Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 12:01, дипломная работа
Бүгінде елімізде мұнай мен газ қорының мол болуымен ерекшеленеді. Мұнай мен газ республикасыздың батыс бөлігінде және оңтүстік аудандарында шоғырланған. Әсіресе мұнай мен газдың мол шоғырланған жерлері Каспий маңы алаптары мен Солтүстік Маңғыстау мұнайлы газды аймағы болып табылады.
Сонымен бірге, Қазақстан территориясына еніп жатқан Каспий теңізі шельфіндегі және құрлықтағы болжанған ресурс қоры мұнай қоры бойынша 12 млрд. тонна, газ конденсаты – 1,6 млрд. тонна, табиғи газ қоры – 5,9 трлн. Метр куб құрайды. Бұл Қазақстанды әлемдегі басты мұнай өндіруші елдердің қатарына қоспақ. Болашақ Қазақстанның қуаты Каспий өңірімен өркендемек.
КІРІСПЕ .................................................................................................................................... .9
1 ТАРАУ. МҰНАЙ – ГАЗ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ.................................................................................................................12
1.1. Әлемдік мұнай бизнесінің дамуы................................................................12
1.2. Қазақстанның мұнай-газ кешенінің қалыптасуы мен қазіргі жағдайы.................................................................................................................18
2 ТАРАУ. МАҢҒЫСТАУ МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ ДАМУ
КЕЗЕҢДЕРІ................................................................................................................................25
2.1. Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуы............................................25
2.2. Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуының негізгі кезеңдеріне перспективалық шолу..........................................................................................30
2.3. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қалыптасуы мен қазіргі жағдайы................................................................................................................40
3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ КЕЛЕШЕКТЕГІ БОЛЖАМЫ.............................................................................................................46
3.1. Қазақстанның мұнай-газ саласының негізгі мәселелері мен даму болашағы...............................................................................................................46
3.2. Қазақстан Республикасының мұнай тасымалдау мәселелері мен
келешегі…………………………………………………………………………53
3.3. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның даму перспективасы...............................65
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................................71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ.............................................................................................75
ҚОСЫМША...............................................................................................................................78
Бұл қойылған міндеттеді шешу үшін: капиталын тарту мен айтарлықтай перспективті кен орындарды шетел инвесторларына басқаруға беру есебінде мұнай мен газ өндірісінің көлемін өсіру, Теңіз және Қашаған кен орындарында мұнай өндіруді көбейту, Каспий шельфін игеру мен өңдеу, мұнай-газ кешенін басқару жүйесін жетілдіру және мемлекеттік бақылауды сақтауда оның жекешелендіру процесін аяқтау, Теңіз-Новороссийск (КҚК) құбыр жолы көмегімен әлемдік нарыққа шығу, сондай-ақ, жанама тасымал жолын іздеу және ішкі құбыр жолы желісін дамыту, жаңа мұнай өңдеуші зауыт құрылысын салу.
Мұнай-газ секторы мемлекеттік кәсіпорынның қызметін талдау, олардың қазіргі істеп тұрған мұнай және газ кен орындарын игеру жобаларына сүйене отырып, 2007 жылға дейін өндірісті кеңейту мүмкіндігінің бар екендігін көрсетеді. Бұл жерде есепке Қаламқас, Қаражанбас, Жетібай, Прорва, Жаңажол, Құмкөл кен орындары алынып отыр. 2010 жылға дейін жасалған есеп бойынша даму үшін қажетті капитал салымдарының көлемі 1,0 млрд. АҚШ долларынан асып кетті.
Сондай-ақ, соңғы кезде табылып жатқан кен орындарына байланысты, Қазақстандағы мұнай мен газдың қорлары ішкі қажеттіліктерді ұзақ мерзімде қамтамасыз етеді деп айтуға болады.
Қорытындылай келе, Қазақстан мұнайын өндіру болашағы мына жағдайларға тікелей байланысты:
Ресей мен Қытайға Қазақстан келесі жағдайларда тәуелділігі жасалады;
Сарапшылардың бағалау бойынша 2010 жылға қарай ішкі тұтынуды қамтамасыз ету үшін мұнай мен газ конденсатын өндіру, қажетті валюталық түсімдер алу мақсатында сыртқы нарыққа сату көлемі 65-70 млн. тоннаны құрауы тиіс. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған республикадағы кәсіпорындар 18-20 млн. тонна, Қарашығанақ және Теңіз кешендері 40-45 млн тонна бере алады. ал шамамен қалған 10-15 млн тоннаны бірлескен кәсіпорындар бере алады және қазақстандық кәсіпорындар қамтамасыз етеді.
Жаңа бірлескен кәсіпорындар құру кезінде ескеретін бір жәйт – күрделі қауіп – Геологиялық кен орындарын игеруге, жаңа технологияларды қажет ететін, тиімділігі төмен кәсіпорындарды пайдалануға, шикізаттарды кешені пайдалануға, қоршаған ортаға зияндылығын азайтуға бағытталуы керек.
2010 жылға дейін Каспий теңізі шельфін игеру жұмыстарын жүргізу маңызды. Шельф байлығы болашақ ұрпақ үшін де үлкен көлемде сақталуы тиіс. Жаңа мұнай өңдеу зауыттарын құру және бұрыннан қызмет ететіндерін қайта құру есебінен мұнай өндіруші кәсіпорындар қуатын 40 млн тоннаға дейін жеткізу керек. Және де мұнай өндіруші аймақтарға бірнеше шағын зауыттар салу керек. Міне осы айтылғандардың бәрі, Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешенінің даму Концепциясын жасаудың қажеттілігінің туындығын көрсетеді. «Қазақстан 2030» стратегиясы негізінде жасалған Концепция саланың барлық аспектілерін қамту керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі және сыртқы
саясат, экономиканың макро
және микропроцестер. Онда бүгінге
дейін қабылданған
3.2 Қазақстан Республикасының мұнайды тасымалдау мәселелері мен келешегі
Қазақстан мұнай экспорттау кезінде мынадай мәселелерге тап боламыз:
Алдағы 10 жылыдқта Каспий аумағында мұнай өндіру Қазақстанда елеулі көбейеді деп жобаланып отыр. 2010 жылы 60-120 млн.т-ға жетуі мүмкін. Бұл мұнайдың соңғы негізгі тұтынушылары-ЕО мемлекеттері, Турция, Балкан мемлекеттері. Каспий маңы мемлекеттерінің мұнайын халықаралық нарыққа тасымалдау маршрутын анықтау тек жеке мемлекеттер арасында (Турция, Иран, АҚШ, ЕО мемлекеттері, Болгария) ғана емес, сонымен қоса ірі компаниялар арасында да өткір бәсекелестіктің объектісі болып отыр. Каспидің бірнеше теңіз кен орындарын игеру үшін 1995 жылдың қарашасында Каспий халықаралық оперативтік компаниясы (АМОК). Ерте мұнайды тасымалдау үшін 2 маршрутты қолдану қарастырылған – Ресей және Грузия территориясы бойынша. Қол қойылып 1996 жылдың басында күшіне енген Ресей-Азербайжан келісімшарты бойынша ерте мұнайы Ресей территориясы арқылы Новороссийскіге тасымалданды. Новороссийскілік маршрут жобасы бойынша альтернативті
құбыр Каспий аумағының үлкен мұнайын Жерорта теңізіне тасымалдау үшін оны турциялық Джейхан жеткізу ойластырылған.
Соңғы кездері Каспий
аумағының мұнайын тасымалдау және
өндіру мәселелерін интернационализаци
Атырау-Баку - Тбилиси-Джейхан мұнай транспортының жүйесінің үлгісі қарастырылуда. Жақын арадағы алты айда Қазақстан және Азербайжан Актау-Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай транспорттық жүйесін құру жөніндегі рамкалық үкіметаралық келісім үлгісін ойластыруда. Келісім соңында Қазақстандық мұнайды Ақтау каспий портынан Бакуге тасымалдайтын 2 елдің біріккен компаниясын құру қарастырылған. Бұл келісімдегі назар аударатын нәрсе: Астана мен Бакудың біріккен жоспарында Қазақстандық мұнай Каспийдің шығыс жағалауынан батысына қандай жолмен Каспийдің түбіне салынған құбырмен немесе ресей территориясымен теңіздің жағамен жағалай құрлықпен ба екендігі көрсетілмеген.
Қазіргі уақытта Каспийдің шығыс жағасынан батыс жағасына Қазақстандық және Түрікмендік мұнай тасымалдау Азербайжандық танкерлік флотымен сумен жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының тасымалдау келешегі.
Болжанған мәліметтер бойынша, 2010ж. Каспий маңы елдерінен мұнай экспорты жылына 80 млн. тоннаға өсті. Қазіргі күні Қара теңіз бұғазы арқылы мұнай тасымалдау көлемі жылына 75 млн тонна болды. Сондықтан, Каспий аумағында мұнай өндіруді өсіру перспективасы жаңа мұнай транспорты маршрутының керектігін білдіреді.
Маңызды құбырлардың жобасы – Баку-Супса және Баку-Джейхан (Баку – Супса 1999 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр). Баку – Супса Ресей территориясын айналып, басқа нарықтарға жету үшін жасалған. Бұл жобалардың проектісі 2,4 млрд АҚШ долларын құрайды, яғни КТК құбырының шығындарына қарағанда көп. Баку – Джейханның өткізу қабілеті 50 млн тоннаны құрайды, бұған Қазақстанның Ақтау – Баку танкер арқылы немесе Каспий астындағы құбыр арқылы 20 млн тоннасын тасымалдайды.
Қазақстан Иранға және Қытайға мұнайды Дружба станциясы арқылы темір жол транспортымен тасымалдайды. «АқтөбемұнайГаз», «Харрикейн», «Кумкөл», «Тенгизшевройл» компаниялары 20 млн немесе болашақта 40 млн тоннаға дейін тасымалдайды.
Бүгінгі күні әртүрлі елдердің экспортерларының айтуынша, бірнеше варианттағы экспорттық мұнай құбырлары қарастырылады:
Бүгінгі күнгі әрбір құбыр жобалары бірнеше елдердің территориясы арқылы өтеді. Қазіргі кезде көптеген берілген жобалардың ішінен тек Каспий құбыр Консорциумы (КҚК) тәжірибеде көрсетілген.
«Батыс Қазақстан - Қытай» маршруты Қытай және Азия-Тынық мұхиты аумағы нарығына Каспий мұнайын шығаруға мүмкіндік береді. Бірақ келешекте Қытай бұл мұнай құбырын салуға жағдайсыз. Бұл жоба тек мұнайға жоғары баға болған кезде сонымен бірге 3 мың км-лік құбырдың өз бағасын шығаруы және ірі капитал салуда жылына 40 млн тонна мұнай тасымалдау кезінде мүмкін. Қазақстанның нақты мүмкіндігі қажеттіліктің тек 3 бөлігі құрайды.
Қазақстан – Қытай мұнай құбыры ақиқатқа айналды.
3 сәуірде еліміздің Премьер Министірі Қытайдың «CNPC» ұлттық газ корпорациясының өкілдерін қабылдады. КездесудеҚазақстан-Қытай мұнай құбыры құрылысының жобасын іске асыруға байланысты мәселелер талқыланды деп хабарлады. Премьер Министрдің баспасөз қызметі.
Қазақстан осынау маңызды жобаны қаржыландыруға белсене қатынасатын болады. Біз бұл өте күрделі экономикалық жұмысқа дайынбыз. Біздің қаржылық институттар қаржыландырудың қазақстандық үлесін қамтамасыз етумен біраз уақыттан бері үздіксіз айналысып келеді. «Бұл жобада Қазақстан өзінің қаржылық көлеміне кепілдік бере алады» - деді премьер министір. Энергетика және миниралдық ресурстар министірлігінің ақпараты бойынша, Қазақстан-Қытай мұнай құбыры құрылысының жобасы екі кезеңді
қамтиды. Бірінші кезең
мұнай құбырының 2006-2010 жылдары Атасу-Алашанқай
бөлігін екінші кезең 2011-2035 жылдары.
Мұнай құбырының – Кенкияк-Құмк
Тараптар аталған жобаның техникалық жағынан қолайлы, экологиялық қауіпсіз және екі ел үшін тиімді болатынына тоқталды.
«Қазақстан-Түркменстан-
«Қазақстан – Түркменстан
- Иран» трассасының жақсы
Болжау бойынша Баку-Джейхан құбыры жылына 330 млн баррель мұнайды Орта Азия және Батыс нарықтарына тасымалдайды. «Тотал» француз мұнай компаниясының мәліметтері бойынша бұл құбыр құрылысының құны 3 млрд долларды құрайды, ал Батыс Қазақстаннан Джейханға дейін бір баррель шикі мұнайды тасымалдау 10 долларды құрайды.
Мұнай тасымалдау көлемінің ұдайы ұлғая түсуі – осының жарқын мысалы. Ол 2004 жылы 32 миллион тоннадан асып түсті. Біріңғай бағыттау жүйесін енгізудің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Казтрансойл» ЖАҚ-ды экспортқа шығарылатын отандық мұнай транзитін ресімдеу жөніндегі уәкілетті оператор етіп тағайындауының нәтижесінде осындай көрсеткіштерге қол жетті. Сол себепті бұл ТМД елдерінің аумағы арқылы Қазақстан мұнайының транзитін ретке келтіріп, оның көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Мысалы, Атырау-Самара мұнай құбырымен 14,5 миллион тонна жеткізілді, бұл 2003 жылдың тиісті деңгейінен 23 пайыз артық. Өткен жылы «Казтрансойл» ЖАҚ Бестамақ мұнай құю эстакадасы, Ақтау порты, Махочкала порты арқылы және одан әрі Махочкала – Новороссийск мұнай құбырымен Ақтөбе мұнайын
тасымалдаудың жаңа маршрутын жасады. Біздің қатысушымыз бен Бестамақ эстакадасында ақпан айында Жаңажол және Кенкияк мұнайының қоспасын мерқаптандар мен күкіртті сутектілерінің жеңіл фракцияларына тазартатын қондырғы пайдалануға беріліп, бұл «СНПС – Ақтөбе мұнайгазға» өз мұнайын Атырау-Самара экспорттық құбыр желілесі арқылы тасымалдауға мүмкіндігін берді. Ақтөбе аймағында мұнай өндіру 2007 жылы жылына 14 миллион тоннаға дейін ұлғаяды деп күтіліп отырғанын назарға ала отырып, үстіміздегі жылы Кенкияк-Атырау мұнай құбырынң құрылысын бастау жоспарланып отыр. бұл жоба Қытай жағымен бірлесіп жұзеге асырылады, және оны пайдалануға 2003-2004 жылдарына жоспарланған.
Бірінші кезектегі мәселелердің келесі бір топтамасы өндіру көлемі қауырт көбейіп келе жатқан Құмкөл мұнайын тасымалдауға қатысты. Қазіргі кезде Құмкөл мұнайы экспортының басыңқы бағыты Еуропалық нарық болып табылады. 2001 жылы желтоқсан айында «Атырау» мұнай айдау станциясының құю эстакадасына дейін теміржол жеткізілетін Құмкөл мұнайын Атырау-Самара мұнай құбырымен жөнелтудің негізі қаланды. Болашақта Құмкөл мұнайын осы бағытта жеткізу көлемі ұлғая бермек, бұл үшін біз «Атырау» мұнай айдау станциясының ауыстырып құю қуаттарын ұлғайту жөнінде шаралар қолданып жатыр. Ол Құмкөл өндірушілеріне «Казтрансойл» ЖАҚ Құмкөл-Арал құбыр желісін салып, оны кейіннен Кенкиякқа дейін ұзартқанға дейін таяуда екі-үш жыл ішінде барынша мүмкін мұнай көлемін экспорттауға мүмкіндік береді. Қазақстан мұнайын тасымалдаудың экспорттық бағыты Атырау-Самара құбыр желісі болып табылады. Бұл құбыр желісінің осылай кеңейтуге мол мүмкіндігі бар.