Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 17:02, реферат
Қазақстае Республикасының заңдар жинағы
7)
азаматтардың Қазақстан
8)
Қазақстан Республикасының
9) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты және уақытша тұруға рұқсат береді;
10) Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамаға сәйкес көшіп келушілердің жекелеген санаттарын тіркеу тәртібімен Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдауды жүзеге асырады;
11) шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың уақытша және тұрақты тұруы, Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың кетуі есебінің бірыңғай дерекқорын қалыптастырады және көші-қон, ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі уәкілетті органдармен және Сыртқы істер министрлігімен ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
12) Қазақстан Республикасының халқын тіркеу және құжаттандыру, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын көшіп келушілердің, сондай-ақ шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтығын өзгерту мәселелері бойынша әділет органдарымен ақпарат алмасады;
13) заңсыз көші-қонның алдын алу жөнінде шаралар қабылдайды;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге кетуін шектеу туралы шешім қабылдайды;
15) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады.
16)
заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің
және Үкіметінің актілеріне сәйкес
өзге де функцияларды жүзеге асырады.
12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
1)
халықтың көші-қоны
2) көшіп келушілерге медициналық көмек көрсетудің тәртібін айқындайды;
3) Қазақстан Республикасына келуге қарсы айғақтама болып табылатын аурулардың тізімін айқындайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көшіп қонушыларды бейімдеу және ықпаластыру орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізеді;
5)
заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің
және Үкіметінің актілеріне сәйкес
өзге де функцияларды жүзеге асырады.
13-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Білім беру саласындағы уәкілетті орган:
1)
халықтың көші-қоны
2) этникалық қазақтар мен оралмандарға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квотаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру, ортадан кейінгі және жоғары білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін білім гранттарын бөледі;
3) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес шетелде жалпы білім беру мекемелерінде оқып жүрген этникалық қазақтарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;
4)
заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің
және Үкіметінің актілеріне сәйкес
өзге де функцияларды жүзеге асырады.
14-бап. Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі уәкілетті
органның құзыреті
Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
1)
халықтың көші-қоны
2) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болуы және одан кетуі үшін қажетті төлем қабілеттілігі растамасын тексеруді жүзеге асырады;
3) шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың келу-кетуі есебінің бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органдармен, ішкі істер органдарымен және Сыртқы істер министрлігімен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының сыртқы істер және ішкі істер министрліктері айқындайтын визалардың санаттары мен түрлерін, оларды берудің, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімін қысқарту және ұзартудың тәртібін, шетелдіктердің төлқұжаттарын тіркеудің, олардың Қазақстан Республикасы бойынша жүріп тұруының, сондай-ақ, шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) кіруінің тәртібін келіседі;
5) көшіп келушілерге Қазақстан Республикасына келген кезде көші-қон кәртішкелерін беруді және Қазақстан Республикасынан кеткен кезде оларды алып қалуды жүзеге асырады;
6)
заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің
және Үкіметінің актілеріне сәйкес
өзге де функцияларды жүзеге асырады.
15-бап. Әділет органдарының құзыреті
Әділет органдары:
1)
халықтың көші-қоны
2)
Қазақстан Республикасы
3) уақытша тұру орнына келетін Қазақстан Республикасы азаматтарын уақытша тұратын жері бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеуді және есебін жүргізуді жүзеге асырады;
5) заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
16-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, елорданың) жергілікті атқарушы органдары:
1)
халықтың көші-қоны
2) көшіп-қонушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық көмек алуын қамтамасыз етеді;
3) көші-қон жөніндегі уәкілетті органға шетелдік жұмыс күшін тарту, оралмандардың көшіп келу, ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квоталарын қалыптастыру жөнінде ұсыныс енгізеді;
4) жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін, көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган таратып бөлген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат береді, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі тізбесін айқындайтын шетелдік қызметкерлерге, көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган таратып бөлген квота шегінде, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жұмысқа орналасуға рұқсат береді;
6) бизнес-көшіп келушілердің уақытша тұру рұқсаттарының қолданылу мерзімін ұзарту немесе қысқартуға қолдаухат береді;
7) заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары:
1)
халықтың көші-қоны
2) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес көшіп-қонушыларға жергілікті бюджет қаражатынан әлеуметтік көмек көрсетеді;
3) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес халықтың нысаналы топтарына жататын көшіп қонушыларға жұмысқа орналасуға, кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жәрдем көрсетеді;
4) көшіп-қонушыларға мектептерден, мектепке дейінгі ұйымдардан, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелерден Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен орын береді;
5) көшіп келушілердің мемлекеттік және қалауы бойынша орыс тілдерін үйренуіне жағдай жасайды;
6) оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне жеке қосалқы шаруашылық, бағбаншылық жүргізу және саяжай құрылысы үшін Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамасына сәйкес жер учаскелерін береді;
7)
заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің
және Үкіметінің актілеріне сәйкес
өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2-бөлім.
Көшіп келу
3-тарау.
Білім алу мақсатымен
көшіп келу
17-бап. Білім алу мақсатымен келетін көшіп келушілер
Қазақстан Республикасы аумағына білім алу мақсатымен келетін көшіп келушілерге жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, оның ішінде ұйымдастырылған оқушылар алмасу және даярлық курстарынан өту бағдарламалары бойынша қабылданған оқушылар жатады.
18-бап. Білім алу мақсатымен келетін көшіп келушілердің
келу шарттары
Білім алу мақсатымен келетін көшіп келушілер:
1) этникалық қазақтарды қоспағанда, көшіп келуші мен қабылдаушы ұйымның арасындағы шартқа сәйкес оқуына және тұруына ақы төлеуге қажетті, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпте және мөлшерде өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсынуға;
2) таңдаған мамандығы бойынша білім алуға кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға және медициналық сақтандыруы болуға;
3) соттылығы болмағаны туралы растаманы ұсынуға;
4) оқу орнына қабылданған болуға және/немесе Қазақстан Республикасына келгенге дейін кәсіптік даярлауға шақырушы тараптың келісімін растауға міндетті;
5)
техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру мекемелерінде оқу үшін – негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары білімі;
жоғары білім беру мекемелерінде оқу үшін – жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білімі;
магистратурада, резедентурада және адъюнктурада оқу үшін – жоғары білімі;
докторантурада
оқу үшін – «магистр» академиялық дәрежесі,
ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі болуы
керек.
19-бап. Білім алу мақсатымен келетін көшіп келушілерге келуге рұқсат берудің шарттары
1. Білім алу мақсатымен келген көшіп келушілердің келуіне рұқсатты ата-аналарының немесе қамқоршыларының, қорғаншыларының келісімімен немесе қабылдаушы ұйымның қолдаухаты негізінде айқындалатын бір жылдан аспайтын мерзімге арналған оқу орны қолдаухатының негізінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі береді.
2. Білім алу мақсатымен келген көшіп келушілердің келуіне және уақытша тұруына рұқсатты қабылдаушы ұйым растаған кезде, ішкі істер органдары оқуын аяқтауға қажетті, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге жыл сайын ұзартады.
3. Қабылдаушы ұйымдар білім алу мақсатымен келген көшіп келушілерге Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген олардың құқықтары мен міндеттерін уақытында түсіндіруді және оларды іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында болу, ел аумағында жүріп тұру және өздеріне белгіленген болу мерзімі аяқталғанда, кету құқықтары құжаттарын уақытында ресімдемегені үшін заңнамада белгіленген жауаптылықта болады.