Мангыстау мунай-газ кешені

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 12:01, дипломная работа

Описание работы

Бүгінде елімізде мұнай мен газ қорының мол болуымен ерекшеленеді. Мұнай мен газ республикасыздың батыс бөлігінде және оңтүстік аудандарында шоғырланған. Әсіресе мұнай мен газдың мол шоғырланған жерлері Каспий маңы алаптары мен Солтүстік Маңғыстау мұнайлы газды аймағы болып табылады.
Сонымен бірге, Қазақстан территориясына еніп жатқан Каспий теңізі шельфіндегі және құрлықтағы болжанған ресурс қоры мұнай қоры бойынша 12 млрд. тонна, газ конденсаты – 1,6 млрд. тонна, табиғи газ қоры – 5,9 трлн. Метр куб құрайды. Бұл Қазақстанды әлемдегі басты мұнай өндіруші елдердің қатарына қоспақ. Болашақ Қазақстанның қуаты Каспий өңірімен өркендемек.

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................................... .9
1 ТАРАУ. МҰНАЙ – ГАЗ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ.................................................................................................................12
1.1. Әлемдік мұнай бизнесінің дамуы................................................................12
1.2. Қазақстанның мұнай-газ кешенінің қалыптасуы мен қазіргі жағдайы.................................................................................................................18
2 ТАРАУ. МАҢҒЫСТАУ МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ ДАМУ
КЕЗЕҢДЕРІ................................................................................................................................25
2.1. Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуы............................................25
2.2. Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуының негізгі кезеңдеріне перспективалық шолу..........................................................................................30
2.3. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қалыптасуы мен қазіргі жағдайы................................................................................................................40
3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ КЕЛЕШЕКТЕГІ БОЛЖАМЫ.............................................................................................................46
3.1. Қазақстанның мұнай-газ саласының негізгі мәселелері мен даму болашағы...............................................................................................................46
3.2. Қазақстан Республикасының мұнай тасымалдау мәселелері мен
келешегі…………………………………………………………………………53
3.3. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның даму перспективасы...............................65
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................................71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ.............................................................................................75
ҚОСЫМША...............................................................................................................................78

Работа содержит 1 файл

ПЗ-ИЗЕТ КАЗdoc.doc

— 426.50 Кб (Скачать)

 

 

 

Кесте № 2

2001-2007 жылдар арасында ММГ АҚ және оның құрылымдары ЖМГ және ҚМГ

МГӨБ-нің аймақтық көрсеткіштерге мұнай өндірудің корреляциясы.

Кәсіпорын

Корреляция коэффициенті

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (ММГ)

0,5396

«Қаламқасмұнайгаз» АҚ (ҚМГ)

0,539

«Жетібаймұнайгаз» АҚ (ЖМГ)

0,2655


 

Кестесі корреляция деңгейінен көретініміз, аймақтық мұнай өндіруде айтарлықтай үлесті «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (53,96 пайыз) және оның құрылымы «Қаламқасмұнайгаз» МГӨБ-і алады, ал бұл ММГ АҚ-ның өзіне ғана емес, толықтай аймақтың мұнай өндіру көрсеткіштеріне үлкен әсерін тигіетін аталған МГӨБ-ға назар аудару қажет. Қуатты кәсіпорын белгілі ерекшелігімен көп көңіл бөлуді қажет етеді, яғни өнімді өткізу, басқару мен жоспарлауда қателікті жібермеу, өз кезегінде икемді және тез, әрі тиімді нарықтық басқаруды қажет етеді. Тағы бір айта кетер жәйт, аталған акционерлік қоғамның 100 пайызына жуық қызметі тәуелді «Қаламқасмұнайгаз» МГӨБ-не аудару керек болса да, екі МГӨБ-тің өзара қатынасын да ескеру қажет.

Аймақтың экономикасының дамуын «Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ қызметінің нәтижесінде тәуелділік тұрғысынан қарастыра отырып, осыған ұқсас кәсіпорындардың нарықтық жағдайдағы ақырғы тиімді нәтиже беретін басты элементі өнімді сату болып табылады.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ үшін өнімді өткізу келесі бағыттар бойынша жүзеге асуы мүмкін:

 

Бірінші -  республиканың өз ішінде өндірілген мұнайды өткізу, яғни оны  өңдеушілердің өздерінің тұтынуы. Бұл негізінен үш негізгі мұнай  өңдеу зауыттарында – Атырау, Шымкент және Павлодарда өңделеді. Сөйтіп, ММГ АҚ мұнайын өңдеуді осы кәсіпорындарда жүзеге асыру мүмкіндігін талдау.

Екінші тағыт – бұл ММГ  АҚ мұнайын экспортқа сату, оны  таяу және алыс шетелге экспорт деп  бөлуге болады.

Мұнда бірінші мүмкіндік төлем  жасауда үлкен тәуекелділікпен, бірақ тасымалдаудағы аз қиыншылықтармен  байланысты болады.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да өндірілген барлық мұнайдың шамамен 60 пайызы Қазақстанның ішкі нарығына өткізілсе, қалғаны экспортқа шығарылады. Республика ішінде мұнай өнімдерін сату сұраныстың төлем қабілеттілігінің жоқтығынан қиындық туғызады. 2000 жылы компаниялардың ресурстарынан 3350 мың тонна мұнай жеткізілді, негізгі мұнайды тұтынушылар болып, «Атырау МӨЗ» АҚ мен «Павлодар МӨЗ» АҚ табылады. Көбінесе компания мұнай өнімдерін жеткізу бойынша келісімді ақырғы тұтынушымен жасайды, мұнда ұзақ мерзімді келісім бойынша мұнай аталған МӨЗ-дерге жеткізіледі, содан соң дайын мұнай өнімдері «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның тапсырымшыларына тиеледі, ал тапсырысшылар компаниямен есеп айырысады. МӨЗ-дер мұнайды өңдегені үшін мұнайдың белгілі бөлігін өзінің қолданысы үшін алып қалады. Бірде бір қазақстандық МӨЗ «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның мұнай өткізудегі қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыра алмайды, компания барлық зауыттармен жұмыс жасауына тура келеді. Атырау МӨЗ-і арқылы мұнайды жеткізу бойынша есеп айырысу бартер негізінде, ал қалған аз бөлігі – ақша құралы арқылы жүргізіледі. Осы МӨЗ-бен жұмыс жасаудағы жағымсыз фактор болып зауыттың ескірген құрал-жабдықтармен жабдықтау нәтижесінде мұнай жіберу компанияға көбірек ақша қаражатын әкеледі. Алайда, бөлігі

 

жиналғаннан кейін есеп айырысатын форвардтық және фъючерлік келісім шеңберінде ауыл шаруашылығы жұмыстарын бағытталады. Көбінесе мұнай жеткізулер «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның дебиторлық қарыздарының өсуіне, ал кейде тиелген жүкке қаржы алудың сенімсіздігіне әкеледі. (2000 жылы дебиторлық қарызды қайтаруға байланысты жұмыстар нәтижесінде 1,5 млрд. Теңгеден жоғары қаржы жинады). Павлодар МӨЗ-нің қаржылық тұрақсыздығы да кері әсер етеді. «Шымкентнефтеоргсинтез» АҚ арқылы мұнай өткізу көп емес. Бұл МӨЗ-бен жұмыс жасау компанияға тиімсіз, зауыттың жіберу бағасы жоғары және мұнай өнімдерін өткізуге байланысты мәселелер бар.

1998 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ы Ақтау теңіз арқылы (Иран жобасы) мұнайды экспорттайтын жол ашты. Бұл нарық жылына 1,0 млн. тонна мұнайға дейін экспорттауға мүмкіндік береді, бірақ тасымалдау құрамы үлкен шығынға әкеледі. 2000 жылы Ақтау теңіз порты арқылы 246 мың тонна мұнай тиелді.

Мұнай өндіруге тағы бір  технологиялық ерекшелік – бұл ілеспе газды алу. Бұл фактор ММГ АҚ-ның рентабельдігін көтеруге әсер етеді. Сол себепті оның аймаққа маңызды кәсіпорын қызметін бағалау үшін қажет.

Кесте 3

 

1998-2000 жылдар арасында ММГ АҚ және аймақтағы ілеспе газ өндірудің корреляциясы

Аймақтық газ өндіруге әсер ету деңгейі

Корреляция коэффициенті

ММГ АҚ газ өндіру

0,9727

ЖМГ МГӨБ-де газ өндіру

0,796

ҚМГ МГӨБ-де газ өндіру

0,6358


 

 

Газды қосалқы өндірудің  аймақтық көрсеткіші ММГ АҚ-ның қызметіне  тәуелді, ал бұл кәсіпорынның ішінде газды өндіруге маңызды орынды ЖМГ  МГӨБ-і (79,6 пайыз) алады, ал ҚМГ МГӨБ 63,58 пайызы өндіріледі. «Жетібаймұнайгаз» МГӨБ-де негізгі өнім – мұнайдың төмен көлемінде өндірілуінен ілеспе газды өндіруге көп көңіл бөлінген. Сондай-ақ, ілеспе газ өндіруді талдай отырып, «Жетібаймұнайгаз» бен «Қаламқасмұнайгаз» МГӨБ-тері көбінесе өзара тәуелсіз және сол себепті «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-дағы басқаруды жақсарту үшін оның құрылымдық қайта ұйымдастырылуын күтуге болады. Сондай-ақ, айта кететін бір жәйт, осы жылдары мұнай өндіру мен қосалқы газ өндірудің көлемінің төмендеуі, пайдалану қорындағы ұңғылар жұмысының төмендеуі, құрал-жабдықтардың тозуынан жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстарының көбеюі нәтижесінде ұңғылардың көп уақытқа тұрып қалуына да байланысты болды. Осы жылдардағы (1998-2000 жылдар) «Қаламқасмұнайгаз» (49,04 пайыз) бен «Жетібаймұнайгаздағы» (26,68 пайыз) жөндеу жұмыстары неғұрлым көп болғандықтан, соғұрлым акционерлік қоғамның барлық ұңғыларына жөндеу жұмыстары қажет, ал бұл өз кезегінде «Маңғыстаумұнайгаз» кәсіпорнына ағымдағы инвестицияға деген қажеттілікті туындатады. Сонымен бірге тек ғана инвестиция салу емес, сондай-ақ алдағы уақытта қолда бар құрал-жабдықтарды және негізгі қорларды үнемі қолдау мен жұмыс жағдайында сақтау, оларды тиімді қолдану қажет.

Сөйтіп, «Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ-да мұнай мен қосалқы газ  өндіру көлемін тұрақтандыру және кәсіпорынның болашақта қазіргі технологиямен, техникамен жабдықтала отырып, тиімді басқарылу нәтижесінде дамуы үшін күрделі қаржыны қажет етті. Бұл мәселе 2007 жылы мамырда ҚР-ның Үкіметі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның акциясын (алдымен 60 пайызын, соңынан 2006

 

 

жылдың қаңтарында 90 пайызы) индонезиялық «Сентрал Азия Петролеум» компаниясының иелігіне берілді.

 

3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН  МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ КЕЛЕШЕКТЕГІ  БОЛЖАМЫ

 

3.1. Қазақстанның  мұнай-газ саласының негізгі мәселелері  мен даму болашағы

 

            Қазақстанның кез-келеген мұнайлы-газды аймағының стратегиялық маңызы, ондағы энергоресурстар қорының көмегімен (болашақ мұнайды жеткізу көлемі мен мұнайды өндіру экономикасымен) және орналасқан жерімен (тасымалдау экономикасымен – мұнайды өндіру шығындарымен тұтынушыға дейін жеткізу) анықталады.

Қазақстан жеріндегі  мұнайлы-газды алқаптар ішінде Каспий аймағының маңызы өте зор. Каспий аймағын Қазақстан үшін стратегиялық мәні тұрғысынан қарастырсақ, оның маңызы көмірсутек шикізатының қорының  көлемімен де, орналасқан жерімен де ерекшеленеді. Каспий аймағы бүгінгі және

 

 

болашақтағы мұнай және мұнай өнімдерін өткізетін негізгі  нарықтар арасында (Еуропа мен Азия), сондай-ақ, Шығыс нарығына (Таяу және Орта Шығыс,

 

Солтүстік Африка, Ресей) сұйық отынды негізгі жеткізушілер арасында орналасқан. Сонымен бірге, батыс сарапшыларының бағалауы бойынша, мұнайдың дәлелденген, алынатын қоры бар бұл аймақта 12 млрд тоннаны

 

құрайды.17 Сондай-ақ, Каспий құбыр Консорциумының салынуына орай, Қазақстан Новороссийск теңіз терминалдары арқылы мұнайдың дүниежүзілік экспорттаушыларының қосылуына мүмкіндік туды.

Негізінен мұнай-газ саласы Қазақстанның болашағының тірегі. Президенттің Қазақстан халқына 2030 жылға дейін  елдің дамуы стратегиясы туралы жолдауында елдің мұнай-газ саласы Қазақстанның экономикалық өсуі басымдылықтарының құрамына енгізілген.

                Мұнай-газ саласы қазынаға валюталық түсімдердің түсуі, экономиканың басқа да салаларының дамуы және елдің тұрмыс жағдайының жақсаруын қамтамасыз етеді. Мұнай-газ өнеркәсібінің ілгері дамуын қамтамасыз етудің бір жолы, осы салаға бюджеттік емес көздерді, ішінара шетелдік инвестицияларды тарту.

Елімізде ірі кен  орындарды тиімді игеру де маңызды. Мәселен, Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының сұйық көмірсутектерін ескерсек, олар этилен, пропилен, бутилен, бутадион алу мақсатындағы химиялық өңдеу үшін шикізатымен және де ароматты көмірсутектерімен, синтетикалық каучуктарымен көптеген өндіріс орындарын қамтамасыз етуде болашағының зор екендігін аңғартады.

    Ал Қазақстандағы басты мұнай компаниясы «Теңізшевройлдың» қызметіне келсек, күні бүгін 2007 жылдың аяғында немесе 2008 жылдың басында қолға алынатын негізгі қуаттарды кеңейтуді көздеген кезекті ірі жобаны техникалық-экономикалық негіздеу бағытында дайындық жұмыстары жүруде. Ал бұл жоба біткен кезде әрбір жылы республика бюджетіне қосымша салық төлемдері және жүздеген миллион доллар көлемінде роялти түсіп тұрмақ. Бұл бір жағынан, ол экономикасының жоғарылауында әкелсе, екіншіден сыртқы нарықта өз орынымызды қалыптастырмақ.

 

Осы саладағы жұмыстардың  болашағы үшін маңызды шаралардың бірі – құбыр желілерін кеңейту. Бұл  жерде экспорттық құбырлармен қатар, ішкі құбырлар құрылысына да көңіл  бөлу қажет.

Батыс сарапшыларының пайымдауынша осы ғасырдың алғашқы он жылында құбыр желілерінің құрылысы орын алмақ. Бүгінгі таңда мұнай-газ құбырларының бірнеше мүмкін жобалары ұсынылып отыр. олардың негізгілері Парсы шығанағына, Қытайға және Батыс Еуропаға шығатын құбыр жолдары.

Сол себепті, Қазақстан  мұнайын тасымалдаудың көптеген жолдарының ішінде экономикалық тұрғыдан қарастырып, келесі нұсқаларды талдауға болады:

  • Тасымалдаудың қарастырылған үш маршрутын қолдану (бірақ, КҚК-тен алғашқы фазаның қуаттылығы шегінде);
  • Айтарлықтай терең, әрі тез өсетін азиялық нарыққа Қазақстанның барлық экспортталатын мұнайын шығару, әсіресе бәсекелес мұнайдың (мысалы, Таяу Шығыстық) шығуына қиын оның сегменттеріне (Қытай) тасымалдайтын азиялық маршрутты қолдану тиімдірек болуы да мүмкін.

Бүгінде Каспий құбыр  консорциум жүйесінің құрылысы аяқталып, осы жылдың наурыз айында КҚК өзінің алғашқы шеруін бастады. Оның жұмыс істеп тұрған бөлігі жылына 20 млн. тонна Теңіз мұнайын Қара теңізге тасымалдаса, болашақта толықтай жұмысқа қосылғанда, оның өткізу қуаты жылына 67 млн. тоннаны құрамақ.18

Ал Оңтүстік Шығыс Азияның және де көмірсутегі шикізатының ірі тұтынушыларының бірі Жапония нарықтарының екпінді дамуын ескерсек, мұнай тасымалының «оңтүстік» бағытының болашағы зор. Бұл жерде, Каспий мұнайымен жабдықтауға байланысты Иранмен келісім-шарт жасаудың орны ма4ызды. Мұнайды тасымалдауға байланысты Қазақстан үшін бірқатар

 

мәселелерді шешуде көрші  мемлекеттердің де қатыстылығы күрделендіріп отыр. Біріншіден, Қазақстандағы үлкен мұнай қорының табылуы оның геосаяси жағдайына әсер етсе, екіншіден, Қазақстан экономикасының болашағы мұнай-газ саласына байланысты, үшіншіден, бүгінде Қазақстан мұнайына байланысты бірқатар мәселелер туындап отыр. Оларға: бүгінге дейін Каспий мәртебесінің әлі де шешілмей келуі, Қазақстан мұнайды тасымалдауға байланысты тәуелділігі жатады.

Қашағандағы үлкен мұнай  қорының табылуына байланысты Ресей  тарапынан кейбір шектеулі шаралар  орын алып отыр. 2004 жылы жалпы 9 млрд. доллар тауар айналымының 2,5 млрд. доллары тек Ресеймен жүргізілген сауда қатынасының үлесіне тең. Келешекте Қазақстанда мұнайдың көлемі ұлғая түспек. Сондықтан Ресей мұнайды тасымалдауға байланысты үлес мөлшерін көбейтпеуі де мүмкін. Себебі, Ресей үшін Қазақстан мұнайын тасымалдауы көлемінің үлес мөлшерін өсіру экономикалық жағынан тиімсіз. Сондықтан да мұнай экспортының физикалық көлеміне бақылау жүргізіп отырған Ресей шет мемлекеттерге бөлінген экспорттық квотаның мөлшерін шектеуге немесе сол қалпында ұстауға тырысады.

ТМД елдерінің арасында Қазақстан мұнай өндіру көлемі бойынша  кейінгі екінші орынды алады. Мұнай-газ саласының дамуын Қазақстан басшылығы ұлттық экономиканың қалыптасуының маңызды факторы болып есептеледі. Сол себепті мұнай-газ секторы жақын болашақта 30 жылда еліміздің экономикасының перспективті саласы ретінде қарастырылады.

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында энергетикалық мәселе ашық көрсетілген. Онда, табыс алу мақсатында мұнай мен газ өндіру мен экспорттауды тез өсіру керек, ал бұл тұрақты экономикалық өсуге және жықтың өмірін жақсартуға әсер ететіндігі айтылған.

 

Бұл стратегияда үш негізгі бағыт көрсетіледі:19,20

Біріншіден – мұнай-газ  жобаларына халықаралық мұнай монополияларын тарту есебінде энергия тасушылардың әлемдік нарығына Қазақстанның тез  кіруі.

Ірі инвестициялар, жаңа әлемдік технологияларды тарту, Қазақстан бай серіктерді тарта отырып, өзінің көмірсутек қорын тез, әрі тиімді етіп пайдалануға ұмтылады.

Екіншіден – бір тұтынушыға монополиялық баға мен транспорттық тәуелділікті жою үшін мұнай мен газ тасымалы үшін экспорттық құбыр жолы жүйесін құру. Тасымал жүйесін дамыту мұнай өндірісін көбейтуге (яғни 120-170 млн. Тоннаға дейін 2015 жылы жетпек) мүмкіндік берді.

Соңғы, үшінші бағыты –  отын ресурстарын пайдалану бойынша  мемлекет стратегиясы Қазақстан  әлемдік маңызы бар отынды жеткізуші  ретінде әлемдік ынтымақтастықтың ірі елдерінің қызығушылығын көтеруге бағытталған. Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «біз АҚШ-пен, Ресеймен, Қытаймен, Жапониямен, Батыс Еуропа мемлекеттерімен кең ынтымақтасуға дайынбыз. Біздің ресурстарымыздың экспортына (үнемі және тұрақты негізде) осы елдер мен компаниялардың экономикалық қызығушылығы Қазақстанның тәуелсіздігі мен гүлденуіне әсер етеді».

Қазақстанның мамандарының ойынша мұнай-газ кешенінің стратегиялық дамуы үшін, келесі алғашқы кезектегі  міндеттерді шешуге бағытталуы керек:

Информация о работе Мангыстау мунай-газ кешені