Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 12:01, дипломная работа
Бүгінде елімізде мұнай мен газ қорының мол болуымен ерекшеленеді. Мұнай мен газ республикасыздың батыс бөлігінде және оңтүстік аудандарында шоғырланған. Әсіресе мұнай мен газдың мол шоғырланған жерлері Каспий маңы алаптары мен Солтүстік Маңғыстау мұнайлы газды аймағы болып табылады.
Сонымен бірге, Қазақстан территориясына еніп жатқан Каспий теңізі шельфіндегі және құрлықтағы болжанған ресурс қоры мұнай қоры бойынша 12 млрд. тонна, газ конденсаты – 1,6 млрд. тонна, табиғи газ қоры – 5,9 трлн. Метр куб құрайды. Бұл Қазақстанды әлемдегі басты мұнай өндіруші елдердің қатарына қоспақ. Болашақ Қазақстанның қуаты Каспий өңірімен өркендемек.
КІРІСПЕ .................................................................................................................................... .9
1 ТАРАУ. МҰНАЙ – ГАЗ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ.................................................................................................................12
1.1. Әлемдік мұнай бизнесінің дамуы................................................................12
1.2. Қазақстанның мұнай-газ кешенінің қалыптасуы мен қазіргі жағдайы.................................................................................................................18
2 ТАРАУ. МАҢҒЫСТАУ МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ ДАМУ
КЕЗЕҢДЕРІ................................................................................................................................25
2.1. Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуы............................................25
2.2. Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуының негізгі кезеңдеріне перспективалық шолу..........................................................................................30
2.3. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қалыптасуы мен қазіргі жағдайы................................................................................................................40
3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ КЕЛЕШЕКТЕГІ БОЛЖАМЫ.............................................................................................................46
3.1. Қазақстанның мұнай-газ саласының негізгі мәселелері мен даму болашағы...............................................................................................................46
3.2. Қазақстан Республикасының мұнай тасымалдау мәселелері мен
келешегі…………………………………………………………………………53
3.3. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның даму перспективасы...............................65
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................................71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ.............................................................................................75
ҚОСЫМША...............................................................................................................................78
1995 жылы орташа мұнай бағасы 1980 жылен салыстырғанда 25 пайызға, 1990 жылы – 38 пайызға, ал 1994 жылы ең төмен деңгейі 1 баррельге 16 доллар (2,3 есе төмендеуі) болғанда 10 ірі компанияның пайдасы 5 жыл ішінде ең жоғары табысқа ие болды.²
Ал газ өндеу туралы айтсақ, табиғи газдың барлық өндірген көлемінің 20 пайызы ғана халықаралық сатуға түседі.
Оның 2/3 құбыр жолдарымен, қалғандары танкерлермен тасымалданады. Ірі газ экспорттаушыларына Ресей (Еуропаға және Түркияға), Канада (АҚШ-қа) және Индонезия (Жапонияға) жатады. Негізгі импортерлерге АҚШ (Канададан және Алжирден) пен БАӘ кіреді.
Ал енді Каспий теңізін айта өтсек, онда барлау жұмыстары нәтижжесінде үлкен мұнай кен орынын ашып, ол Шығыс Қашаған кен орнынан 7 млрд. тонна мұнайы бар екені ықтимал дейді. Мұнай кен орындары көп ашылған сайын, дүниежүзілік нарықта арзан мұнай немесе артық мұнай пайда болды. Мұнай бағасы түскенде, көбіне Сауд Аравиясы мен Венесуэлаға жағдайларды туғызды.
Себебі бұл елдердің экспортының басым бөлігі – мұнай болып отыр. Мұнай өндіруші Парсы шығанағындағы елдердің экономикасы мұнай бағасына икемді, себебі экономикасы мұнай қорының 51 пайызына орналасқан. Мысалы, 1998 жылы бюджетті мұнай бағасын 18 доллар/баррельмен алған, бірақ сол кездегі қиыншылық нәтижесінде экономикалық өсім төмен болып, Үкімет бюджеттегі шығындарды шегеруге тура келген. Ал соңғы кезде мұнай бағасының өсуінен 2006 жылға экспорттан түскен ақша 230 млрд. доллар болды, ал кейбір елдер бұрынғы жылдармен салыстырғанда, екі есе көп табыс тапты. Мысалы, Кувейт мұнай бизнесінен тапқан табыс бұрынғы жылдармен салыстырғанда 97 пайыз, Ливияда 91 пайыз, ал Алжирде 90 пайыз, Қазақстанды ала келсек, ол 2000 жылы 35,27 млн тонна мұнай өндіріп, 3 млрд. доллар пайда алды.
Соңғы 10 жылдағы АҚШ пен Ирак қақтығыстарында, АҚШ мұнай бағасын ұстап тұр деп айтуға болады, осыған келе ғаламдық экономиканың мұнайға сұраныс және ұсынысына қарасты сұрау бойынша Иракқа қатысты эмбаргоны алып тастауды сұрайды.
Мұнай саласының сарапшылары келесі 3 тұжырымды қарастырады:
Соңғы жылдары, АҚШ –
тың энергетикалық
Соңғы жылдары мұнай
өндірудегі ашылулар Мексика мен
Гвения бұғаздары, ағымдағы қоры 2015 млн.
тонна болатын Солтүстік
Мұнай ұсынымының потенциалына сүйене отырып, миллиардтаған мұнай қоры бар ОПЕК елдері кез келген бәсекелес мұнай жабдықтаушыларын тығырыққа тіреу мақсатында (соның ішінде Азияны да ескере отырып) мұнай
өндіруді күрт көтеру арқылы, барреліне 5-6 доллар болатындай котировканы төмен түсіруді көздеп отыр. бұдан шығатын қорытынды, кез-келген жаңа көздерден келетін экспорттық жеткізулер, тіпті сұраныстың көтерілу мүмкіндігі жағдайында да нарықта тек белгілі артықшылықтарды иемденгенде ғана, бәрінен бұрын тасымал мәселесін шешкенде ғана өз орнын таппақ.
1.2. Қазақстанның
мұнай-газ кешенінің
Бүгінде Қазақстан Республикасы әлемдегі ірі мұнай державасының бірі болып табылады. Оның болашақтағы мұнайлы газды аудандарының көлемі 1 млн. 700 мың км., ал бұл барлық территорияның 62 пайызын құрайды. Бүгінде 208 мұнай газ кен орындары ашылды.
Бір ғасыр бойы, яғни 1899 жылы 13 қарашада алғашқы мұнай фонтаны Атырау облысы Жылыой ауданы Қарашүңгіл деріне 40 метр тереңдіктен және тәуліктік өнімі 22-25 тонна болатын № 7 ұңғыдан атқылады.
15 қалыптасқан және
болашақ мұнайлы газды алабы
белгілі және әр түрлі
Үлкен потенциалдың болуына қарамастан мұнай өндіру деңгейіне, барланған кен орындарын игеру қарқынына және көмірсутек шикізатын
ұтымды пайдалануға кері әсер ететін бірнеше факторлары бар. 1990 жылы Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру деңгейі 26,4 млн. тоннаға дейін жеткізілді, алайда одан соң төмендей басталды. 1995 жылы, мәселен, тек 18,5 млн. тонна ғана өндірілді. Бұл бұрынғы СССР шеңберіндегі шаруашылық байланыстардың, Қазақстандық экономиканы құрылымдық қайта құру, жаңа технологияны аздап енгізу және тағы басқаға байланысты. Сондай-ақ, әлемдік қаржылық – экономикалық дағдарыс та кері әсер етті. Сонда да саланың көптеген кәсіпорындары өздерінің даму көзқарасын сақтап қалды.
1994 жылы көмірсутек шикізатын өндіретін 55 елдің ішінде Қазақстан мұнай өндіру көлемі бойынша 24-ші орынды иеленді. Республикада бұрынғы Кеңестер одағы елдерінен алынатын барлық мұнайдың 1/17 өндіріледі.
Мемлекеттік тәуелсіздік
алған жылдары Қазақстан
Қазақстанның мұнай-газ саласының жүз жылдық тарихы бар. 1911 жылдың өзінде алғашқы өндірістің мұнай өндіру басталды. Осы жылы Қазақстан территориясында 17 мың тонна мұнай өндірілді. Қазірде Қазақстанда жұмыс жасайтын шетелдік және отандық компаниялар қазақстандық мұнайшылармен Ұңғыларды пайдаланады. Жүз жыл ішінде мұнай өндіру 2,5 мың есе өскен. Егер 1911 жылдан 1991 жылдар арасында 543,43 мың тонна мұнай өндірілсе, 1992 жылдан 2007 жылдары – 264,66 млн. тонна болды. Өткен 2005 жылы барлық компаниялармен 59963 мың тонна мұнай өндірілсе, ал 2008 жылы 80 млн тонна мұнай өндіру жоспарланып отыр.³
Еліміздің басшысы мен мамандары Каспий шельфіне және каспий маңы ойпатының кешеніне үлкен үміт артып отыр. Сондай-ақ, осы ауданның қолайлы құрылымы және бұл аудан өте ірі мұнай және газ кен орындары Теңіз, Бозашы және Астрахань түбегіндегі кен орындарымен қатар, Еділ және Жайық өзендері арасындағы кен орындары бар территорияға енуінің өзі оған негіз болып келеді.
Каспий акваториясында мұнай мен газ өндіру және барлау, геологиялық, геофизикалық зерттеулер жүргізу үшін 1993 жылы ақпанда «Қазақстанкаспийшельф» мемлекеттік компаниясы құрылды.
«Қазақстанкаспийшельф» (ҚКШ) геологиялық барлаушылары қызығушылық білдірген Министрліктер мен ведомстволардың қатысуымен шетел мұнай компанияларын тартуда үлкен жұмыстар жасалды. 1995 жылы 3 желтоқсанда мемлекеттік компания «Қазақстанкаспийшельф», жетекшілік еткен «Аджип», «Бритиш газ», «Би-Пи / Статойл», «Мобил», «Шелл», «Тоталь» компанияларының бірігуімен Каспий теңізі шельфін өңдеудегі кешенді бағдарламаны жүзеге асыру үшін халықаралық концорциум құрылды.
АҚ «Қазақстанкаспийшельф» Консорциум 1994-1997 жылдары Каспий теңізі шельфінің қазақстандық секторында мұнай-газды болашағын анықтау және геологиялық құрылымын анықтауда ауқымды жұмыстар жүргізілді. Жұмыстың осы бөлігіне 218 млн. доллар, ал инфрақұрылымды дамытуға – 500 млн. доллар салынды. 26 мың шақырымға сейсмикалық мәліметтер және ондаған ірі мұнай-газды құрылым анықталды (Қашаған, Қайран, Ақтота, Қаламқас теңіз және тағы басқа). Бұл барлау – бұрғылауды бастауға негіз болды.
2000 жылы Қазақстанның мұнай-газ саласының тарихының жаңа беті, яғни теңізде мұнай өндіру жұмыстарын өткізу басталды. 12 маусымда ОКІОС консорциумы Каспий теңізінің 5172 метр тереңдікте солтүстік-шығыс бөлігінде
алғашқы барлау ұнғысын бұрғылау жұмысы аяқтады. Ал 2005 жылы 4 шілдеде ел басы Атырауда Каспий шельфінің қазақстандық секторында ірі 7 млрд. тоннадан астам көмірсутек шикізат қоры барын және Шығыс Қашаған кен орнының ашылғандығын хабарлады. Бірінші ұңғыны сынау нәтижесінде ОКІОС бұрғылауды бағалаудың бірнеше жылдық кешенді бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті.
Каспийдің Қазақстандық шельфі тек ғана Қашаған кен орнымен ғана емес, сондай-ақ 4000-5000 метр тереңдікте орналасқан карбонатты тектегі Қайран, Ақтота келешегі мол аудандар және меозой дәуірінде қалыптасқан ірі Қаламқас – теңіз кен орындарымен бай.
Сонымен бірге, ресейлік компания «Лукойлмен» бірге өнделетін Құрманғазы құрылымының келешегі мол.
500 мың шаршы км. аудандағы Каспий маңы ойпатының Ресей территориясына 100 мыңы, ал Қазақстан Республикасына 400 мыңы тиісті. Геологиялық құрамы бойынша күрделі: Каспий маңы ойпатындағы Жаңажол (Ақтөбе обл.), Теңіз (Атырау обл.) және Қарашығанақ (Батыс Қазақстан обл.) кен орындарының ашылуы іздеудің жаңа бағытын анықтап қана қоймай, сондай-ақ, осы кен орындарын пайдалану бойынша жаңа ғылыми-техникалық бағытты құру және оны дамытуға әкелді.
1978 жылы ашылып, 80 жылдары пайдалануға берілген Жаңажол кен орнының ашылуы, нағыз мұнай академиясы болды. Осы кен орнын ашушылар қысқа мерзімде қабатқа ұңғыларды еңгізу, өнімді қабаттарды ашу, мұнайды дайындау сияқты мәселелерді жаңа технологияларды өндеп, енгізу көмегімен шешті. Жаңажол тұзасты кен орнының ашылып, игерілуі геологиялық ойдың дамуына жаңа күш болды.
Қазақстанның тұзасты мұнай-газ саласының дамуындағы айқын жаңалық болып, 1979 жылы ашылған көмірсутек шикізатын өндірудің жоспарланған болашақ өсуін қамтамасыз ететін Теңіз кен орнын игеру болды. Осы кен орын негізінде, 1993 жылы «Шеврон» американдық фирмасы мен «Мобил», «Қазақойл» ҰМК, «Лукарко» БК-ның бірігуімен бірлескен кәсіпорын құрылды. Тәжірибе көрсеткендей, бүгінде осы «Тенгизшевройл» БК жаңа технологияларды қолдан, экономикалық көрсеткіштер және әлеуметтік мәселелерді шешу жөнінде де, Қазақстан жетекші орынды алады. Мұндағы орташа жалақы айына 625 долларды құраса, біздің отандастарымыз ТШО БК-ның барлық жұмысшыларының 80-85 пайызын құрайды. Каспий маңында тұзасты жинақтарды зерттеуде 1979 жылы қоры мен мөлшері, құрамының ерекшелігі, пайдалы қазбаның түріне байланысты ерекшеленетін Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орнының ашылуы да үлкен жаңалық болды. 1998 жылы Қазақстан Үкіметі мен ірі белгілі компаниялар «Аджип», «Бритиш газ», «Тексако», «Лукойл», «Қазақойл» ҰМК арасындағы келісім бойынша 1999 жылы 3 млн. тоннаға жуық сұйық көмірсутегі мен 4 млрд. метр куб өндірілді. Жақында мұнай көлемін 9 млн. тоннаға, газ өндіруді 5 млрд. метр кубке дейін жеткізу көзделуде.
Сондай-ақ, алғашқы мұнай фонтаны атқылаған Ембідегі Қарашүңгіл кен орнының игерілуі де Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін маңызды болды.
Сонымен бірге, бұл шаралармен шектеліп қана қоймай, көмірсутек шикізатының жаңа көздерін ашу үшін, өңдеу-барлау жұмыстарының ауқымын көбейту керек.
Бүгінде Ембі кен орнында негізгі қызмет етуші кәсіпорын – «Қазақойл - Ембі» ААҚ-ы болып отыр. бұл бірлестік 25 кен орнын игерген, ал оның 18-і өңдеудің аяқталу кезеңінде.
1981 жылы СССР мұнай өндірісі Министрлігінің құрамында «Ақтөбемұнай» өндірістік бірлестігі құрылды. 1933 жылы құрамына 15 филиал кіретін «Ақтөбемұнайгаз» АҚ Ақтөбе аймағындағы кен орындағы мұнай мен газға зерттеу-барлау жұмыстарын жүргізді, ал оның көп бөлігі Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігінде орналасқан. Негізгі кәсіпорындары Кеңкияқ және Жаңажол болып табылады. Өндірілген мұнай мен қосалқы газ, Жаңажол газ өңдеуші зауытында кешенді тазалаудан өтеді. Нәтижесінде, зауыт күкірт өнімін алса, ал мұнай Кенкияқ-Орск мұнай құбыры мен темір жол құйма эстакадасына түседі, газ Жаңажол – Ақтөбе газ құбыры арқылы электр станцияға жіберіледі. 1998 жылы «Ақтөбемұнайгаз» АҚ мен Қытай Ұлттық Мұнайгаз корпорациясының (ҚҰМК) біріккен кезеңі басталды. Бірлескен жоспар бойынша, кәсіпшілік құралы-жабдықтарын жаңарту, пайдалану және барлау бұрғылауын көбейту, Кеңкияқ кенорынның кезең бойынша өңдеуді көздеді. Келісім бойынша 2006 жылға дейін бес жыл ішінде өндіріске 585 млн. доллар қаржы салуы керек және 2004 жылы мұнай өндіру көлемі 3 млн. тоннаға жеткізілді.
Қазақстанның мұнай-газ кешенінде Оңтүстік мұнайлы-газды аймағының ашылуы да үлкен жаңалық болды. 1988 жылдың басында Құмкөл кен орнын игеру үшін «Құмкөлмұнай» МГӨБ-і құрылды.
Бүгінде Құмкөл кен орны канадалық компания «Харрикейннің» негізгі мұнай өндіруші кәсіпшілігі болып табылады. 1999 жылы жаңа технологгия, өндірістік процестерді жетілдірудің нәтижесінде мұнай өндіру көлемі күніне 5000-
нан 12000 мың тоннаға дейін өсті және ішкі нарыққа 3470 мың тонна ішкі мұнайды жеткізеді.2000 жылы «Шымкентнефтеорнсинтез» (ШНОС) бен «Харрикейн» компаниясы бірікті. Шығарылатын мұнай өнімдерінің сапалық, сандық сипатын көрсету үшін, ШНОС құрал-жабдықтарын жаңалау көзделді.
Сонымен 2004 жылы қазақстандық мұнай-газ саласы өзіндік дамудың онжылдығын атап өтті. 55 кенорнынан күніне 109485 тонна мұнай өндірілді. 2006 жылы ҚР-ның мұнай өңдеу зауыттарында 7,5 млн. тонна мұнай өңделді, ал 2007 жылы 9 млн. тонна өңдеу жоспарлануда. Алайда Қазақстанның нарығында жылы құрылған «Мұнай мен газды тасымалдау» ұлттық компаниясы, мұнай мен газ тасымалы мәселесін шешуге бағытталған. Мұнайды тасымалдау мәселесі әсіресе, 2006 жылдардан басталатын Каспий шельфінде мұнай өндірісіне байланысты айқын көрінуі мүмкін. 2007 жылы өндірілетін мұнайдың көп бөлігі (52%) Атырау-Самара құбыр жолымен экспортталса, 2460 мың тонна (9%) – Ақтау теңіз порты арқылы тасымалданды. Темір жол бойынша 11141,2 мың тонна (39%) экспортталатын мұнай тасымалданды.