Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 17:02, реферат
Қазақстае Республикасының заңдар жинағы
3)
адамзатқа қарсы қылмыс
4)
оралмандарды, немесе Қазақ Кеңестiк
Социалистiк Республикасында
5) шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзғандарға;
6) мемлекетаралық, ұлтаралық және дiни араздық тұтандырушыларға;
7) әрекеттерi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған адамдарға;
8) Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне қарсы шыққан, оның бiрлiгi мен аумағының тұтастығын бұзуға шақырғандарға;
9) террористiк әрекетi, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотты болғандарға. Бұл ретте қылмыстың ауырлығы, сотты болғаны немесе болмағаны Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады;
10) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы туралы қолдаухатпен өтiнiш берген кезде жалған құжаттарды ұсынған не өзі туралы алдын ала жалған мәлiметтер хабарлаған немесе қажеттi құжаттарды дәлелді себепсіз Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде ұсынбағандарға;
11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру сәтіне дейін, 5 жылдың ішінде Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген адамдарға;
12) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
13)
Қазақстан Республикасынан
14) тұруға ықтиярхатты алу үшін негіздеме болған Қазақстан Республикасы азаматтарымен некеге отырғандарға және заңды күшіне енген сот шешімімен бұл неке заңсыз деп танылған жағдайда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылады не бұрын берiлген рұқсаттың күші жойылады.
Тұруға
ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның
куәлiгiн беруден бас тартуға
Қазақстан Республикасының
3-бөлім.
Халықтың ішкі көші-қоны
11-тарау.
Қазақстан Республикасындағы
ішкі көшіп-қонушылар
56-бап. Ұйымдасқан түрде қоныс аударушылар және өздігінен ішкі
көшіп-қонушылар
Қазақстан Республикасында ішкі көшіп-қонушылар:
1) ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасына және тұрақты тұру үшін елдің экономикалық келешегі зор өңірлеріне халықты оңтайлы қоныстандыру схемасына сәйкес ұйымдасқан түрде қоныс аударылатындар (қоныс аударушылар);
2)
өзінің жеке ерік қалауымен, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заңнамасында
жазылған жағдайларда өздігінен қоныс
аударушылар болып бөлінеді.
57-бап. Ішкі көшіп-қонушылардың негізгі
құқықтары мен міндеттері
1. Ішкі көшіп-қонушылардың:
Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, елдің аумағында еркін жүріп тұру, тұратын жерін және болатын жерін таңдау еркіндігіне;
тұру немесе болу орнын мәжбүрлі ауыстырудан қорғалуға;
жұмысқа орналасуда жәрдем көрсетілуге құқығы бар.
Жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделмеген негіздемелер бойынша мәжбүрлі қоныс аудартуға жол берілмейді.
2. Ішкі көшіп-қонушылар:
бұрынғы
тіркелген жерінен есептен
бір
елді мекенде тіркеуі бар және
бір жылдың ішінде отыз күнтізбелік
күнге дейін басқа елді мекенде жүрген
адамдар, бұрынғы тұрғылықты жерінен
және әскери есептен тіркеуден шықпай-ақ,
жүрген жері бойынша тіркеледі.
58-бап. Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу
1. Жеке басын куәландыратын құжаттардың иегерлері тұрғылықты жері бойынша тіркеледі, тұратын жерін ауыстырған жағдайда тіркеуден шығады.
Азаматтың тұрғылықты жері бойынша тіркелген жері оның заңды мекенжайы болып табылады.
Тіркеуді әділет және ішкі істер органдары жүргізеді.
2. Тұрғылықты жері бойынша тіркеуге:
1)
Қазақстан Республикасының
2)
Қазақстан Республикасында
3. Ішкі көшіп қонушылар уақытша болу орнында тұрғанына бір жыл өткенде он бес жұмыс күні ішінде бұрынғы тұрған жерінен тіркеуден шығуға және он бес жұмыс күні ішінде жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркелуге міндетті.
Қызмет міндеттерін атқаруы (емделуі) тұрғылықты тұратын жерінен тыс жерде ұзақ болуымен (бір жылдан артық) байланысты адамдардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуі, міндеттерін бұрынғы тұрғылықты жерінен және әскери есептен тіркеуден шықпай орындау үшін қажетті мерзімге жүзеге асырылады.
4. Тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерде мемлекеттік баж алынады.
5.
Тіркеудің тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі
12-тарау.
Ішкі көшіп-қонушыларға
жәрдем көрсету
59-бап. Ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасын белгілеу және қоныс аударушы мәртебесін алу
1. Ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасын көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеуге құқылы.
2. Ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасы ұйымдасқан түрде қоныс аударатын Қазақстан Республикасының азаматтары отбасыларының шекті санын, олардың қоныс аударушыларды қабылдау үшін белгіленген экономикалық перспективалы елді мекендерге қоныс аударатын әкімшілік-аумақтық бірліктерді айқындайды.
3.
Ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару
квотасына енгізу және қоныс аударушы
мәртебесін беру отбасы басшысының
немесе кәмелетке толған отбасы мүшелері
біреуінің Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілеген тәртіппен халықтың
көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті
органға берген өтінішінің негізінде
жүзеге асырылады.
60-бап. Қоныс аударушыларға қаржы-экономикалық және
әлеуметтік жәрдем көрсету
1. Қоныс аударушыларды қабылдау мүмкіндіктерін ұлғайту және қажетті әрі тартымды өмір сүру жағдайларын жасау мақсатында мемлекет ішкі көшіп-қонушылардың ұйымдасқан түрде қоныс аударуы үшін белгіленген өңірлердің өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ететін нысандарын дамытуды инвестициялауды жүргізеді.
2. Халықтың көші-қоны жөніндегі уәкілетті орган ішкі көшіп-қонушылардың квотасына енген азаматтарға, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен:
1) тұрақты тұратын жеріне жол жүру және мүлкін (оның ішінде малын) тасымалдау шығыстарын қамтитын біржолғы жәрдемақы;
2)
тұрғын үй салуға, қалпына келтіруге
немесе сатып алуға жеңілдікті несие займдары
белгіленеді.
4-бөлім.
Эмиграция
13-тарау.
Қазақстан Республикасының
азаматтарына елден
кетуге рұқсат берудің
шарттары мен тәртібі
61-бап. Елден тыс жерге кететін Қазақстан Республикасы азаматтарының санаттары
Елден тыс жерге кететін Қазақстан Республикасының азаматтары екі санатқа бөлінеді:
1) басқа мемлекетке тұрақты тұру үшін кететін Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) басқа мемлекетке уақытша тұру үшін кететін Қазақстан Республикасының азаматтары.
Басқа мемлекетке уақытша тұру үшін кететін Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің қызметкерлері, шетелде уақытша еңбек қызметін жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының азаматтары, бітімгершілік парызын орындаушы әскери қызметшілер, халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстан Республикасына бекітілген лауазымдарға квоталармен тағайындалғандар, сондай-ақ, ұйымдар мен жеке адамдардың шақыруы бойынша оқуда, емделуде, туристік және жеке сапарда, шет елдерде қызметтік іссапарда жүрген адамдар жатады.
62-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының елден тыс жерге кетуінің шарттары мен тәртібі
1. Қазақстан Республикасының әрбір азаматының Қазақстан Республикасынан тыс жерге кетуге және Қазақстан Республикасына кедергісіз қайтуға құқығы бар. Кету және келу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға кету ішкі істер органдарының рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан
Республикасынан тыс жерге
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кету туралы өтінішті аумақтық ішкі істер органдарына, он сегізге толған, ал некеде тұратындар – он алты жастан бастап, Қазақстан Республикасы азаматтары жеке өздері береді. Балалар мен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін құжаттарды, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) береді.
4.
Аумақтық ішкі істер органдары
Қазақстан Республикасынан тыс
жерге тұрақты тұруға кету
туралы өтініш берген
Мүдделі мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кету туралы өтініш берген азаматтарға қатысты ішкі істер органдарының сұрауларын он күндік мерзімде қарайды.
Қазақстан
Республикасынан тыс жерге
5. Басқа мемлекетке тұрақты тұру үшін кететін Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан кетуімен байланысты шығыстарды қаржыландыру көшіп кетушілердің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады, сондай-ақ егер бұл Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмесе, басқа да көздерден жүзеге асырыла алады.
6. Қазақстан Республикасынан басқа мемлекетке тұрақты тұруға кететін Қазақстан Республикасының азаматтары, өздеріне және өздерінің отбасы мүшелеріне мүліктік меншік құқығымен тиесілі мүлікті және соларға теңестірілген мүліктік игіліктерді Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өз қаражаты есебінен әкетуге құқылы.
7. Мемлекет үшін мәдени, тарихи немесе өзге де құндылығы бар заттарды Қазақстан Республикасынан тыс әкету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен реттеледі.
8.
Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге
тұрақты тұруға кететін адамдардың Қазақстан
Республикасы аумағындағы мүлкіне
құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен
айқындалады.