Қазақстан Республикасының заңдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 17:02, реферат

Описание работы

Қазақстае Республикасының заңдар жинағы

Работа содержит 1 файл

заң.doc

— 361.50 Кб (Скачать)

     1) жұбайына;

     2) өтініш берушінің және жұбайының ата-аналарына;

     3) балаларына (оның ішінде асырап алған) және олардың отбасы мүшелеріне;

     4) некеде тұрмайтын, толық тектес  және толық тектес емес аға-інілері  мен апа-қарындастарына (сіңлілеріне)   қолданылады.

       

        38-бап.  Оралмандардың  көшіп келу квотасына енгізу

                       жөніндегі комиссия

     Оралмандар  мен этникалық қазақтардың   оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі  өтініштерін қарау үшін көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органның  әрбір аумақтық бөлімшесі  облыстарда, Астана мен Алматы қалаларында Оралмандардың  көшіп келу квотасына енгізу жөнінде комиссия құрады.

     Комиссияның құрамына мәслихат депутаттары,  мемлекеттік  органдар мен  қоғамдық ұйымдардың өкілдері енгізіледі.

     Оралмандардың  көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. 
 
 
 
 
 
 

        39-бап.  Оралман мәртебесін беру және Қазақстан Республикасы аумағына  келгенге дейін бұл туралы өтініш берген этникалық қазақтарды оралмандардың  көшіп келу квотасына енгізу

       1. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері оралмандардың  көшіп келу квотасына енуге үміткерлердің өтініштері мен құжаттарын қабылдап алады және олардың тіркелген күнінен бастап отыз күннің ішінде көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

     2. Оралмандардың  көшіп келу квотасына енуге үміткерлердің ұлты  жеке басын куәландыратын құжаттарындағы  жазбаға сәйкес айқындалады. Мұндай жазба болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін құжаттарға оның ұлтын растайтын басқа құжаттарының көшірмелерін  қоса  тіркейді.

     3. Көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттарын оралмандардың  көшіп келу квотасына енгізуге келісетіні туралы қорытынды дайындау үшін келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, үміткерлер тұруға таңдап алған өңірлердегі  өздерінің аумақтық бөлімшелеріне жібереді.

     Көші-қон  мәселелері жөніндегі уәкілетті  органның  аумақтық бөлімшелері  этникалық қазақтың оралмандардың  көшіп келу квотасына енгізуге өтініші мен құжаттарын  қарау үшін және қабылдауға келісу не қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін  жергілікті атқарушы органдар мен ішкі істер органдарына жібереді.

       Екі айдың ішінде  жергілікті атқарушы органдар мен ішкі істер органдары қабылдаған, қабылдауға келісу туралы  шешімдердің негізінде,  көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органның  аумақтық бөлімшесі үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде,  этникалық қазақты қабылдауға келісу туралы  қортындыны дайындайды және оны Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі комиссияның қарауына ұсынады.         

     4. Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі комиссия этникалық қазақты оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуге алдын ала келісу не  одан бас тарту туралы  шешім қабылдайды.

     Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуге келісім, үміткер осы Зааңның 1-бабының 15) тармақшасында белгіленген ұғымға  сәйкес болған жағдайда беріледі.

     Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуде артықшылық құқығын мынадай басым кезектілікпен:

     1) алдағы жұмысты орындау үшін қажетті білімі, біліктілігі мен тәжірибесі бар; 

     2) көп балалы отбасылар;

     3) саяси және  әлеуметтік-экономикалық  ахуалы тұрақсыз елдерден  келген этникалық қазақтар пайдаланады.

       5. Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі комиссияның шешімін аумақтық бөлімше көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган оларды  өтініш берушіге  жеткізу үшін Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне жолдайды.

     6. Этникалық қазақтардың оралмандардың көші-қон квотасына енгізу өтінішін қараудың мерзімі тұтастай алғанда, оның көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап,  үш айдан аспауға тиіс.

     7. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі комиссияның   оралмандардың көші-қон квотасына  енгізу жөніндегі шешімін  алғаннан кейін,  бір айдың ішінде  оны этникалық қазаққа жібереді және Қазақстан Республикасына қоныс аударуына жәрдем көрсетеді.

     8. Этникалық қазақ оралмандардың көші-қон квотасында  көзделген,  Қазақстан Республикасында тұратын жеріне келгеннен кейін, көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органның  аумақтық бөлімшесіне оралман мәртебесін беруге өтініш береді.

     9. Көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органның  аумақтық бөлімшесі этникалық қазақты оралмандардың  көшіп келу квотасына енгізуге келісу туралы бұдан бұрын қабылданған шешімді ескере отырып, бес жұмыс күні ішінде өтініш беруші мен оның отбасы мүшелеріне  оралман мәртебесін  береді, оған оралман куәлігін тапсырады және  шешім қабылдау үшін оралмандардың тізімін Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі комиссияға жібереді. 

     10. Оралманның куәлігі  оның иесіне  және  отбасы мүшелеріне он  жұмыс күні ішінде  тұрақты  тұруға рұқсат алуға және қоныстандыру  орны бойынша тіркелуге құқық  береді.

     11. Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі комиссия оралман мен оның отбасы мүшелері тұрақты тұруға рұқсат алғаннан және қоныстандыру орны бойынша тіркелгеннен кейін он күннің ішінде оралмандардың  көшіп келу квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды.

     12. Көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бір айдың ішінде оралмандардың  көшіп келу квотасына енгізілген оралман мен оның отбасы мүшелеріне, қоныстандыру өңірлері бойынша сараланған жеңілдіктер, өтемақылар мен басқа да  әлеуметтік көмек түрлерін  береді.  

        40-бап.  Өздігінен келген және Қазақстан Республикасы аумағында жүрген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру және/немесе оларды  оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу

     1. Қазақстан Республикасының аумағына  өздігінен келген   этникалық қазақтардың өтініштерін қарау және оралман мәртебесін беру туралы  шешім қабылдау, олардың тіркелген күнінен бастап бес  жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жүзеге асырылады.

     Оралман мәртебесін беру, үміткер осы Заңның 1-бабы 15) тармақшасында  белгіленген ұғымға сәйкес болған жағдайда жүзеге асырылады.

     Оралман мәртебесі берілген жағдайда, көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өздігінен келген этникалық қазаққа және оны отбасы мүшелеріне оралман куәлігін береді.

     2. Оралман мәртебесін алуға үміткердің ұлты жеке басын куәландыратын құжаттарындағы жазбаға сәйкес айқындалады. Мұндай жазба болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органның сұрауы бойынша оның ұлтын растайтын басқа құжаттарының көшірмелерін жібереді. 

     3. Оралман мәртебесін алған адам осы Заңның 39-бабы 4-тармағының үшінші бөлігінде,  11 және 12-тармақтарында айқындалған жағдайларда және тәртіппен оралмандардың  көшіп келу квотасына енгізуге және жеңілдіктер, өтемақылар мен  әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуға үміткер бола алады. 
 

     41-бап. Этникалық қазақтардың жекелеген отбасы мүшелерін

                   оралмандардың көшіп келу квотасына

                  енгізудің ерекшеліктері

     1. Отбасы оралмандардың  көшіп келу квотасына енгізілгеннен кейін келген отбасының басқа да мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтығын алғанға дейін Қазақстанда туған балалары да  күнтізбелік жыл ішінде  оралмандардың  көшіп келу квотасына енгізіледі.

     2. Егер оралман өз отбасы құрамында өзінің  отбасы бар балаларын көрсетпеген болса, онда балаларының отбасы мүшелері, балалар қайтыс болған, ата-ана құқығынан айрылған, не өздері Қазақстан Республикасы азаматтығын алған жағдайларда ғана, оралманның отбасы құрамында оралмандардың көшіп келу квотасына енгізіледі.

     Бұл ретте, балаларының кәмелетке толмаған отбасы мүшелерін оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу үшін,  балаларының кәмелетке толмаған отбасы мүшелерінің ата-анасының екеуі де қайтыс болған не ата-ана құқығынан айрылған жағдайларда, оралман (оралманның жұбайы) олардың қорғаншысы (қамқоршысы) болып табылуға тиіс. 
 

     42-бап.  Оралмандарға берілетін жеңілдіктер,  өтемақылар мен 

                   әлеуметтік көмектің басқа да  түрлері

     1. Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсынудан босатылады.

     2. Оралман мәртебесін алған  адамдар мен олардың отбасы мүшелері:

       1) көшіп қонушыларды бейімдеу және кіріктіру орталықтарында тегін бейімдеу және кіріктіру қызметтерімен;

     2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау  саласындағы уәкілетті органы  белгілейтін тәртіппен медициналық көмекпен;

     3) мектептерде және мектепке дейінгі ұйымдарда орындармен,  техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беретін оқу ұйымдарына  Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын көлемде бөлінетін квотаға сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей  білім алу мүмкіндігімен;

     4) Қазақстан Республикасы азаматтарымен бірдей әлеуметтік қорғаумен;

     5) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуда жәрдеммен қамтамасыз етіледі.

     3. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне жеке қосалқы шаруашылығын жүргізуге, бағбаншылықпен айналысуға және  саяжай  құрылысына ауыл шаруашылығы нысанындағы ауылдық елді мекендердің жерлерінен, көшіп келушілердің жер қорынан, арнаулы жер қорынан және қордағы жерлерден жерді уақытша қайтарымсыз пайдалану құқығымен, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес  жер учаскелері беріледі.

     4. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары  оралмандардың көші-қон  квотасынан тыс Қазақстан Республикасына  қоныс аударған оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне жол жүру және мүлкін тасымалдау шығыстарын  қамтитын біржолғы жәрдемақыларды белгілей алады.

     5. Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне осы баптың  1 - 3-тармақтарында көзделген, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен берілетін      жеңілдіктер, өтемақылар,  жәрдемақылар мен әлеуметтік көмектің басқа да түрлеріне қоса мынадай қосымша жеңілдіктер:

     1) қоныстандыру өңіріне қарай  сараланған және  алғашқы бейімдеу, тұрақты тұратын жеріне  жол жүру мен мүлкін тасымалдау шығыстарын қамтитын  біржолғы жәрдемақы төлемі;

     2) тұрғын үй  сатып алуға қаражат бөлінеді  немесе  салуға, қалпына келтіруге жеңілдікті несие  займы беріледі.

     6. Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуге келісім алған этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандар, Қазақстан Республикасы аумағына  келіп кірген кезде,  көлік құралдарын қоспағанда, жеке мүлкіне  кеден төлемдерінен босатылады.

      7. Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандар біржолғы жәрдемақы мен тұрғын үй  сатып алуға қаражатты,  өзінің және отбасының ұлты қазақ емес мүшелерінен басқа, кәмелетке толған мүшелерінің Қазақстан Республикасы азаматының  жеке басын куәландыратын құжаттарын  ұсынуы бойынша ала алады.

     8. Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралман Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан бас тартқан жағдайда, біржолғы жәрдемақы мен тұрғын үй  сатып алуға қаражат есептелмейді және/немесе  төленбейді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының заңдары