Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 12:01, дипломная работа
Бүгінде елімізде мұнай мен газ қорының мол болуымен ерекшеленеді. Мұнай мен газ республикасыздың батыс бөлігінде және оңтүстік аудандарында шоғырланған. Әсіресе мұнай мен газдың мол шоғырланған жерлері Каспий маңы алаптары мен Солтүстік Маңғыстау мұнайлы газды аймағы болып табылады.
Сонымен бірге, Қазақстан территориясына еніп жатқан Каспий теңізі шельфіндегі және құрлықтағы болжанған ресурс қоры мұнай қоры бойынша 12 млрд. тонна, газ конденсаты – 1,6 млрд. тонна, табиғи газ қоры – 5,9 трлн. Метр куб құрайды. Бұл Қазақстанды әлемдегі басты мұнай өндіруші елдердің қатарына қоспақ. Болашақ Қазақстанның қуаты Каспий өңірімен өркендемек.
КІРІСПЕ .................................................................................................................................... .9
1 ТАРАУ. МҰНАЙ – ГАЗ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ.................................................................................................................12
1.1. Әлемдік мұнай бизнесінің дамуы................................................................12
1.2. Қазақстанның мұнай-газ кешенінің қалыптасуы мен қазіргі жағдайы.................................................................................................................18
2 ТАРАУ. МАҢҒЫСТАУ МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ ДАМУ
КЕЗЕҢДЕРІ................................................................................................................................25
2.1. Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуы............................................25
2.2. Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуының негізгі кезеңдеріне перспективалық шолу..........................................................................................30
2.3. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қалыптасуы мен қазіргі жағдайы................................................................................................................40
3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ КЕЛЕШЕКТЕГІ БОЛЖАМЫ.............................................................................................................46
3.1. Қазақстанның мұнай-газ саласының негізгі мәселелері мен даму болашағы...............................................................................................................46
3.2. Қазақстан Республикасының мұнай тасымалдау мәселелері мен
келешегі…………………………………………………………………………53
3.3. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның даму перспективасы...............................65
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................................71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ.............................................................................................75
ҚОСЫМША...............................................................................................................................78
«Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ аймақтың тұрғындары жұмыспен қамтуда маңызды орын алады. 2007жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша, компанияда 4,5 мың адам жұмыс істейді.
Сонымен қатар, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қоршаған ортаны қорғауға байланысты бірқатар шаралар жүйесін қолдануда. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ы қоршаған ортаны қорғау бойынша қабылдаған бағдарлама:
Көмірсутек қорының өсуі бойынша іздеу-барлау көлемін көтеру, пайдаланылатын мұнай және газ ұңғыларының құрылысы, мұнай және газ кенорындарын өндірістік жабдықтау сияқты негізгі атқарылып жатқан жұмыстар, үлкен қаржыны талап етеді. Болашақта «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның тұрақты жұмыс жасауы мен дамуы үшін көмірсутек шикізатын өндіру бағытына қосымша 160 миллионнан астам АҚШ доллары көлемінде қаржы қажет болады.22
Жалпы алғанда, Маңғыстау
мұнайлы-газды аймағындағы
Қаламқас пен Жетібайдан өндірілетін мұнай өнімдерінің көлемі бүгінде тұрақталып, мұнай өндіру дамуының соңғы аяқталған кезеңінде деп айтуға болады. Болашақта осындай жағдайдағы мұнай өндіру көлемін көбейту тоқтап тұрған ұңғыларды пайдалану және қабатқа әсер етудің екінші кезекті әдісін қолдану, сондай-ақ жаңа ашылған кен орындарын өңдеу есебінде жүргізуге болады. Жаңа ұқсас кен орындарын енгізу және мұнай өндіру қарқынды етуде екінші кезекті әдісті қолдану басқа кен орындары бойынша мұнай өндірудің төмендеуін жабады. Осылай, кен орындарындағы мұнай өндірудің өсу мүмкіндігі шектеулі, сол себепті аталған кезеңде компанияның құрамындағы Қаламқас, Жетібай кен орындарында мұнай өндірудің динамикасында айтарлықтай жоғарылау байқалуы да мүмкін.
Компанияның негізгі инвестициялық жобалары жыл сайын кеміне 4562 млн. теңге көлемінде қаржы салынуын қажет етеді. Олар көмірсутек қорыларының өсуі бойынша іздеу-барлау бұрғылау көлемінің өсуімен, мұнай және газдың пайдалану ұңғыларының құрылысы, өңделіп жатқан мұнай және газ кен орындарының өндірістік жабдықталумен байланысты болып отыр. ал болашақта «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ-ның тұрақты жұмыс жасауы мен дамуы үшін көмірсутек шикізатын өндіру аумағында қосымша 163,6 АҚШ доллары көлемінде инвестиция қажет. 2007 жылы 651 млн. теңге капитал салымы игерілді, 810 млн. теңге сомасында негізгі қор пайдалануға берілді, аяқталмаған күрделі құрылыс көлемінің төмендеуі 159 млн. теңгені құрады. Мұнай өндіру объектілерінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар өткізуге 360 млн. теңге шамасында шығын шықты. Аталған компанияның инвестициялық шығындардың индонезиялық «Сентрал Азия Перолеум» компаниясы (90 пайыз акциясын иемделген) көтеріп отыр.
Осылай, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ экономикалық жүйе ретінде аймақтың экономикасының сипаты анық көрінген жүйе болып табылады және оны қуатты шаруашылық бірлігі ретінде анықтауға болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Әлемдегі кез-келген елдің экономикалық дамуында мұнай нарығы маңызды рол атқарады.
Әлемдік мұнай бизнесінде ірі мұнай корпорацияларымен қатар, мұнай өндіру мен экспорттауда жетекші орын алатын ірі мұнай державалары да бар. ОПЕК құрамына әлемдік мұнай өндірудің 38 пайызы, әлемдік мұнай экспортының 61 пайызын беретін 13 ел кіреді. Ал Қазақстанның әлемдік мұнай өндірісінің 3 пайызы, ал Ресей әлемдік мұнай өндірудің 10 пайызын иемденеді.
Алайда, әлемдік мұнай өндірудің қомақты үлесін алып тұрған ОПЕК-ке мүше төрт ел ғана мұнай өндіруді жоғарылата алады. (Сауд Аравиясы, Кувейт, Нигерия, Габон), сонымен бірге Каспий аймағын өңдеуде Қазақстан мен көрші елдер де белгілі бір деңгейде өз әсерлерін тигізулері мүмкін.
Бүгінде Қазақстан Республикасының мұнайлы-газды аудандарының көлемі 1 млн. 700 мың шаршы км., ал бұл барлық территорияның 62 пайызынан астамын құрайды және 208 астам мұнай-газ кен орындары ашылды. Мұнай мен газдың мол қоры Каспий маңы және Солтүстік Маңғыстау мұнайлы-газды аймақтарында шоғырланған.
Теңіз және Королевск мұнай кен орындарындағы мұнай қорының ашылуы мен барлануы бойынша оңды нәтиже берді. Каспий аймағының, Қарашығанақтың ашылулары да еліміздің мұнай қорын өсіре түспек. Қазірде Қазақстанның мұнай-газ саласы ЖІӨ-нің 16-18 пайызын, экспорттың 30 пайызын және республика бюджетіне түсімнің 40 пайызын қамтамасыз етеді.
Қазақстанның мұнай-газ саласында ерекше орынды Маңғыстау мұнай-газ кешені алады. Маңғыстауда мұнай өндіру 1961 жылы ең алғаш Жетібайда мұнай фонтанының атқылауымен басталды.
Маңғыстау мұнай-газ кешенінің
қалыптасуының әртүрлі
Маңғыстау мұнай-газ кешенінің шаруашылық игеру процесін 3 түрлі кезеңге бөлуге болады: бірінші (1961-1978 жылдар) – территорияны пионерлік игеру, екінші (1969-1985 жылдар) – кешеннің қалыптасуының аяқталу кезеңі. Аталған кезеңдердің сапалық айырмашылығы шаруашылық құрылымынан көрінеді. Сонымен, пионерлік игеру кезеңінде өндірістің өндіру саласы меңгерілді. Бұл кезеңдегі игерудің басымдылығы территорияны инфрақұрылымдық дайындау болып табылады. Сондай-ақ, тасымал жүйесінің қалыптасуы жүзеге асырылды, бірақ әлеуметтік инфрақұрылымда артта қалушылық орын алды. Бұл жылдарда Маңғыстау МГК-ін игеруге кеткен капитал салымының тек өндіріске 60,45 пайызы жұмсалған, өндірістік емес сфераға – 7,73 пайыз қаржы бөлінген.
Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қарқынды қалыптастыру кезеңінде мұнай өндіру көлемінің өсуі байқалды. Осы кезеңге кешең дамуында мұнай өндіру көлемінің ең жоғарғы көрсеткішке жетуі байқалды: 1975 жылы 20990 мың тоннаға жетті. Бұл жоғары көрсеткіштерге жету Бозашы түбегіндегі Қаламқас пен Қаражанбас кен орындарының өңделуі нәтижесінде де жүзеге асырылады. Сондай-ақ, аймақаралық құбыр тасымал жүйесін құру аяқталды: ең бастысы Өзен-Атырау-Самара мұнай желісі де осы кезеңде іске қосылды. Бұл кезеңнің негізгі сипаты болып:
Ал мұнай – газ
кешенінің қалыптасуының
Маңғыстау аймағындағы мұнай өндіруші басты кәсіпорын «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да шетел инвесторларының қаржысының көмегінде орын алған мұнай өндіру көлемінің төмендеуі бүгінде тұрақтандырып отыр. бұған, жаңа технология мен техниканың енгізілуі, кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тағы басқа жағдайлардың нәтижесінде қол жетті. Болашақта мұнай кенорындарының мұнай көлемін көбейту тоқтап тұрған ұңғыларды пайдалану және қабатқа әсер етудің екінші кезекті әдісін қолдану, сондай-ақ жаңа ашыған кенорындарын өңдеу есебінде жүзеге асыруға болады.
Сонымен, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ экономикалық даму көрсеткіштерін талданып отырған аймақтың дамуының нақты көрсеткіштерімен байланыстырып, аталған аймақтың даму саясатын жоспарлауға болады.
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында энергетикалық мәселе анық көрсетілген. Бұл стратегияда 3 негізгі бағыт көрсетілген:
Бұл стратегиялық міндеттерді шешу үшін Теңіз және Қарашығанақ кенорындарында мұнай өндіруді көбейту, Каспий шельфін игеру мен өңдеу, мұнай-газ кешенінің басқару жүйесін жетілдіру, Теңіз-Новороссийск (КҚК) құбыр жолы көмегімен, сондай-ақ, жанама тасымал жолын іздеу арқылы, әлемдік нарыққа шығу, мұнай кенорындарына жақын жерде мұнай өндеу жзауыттарын салу сияқты мәселелердің шешімін табу керек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР