Қазақстан Республикасының заңдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 17:02, реферат

Описание работы

Қазақстае Республикасының заңдар жинағы

Работа содержит 1 файл

заң.doc

— 361.50 Кб (Скачать)

     9. Оралман немесе оның  отбасы мүшелері, оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілгеннен кейін қайтыс болған жағдайда, біржолғы жәрдемақы мен тұрғын үй  сатып алуға қаражат олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алу – алмауына қарамастан,  отбасының мүшелеріне  немесе оралманға төленеді.

     10. Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандар, оларға осы баптың 5-тармағы 2) және 3) тармақшаларына сәйкес  төленген біржолғы жәрдемақы мен тұрғын үй  сатып алуға қаражатты:

     1)  Қазақстан Республикасында  тұрған  алғашқы үш жылдың ішінде,  оралмандардың көшіп келу квотасын алған кезде қоныстану үшін белгіленген өңірден тыс жерге өзінің жеке ерік қалауымен  өздігінен ішкі көшіп-қонған;

     2) оралман  мәртебесін алған  күнінен бастап  бес жылдың  ішінде  Қазақстан Республикасынан  тыс жерге  тұрақты тұруға  кеткен жағдайларда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекетке өтеуге міндетті.

       

     43-бап. Оралмандарды  бейімдеу және ықпаластыру

     1. Этникалық қазақтар мен  олардың отбасы мүшелерін  оралман мәртебесін алғанға дейінгі алғашқы қоныстандыру, олардың еркі бойынша уақытша орналастыру орталықтарында,  көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган  айқындайтын тәртіпте және мерзімдерге жүзеге асырылады.

     2. Бейімдеу және ықпаластыру қызметтерін көрсету үшін көшіп-қонушыларды бейімдеу және ықпаластыру орталықтары құрылады.

     Оралмандар  мен олардың отбасы мүшелерінің  көшіп-қонушыларды бейімдеу және ықпаластыру орталықтарында  тұруының тәртібі мен мерзімін, сондай-ақ оларға ықпаластыру және бейімдеу қызметтерін көрсетудің тәртібін  көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган  айқындайды. 

       

     44-бап. Оралман мәртебесінің тоқтатылуы

     Оралман мәртебесі оралман Қазақстан Республикасының азаматтығын  алғаннан кейін  тоқтатылады.

     Оралман мәртебесін алған күнінен бастап  бір жылдың ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы  өтініш бермеген оралман, оны ұзарту және қайталап алу құқығынан айрылады.

      

     45-бап. Оралмандардың  құқықтары мен міндеттері

     1. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің:

     1) ішкі істер органдарында тіркелу  жолымен, жеңілдетілген тәртіппен  Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға;

     2) жеңілдіктерді, өтемақылар мен Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген  басқа да әлеуметтік көмек түрлерін алуға құқығы бар.

     2. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелері:

     1) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне, сондай-ақ  көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдарына, оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы  өтініштерін қарауға қажетті дұрыс деректерді ұсынуға;

     2)  денсаулық сақтау органдарының  талап етуі бойынша медициналық қарап тексеруден өтуге, екпелерді алуға,  емдеу курсынан өтуге, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының ұйғарымдарын орындауға;

     3) көшіп қонушыларды  бейімдеу және кіріктіру орталықтарына  жолдама алған кезде, үш күннің ішінде сонда қоныстануға және  белгіленген болу кезеңі аяқталғаннан кейін берілген тұрғынжайды босатуға;

     4) Уақытша орналастыру орталығында және көшіп қонушыларды  бейімдеу және ықпаластыру орталығында болудың белгіленген тәртібін сақтауға міндетті.   
 

7-тарау. Азаматтық алу мақсатымен  көшіп келу

      

        46-бап.   Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мақсатымен келетін адамдардың санаттары

     Қазақстан Республикасының азаматтығын алу  мақсатымен  келетін көшіп келушілер екі  санатқа бөлінеді:

     1) азаматтыққа қабылдау мақсатымен келетін көшіп келушілер; 

     2) Қазақстан Республикасының  азаматтығын қалпына келтіру мақсатымен  келетін көшіп келушілер.   
 

        47-бап.  Қазақстан Республикасы азаматтығын алу мақсатымен  көшіп келушілердің келу және болу шарттары

     1. Қазақстан Республикасы азаматтығын алу мақсатымен  көшіп келушілердің келуі және болуы осы Заңның  6-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

     2. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасына сәйкес  жүргізіледі.

       
 

8-тарау.  Гуманитарлық және  саяси уәждемелер  бойынша  көшіп келу 

        48-бап. Гуманитарлық уәждемелер бойынша келетін көшіп келушілердің санаттары

     Гуманитарлық   уәждемелер бойынша келетін көшіп  келушілерге:

     1) миссионерлер – Қазақстан Республикасының  аумағында  миссионерлік қызметті  жүзеге асыру мақсатымен келетін  көшіп келушілер;

     2) волонтерлер – Қазақстан Республикасына  білім беру,  денсаулық сақтау  және  әлеуметтік көмек саласында   қайтарымсыз негізде  қызмет көрсету үшін келетін көшіп келушілер;

     3) Қазақстан Республикасына халықаралық  шарттардың шеңберінде қайырымдылық, гуманитарлық  көмек көрсету және  гранттар беру  мақсатымен келетін  көшіп келушілер жатады. 
 

     49-бап. Саяси   уәждемелер бойынша келетін көшіп келушілер

     Саяси   уәждемелер бойынша келетін көшіп  келушілерге:

     1) босқындар;

     2) саяси баспана берілген адамдар  жатады. 
 

     50-бап. Гуманитарлық уәждемелер бойынша келуге рұқсат беру және

                   келу шарттары 

     1. Миссионердің келуіне рұқсатты Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің қолдаухаты негізінде және  діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы болған жағдайда,  алты айға дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесі береді.

     2. Миссионердің келуіне және уақытша болуына рұқсатты діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі  уәкілетті органның қорытындысы болған жағдайда,  Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары, бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.

     Миссионер өкілдік ететін діни бірлестік ол жүрген елде, сол елдің заңнамасына сәйкес  ресми тіркелген болуға тиіс.

     3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың шеңберінде, Қазақстан Республикасына қайырымдылық, гуманитарлық  көмек көрсету және гранттар беру  мақсатымен келетін волонтерлер мен  көшіп келушілердің  келуіне рұқсатты Қазақстан Республикасында тіркелген  халықаралық ұйым өкілдігінің, не болатын елде, осы елдің заңнамасына сәйкес ресми тіркелген шетелдік үкіметтік емес ұйымның (қордың) қолдаухаты негізінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері бір жылға дейінгі мерзімге береді

       4. Гуманитарлық   уәждемелер бойынша келген көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағында келу мақсатында көзделмеген қызметпен айналысуға құқығы жоқ. 
 

     51-бап. Саяси уәждемелер бойынша келудің және болудың шарттары

     1. Баспана іздеп жүрген адамдардың келу және болу шарттары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға  баспана беру және оларға          босқын мәртебесін беру жөніндегі қатынастар, босқындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасымен реттеледі.

     2. Саяси баспана берудің тәртібін  Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.   
 

9-тарау.  Туризм мақсатымен көшіп келу 

        52-бап. Туризм мақсатымен келетін көшіп келушілердің келу шарттары

     1. Туризм мақсатымен келетін көшіп  келушілерге Қазақстан Республикасына  бір жылға аспайтын кезеңге,  ақылы қызметпен айналыспай,  сауықтыру, танымдық, кәсіптік-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда келетін жеке тұлғалар (туристер) жатады.

     2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы аумағына келген туристерге  өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы  куәлігінің болуы жөніндегі талап қоюға құқылы. 

     3. Туристердің келуіне рұқсатты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының келісуі  бойынша,  Қазақстан Республикасында тіркелген, туристік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар  туристік ұйымның қолдаухатының негізінде   бір жылға дейінгі мерзімге береді. Сыртқы және ішкі істер министрліктері  ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі уәкілетті органның  келісуі бойынша айқындаған тізбеге енетін елдерден келетін туристердің келуіне рұқсат оңайлатылған тәртіппен – туристің  өтініші негізінде беріледі. 

       

        53-бап. Туризм мақсатымен келетін, жекелеген мемлекеттерден көшіп келушілердің визасыз келу режимін құқықтық реттеу

     Жекелеген мемлекеттерден туризм мақсатымен келетін көшіп келушілердің  визасыз келу режимін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 

      10-тарау.  Көшіп келушінің  Қазақстан Республикасына  келуіне рұқсат    беруден бас тарту және Қазақстан Республикасында

                   тұрақты тұруға рұқсат алу үшін жалпы негіздемелер 

      54-бап. Көшіп келушінің Қазақстан Республикасына келуіне рұқсат беруден бас тарту негіздемелері

     Көшіп келушінің Қазақстан Республикасына келуінен:

     1) мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi және халықтың  денсаулығын сақтау мүддесінде;

     2) егер оның іс-әрекеті  конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге бағытталған болса;

     3) егер ол  Қазақстан Республикасының  егемендігіне қарсы шықса, ел  аумағының бірлігі мен тұтастығын  бұзуға үндейтін болса;

     4) егер ол  мемлекетаралық,  ұлтаралық және діни араздық тұтататын болса;

     5) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;

     6) егер оның Қазақстан Республикасында бұрын болған уақытында, шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңнаманы, Қазақстан Республикасының кеден, валюта немесе өзге де заңнамаларын бұзғаны үшін  қылмыстық жауаптылыққа тартылу фактiлерi анықталған болса;

     7) егер ол келу туралы қолдаухатпен өтiнiш жасаған кезде, өзi туралы жалған мәлiметтер хабарласа немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде ұсынбаса, оның келуiне рұқсат беруден бас тартылады.

     Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген келушілерге шығарып жіберу туралы шешiм шығарылған күнінен бастан бес жылдың ішінде Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады. 
 

        55-бап. Көшіп келушілерге  Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тарту не оның күшін

                        жою негiздемесi

     Көшіп келушілерге:

     1)   заңсыз келгендерге, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн өздерi шыққан елдердiң заңнамасы бойынша қудалауға ұшырағандарға;

     2) сотталғанға дейiн тұрақты тұратын  жерi Қазақстан Республикасынан тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға;

Информация о работе Қазақстан Республикасының заңдары