Мангыстау мунай-газ кешені

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 12:01, дипломная работа

Описание работы

Бүгінде елімізде мұнай мен газ қорының мол болуымен ерекшеленеді. Мұнай мен газ республикасыздың батыс бөлігінде және оңтүстік аудандарында шоғырланған. Әсіресе мұнай мен газдың мол шоғырланған жерлері Каспий маңы алаптары мен Солтүстік Маңғыстау мұнайлы газды аймағы болып табылады.
Сонымен бірге, Қазақстан территориясына еніп жатқан Каспий теңізі шельфіндегі және құрлықтағы болжанған ресурс қоры мұнай қоры бойынша 12 млрд. тонна, газ конденсаты – 1,6 млрд. тонна, табиғи газ қоры – 5,9 трлн. Метр куб құрайды. Бұл Қазақстанды әлемдегі басты мұнай өндіруші елдердің қатарына қоспақ. Болашақ Қазақстанның қуаты Каспий өңірімен өркендемек.

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................................... .9
1 ТАРАУ. МҰНАЙ – ГАЗ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ.................................................................................................................12
1.1. Әлемдік мұнай бизнесінің дамуы................................................................12
1.2. Қазақстанның мұнай-газ кешенінің қалыптасуы мен қазіргі жағдайы.................................................................................................................18
2 ТАРАУ. МАҢҒЫСТАУ МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ ДАМУ
КЕЗЕҢДЕРІ................................................................................................................................25
2.1. Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуы............................................25
2.2. Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуының негізгі кезеңдеріне перспективалық шолу..........................................................................................30
2.3. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қалыптасуы мен қазіргі жағдайы................................................................................................................40
3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ КЕЛЕШЕКТЕГІ БОЛЖАМЫ.............................................................................................................46
3.1. Қазақстанның мұнай-газ саласының негізгі мәселелері мен даму болашағы...............................................................................................................46
3.2. Қазақстан Республикасының мұнай тасымалдау мәселелері мен
келешегі…………………………………………………………………………53
3.3. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның даму перспективасы...............................65
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................................71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ.............................................................................................75
ҚОСЫМША...............................................................................................................................78

Работа содержит 1 файл

ПЗ-ИЗЕТ КАЗdoc.doc

— 426.50 Кб (Скачать)

Келешегі зор жобаларына келетін болсақ, олар мыналар:

 

 

Атырау-Самара мұнай құбырының  қуатын арттыру. «Казтрансойл» ЖАҚ  «Транснефть» АК-пен бірлесіп 2000 жылы аяқталған аса маңызды жоба Атырау-Самара мұнай құбырының қуатын жылына 15 миллион тоннаға дейін ұлғайтқаны болды. Бүгінгі күні осы мұнай құбырының қуатын кезең – кезеңмен бірлесіп кеңейту жөнінде «Транснефть» АК-пен дағдаластық бар. Болжам деректері бойынша жылына 25 миллион тоннаға дейін мұнай тасымалдайтын болады.

Атырау-Самара мұнай құбыры арқылы жеткізу үшін қолайлы Қазақстандық мұнай сапасын қамтамасыз ету  жобасын жоспарлап отыр.

Омбы – Павлодар –  Шымкент – Чаржоу мұнай құбыры бойынша мұнай (келтіру туралы) беруді қалпына келтіру жобасы.

Омбы – Павлодар –  Шымкент – Чаржоу мұнай құбыры Батыс Сібір мұнайын Павлодар, Шымкент және Чаржоу қалаларының мұнай өңдеуші зауыттарына тасымалдау үшін 1977 жылдан 1983 ж. кезеңінде кезең-кезеңмен салынған болатын. 1999 жылы «Казтрансойл» ЖАҚ мұнай құбырының осы учаскісінде мұнайды ығыстырып шығаруды және құбырды бұқтыруға қоюды жүргізді. Бұған қосымша компания 2002 жыл ішінде мұнай құбырынан осы учаскесіндегі оны бұқтырудан шығаруды жүргізбек. Қазіргі уақытта Бірқатар Ресейлік компания мұнайды Сейзи қаласында (Түрікменстан) МӨЗ – де өңдеп, одан ары Иран Ислам Республикасының нарығына тасымалдау үшін Омбы – Павлодар – Шымкент – Чаржоу мұнай құбыры жүйесі бойынша Қазақстан мен өзбекстан аумақтары арқылы мұнай транзитін қалпына келтіру (тікелей немесе ауыстыру механизмі немесе схемасы бойынша) мүддесін көрсетіп тұр. Батыс Қазақстан – Қытай мұнай құбыры жобасы. Жоспарланған мұнай құбыры Қазақстандық мұнайды энергия ресурстарына үлкен мұқтаждық көріп отырған

 

 

Қытайдың ортасына және Оңтүстік аймақтарына экспорттау үшін болашақ жасауға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру  үшін негіздемелер:

  • 1997 жылы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы және ҚХР үкіметтері қол қойған Мұнай және газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  • 1997 жылы 24 қыркүйекте Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар министрлігі қол қойған кең орындарын игеру мен мұнай құбырларын салу жобалары туралы бас келісім;
  • 1998 жылы 13 маусымда «Казтрансойл» ҰМТК ЖАҚ (КТО) пен Қытай ұлттық мұнай және газды барлау мен игеру корпорациясы қол қойған Қазақстан-Қытай мұнай құбырының тенденциясының бірлесіп әзірлеу туралы келісім.

 «ҚазТрансОйл» АҚ-тың арналы мұнай құбыры жүйесі бойынша экспортқа мұнай шығару елеулі түрде өскен. Атырау-Самара құбырымен мұнайдың рекордтық көлемі – 15 млн тоннадан астам өнім тасымалданды (2003 жылмен салыстырғанда 6 пайызға өскен). Ақтау порты арқылы танкерлерге 7,2 млн тонна «қара алтын» тиелген. Мұнай құю теміржол эстакадалары Атасу (1,352 млн тонна тиелген, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 58 пайызға көп) мен Шағырда (1,505 млн тонна, өсім 31 пайыз) да мұнай жөнелту көлемі артқан.

2006 жылғы мұнай тасымалдау  мен су жеткізіп беру саласында  көрсетілген қызмет үшін түскен  түсім 60414 млн теңгеге жетті. 2005 жылмен салыстырғанда түсім 3 пайызға немесе 1 991 млн теңгеге артқан.

 

 

 

 

1 кесте. Салыстырмалы  көрсеткіштер

 

Қызмет түрі

2007 жыл

2006 жыл

Мұнай тасымалы

38 390

34 192

Су тасымалы

18 004

14 839

Мұнай айналымы

25 135

24 604


 

2006жылы «ҚазтарнсОйл»  АҚ мемлекеттік бюджетке 10 908 млн теңге төледі.

2007  жылғы таза пайда  алғашқы мәлімет бойынша 13 187 млн теңгені құрап отыр.

Әр түрлі нарықтарға мұнай тасымалдау мәселелері мен қалыптасқан тенденциялары

  1. Солтүстік Батыс Европа нарығы.

Әлемдік мұнайды сату үшін әсер ететін негізгі факторлар, олар:

  • мұнайдың сапасы;
  • нарық коньюктурасы (сұраныс пен ұсыныс);
  • экспорт маршруты;
  • экономикалық өсу деңгейі;
  • географиялық орналасуы;
  • геосаяси жағдайы;

Нарық тұрақты мұнай  өніміне сұраныспен сипатталынады, бірақ, деңгейі жылына 0,6 пайыз. өз өнімімен солтүстік теңіздегі мұнаймен бір шама қанағатталады. Сонымен бірге, ұзақ мерзім ішінде өндіріс көлемі айтарлықтай

 

 

өспейді деп болжам жасалады, яғни Солтүстік Батыс Европа нарығы мұнай импортына тәуелді. Бұл  нарыққа мұнайды экспорттайтын  мемлекеттер:

  • Таяу Шығыс;
  • Батыс Африка;
  • Одақ мемлекеттері.

 

2 кесте. Солтүстік Батыс Европа нарық құрылымы:

млн. тонна  жылына

 

1995

1998

2000

2005

2010

өндіріс

250

271

285

244

172

Тұтыну

424

441

452

454

452

импорт

174

170

167

210

280


 

Бүкіл әлемдік банктер  бойынша 1998 ж.

Қазақстан мұнайын Солтүстік Батыс Европа нарығына тасмалдауына мүмкіндік бар:

-Атырау – Орск –  Самара мұнай құбырларымен;

-“Дружба” мұнай құбырымен  Вентспилз портына дейін. 

Бірақ бұл құбыр жүйесі квотамен шектеледі. Әртүрлі сападағы мұнай (Қазақстан, Ресей мұнайы) бөлек транспорт жүйесімен тасмалданғанды талап етеді. Сонымен бірге, тікелей тұтынушы мемлекетке мұнайды жеткізу үшін теміржол транспорты арқылы тасмалдайды, яғни Солтүстік Батыс Европа нарығы Қазақстан мемлекеті үшін тиімді эксплуатациялық маршрут болып есептелмейді. Сондықтан, Солтүстік Батыс ЕВропа нарығына бүгінгі күнге дейін Таяу Шығыс, Батыс Африка және Ресей мұнай өнімдері тасмалданады.

 

2.Орталық және Шығыс Европа нарығы

Бұл нарықтың ерекшелігі мұнай өніміне сұраныстың төмен  деңгейде қалыптасуы. Сонымен бірге мұнай өнімінің өз күшімен өндірілуі де төмен. Пайыздық көрінісі шамамен 16 пайыз. Бұл аймақтағы экспортты құрайтын мемлекеттер бұрынғы Одақ мемлекеттері Ресей – 51 пайыз құрайды. Бәсекеге Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка мемлекеттері де қосылады.

3 кесте. Орталық және Шығыс Европа нарығының құрылымы:

млн. тонна жылына  

 

1995

1998

2003

2007

2008

өндіріс

12

12

12

12

12

Тұтыну

65

72

75

86

92

импорт

53

60

63

74

80


  

Орталық және Шығыс Европа нарығына Қазақстан мұнайы тасмалданады.

Келесі транспорт жүйесімен тасмалданады:

  • Ресей құбыр жүйесі (Атырау – Орск – Самара)
  • “Дружба” құбырымен,

Бірақ Қазақстанның бұл  маршрутына көптеген кедергілер бар:

  • квотамен шектелуі
  • “Дружба” құбыры көп мемлекеттердің үстінен өтеді.
  1. Жерорта теңізінің нарығы.
  1. Жерорта теңізіндегі Европа мұнайды ең көп тұтынатын құрылым.

Өз өндірісі 10 пайыздан аспайды. 90 пайызы импорт, сонымен бірге  ұзақ мерзімде бұл жағдай өзгермейді деп жобалады.

 

 

  1. Шығыс Жерорта теңізінде негізгі тұтынушы Турция мемлекеті болып табылады. Орта есеппен жылына 4 пайыз құрайды.
  2. Солтүстік Африка құрылымы негізінен мұнай өндіретін құрылымына жатады.

Сонымен, қарастырылған  нарықтардың жағдайы төменгі  қорытындылар жасауға мүмкіндік  береді.

Бірнеше объективтік  факторлар Қазақстан мұнайының  тасмалдауына әсерлерін тигізеді:

  • Қазақстан мемлекетінің іщкі континентальдық мемлекет болуы геосаяси жағдайына әсерін тигізеді;
  • Экспортқа шығатын мұнайдың сапасы;
  • Әлемдік мұнай нарығындағы бағаның құрылуы;
  • Мұнай өнеркәсітерінің географиялық  құрылу;
  • Әлемдік экономикадағы мұнайға сұраныс қалыптасқан орталықтардың динамикасы;
  • Өте ірі мұнайды экспорттайтын мемлекеттердің бәсекелестігінің өсуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.3 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның даму перспективасы

 

Бүгінде Маңғыстау тек  тасымал бастамасы ретінде ғана емес, мұнай мен газға бай өлке ретінде белгілі. Маңғыстау мұнай-газ кешені де дамудың соңғы кезегінде сейсмикалық мәліметтер бойынша 10-нан астам мұнайлы-газды құрылым Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінде, ал оның 80-85 пайызы Маңғыстау облысының территориясында орналасқан. Маңғыстау кен орындарын өңдейтін компаниялардың бірі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ы екені белгілі.

Қазақстанда 1996-1998 жылдарда әртүрлі салалық және микродеңгейдегі  өзгерістермен бірге, макрожалдануда байқалды. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның 1996-1998 жылдардағы даму көрсеткіштерін талданып отырған аймақтың дамуының нақты көрсеткіштерімен байланыстырып, аталған аймақтың даму саясатын жоспарлауға болады.

Компанияның мұнай өндіру деңгейі төмендеп, тек осы жылдары  қабылданған шаралар арқасында, 2000 жылы ғана мұнай өндіру деңгейі қайтадан өсе бастады. 1999 жылы 13 ұңғыны механизацияланған өндіруге ауыстыру нәтижесінде 5440 тонна қосымша мұнай өндірілді. Механизацияланған ұңғылар қорының жұмыс жасау тәртібін жетілдіру арқасында қосымша өндірілген мұнай көлемі 17236 тоннаны құрады, бұл 1998 жылмен салысытырғанда 2 есе көп. Сонымен бірге, өнімнің сапасын көтеруге көңіл бөлінді. «Қазтрансойл» МТҰК-қа берілген 1330 мың тонна мұнай көлемінен 2241 мың тонна жоғары сапалы өнім береді. (67,3пайыз).

Аталған компания 100 млн. доллардан астам қаржыны өңдеу мен қайта құруға жұмсалды. Мысалы, Жетібай кенорнында инвестицияның көмегімен АҚШ-та шығарылған қазіргі кездегі жаңа винттық насос қондырғылары, бұл

 

өнімділігі аз ұңғылардың өнімділігін бұрғылауға қарағанда  күніне 3-5 тонна мұнайға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Мазутталған грунттағы жою бойынша арнайы бригада құрылды, бұл экологиялық мәселені шешуге септігін тигізетіні сөзсіз.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның  қызметі ондағы ірі кен орындары: Қаламқас пен Жетібайдың жұмыс жасау жағдайына тәуелді. Бұл екі кен орындары да технологиялық көрсеткіштері бойынша (ұңғылардың суға қанықтылығының өсуі, мұнай өндіру қарқынының төмендеуі, ұңғылардың жобалық қорымен кенорнын бұрғылаудың әлсіресуімен сипатталатын) өңдеудің 3 кезеңінде болып отыр.

Мұнай өндірудің үшінші кезеңіндегі кен орындары үшін мұнай өндіруді жетіл дірудің негізгі бағыттары келесідей:

  • өндірілмеген, бірақ болашақта өндіру мақсатында қалдырылған мұнай қорының орналасқан жерін анықтау;
  • су жіберу (айдау) жүйесімен қамтылмаған жекелеген бөліктер мен қабаттар бойынша мұнай өндіруді жетілдіру;
  • өндіру және айдау ұңғыларының жұмыстарының технологиялық тәртібін нақтырақ анықтау.

Бұл жұмыстарды нақты  күрделендіретін сипаттамаларын ескере отырып, жекеленген бөліктерге, кешенді түрде, мақсатқа бағытталған түрде енгізу керек. осы бөліктердің жұмыстарын жүргізу, бұл осы бөліктерде мұнай өндіруді жеткізу мүмкіндік береді.

Бүгінде «Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ болашақта мұнай өндіруді көтеру үшін бірқатар міндеттерді алға қойды:

  1. ашылған интервалдардың өнімділік сипаттамасы негізінде қолда бар құрал-жабдықтарды қолданбай, жерасты құралын таңдау;

 

 

  1. айдау ұңғыларының қысымын көтеру және осымен бірге, айдау көлемін жоғарылату;
  2. забойлық қысымды сақтау, яғни жобалық қысымнан нақты қысымның қалмауын жүзеге асыру;
  3. қабат қысымы төмен аймақтарды қабат қысымын көтеру үшін айдау ұңғыларының санын көбейту және екінші рет газды қақпақшаның пайда болуын болдырмау;
  4. айдау ұңғыларының селективті су айдауын жүзеге асыру.

Қазіргі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның жұмысының басты бағыты – мұнай өндіруді көтеру. Соңғы үш жылда мұнай өндіру көлемі тек тұрақталып ғана қойған жоқ, жоғарылау динамикасы да байқалады. 2004 жылы 4 миллион 300 мың тонна мұнай өндірілсе, 2005 жылы 4 миллион 400 мың мұнай өндіру көзделуде. Сондай-ақ, бұл компания бүгінде Республиканың барлық өндірген мұнайының 15 пайызына жуығын, ал Маңғыстау облысында өндірілген мұнайдың шамамен 60 пайызына жуығын береді.21 Жаңа технологияны енгізу, мысалы виттық насос, қабатты тереңдетіп гидробұзу, тоқтап тұрған ұңғыларды күрделі жөндеу сияқты көптеген қайта жаңарту жұмыстары мен көне Жетібай кен орнын реабилитациялау нәтижесінде бұл көрсеткіштерді сақтап ғана қоймай, оны 5-5,5 миллион тоннаға дейін көтеру жоспарлануда. Бүгінде «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ-ның кен орындарындағы мұнайдың жалпы қоры – 960 миллион тонна, ал алынған қор 180 миллион тоннадан астам.

Информация о работе Мангыстау мунай-газ кешені