Қазақстан Республикасының заңдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 17:02, реферат

Описание работы

Қазақстае Республикасының заңдар жинағы

Работа содержит 1 файл

заң.doc

— 361.50 Кб (Скачать)

     2) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын   тәртіп пен  мөлшердегі тұрақты тұру  еліне  кетуге қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсынуға;

     3) еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруларының жоқ екендігін растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға міндетті. 
 
 

     30-бап.  Маусымдық шетелдік қызметкерлерді тарту шарттары

      1. Маусымдық шетелдік қызметкерлер экономиканың жекелеген салаларындағы жұмысқа Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес, немесе жұмыс берушілерге жергілікті атқарушы органдар  беретін квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың негізінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын шарттармен және  тәртіппен тартылады.

      2. Маусымдық шетелдік қызметкерлерді тартатын жұмыс берушілер оларға, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген санитарлық және өзге де нормаларға жауап беретін уақытша  тұрғын үй-жай беруге міндетті. 
 

        31-бап.  Еңбек қызметін  жүзеге асыру мақсатымен  көшіп келушілердің  негізгі құқықтары мен міндеттері

     1. Еңбек қызметін жүзеге асыру  мақсатымен  көшіп келушілер:

     1) Қазақстан Республикасы аумағында жүрген көшіп келушілерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттерді орындауға;

     2) егер одан әрі болуына заңды негіздеме болмаса, рұқсаттың мерзімі аяқталғанда, Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.

     2. Қазақстан Республикасында еңбек  қызметін жүзеге асыру үшін  келген және  жұмыс берушілер тартқан шетелдік қызметкерлер тиісті рұқсаттың мерзімі аяқталғаннан кейін, жұмысқа орналасуға рұқсат алу не  оның мерзімін ұзарту туралы өтініш беруге  құқылы.

       

5-тарау.  Отбасын біріктіру   мақсатымен көшіп келу 

      32-бап. Отбасын біріктіру мақсатымен келетін көшіп

                    келушілердің санаттары

     1. Мынадай адамдар:

     1) Қазақстан Республикасының азаматтары;

     2)  этникалық қазақтар мен  отандастарымыз;

     3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын көшіп келушілер мен бизнес - көшіп келушілер демеуші бола алады.

     2. Демеушілердің өзінің отбасын біріктіру мақсатында, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына  келуі туралы қолдаухат беруге құқығы бар.

     3. Мыналар:

     1) кәмелеттік жасқа толған,  Қазақстан  Республикасы заңнамасымен танылатын некеде кемінде үш жыл тұрған жұбайы;

     2) он сегіз жасқа толмаған,  некеде  тұрмайтын және  демеушінің асырауындағы  және/немесе  қамқорлығындағы, оның ішінде асырап алған балалары;

     3)  он сегіз жастан асқан,  некеде  тұрмайтын,  денсаулық жағдайына байланысты себептер бойынша  өзін өзі қамтамасыз етуге қабілетсіз, оның ішінде асырап алған балалары;

     4) демеушінің асырауындағы еңбекке жарамсыз  ата-аналары;

     5)  оларды ұстау  демеушінің  міндеті болып табылатын, отбасының өзге де мүшелері, демеушінің отбасын біріктіру мақсатымен Қазақстан Республикасына  келуші отбасы мүшелері болып табыла алады.

     4. Демеушінің мәртебесіне қарай, отбасын біріктіру мақсатымен Қазақстан Республикасына мына отбасы мүшелері  жіберіледі:

     1)  егер Қазақстан Республикасының азаматы демеуші болса – осы баптың 3-тармағында көрсетілген барлық адамдар;

     Олардың Қазақстан Республикасының аумағында тұруына рұқсат, кейіннен жыл сайын ұзарту құқығымен үш жыл мерзімге беріледі;

     2) егер демеуші Қазақстан Республикасында  уақытша (кемінде екі жыл) тұруға рұқсат алған этникалық қазақ немесе отандас болса – осы баптың                3-тармағының 1) – 4) тармақшаларында айқындалған адамдар;

     Оларға  Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат  демеушінің болуына арналған рұқсаттың қолданылу мерзіміне беріледі; 

     3)   егер  Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын көшіп келуші немесе Қазақстан Республикасында  кемінде екі жыл үзіліссіз  тұратын бизнес-көшіп келуші демеуші  болса – осы баптың 3-тармағының 1) – 4) тармақшаларында айқындалған адамдар;

     Тұрақты тұруға рұқсаты бар  демеушінің  отбасы мүшелеріне   Қазақстан  Республикасында тұруға рұқсат, жыл сайын ұзарту құқығымен,  бір жылға    беріледі. 

     Бизнес-көшіп келуші болып табылатын демеушінің  отбасы мүшелеріне   Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат, жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен,  бір жылға беріледі. Бұл ретте рұқсаттың қолданылу мерзімі демеушінің тұруға рұқсатының қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.

      5. Қазақстан Республикасының аумағындағы көшіп келушілердің мынадай санаттарының:

      1) білім алу мақсатымен оқу,  кәсіптік даярлау және/немесе  тағлымдамадан өту кезеңінде жүрген (жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, студенттер мен тағлымдамадан өтушілер);

      2) шетелдік қызметкерлердің;

      3) маусымдық шетелдік қызметкерлердің;

      4) гуманитарлық және  саяси  уәждемелер  бойынша көшіп келушілердің отбасы  мүшелеріне  қатысты,  отбасын  біріктіру  мақсатымен көшіп келуіне жол берілмейді. 

      33-бап. Отбасын біріктіру мақсатымен  Қазақстан Республикасына келуге және онда болуға  рұқсат алудың тәртібі

     1. Отбасын біріктіру  мақсатымен  Қазақстан Республикасына келуге  рұқсат демеушінің отбасын біріктіру туралы қолдаухатының негізінде беріледі.

     2. Демеушінің отбасы мүшелері Қазақстан  Республикасына келуге рұқсат  алу үшін  Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне өтініш пен мынадай құжаттарды:

     1) демеушінің қолдаухатын;

     2) Қазақстан Республикасының азаматтарын  қоспағанда,  демеушінің Қазақстан Республикасында  тұруға рұқсатының  нотариалды  куәландырылған  көшірмесін;

     3) демеушінің және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың нотариалды  куәландырылған  көшірмелерін;

     4) демеуші отбасының,  отбасының әр мүшесіне шаққанда айына, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде  қаржы қаражатының болуы растамасын;

     5)  демеушінің, Қазақстан Республикасының аумағында отбасының әр мүшесіне шаққанда, ауданы белгіленген ең төмен нормативтерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген санитарлық және өзге де  нормаларға сәйкес келетін тұрғын үй-жайының болуы растамасын(нотариалды куәландырылған);

     6) демеушінің отбасы мүшелерінің  медициналық сақтандырылуын;

     7) демеушімен отбасылық қатынастарын растайтын, Қазақстан Республикасының және/немесе шетелдік мемлекеттің осыған уәкілетті мемлекеттік органдары  ұсынған құжаттардың нотариалды  куәландырылған  көшірмелерін;

     8) отбасының кәмелетке толған мүшелерінің  соттылығы жоқ екендігін   растайтын құжатты ұсынады.

     3. Отбасын біріктіру  мақсатымен  Қазақстан Республикасында тұруға құқығы бар көшіп келушілер, уақытша тұруға рұқсаттың берілуі, солардың болуына байланысты мән-жайлардың қолданылуы тоқтатылған жағдайларда (кәмелетке толуы, біріктіруді сұраған адамның қайтыс болуы, соның негізінде біріктіру жүргізілген некенің бұзылуы немесе күшінің жойылуы), бұған қажетті осы баптың 2-тармағы 4) тармақшасында  көзделген қаржы қаражатының болуы расталған жағдайда,  ішкі істер органдары олардың өтініштері негізінде алты айға  дейінгі кезеңге  ұзартады.

       

      34-бап. Отбасына қосылу  мақсатымен   келетін  көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері

     1. Отбасына қосылу  мақсатымен   Қазақстан Республикасына  келген балалардың Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алуға құқығы бар.

     2. Отбасына қосылу  мақсатымен   келген  көшіп келушілердің еңбек қызметі, мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

     1) Қазақстан Республикасының азаматтары демеушілері болып табылатын, осы Заңның 32-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген  отбасы мүшелерінің, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасы  азаматтарымен жалпы  жағдайларда еңбек қызметіне құқығы бар;

     2) осы Заңның 32-бабы 1-тармағының 2) - 3) тармақшаларында санамаланған адамдар демеушілері болып табылатын отбасы мүшелерінің, жергілікті атқарушы органдар шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға  немесе жұмыс берушіге    Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын квота шегінде және тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға беретін рұқсаттың негізінде еңбек қызметіне құқығы бар.

     3. Отбасына қосылу  мақсатымен   келген  көшіп келушілер:

     1) Қазақстан Республикасы заңнамасында Қазақстан Республикасының аумағына келетін  көшіп келушілерге қатысты көзделген  басқа да міндеттерді орындауға;

     2) Қазақстан Республикасында болу рұқсатының қолданылу мерзімі аяқталғанда, егер оның бұдан әрі болуына заңды негіздеме болмаса, Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті. 
 

6-тарау.  Тарихи отанына  оралу мақсатында көшіп келу 

     35-бап. Оралмандардың көшіп келу квотасы

     1. Оралмандардың көшіп келу квотасы жөніндегі ұсынысты Қазақстан Республикасына қоныс аударуға ниетті этникалық қазақтардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасына қоныс аударған оралмандардан келіп түскен өтініштер мен жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын ескере отырып көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді.

     Оралмандардың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған көшіп келу квотасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

     2. Оралмандардың көшіп келу квотасын  көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган облыстар, Астана мен Алматы қалалары бойынша, жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын  ескере отырып таратып бөледі.

     3. Оралман мәртебесін берудің тәртібін және  оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуді осы Заңның 39, 40-баптарында көзделген талаптарды  сақтай отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

       

     36-бап.  Оралмандардың санаттары

     Оралмандар мынадай санаттарға бөлінеді:

     1) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандар;

     2) оралмандардың көшіп келу квотасынан тыс өздігінен келген және   Қазақстан Республикасының аумағында тұратын оралмандар. 
 

        37-бап.  Оралман мәртебесін беруге  өтініш берудің және/немесе оралмандардың көшіп келу квотасына енгізудің тәртібі

     1. Оралман мәртебесін беру  және/немесе оралмандардың  көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті   этникалық қазақ тікелей өзі, ал  отбасымен қоныс аударған жағдайда  этникалық қазақ  отбасының кәмелетке толған мүшелерінің біреуі:

     1)  Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне;

     2) Қазақстан Республикасына өздігінен  қоныс аударған жағдайда,  көші-қон  мәселелері жөніндегі  уәкілетті  органның аумақтық бөлімшелеріне береді.

     2. Қолдаухат  өтініш берушіге, сондай-ақ онымен бірге қоныс аударатын,   Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын отбасы мүшелеріне:

Информация о работе Қазақстан Республикасының заңдары