Қазақстан Республикасының заңдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 17:02, реферат

Описание работы

Қазақстае Республикасының заңдар жинағы

Работа содержит 1 файл

заң.doc

— 361.50 Кб (Скачать)
 
 

Жоба 

Қазақстан Республикасының  Заңы

 

  Халықтың көші-қоны туралы 

     Осы Заң халықтың көші-қоны саласындағы  қоғамдық қатынастарды реттейді, көші-қон  процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды. 
 

1-бөлім. Жалпы ережелер 

1-тарау. Негізгі ережелер 

     1-бап.  Осы Заңда пайдаланылатын  негізгі ұғымдар

     Осы Заңда мынадай  негізгі ұғымдар  пайдаланылады:

     1) босқындар – негізделген  қауіп төнуі себепті, саяси сенімі, нәсілдік белгісі, діни нанымы,  азаматтығы, ұлты, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша қудалау құрбанына айналған, өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде тұруға  мәжбүр болған және  осындай  қауіп салдарынан өз елінің қорғауын  пайдалана алмайтын немесе  пайдаланғысы келмейтін  шетелдіктер немесе  осындай қауіп  салдарынан бұрынғы тұрғылықты елінен тыс жерде тұрып жатқан, еліне қайтып орала алмайтын  немесе қайтып оралғысы келмейтін азаматтығы жоқ адамдар;

     2) демеуші – Қазақстан Республикасында  тұратын,  отбасын біріктіру  мақсатымен өзінің отбасы мүшелерінің елге келуі туралы қолдаухат беруші  отбасы мүшесі (қамқоршы, қорғаншы); 

    3) еңбек көші-қоны – еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жеке адамдардың басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және  Қазақстан Республикасынан, сондай-ақ  мемлекет ішінде  уақытша қоныс ауыстыруы;

     4) заңсыз көші-қон – шетелдіктердің немесе  азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына (нан) келуі, кетуі, болуы, сондай-ақ  Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзиттік жол жүру тәртібін реттейтін заңнаманы бұза отырып кетуі, келуі және болуы;

     5) келуге  және кетуге рұқсат (виза) – осыған  уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспорт немесе оны ауыстыратын құжатындағы белгісі, ол онда белгіленген уақытқа,  мақсаттарда және шарттармен Қазақстан Республикасы аумағына келуге, оның аумағы бойынша жүріп тұруға, онда болуға және Қазақстан Республикасы аумағынан кетуге құқық береді;  

     6) көшіп келу – шетелдіктердің  немесе  азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына  уақытша немесе тұрақты  тұру үшін  келуі;

     7) көшіп келушілер – Қазақстан Республикасына  уақытша немесе тұрақты  тұруға  келген шетелдіктер  немесе  азаматтығы жоқ адамдар;

     8) көші-қон – жеке адамдардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде  тұрақты немесе уақытша,  ерікті немесе мәжбүрлі  қоныс ауыстыруы;

     9) көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті  орган – көші-қон процестерін реттеуді және Қазақстан Республикасы халқының көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді өз құзыреті шегінде жүзеге асырушы мемлекеттік орган;

     10) көшіп-қонушылар – себебі мен ұзақтығына қарамастан, Қазақстан Республикасына келген және  Қазақстан Республикасынан кеткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішінде  қоныс аударушы  адамдар;

     11) көшіп-қонушыларды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы – көшіп-қонушыларға  ықпалдастыру және бейімдеу қызметтерін көрсетуге, сондай-ақ оралмандардың және олардың отбасы мүшелерінің  уақытша тұруына арналған орын;

     12) қабылдаушы ұйым – оқытуды, тағлымдамадан өткізуді және/немесе біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі шарттың  тарабы саналатын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;

     13) қоныс аударушылар – ішкі көшіп-қонушылардың  қоныс аудару  квотасына және  тұрақты тұру үшін  елдің экономикалық келешегі зор  өңірлеріне халықты  оңтайлы қоныстандыру  схемасына сәйкес Қазақстан Республикасының ішінде  қоныс аударушы адамдар;

     14) миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы аумағында  өз қызметін жүзеге асырушы діни бірлестіктің жарғылық ережелерінде  қамтылмаған діни сенімді  діни-ағартушылық қызмет арқылы уағыздау және тарату;

     15) оралмандар – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатымен  Қазақстанға келген және осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған,  Қазақстан Республикасы егемендік алған сәтте шетелде тұрақты тұрып жатқан ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар және олардың Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тысқары жерде туған   ұлты қазақ балалары;

     16) оралмандардың көшіп келу квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін, осы Заңда көрсетілген көлемде  әлеуметтік қолдау көрсетілетін оралман отбасыларының саны;

     17) отандастар – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе  бұдан бұрын азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адамдар;

     18) тұрақты тұруға  рұқсат – Қазақстан Республикасы заңнамасында  белгіленген  талаптарды сақтаған кезде, көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат;

     19) уақытша орналастыру орталығы – этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерінің оралман мәртебесін алғанға дейін уақытша тұруына арналған орын;

     20) уақытша тұруға рұқсат – Қазақстан Республикасы заңнамасында  белгіленген  талаптарды сақтаған кезде, көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және олардың  болу мақсатына қарай, Қазақстан Республикасының аумағында белгілі бір мерзімге  тұру құқығын беретін құжат;

     21) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтін,  Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны;

     22) шетелдік жұмыс күшін тартуға  рұқсат  – көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган таратып бөлген квота шегінде, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін бір жұмыс жылынан аспайтын мерзімге тарту үшін,  жұмыс берушіге жергілікті атқарушы орган беретін, белгіленген нысандағы құжат;

     23) шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға берілетін рұқсат –  Қазақстан  Республикасының Үкіметі айқындайтын адамдардың тізбесіне кіретін шетелдік қызметкерге көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган таратып бөлген квота шегінде   Қазақстан Республикасында жұмысқа орналасу үшін жергілікті атқарушы орган бір жылға беретін, белгіленген нысандағы құжат;

     24) ықпалдастыру және бейімдеу қызметтері – көшіп-қонушылар мен олардың отбасы мүшелеріне  бейімдеу және қоғамға ықпалдастыру және  көшіп-қонушылардың әлеуетін іске асыру мақсатында  көрсетілетін (ақпараттық,  заңгерлік,  әлеуметтік,  медициналық және білім беру) қызметтер кешені;

     25) ішкі көші-қон – жеке адамдардың Қазақстан Республикасының ішінде  тұрақты немесе уақытша қоныс ауыстыруы;

     26) ішкі көшіп-қонушылар –  Қазақстан Республикасының ішінде  өздігінен немесе  ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасы бойынша қоныс аударушы  адамдар;

     27) ішкі көшіп қонушылардың қоныс аудару квотасы – экологиялық өмір сүру жағдайы ерекше қолайсыз және даму әлеуеті төмен елді мекендерден Қазақстан Республикасының экономикалық  перспективалы  өңірлеріне тұрақты тұруға қоныс аударуға тиіс Қазақстан Республикасы азаматтары отбасыларының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шекті саны;

     28) эмиграция – Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа мемлекетке уақытша немесе  тұрақты тұру үшін кетуі;

     29) этникалық қазақтар – шетелде тұрақты тұратын,  ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;

     30) этникалық  репатриация – ұлты қазақ шетелдіктердің  немесе  азаматтығы жоқ адамдардың тұрақты  тұру үшін  Қазақстан Республикасына  келуі.  
 

     2-бап.  Халықтың көші-қонын  реттейтін заңнама

     Көші-қон  саласындағы заңнама Қазақстан  Республикасының Конституциясына  негізделеді және  осы Заңнан, өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

     Егер  Қазақстан Республикасы  ратификациялаған  халықаралық шартта  осы Заңда қамтылғаннан өзгеше ережелер  белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.  
 

     3-бап.  Көші-қонның негізгі түрлері

     Қазақстан Республикасы аумағына (аумағынан) келу, кету және  болу мақсатына қарай  көші-қонның мынадай негізгі түрлері бар:

     1) білім алу мақсатында;

     2) еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында;

     3) отбасын біріктіру мақсатында;

     4) тарихи отанына оралу  мақсатында;

     5) азаматтық алу мақсатында;

     6) гуманитарлық және саяси   уәждемелер  бойынша;

     7) туристік мақсатта. 
 

      4-бап.  Халықтың көші-қоны  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың   негізгі принциптері мен  міндеттері

     1.   Халықтың көші-қоны саласындағы   мемлекеттік саясат мынадай принциптерге негізделеді:

     1) көшіп-қонушылардың  құқықтары мен бостандықтарының  заңдылық және  халықаралық  құқық негізінде сақталуы:

     2) ұлттық мүддені қорғау және  ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

     3) жеке адамның, қоғамның және  мемлекеттің мүддесін  ұштастыру;

     4) көші-қон процестерін реттеудің  ашықтығы;

     5) ұлты қазақ адамдардың  тарихи отанына  қоныс аударуына жәрдемдесу;

     6) мемлекеттің көші-қон түрлерін реттеудегі  сараланған тәсілі;

     7) көші-қон процестерін реттеу,  заңсыз көші-қонның  алдын алу  және  болдырмау  саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

      2. Халықтың көші-қоны саласындағы  мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері:

     1) көшіп-қонушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;

     2) этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасына  қоныс аударуына жәрдем көрсету,  өңірлердің демографиялық және әлеуметтік-экономикалық даму мүдделерін ескере отырып, оларды ұтымды қоныстандыруды ұйымдастыру; 

     3) Қазақстан Республикасында  еңбек  қызметін жүзеге асыру  үшін  жоғары білікті шетелдік жұмыс  күшін тарту, ұлттық еңбек нарығын  қорғау;

     4) Қазақстанның  халықаралық еңбек  нарығына  кірігуін қамтамасыз ету;

     5) салдарында халықтың жаппай көші-қоны болуы мүмкін жанжалдардың  алдын алу және  болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен ынтымақтастығын дамыту;

     6) ішкі көші-қон ағынын оңтайландыру, көшіп-қонушылардың ел аумағында  оңтайлы қоныстандырылуын  қамтамасыз ету;

     7) шетелде тұратын отандастармен және этникалық қазақтармен өзара қарым-қатынасты қолдау және дамыту болып табылады. 
 

     5-бап.  Көшіп келушілердің  жалпы құқықтары  мен міндеттері

     1. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында:

     1) заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

     2) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алуға,  медициналық  және  әлеуметтік көмекке;

     3) мәдениет жетістіктерін Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей пайдалануға;

     4) Қазақстан Республикасының көшіп келушілерге ашық аумағы бойынша еркін жүріп тұруға және Қазақстан Республикасы  заңнамасында белгіленген негіздеме мен тәртіпке сәйкес  тұратын жерін  таңдауға;

     5) өзіне тиесілі мүліктік және мүліктік емес жеке  құқықтарын қорғау үшін сотқа және өзге де мемлекеттік органдарға шағымдануға;

Информация о работе Қазақстан Республикасының заңдары