Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 12:01, дипломная работа
Бүгінде елімізде мұнай мен газ қорының мол болуымен ерекшеленеді. Мұнай мен газ республикасыздың батыс бөлігінде және оңтүстік аудандарында шоғырланған. Әсіресе мұнай мен газдың мол шоғырланған жерлері Каспий маңы алаптары мен Солтүстік Маңғыстау мұнайлы газды аймағы болып табылады.
Сонымен бірге, Қазақстан территориясына еніп жатқан Каспий теңізі шельфіндегі және құрлықтағы болжанған ресурс қоры мұнай қоры бойынша 12 млрд. тонна, газ конденсаты – 1,6 млрд. тонна, табиғи газ қоры – 5,9 трлн. Метр куб құрайды. Бұл Қазақстанды әлемдегі басты мұнай өндіруші елдердің қатарына қоспақ. Болашақ Қазақстанның қуаты Каспий өңірімен өркендемек.
КІРІСПЕ .................................................................................................................................... .9
1 ТАРАУ. МҰНАЙ – ГАЗ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ.................................................................................................................12
1.1. Әлемдік мұнай бизнесінің дамуы................................................................12
1.2. Қазақстанның мұнай-газ кешенінің қалыптасуы мен қазіргі жағдайы.................................................................................................................18
2 ТАРАУ. МАҢҒЫСТАУ МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ ДАМУ
КЕЗЕҢДЕРІ................................................................................................................................25
2.1. Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуы............................................25
2.2. Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуының негізгі кезеңдеріне перспективалық шолу..........................................................................................30
2.3. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қалыптасуы мен қазіргі жағдайы................................................................................................................40
3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ КЕЛЕШЕКТЕГІ БОЛЖАМЫ.............................................................................................................46
3.1. Қазақстанның мұнай-газ саласының негізгі мәселелері мен даму болашағы...............................................................................................................46
3.2. Қазақстан Республикасының мұнай тасымалдау мәселелері мен
келешегі…………………………………………………………………………53
3.3. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның даму перспективасы...............................65
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................................71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ.............................................................................................75
ҚОСЫМША...............................................................................................................................78
АИГИ. Мамандық: 050708. «Инженерлік-техникалық пәндер» кафедрасы
Дипломниктің Т.А.Ә: Лукпанов Изет
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ..............................
1 ТАРАУ. МҰНАЙ – ГАЗ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ.......................
1.1. Әлемдік мұнай бизнесінің
дамуы.........................
1.2. Қазақстанның мұнай-газ
2 ТАРАУ. МАҢҒЫСТАУ МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ ДАМУ
КЕЗЕҢДЕРІ.....................
2.1. Маңғыстау мұнай-газ кешенінің
қалыптасуы....................
2.2. Маңғыстау мұнай-газ кешенінің
қалыптасуының негізгі
2.3. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қалыптасуы
мен қазіргі жағдайы.......................
3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ
КЕЛЕШЕКТЕГІ БОЛЖАМЫ.......................
3.1. Қазақстанның мұнай-газ
3.2. Қазақстан Республикасының
келешегі…………………………………………………………
3.3. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның даму перспективасы.................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ.......................
ҚОСЫМША.......................
КІРІСПЕ
Бүгінде елімізде мұнай мен газ қорының мол болуымен ерекшеленеді. Мұнай мен газ республикасыздың батыс бөлігінде және оңтүстік аудандарында шоғырланған. Әсіресе мұнай мен газдың мол шоғырланған жерлері Каспий маңы алаптары мен Солтүстік Маңғыстау мұнайлы газды аймағы болып табылады.
Сонымен бірге, Қазақстан территориясына еніп жатқан Каспий теңізі шельфіндегі және құрлықтағы болжанған ресурс қоры мұнай қоры бойынша 12 млрд. тонна, газ конденсаты – 1,6 млрд. тонна, табиғи газ қоры – 5,9 трлн. Метр куб құрайды. Бұл Қазақстанды әлемдегі басты мұнай өндіруші елдердің қатарына қоспақ. Болашақ Қазақстанның қуаты Каспий өңірімен өркендемек.
Бұл жұмыстың тақырыбы – Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласының негізгі мәселелері мен даму болашағы.
Маңғыстау аймағы жылына 12 млн. тоннадай мұнай және 1,5 млрд. метр куб газ өндірілетін Қазақстанның ірі мұнайлы газды аймақтарының бірі болып табылады.
Бүгінде Маңғыстау облысының территориясында 70 мұнай және газ кен орындары белгілі, соның ішінде 27-сі белсенді түрде өңделеді. Ірі кен орындары болып: Өзен, Жетібай, Қаламқас және Қаражанбас саналады. Маңғыстау түбегінің мұнайын игеру және мұнай өнеркәсібін Қазақстанның халық шаруашылығы саласының қатарына қосуы еліміздің экономикалық дамуындағы ірі оқиға болды.
Жұмыстың мақсаты – бұрынғы одақ көлемінде үлкен жаңалық болған Маңғыстауда ірі мұнай-газ кен орындарының ашылуы және олардың игерілуі, жалпы Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуы мен оның бүгінге дейін
дамуына экономикалық тұрғыдан баға беру арқылы оның дамуын кезең бойынша бөліп көрсету.
Сөйтіп, бұрынғы одақ кезінде бірден-бір мұнай-газ шикізатының басты көзі болған, ал бүгінде Қазақстан Республикасы үшін экономиканың, соның ішінде мұнай-газ саласының алға дамуы, әлемдік мұнай бизнесінде белгілі орын алуына белгілі деңгейде әсер ететін Маңғыстау мұнай-газ кешенінің дамуының басты кезеңдері талданады. Кен орындарын игеру кезеңінде барлық экономикалық көрсеткіштер талданады. Кен орнын игеру мен пайдалануға жіберген қаржы салымы, мұнай өндірудің динамикасы бойынша, баланстық қорға қарағандағы өндірілген мұнай көлеміне байланысты Маңғыстаудағы кен орындарын игеруді 3 негізгі кезеңге бөлуге болады: алғашқы кезең, қарқынды қалыптасу және қалыптасудың аяқталу кезеңдері.
Маңғыстау аймағындағы көптеген кен орындары, соның ішінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да кен орнын игерудің соңғы сатысында мұнай өндіруде.
Маңғыстау облысының аймақтық экономикалық көрсеткіштері «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қызметімен тығыз байланысты. Аймақтағы ірі мұнай-газ өнеркәсіптерін көтеру арқылы, саланың аймақтық дамуына әсер етуге болады.
Жұмыстың міндеті –
Қазақстан Республикасының
Маңғыстаудағы ірі кен орындары: Өзен, Қаламқас, Жетібай сияқты кен орындарын пайдалану, бүгінгі күні дамудың соңғы кезеңінде дәлме-дәл келіп отыр. Мұнай өндіру көлемінің тұрақталатын бұл кезеңде өндіру көлемін
көбейту үшін қосымша күрделі қаржыны талап етеді. Сондай-ақ, өндірістік инфрақұрылымды қайта құрып ғана қоймай, әлеуметтік инфрақұрылымның да жақсарғаны байқалады.
Бүгінде мұнай өнеркәсібі еліміздің экономикалық дамуын қолдай отырып, Қазақстан экономикасының болашақта жетекші секторларының бірі болуына мүмкіндігі бар. Республикада 2,1 млрд. тонна мұнай, 0,7 млрд. тонна газ конденсаты, 1,7 трлн. метр куб табиғи газ сияқты көмірсутек шикізатының ірі барланған қорлары бар. Бұған Каспий аймағындағы ресурс қорын қоссақ, Қазақстан әлемде көмірсутек шикізатының қоры жөнінен алғашқы орындарды иеленетіні сөзсіз.
Республикада мұнай өндіру деңгейі 10-15 жылдан кейін 170 млн. тоннаға жетпек деп жобаланды, сол себепті өндірілген мұнайды өңдеу арқылы ішкі нарықты қанағаттандырып, тиімді экспорттық мүмкіндіктерді жүзеге асыру керек.
Аталған дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндетін орындау үшін жұмыс төмендегідей құрылымдардан тұрады: Кірспеде жұмыстың өзекті жағдайлары көрсетілген. 1 тарауда мұнай-газ саласының даму тарихы, әлемдік мұнай бизнесінің дамуы, Қазақстанның мұнай-газ кешенінің қалыптасуы мен қазіргі жағдайы берілген.
2 тарауда Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуы, және экономикалық көрсеткіштерге талдау жасалынды.
3 тарауда Қазақстанның
мұнай-газ саласының негізгі
1 ТАРАУ. МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
1.1. Әлемдік мұнай бизнесінің дамуы
Әр елдің экономикасының дамуына мұнай нарығы маңызды рол атқарады. Осы уақытқа дейін әлемдік мұнай саясатын екі картель – батыс және шығыс картельдері анықтады. Біріншісіне ОПЕК-ке кірмейтін, әлемдегі мұнайдың 40%-ін беретін ірі 6 мұнай компанияларын біріктіреді. Бұл компаниялардың мұнайды сатудың жалпы 2006 жылы 400 млрд. долларды құрады. Ал шығыс экспортының (ОПЕК) әлемдік мұнай өндірудің 38 пайызын және әлемдік мұнай экспортының 61 пайызын беретін 13 ел кіреді. Ал Қазақстанның мұнай өндіруі әлемдіктің 3 пайызын, ал Ресей әлемдік мұнай өндірудің 10 пайызын иемденеді, сол себепті Қазақстан халықаралық мұнай нарығында қатаң позицияны иемденбейді деуге болады.
2007 жылдың басында дүниежүзілік мұнай қоры, өндіруден қазіргі деңгейін алсақ, ол шамамен 42 жылға, ал газ 62 жылға жетеді. Мұнайдың дүниежүзілік қоры, өндірудің қазіргі технологиясы бойынша 138,5 млрд. тонна, ал газ 143,9 млрд. текше метр болады.¹ дүниежүзілік мұнай қорының 78 пайызы 11 елде орналасқан, олар ОПЕК –ке мүше елдер. Ал 43 пайызы газ қоры ТМД елдерінде орналасқан. Мұнай қорының негізгі орналасқан елдер, (млрд.тонна): Сауд Аравиясы – 35,4; Ирак – 12,7; Венесуэла – 10,0; ТМД елдері – 7,7; Мексика – 5,4; Ливия – 3,9; Қытай -3,3.
Ал табиғи газ әлемдегі елдердің арасында былай бөлінеді, (млрд. метр куб): ТМД елдері – 55,9; Иран – 22,9; Катар – 8,5; БАЭ – 5,8; Сауд аравиясы – 5,3; АҚШ – 4,7; Венесуэла – 4,0; Алжир – 3,7; Нигерия – 3,3; Ирак – 3,1.
Бірақта, жақын болашақта мұнайды алмастыру мүмкін емес. Әлемдік сұраныс жылына 1,5 пайызға өссе, ал ұсыным айтарлықтай өспейді деуге болады.
1973 жылғы энергетикалық дағдарысқа дейін 70 жыл ішінде. Әлемдік мұнай өндіру әрбір он жылда екі еселенді. Алайда әлемдік мұнай қорының қомақты үлесін алып тұрған ОПЕК-ке мүше төрт мұнай өндіруді жоғарылата алады (Сауд Аравиясы, Кувейт, Нигерия, Габон). Сонымен бірге, Каспий аймағын өңдеуде Қазақстан мен көршілес елдер де белгілі деңгейде өз әсерін тигізулері мүмкін.
Мұнай және мұнай өндірісінің бүкіл әлемге және Қазақстан Республикасына да маңызды өте зор. Мұнайшылардың мұнай мен газдың ірі кен орындарын іздеуде де, оларды өңдеу саласында да табыстары жетерлік. Алайда мұнай қорының да күн санап сарқылары сөзсіз. Қазірдің өзінде көптеген елдердің ғалымдары энергетикалық ресурсты жасанды жолмен алу мәселесін ойлануда. Алайда бізгі өндірістік ауқымдағы мұнай қажет.
Мұнай мен газ – бүгінде өте тиімді, әрі өте ыңғайлы отын, 90%-тен астам мұнай мен газ өндірісте және автомобильге жанармай ретінде жандырылады.
Батыс мұнай бизнесінің дамуы вертикальды интеграция жолымен жүрді. Ірі мұнай компаниялары – «Стандард ойл», «Тексака», «Шелл» және басқалары мұнай ісі сферасында алдымен ұлттық, сосын халықаралық ауқымда бақылау жүргізеді. Шағын аутсайдер – кәсіпорындары шектеулі территорияға сүйенсе де, осындай әдісті ұстанады.
60-70 жылдары әлемдік
мұнай бизнесінде күрделі
табыстан әділетті үлес ала алмайды. Бұған ең басты себеп – ақырғы өнімді өткізу нарығына шығудың болмауы немесе шектеулілігі.
Сол себепті 70 жылдары мұнай өнімдерімен өзін қамтамасыз ету үшін, сосын сыртқы нарыққа шығу мақсатымен Сауд Аравиясы - әлемдегі ірі мұнай державасы және басқа да көптеген мұнай өндіруші елдер, мұнай өндірушу және мұнай-химия зауыттарының құрылысына кірісті. 80 жылдары олар Солтүстік Америка мен Батыс Еуропадағы мұнайды тұтынушы елдер территориясында өткізу компаниялары мен мұнай өңдеуші заводттардың материалдық және қаржылық активтерін иемденіп, өздерінің саясатын өзгертті.
Бұл жағдайда вертикалды интеграция мұнайды барлау мен өндіруден оны өңдеу мен өнім маркетингіне қарай дамиды. Бұл процестің маңызды алғышартты болып, жаңа мұнай ресурстарын игеруге инвестициялық тиімділігінің төмендеуі және нарықтың жеткілікті қанықтылығы жағдайында мұнай өндіру сферасындағы бәсекелестік пен ақырғы сұраныс нарығын иемденуге ұмтылысын санауға болады.
Батыс Еуропа елдерінің мұнай компанияларында («Бритиш петролеум» және «Шелл» ірі халықаралық компанияларын қарағанда), басқа бағытта интеграциялану жүрді. Франция мен Италияда 50 жылдардың өзінде мұнай өндіруші және мұнай-химия өнеркәсіптерінде мемлекеттік сектордың қалыптасуында да әлемнің ірі мұнай компанияларының жағынан мұнай жеткізуге тәуелді болды. Трансұлттық мұнай компаниялары мен мұнай өндіруші елдердің үкіметтері арасындағы бәсекелестік қақтығыстарды пайдалана отырып, бәрінен бұрын Солтүстік Африкада европалық мемлекетті және жеке компаниялар мұнай өндіруші сферада ресурсты меншіктеуші елдер үшін қолайлы Концессиондық жағдайға кіре алады. Басқаша айтсақ, осы интеграциялық процестің негізгі қозғаушысы болып, шикізатты жеткізудегі
тәуекеділікті жеңуге ұмтылыс болды. Осының нәтижесінде француздық «Тотал» және итальяндық «Эни» сияқты қазірде жиырма елдерге кіретін ірі мұнай компаниялары пайда болды. Алайда мұндағы жоспарлылық, өндіріс пен капиталдың шоғырлануы, монополияға ұқсас шикізат пен өнім нарықтарына бақылау қою бәсекелестікті шектемейді. Ірі мұнай корпорациялары өзара тәуелсіз аутсайдерлер-компанияларымен бәсекелеседі. Сонымен бірге, мұнай ісінде ірі маманданған компаниялармен бірге, орташалары да бар. Бұлар біріккен компаниялар назарына қаржылық қатынас жүйесі арқылы кіре алады. Мұнай бизнесінде нарықтық экономика жағдайында әртүрлі қызмет сферасының сәйкестігі кең таралған. Айқын мысал ретінде келесі байланыстарды көрсетуге болады; қорды барлау – мұнай өндіру; транспорт – мұнайдың көтерме саудасы, мұнай-газ өндеу – мұнай-химия; көтерме – мұнай өнімдерінің бөлшек саудасы.
Өңдеу – барлау және өндіру облысын қызмет етудің бір сферасы ретінде қарастырғаннан көрі, олардың әрбіреуін өздерінің табысы үшін жауапкершілігі бар, барлық звенолар бір ірі объектілер ретінде шектелмей, өзіндік бизнес ретінде қызмет етуін қолдау керек.
1999 жылдың басында, «Саломон
бразерс икуити рейсеч» 202 шетелдік
мұнай газ компанияларына
80-жылдардың ортасында сұраныс пен бәсекелестік ұсынымның ұзақ мерзімді әсерінен мұнай бағасының төмен түсуі, яғни әлемдік нарықта ОПЕК-тің үлесінің (2/3-ден 1/3 дейін) 1973 жылмен салыстырғанда төмендеуі кезінде кейбір ірі компаниялар үшін тиімді болды.