Қазақстан Республикасының заңдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 17:02, реферат

Описание работы

Қазақстае Республикасының заңдар жинағы

Работа содержит 1 файл

заң.doc

— 361.50 Кб (Скачать)

     4. Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден білім алу мақсатымен келген көшіп келушілердің уақытша тұруына рұқсатты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес ішкі істер органдары береді. 
 

      20-бап. Білім алу мақсатымен келетін көшіп келушілердің жекелеген

                   санаттарының еңбек қызметін жүзеге асыру шарттары

     1. Күндізгі оқу нысанындағы студенттердің   жұмысқа орналасуға және жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алмай-ақ және оқудан   бос уақытында ғана еңбек қызметімен айналысуға құқығы бар.

     2. Күндізгі оқу нысанындағы студенттер мен тағлымдамадан өтушілердің жұмыс уақыты аптасына он сағаттан аспауға тиіс. 
 

      21-бап.  Білім алу мақсатымен келетін көшіп келушілердің  негізгі құқықтары мен міндеттері

     1.  Шетелдіктердің  мемлекеттік білім  беру тапсырысына сәйкес  конкурстық  негізде  техникалық және кәсіптік,  ортадан кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі тегін білім алу құқығы  Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен айқындалады.

     Қазақстан Республикасына білім алу мақсатымен келген көшіп келушілер оқуын  аяқтағаннан кейін, олардың жұмысқа орналасуға рұқсаты немесе шетелдік  жұмыс күшін тартуға рұқсаты   бар жұмыс берушінің жалдау туралы  кепілхаты бар болса, білім алу мақсатымен келу рұқсатын  еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатындағы  рұқсатқа ауыстыру туралы өтініш  беруге құқылы.

     Қазақстан Республикасына білім алу мақсатымен келген этникалық қазақтардың қатарындағы  көшіп келушілер оқуын аяқтағаннан  кейін тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтініш беруге құқылы.

     2. Білім алу мақсатымен келетін  көшіп келушілер:

     1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының аумағында болатын  көшіп келушілерге қатысты міндеттерді орындауға;

     2) одан  әрі болуына заңды негіздеме болмаса,  оқудың және/немесе кәсіптік даярлаудың толық курсын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті. 
 
 

4-тарау.  Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатымен көшіп келу  

     22-бап.  Еңбекші көшіп келушілердің санаттары

  1. Еңбекші көшіп келушілер мынадай санаттарға бөлінеді:

      1) шетелдік қызметкерлер – Қазақстан Республикасы аумағында  ақылы еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген немесе жұмыс берушілер тартатын көшіп келушілер;

     2) Қазақстан Республикасы заңнамасына  сәйкес табыс әкелетін жеке еңбек қызметімен айналысатын көшіп келушілер (инвесторлар, инновациялық және  кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдар);

      3) маусымдық шетелдік  қызметкерлер  –  Қазақстан Республикасының аумағында өзінің сипаты бойынша маусымдық  жағдайларға байланысты  және  белгілі бір, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңнің ішінде орындалатын жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер тартатын көшіп келушілер. 
 

     23-бап.  Шетелдік қызметкерлердің келу шарттары

     Жұмысқа орналасуға келетін немесе жұмыс  берушілер тартатын шетелдік қызметкерлер:

     1) кәмелетке толған болуға;

     2) жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатының қолданылу мерзімі  аяқталғаннан кейін тұрақты тұратын  еліне кетуі үшін қажетті, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпте және мөлшердегі өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсынуға;

     3) атқарылатын жұмысты орындау үшін қажетті білімі,  біліктілігі мен тәжірибесі болуға;

     4) соттылығы жоқтығы туралы растаманы ұсынуға;

     5) болжамды кәсіптік салада таңдаған мамандығы бойынша  еңбек қызметіне  кедергі келтіретін ауруларының жоқ екені  туралы  медициналық анықтаманы ұсынуға;

     6) медициналық сақтандыруы болуға міндетті. 
 

     24-бап.  Шетелдік қызметкерлерге  келуге рұқсат беру шарттары

     1. Шетелдік  қызметкерлерге келуге рұқсатты шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушіге  шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттың негізінде және олардың қолданылу мерзіміне Сыртқы істер министрлігі мен   Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері береді.

     2. Алматы қаласының  өңірлік  қаржы орталығында қызметін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдік қызметкерлерге келуге рұқсат, Алматы қаласының халықаралық әуежайына келген кезінде беріледі.

     3. Келудің және болудың визасыз  тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен  келісім жасасқан мемлекеттерден  келген шетелдік қызметкерлерге уақытша тұруға рұқсатты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес, ішкі істер органдары береді.

     4. Шетелдік қызметкерлердің келуге және уақытша тұруға рұқсатын, шетелдік қызметкердің жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушінің алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаты болса, ішкі істер органдары бір жылға ұзартады.

        

         25-бап. Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс

                     берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат  

                       берудің тәртібі 

     1. Шетелдік жұмыс күшін тарту кәсіптік және біліктілік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтін квотаның негізінде жүзеге асырылады.

     Шетелдік  жұмыс күшін тартуға арналған квота экономикалық белсенді халық санына проценттік қатынаспен айқындалады немесе еңбек нарығындағы сұраныс жағдайының алдағы жылға арналған болжамына сәйкес экономика  салалары бойынша  және/немесе шығу елдері бойынша абсолюттік мағынада белгіленеді.

     2. Шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын  көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында  таратып бөледі.

     Жергілікті  атқарушы органдар жұмыс берушілерге – шетелдік жұмыс күшін тартуға, шетелдік қызметкерлерге – жұмысқа орналасуға белгіленген квота шегінде бір жылға дербестендірілген  рұқсат береді. Рұқсаттар бір жылдан аспайтын мерзімге  ұзартылады. 

     3. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың  еңбек қызметін жүзеге асыруы шетелдік қызметкердің жұмысқа орналасу немесе  жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тарту рұқсатынсыз жүргізіледі.

     4. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын белгілеудің тәртібін, шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға  және жұмыс берушілерге  шетелдік жұмыс күшін тартуға  рұқсат берудің шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

     5. Осы Заңның шетелдік жұмыс күшін квоталау мен шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және  жұмыс берушіге  шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру туралы  нормалары, Алматы қаласының  өңірлік қаржы орталығында басшы лауазымдарында  жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға және Қазақстан Республикасы  заңнамасында белгіленген тәртіппен  расталған құжаттары бар, ортадан кейінгі және жоғары білімі бар мамандарға қолданылмайды.

       26-бап. Этникалық қазақтар мен отандастарымыздың қатарындағы  

                    шетелдік қызметкерлердің еңбек қызметін

                     реттеудің ерекшеліктері 

       Жергілікті атқарушы орган шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушілерге этникалық қазақтар мен отандастарымыздың қатарындағы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жеңілдетілген тәртіппен, жұмыс берушінің мерзімді баспасөзде бос орындар туралы хабарландыруынсыз  және деректер базасындағы бос лауазымдар жөніндегі ұсыныстарды жергілікті атқарушы органның қарауынсыз бір жылдан аспайтын мерзімге береді.

       

      27-бап.  Бизнес-көшіп келушілерге  келуге рұқсат беру  және олардың келу шарттары

     1. Бизнес-көшіп келуші келуге рұқсат  алу үшін:

     кәмелетке толған болуға;

     медициналық сақтандыруы болуға;

     соттылығының және сот шешімі негізінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға  тыйымның  болмауы растамасын ұсынуға;

       кәсіпкерлік қызмет тәжірибесі болуға міндетті.

     2. Бизнес-көшіп келушілердің  Қазақстан Республикасына келуіне рұқсатты екі жылға дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының шетелдегі  мекемелері береді. 

     3. Этникалық қазақтар қатарындағы,  оның ішінде  келудің және болудың  визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден келген бизнес-көшіп келушілердің келуіне және уақытша болуына рұқсат  үш жылға дейінгі  мерзімге береді.

     4. Бизнес-көшіп келушілерге келуге және уақытша тұруға рұқсатты кейін жергілікті атқарушы органның қолдаухаты негізінде ішкі істер органдары жыл сайын бір жылға ұзартуы мүмкін.  
 

        28-бап. Бизнес-көшіп келушілердің болу және олардың жеке кәсіпкерлік қызметті  жүзеге асыру шарттары

     1.  Бизнес-көшіп келушілердің жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруы Қазақстан Республикасы аумағында болуының міндетті шарты болып табылады.

     2.  Бизнес-көшіп келуші Қазақстан Республикасы аумағына келген күнінен бастап  екі айлық мерзім ішінде:

       Қазақстан Республикасында заңды  тұлғаны тіркеуге немесе  азаматтық заңнамаға  сәйкес   Қазақстан   Республикасы   аумағында    қызметті   жүзеге  

асырушы заңды тұлғалардың қатысушылары құрамына ену жолымен коммерциялық ұйымдардың  жарғылық капиталына қатысуға;

     Заңды тұлғаны тіркеу кезінде оның жарғылық қорын қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген ең төмен мөлшерден кем емес ақшалай қаражат сомасын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі  банкіне енгізуге міндетті.

     Заңды тұлға уақытында тіркелмеген  жағдайда ішкі істер органдары жергілікті атқарушы органның қолдаухаты негізінде, бизнес-көшіп келушілердің  болу мерзімін, олардың өз еркімен кетуіне немесе  елден шығарылуына қажетті мерзімге қысқарту туралы шешім шығарады.

     Бизнес-көшіп  келуші ретінде келуге рұқсат алмаған  шетелдіктердің  заңды тұлға құруына, сондай-ақ заңды тұлға қатысушыларының  құрамына  ену жолымен  коммерциялық ұйымдардың жарғылық қорына  қатысуына  тыйым салынады.

     3. Қазақстан Республикасы аумағына жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін  жабдықтар әкелуді бизнес-көшіп келуші Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы айқындайтын шарттармен және тәртіппен жүзеге асырады.

     4. Бизнес-көшіп келушілер Қазақстан Республикасының шетелдіктердің баруына ашық аумақтарында еркін жүріп-тұра алады және Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес  тұратын жерін таңдай алады.    
 

        29-бап.  Маусымдық шетелдік қызметкерлердің  келу және

                       болу шарттары

     1 Маусымдық шетелдік қызметкерлердің  келуіне рұқсатты шетелдік жұмыс күшін тарту рұқсатының негізінде Қазақстан Республикасының шетелдегі  мекемелері береді.

     2. Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден келген маусымдық шетелдік қызметкерлердің  келуіне рұқсатты ішкі істер органдары береді.

      3. Маусымдық шетелдік қызметкерлер:

     1) кәмелетке толған болуға;

Информация о работе Қазақстан Республикасының заңдары