Мангыстау мунай-газ кешені

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 12:01, дипломная работа

Описание работы

Бүгінде елімізде мұнай мен газ қорының мол болуымен ерекшеленеді. Мұнай мен газ республикасыздың батыс бөлігінде және оңтүстік аудандарында шоғырланған. Әсіресе мұнай мен газдың мол шоғырланған жерлері Каспий маңы алаптары мен Солтүстік Маңғыстау мұнайлы газды аймағы болып табылады.
Сонымен бірге, Қазақстан территориясына еніп жатқан Каспий теңізі шельфіндегі және құрлықтағы болжанған ресурс қоры мұнай қоры бойынша 12 млрд. тонна, газ конденсаты – 1,6 млрд. тонна, табиғи газ қоры – 5,9 трлн. Метр куб құрайды. Бұл Қазақстанды әлемдегі басты мұнай өндіруші елдердің қатарына қоспақ. Болашақ Қазақстанның қуаты Каспий өңірімен өркендемек.

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................................... .9
1 ТАРАУ. МҰНАЙ – ГАЗ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ.................................................................................................................12
1.1. Әлемдік мұнай бизнесінің дамуы................................................................12
1.2. Қазақстанның мұнай-газ кешенінің қалыптасуы мен қазіргі жағдайы.................................................................................................................18
2 ТАРАУ. МАҢҒЫСТАУ МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ ДАМУ
КЕЗЕҢДЕРІ................................................................................................................................25
2.1. Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуы............................................25
2.2. Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуының негізгі кезеңдеріне перспективалық шолу..........................................................................................30
2.3. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қалыптасуы мен қазіргі жағдайы................................................................................................................40
3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ КЕЛЕШЕКТЕГІ БОЛЖАМЫ.............................................................................................................46
3.1. Қазақстанның мұнай-газ саласының негізгі мәселелері мен даму болашағы...............................................................................................................46
3.2. Қазақстан Республикасының мұнай тасымалдау мәселелері мен
келешегі…………………………………………………………………………53
3.3. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның даму перспективасы...............................65
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................................71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ.............................................................................................75
ҚОСЫМША...............................................................................................................................78

Работа содержит 1 файл

ПЗ-ИЗЕТ КАЗdoc.doc

— 426.50 Кб (Скачать)

Аяқталу кезенінде, яғни мұнай өндірісінің суды қажет  етуі және энергетикалық шығындарының тез өсуі мұнайды өндіру бойынша жоспарға қауіп төндіреді. Сонымен 1997 жылмен салыстырғанда, 16 млн. тонна 1980 жылы мұнай өндірудің күрт төмендеуі көптеген себептерге байланысты болды. Олардың ішінде маңыздылары болып:

  • теңіз және ағынды суларды айдау үшін насостармен қамтамасыз етілудің қанағаттандырылмауынан қымбат, қысым сақтау үшін қабатқа су айдаудың жеткіліксіздігін Өзен кен орнында мұнай өндірудің төмендеуі, сондай-ақ, Ақтау-Өзен магистральды су құбырының жиі коррозияға ұшырауына байланысты апаттық тоқтатулар мен жүргізілген жөндеу жұмыстары нәтижесінде қабатқа теңіз суын тұрақты бермеуден;
  • 1 және 2 деңгейдегі компрессорлар жұмысының төмен сенімділігімен «ҚазГаз» өңдеу зауытының газ лифті сығылған ілеспе газды тұрақсыз берудің жалғасуынан мұнай өндірудің төмендеуі;

 

 

Забой маңы зонасында тұздың көп жинаулы, ұңғы стволының фильтрлі бөлігінде тұзды тығынның пайда болуы және мұнай келудің толықтай тоқталуы нәтижесінде мұнай өндірудің төмендеуі;

  • Жерасты жөндеуін күтіп тұрған ұңғылардың жұмыс жасамауы да үлкен әсер етеді, яғни арнайы техникалық және жерасты жөндеу жұмыстарын жүргізетін бригаданың жетіспеушілігі білінеді. Ал бригадаларды құру еңбек ресурстарының тапшылығынан, тұрғын үй мәселесінің шешілмеуінен және кадрлардың ағылуы деңгейінің көптігі қиыншылық туғызып отыр.

Мұнай өндіруді тұрақтандыру мақсатында тұздың пайда болу және парафиннің пайда болуы ингибиторларын пайдалану бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді. Маңғыстаудың өндіріс кешенінің дамуында теңгермеушілікті жоюда игерудің 2 және 3 кезеңінде кен орнын жабдықтауда және өндіріс кешенінің объектілерінің құрылысына вахталық-экспедициялық әдісті қолданды.

Маңғыстау мұнай-газ кешенінде Қаламқас және Қаражанбас кен орындарында халықтың орналаспауына байланысты тек вахталық-экспедициялық әдіс ұйымдасқан. Вахталық және вахталық-экспедициялық әдіс ұзақ уақытқа өте ірі өндірістік ұжымының қалыптасуына негіз бола алмайды, оларды тек жаңа ашылған кен орнын пионерлік игерудегі аудандарға ғана өзінің келешегін сақтай алады.Маңғыстау мұнай-газ кешенінің дамуына үлкен орын алатын Қаражанбас пен Қаламқас кәсіпшіліктеріне 300 шақырым тас жолдың, мұнай құбыры мен электр желісінің салынуы, Бозашыдағы теңіз суын жинақтау қондырғысы тұрғызылып, Қаламқас-Қаражанбас су құбырының жасалуы, сондай-ақ мұнда жаңадан ашылған кен орындары Бозашы түбегінде тұрақты тұрғындардың тұруына алғышарт болып табылады.

 

. Екінші кезеңге (1969-1978 жылдар) тән сипат болып, капитал  салымының 53,3 пайызына дейін мамандану  саласына салынды. Өндірістік  сфераға капитал салымы бірінші  кезеңге қарағанда, аз ғана  өсті. Екінші кезеңде мұнай-газ кешенінің өндірістік құрылымының негізі жасалды, Жаңаөзен қаласындағы газ өңдеу зауытының құрылысы басталды. Осы кезеңде мұнай өндіру өзінің ең жоғары көрсеткішіне – 1975 жылы 20 млн. тоннадан астам, ал бұл жалпы республикадағы өндірілген мұнайдың 85 пайызын құрайды. Маңғыстаудағы мұнай-газ кешенінде мұнай өндірудің көбеюі Бозашы түбегінде жаңа кен орындарын (Қаламқас пен Қаражанбас) игеру есебінен жүзеге асты.

Үшінші кезеңде мұнай-газ  кешеніне қалыптасудың аяқталу сатысында. Бұл кезең мұнай өндірудің төмендеуімен, ал қазіргі мұнай өндіру тұрақталғандығымен сипатталады. Көмірсутек шикізатын өңдеуге негізделген салалар одан әрі терең өңдеу жолына түсті.

Маңғыстау мұнай-газ кешенінің іс-әрекетінен пайда болған жалпы пайда 7632,8 млн. сомды құрады. Осы кезең ішінде халық шаруашылығы Маңғыстау мұнай-газ кешенінің дамуына өндірісті капитал салымы 4262,7 млн. сомды құрса, ал өндірістік емес капитал салымы 472,5 млн. сом болды. Халықшаруашылығы үшін алынған пайда Маңғыстау мұнай-газ кешеніне салған барлық капитал салымын қайтаруға жеткілікті болды. Халық-шаруашылығының алған таза пайдасы 4175,8 млн. сомды құрады. Алайда әр кезең бойынша бұл пайда тең бөлінбеді.Пионерлік кезеңде Маңғыстау мұнай-газ кешенінің іс-әрекетінен 1966 жылдан 1970 жыл аралығында таза пайда 803 млн. сом болды. Маңғыстау МГК-нің қызмет ете бастауынан алынған пайда, оған салынған капитал салымынан көп болды. Бірақ та алынған таза пайда мұнай-газ кешенінің өндірістік емес сферасына капитал салымын қарыландыру үшін жеткіліксіз болды.

 

 

Мұнай газ кешенінің қарқынды қалыптасу  кезеңінде (1971-1975 жылдар) өндірісті  ұлғайтуға пинерлік кезеңдегі таза табыстан 10 есе көп капитал салымын қажет етті (864,7 мен 80 млн. сомды салыстырсақ), ал келесі кезеңдегі инвестицияның жылдық ағымы пионерлік кезеңдегі жалпы таза табыстан 2 есе көп болды. Сонымен, Маңғыстау мұнай-газ кешенін қалыптастыру үшін, екінші кезеңде мемлекеттік қаржы ресурстарын тарту қажет болды.

Маңғыстау МГК-нен 1970-1975 жылдары алынған таза пайда келесі 4 жылда өндірістік және әлеуметтік сфераны қаржыландыруға жеткілікті болды. (кестелерді қарап, 1976-1980 жылдардағы капитал салымын 1971-1975 жылдардағы таза табыспен салыстыр). Осылай, 1976 жылдан бастап, Маңғыстау МГК-де өзін-өзі қаржыландыру мүмкіндігі болды, себебі алдыңғы жылдардағы таза табыс келесі жылдардың капитал салымын қажеттілігінен жоғары.

Жалпы алғанда 1966-1985 жылдардағы алынған  жиынтық таза табыс (4,1 млрд. сом) есебінен:

  1. Маңғыстаудың МГК-де әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды құруға;
  2. Маңғыстау МГК-нің 1986-1990 жылдардағы өндірістік қажеттілікке капитал салымын қамтамасыз етуге;
  3. Аймақтың басқа да салаларының дамуына пайдалану үшін жинақ қоры құрылуына мүмкіндік береді.

Сөйтіп, Маңғыстау МГК  құру экономикалық тұрғыдан тиімді болды. Маңғыстау МГК құрудан алынған пайданың көлемі 1971-1985 жылдардағы, 1986-1990 жылдарда мұнай-газ кешенінің өндірістік көлемін ұлғайтуды қамтамасыз етті.

Сонымен бірге, 1986-1990 жылдары Маңғыстау мұнай-газ кешенінің алдында тиімлілікті көтеруде жаңа бағытты іздеу мәселесі тұрды. Тұрақтандыру кезеңіндегі, яғни 1981-1985 жылдары пайданың өсуі мұнай бағасының көтерілу

 

есебінен, сондай-ақ Маңғыстау  түбегіндегі ірі кен орындарын  пайдалану нәтижесінде жүзеге асты.

Ал енді таза халық  шаруашылық табысының мемлекет, мұнай-газ кешені және аймақтық шаруашылық арасында бөлінуін қарасытырп көрейік. Мұнай мен газға аймақтық көтерме бағасын қалыптастыру жолымен мемлекет реттік табыс алуды жүзеге асырды. 1966-1985 жылдары Маңғыстау кен орнының мұнайының көтерме бағасы тұйықтауыш шығыннан екі есе төмендеп, нәтижесінде Маңғыстау МГК-нен алынған пайда да төмен. Сөйтіп алынған пайда көлемі кәсіпорынның аммортизациялық алымын сақтаған жағдайда өндірістік және өндірісті емес мақсаттағы күрделі құрылыс көлемін қаржыландыруға әрең жетеді. Осылай МГК-нің кәсіпорындарымен баланстық пайдасы есебінен кеңейтілген өндіріс мүмкін болмады. Маңғыстау МГК-нің қалыптасу кезеңінде пайда мен капитал салымының арақатынасын талдасақ, пионерлік және аяқталу кезеңінде өзін-өзі қаржыландыру болмады.

Пайда өндірістік капитал  салымынан болды. (қосымшада)

Қарқынды қалыптасу  кезеңінде, яғни мұнай өндіру мен  пайданың өсу кезеңінде әлеуметтік сфераның бір бөлігін ғана қаржыландыру мүмкін болды. Ал 1987-1990 жылдары таза табыс төмендеді, бұл аймақтың өндірудің тұрақтану сатысына өтуіне байланысты мұнай өндіруге кеткен ағымдық шығындардың өсуіне байланысты болды.

Мемлекеттік басқару жүйесі кезіндегі соңғы жылдары Маңғыстау мұнай газ кешенінен алынған таза табыс алғашқы игеру жылдарындағыдай тағы да теріс болып отыр.

Осындай жағдайда өндірістік және өндірістік емес сфераға капитал  салымын қамтамасыз ету үшін, яғни Маңғыстау мұнай-газ кешенінің дамуына мемлекеттік дотация қажет болды. Сондай-ақ, мұнай-газ саласындағы мемлекет

 

пен кәсіпорын арасындағы қалыптасқан жағдайда Маңғыстау  МГК-нің мұнайын өткізуден түскен пайданы бөлуде Маңғыстау ИГК-ні пайданың 54 пайызын ғана алады, ал бұл өндірісті ұлғайтуға және өндірістік және өндірістік емес сфераның пропорционалды дамуын қамтамасыз етуге жеткіліксіз.14

Сөйтіп, 90-жылдардың бас  кезінде бұрынғы шаруашылық байланыс ыдырап, мемлекеттік қаржыландыру мүлдем азайып, мұнайды барлау, өңдеу, тасымалдау және өңдеумен шұғылданатын жекелеген кәсіпорындар көбіне – көп жартылай мемлекетік, шетелдік, бірлескен және басқа да жекеменшік иелерінің қолына көшті. Мұнай газ саласында әртүрлі акционерлік қоғамдар, шетел инвесторларымен бірлескен кәсіпорындар құру арқылы өзін-өзі қаржыландыруға көшті, жер қойнауы Қазақстан Республикасының Үкіметі берген контракт пен куәлік негізінде пайдалана беруге болатын тауарларға айналды. Сөйтіп, 1997 жылы Қазақстан Республикасының мұнай және газ өнеркәсібі Министрлігінің негізінде «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясы құрылды. «Қазақойл» ҰМК-ның негізгі мақсаты болып Қазақстанның мұнай және газ секторында мемлекеттік саясатты жүргізуде қабілетті, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және энергоресурстардың тиімді өңделуін жүзеге асыратын мұнай және газдың вертикалды-интегралданған құрылымын құру және дамыту болып отыр.Мұнай-газ саласын реформалау жылдарында Маңғыстау мұнай газ кешеніне де күрделі өзгерістер енгізді.

          Мұндағы ірі мұнай компаниялары «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражанбасмұнай» және «Өзенмұнайгаз» құрылымдарында да күрделі өзгерістер болды: техникам мен технологияның тозуынан, қаржының жетіспейшілігінен және тағы басқа себептерден мұнай өндірудің төмендеуіне соқтырды.

 

 

АҚ «Маңғыстаумұнайгаз» бен «Қаражанбасмұнай» кәсіпорындары индонезиялық және канадалық компаниялардың басқаруына өтті. Ал АҚ «Өзенмұнайгаз» ҰМК «Қазақойлдың» басқаруында қалды. Алдыңғы екеуі шетел инвестициясының арқасында жаңа мұнай химия қондырғылары, күрделі жөндеу, жаңа технологиялардың енгізілуінен мұнай өндіру көлемі қазірде тұрақталды. Ал «ӨМГ» АҚ-да 1990 жылдан бастап, мұнай өндірудің жыл сайын 15-20 пайызы күрт төмендеуін Дүниежүзілік Банктен 109 млн. АҚШ доллары мөлшерінде қарыз алуы арқылы жеңе алды. Бүгінде мұнай өндіру көлемі тұрақталып, өндірістік инфрақұрылыммен бірге, әлеуметтік инфрақұрылым даму үстінде.

ҚР-ның экономикасының салалық  бағытталуының дамуы 1996-1998 жылдар арасында айқын байқалды, яғни мұнай саласының  дамуына нақты ставка және басқа  қалғандарын дағдарыс жағдайынан алып шығу жасалды.

Сонымен соңғы 10 жыл ішінде Қазақстан  экономикалық постсоветтік экономикалық құлдырауды толық тоқтатып өрлеуге  мүмкіндік алды. Мемлекет алдына мұнай  өндіруді алдағы 10 жыл ішінде 2,5 есе  өсіруді мақсаттап жылына 150 млн. тонна жеткізуді көздейді.

Елбасының айтуынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда 2010 жылы күніне 2 млн. бар. мұнайды экспорттауға қол жеткіземіз, ал 2015 жылы 3 млн. бар. Мұнайды мұнай өндіру динамикалық өсуге иеленеді деп күтілуде...

 

 

 

 

 

 

 

2.3 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қалыптасуы мен қазіргі жағдайы

 

Маңғыстау облысының  аймақтық экономикалық көрсеткіштері  «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қызметімен тығыз байланысты. АҚ «Маңғыстаумұнайгаз» (ММГ) 1964 жылы Маңғыстау облысында  ішкі мұнай мен газды өндіру, тасымалдау, өңдеу және мақсатында құрылған. «Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бірлестігін акциялау нәтижесінде акционерлік қоғам болып құрылды. 15 кен орнын өңдеуге рұқсат берілген: Қаламқас, Жетібай, Оңтүстік Жетібай, Асар, Айрантақыр, Оймаша, Ащыағар, Солтүстік Қарқия, Бұрмашы, Алатөбе және тағы басқалары ММГ құрамына «Қаламқасмұнайгаз» және «Жетібаймұнайгаз» мұнай газ өндіруші басқармалары (МГӨБ) және 17 қызмет көрсетуші тармағы мен 5 филиал кіреді. Ұңғылардың жалпы қоры (01.01.97 жылға) 3041 оның ішінде 291-і пайдалану ұңғылары. 1990 жылдан бастап, мұнай өндіру (7447,7 тонна) төмендеп, қазірде тұрақталды (1996 жылы 4506 тонна болды). Ең жоғарғы мұнай өндіру 1975 жылы 24 млн. Тоннаны құрады, бұл сол кездегі Қазақстан бойынша өндірілген мұнайдың 90 пайызы еді. 90-жылдардағы мұнай өндіру деңгейінің төмендеу себептері: нарық конъюктурасы (экспортқа тосқауылдау, төлем қабілетсіздігінің мәселесі), тозған құрал-жабдықтар, пайдалану қорындағы ұңғылардың жұмысының төмендеуі және тағы басқа.

Алайда, бұл кәсіпорын облыстық бюджеттік түсімдерін қалыптастырудағы негізгі шаруашылық субъектісі болып табылады. Бұл қатынаста аймақтың дамуының келешегі бәрінен бұрын оңдағы ірі салық төлеуші кәсіпорындарының дамуының келешегіне байланысты болмақ.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Қазақстанның аймақтық және мұнай-газ саласының дамуының макрокөрсеткіштеріне үлкен әсер етеді.

 

Кесте 1

2005-2007 жылдар аралығындағы АҚ «Маңғыстаумұнайгаз» бен облыс бойынша мұнай мен газ өндіру көрсеткіштері.15

Көрсеткіш

 

2005

2006

2007

Маңғыстау облысындағы мұнай өңдеу көлемі мың тонна

 

8213,3

8456,1

8513,0

Мұнай өндіру мың тонна

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

4506,2

4480,9

3347,3

 

«Жетібаймұнайгаз» МГӨБ

884,5

806,9

746,3

 

«Қаламқасмұнайгаз» МГӨБ

3622,7

3674,0

2583,0

Ілеспе газ өндіру млн. Метр куб

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

152,05

149,95

132,70

 

«Жетібаймұнайгаз» МГӨБ

69,85

66,75

65,82

 

«Қаламқасмұнайгаз» МГӨБ

82,15

83,2

66,88

Мұнай жеткізу, мың тонна

Қазақстан ішінде

3530

3048

3172

 

Экспортқа

1065

1339

1197

Информация о работе Мангыстау мунай-газ кешені