әдебиеттер:

1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 335-342 б.б.

2. Ч. Мусин «Қазақстан  тарихы» А; 2003ж. 137-139 б.б.

3. «Қазақстан тарихы»  очерктер А; 1994ж. 164-165 б.б. 

 

                                                                                                           18-дәріс.

  Тақырыбы: ХІХ ғасырдағы патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты.

Дәрістің мазмұны:

1. Патшалы Ресейдің қазақ жеріне жүргізген отаршылдық саясаты.

2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837-1847 ж.ж.)

3. Патша әкімшілігінің қойылған  талаптары.

 

1. Патшалы Ресейдің  қазақ жеріне жүргізген отаршылдық  саясаты.

Қазақтар Ресейге қосылуды уақытша құбылыс, ең алдымен ел қауіпсіздігі үшін қажет деп білді. Империя құрамынан шығып, онан кез-келген уақытта бас тартуға, басқа жаққа көшіп кетуге болатын құбылыс ретінде қарады. Ресей жағы тікелей тұқыртып ұстау саясатын ұстанды. Келіссөзге қол қойғандар Тевкелев пен Рычков Кіші және Орта жүздегі жағдай жөнінде сыртқы істер министрлігі коллегиясына жолдауында «Бір-біріне айдап салу арқылы өзара қырқыстыру керек» деп көрсетті. 1748 жылы 5 қазанда император ханзада Елизавета Петровнаға жолдауында Кіші және Орта жүздің ру басылары Сұлтан Нұралыны хан етіп бекітуді (мойындау емес) өтінді. Нұралы болса өз халқының алдындағы міндетін атқаруда осалдығын аңғартып, бодан болуға, Ресей әскерін кіргізуге әзір екенін хабарлады. Соның салдарынан патша өкіметінің баса көктеп билік жүргізуге қолы жетті.

Орал, Орынбор казактары әр түрлі сылтаулармен ауылдарды шабады. Оны ұйымдастырушы Орынбор соғыс губернаторы И.И. Неплюев еді. Оның қолдауымен қанішер казактар Орал тауы сілемдеріндегі қазақ ауылдарының жайлауларын біртіндеп басып ала берді. Бұны болдырмау орнына Нұралы хан казак-орыс әскерлерін қолдап кетеді. Тіптен өзіне бағынбайтындардан өш алу үшін Орынбордан жазалаушы топ жіберуін өтініп хат жазады. Кешікпей Харитонов бастаған казак тобы 800 баскесер бащқұртты қосып алып, Тама руы ауылдарына сау ете түседі. Тас бекіністі қорған еткен қазақтар біршама қарсылық көретеді. Бірақ құрамы, қаруы күшті казак әскерлеріне төтеп беру қиынға түседі. Жазалаушылар көп мал, дүние-мүлікті олжалап, 56 азаматты айдап, жер аударып қазына жұмысына береді де, әйел, бала-шағаларын Сейіт татар слободасындағы жұмысқа жегеді. Бұндай шабуыл, талан-тараждар туралы өкімет орындарына талай рет шағым жасалса да, патша әкімшілігі ешбір тиым салмайды. Бұл қазақтардың шыдамын шектен шығарды, оның соңы патша әскерімен ашық соғысқа шығуға алып келді.

  2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837-1847 ж.ж.)

Көтерілістің алғы шарттары: ХІХ ғасырдың 20-жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі мен Кіші жүздің оңтүстігі Қоқан билігінде болып, қазақтардан салық жинады. ХІХ ғасырдың 20-30-шы жылдары Хиуа хандығы Шекті, Төртқара, Табын, Байұлына қысым көрсетіп, Сыр өзенінің төменгі ағысында бекіністер тұрғызды, сауда керуендерін тонады. 1822 жылғы Жарғы бойынша жаңа округтерді ұйымдастыру қазақтардың шаруашылығын құлдыратты.

Отаршылдыққа қарсы  күресті (Ресей, Қоқан хандығына қарсы) Абылай ханның немелерінің бірі сұлтан Саржан Қасымұлы (Кенесарының ағасы) басқарды. Кенесары 1824 жылдан бастап ағасы Саржанның көтерілісіне қатысты. 1836 жылы Саржанды Қоқан ханы өлтірді, 1840 жылы әкесі, бауырлары қайтыс болды.

Патша үкіметінің Жаңа Елек бойына әскери шеп сала бастауы, Кіші жүзде би Жоламан Тіленшіұлы көтерілісінің басталуына себеп болды.

ХІХ ғасырдың 30-40-шы жылдарын қамтыған ең ірі халықтық сипаты бар көтеріліс басшысы – Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы, сұлтан Кенесары (1802-1847 ж.ж.)

Көтерілістің мақсаты: қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату, қоқандықтардың тепксіндегі қазақтарды азат ету.

1847 жыл – Майтөбе түбіндегі шайқаста (Кекілік сеңгір деген жер, Бішекетің маңы) Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты. Жеңілу себептері: қазақ халқының рулық-патриархалдық жіктелуі, Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы, руаралық қайшылықтар, Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық көрсетуі, Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары тобының Ресейге қарсы біріге алмауы.

  3. Патша әкімшілігінің қойылған талаптары.

Кенесарыға басқа елдермен дипломатиялық байланыс жасауына тыйым  салу. Көтеріліске қатысқан қазақ руларына үкімет межелеген жерлерде ғана көшіп-қонуға рұқсат ету. Кенесарының Орынбор казактарының иелігін Ресей империясының бір бөлігі ретінде мойындаған жағдайда ғана көтерілісшілерге кешірім беру. Екі ай бой Кенесары ауылында болған елшілер талаптарын орындата алмай Орынборға қайта оралды.

Кенесары Ресейдің билігін  мойындауы үшін өзінің талаптарын қойды: қазақ жеріндегі барлық патша бекіністерін жою. Жазалаушы топтардың озбырлығына тыйым салу. Салық жинауды тоқтату.

Екі жақ бір-біріне талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. 1845 жылдың жазында патша үкіметі қазақ жерін бекіністер арқылы отарлауды жалғастырды (Ырғыз, Торғай өзендері бойында салынды). Кенесары жағдайды шешу үшін халықтық кеңес өткізді. Қаралған мәселе: көрші мемлекеттерден, Қытайдан көмек сұрау. Сарыарқадан оңтүстікке қарай көшу.

Жайылым жерлерінен айырылған, бейбіт өмір мен тұрақты мекен  іздеген, салықтан бас көтере алмаған қазақтардың Кенесарыға наразылықтары күшейе бастады. Кенесарының Сарыарқадан Ұлы жүзге қарай бет алуының себебі – Қоқан езгісіндегі қазақтардың дербестік алуына көмектесіп, өзіне тірек жасау. 

                     Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Патшалы Ресейдің қазақ жеріне жүргізген отаршылдық саясаты.

2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің мақсаты.

3. Патша әкімшілігінің қойылған талаптары.

4. Кенесарының Ресейдің билігін мойындауы үшін қойылған өзінің талаптары.

5. Кенесары нешінші  жылы, қай шайқаста қаза тапты. 

Пайдаланылатын  әдебиеттер:

1. Ч. Мусин «Қазақстан  тарихы» А; 2003ж. 147-155 б.б.

2. «Қазақстан тарихы»  очерктер А; 1994ж. 162-163 б.б.

3. К. Аманжолов «Қазақстан  тарихы» А; 2004ж. 368-369 б.б.

4. Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995ж. 64-76 б.б.

                                                                                                19- дәрiс.

Тақырыбы: XIX ғасырдың II-жартысындағы Ресей империясының қазақ жерiн отарлауының аяқталуы және оның ауыр зардаптары.

Дәрістің мазмұны:

1.Отаршылдық қанаудан  жергiлiктi халықтың экономикалық  жағдайының құлдырауы.

2.Еңбекшiлердiң қайыршылыққа  ұшырауы.

 

1.Отаршылдық қанаудан  жергiлiктi халықтың экономикалық  жағдайының құлдырауы.

Информация о работе Ежелгi дәуiрдегi Қазақстан