Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 10:24, диссертация

Описание работы

Жұмыстың мақсаты. Белгілілік/белгісіздік категориясын функционалды-семантикалық категория ретінде қарастырып, оның мәндерінің әртүрлі тілдік жағдаяттардағы берілу жолдары мен қызметін талдау.

Содержание

Кіріспе......................................................................................4
І тарау. Функционалды-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының тілдік табиғаты....................................................... 8
1.1. Белгілілік/белгісіздік категориясының танымдық сипаты............................................................................................... 8
1.2. Белгілілік/белгісіздік категориясының референция теориясымен байланысы .................................................................. 24
1.3. Белгілілік/белгісіздік категориясының тіл прагматикасына қатысы ............................................................................................. 27
1.4. Функционалдық-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының парадигмалық жүйесі ............................................ 29
Түйін........................................................................................ 31

ІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгілілік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... 32
2.1. Белгілілік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар ..........................................................................................50
2.1.1 Белгілілік мәнін білдірудегі жіктеу есімдіктерінің қызметі .......................................................................................................... 52
2.1.2 Белгілілік мәнін білдірудегі сілтеу есімдіктерінің қызметі ..........................................................................................................53
2.1.3 Белгілілік мәнін білдірудегі жалқы есімдердің қызметі..............................................................................................60
2.1.4 Белгілілік мәнін білдіретін морфологиялық құралдар............................................................................................67
2. 1.5 Белгілілік мәнінің синтаксистік жолдармен берілуі.. .... 70
2.2 Белгілілік мәндерінің эксплицитті берілу жолдары.............75
Түйін ...................................................................................... ..81

ІІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгісіздік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... .86
3.1. Белгісіздік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар....................................................... 86
3.2. Белгісіздік мәнінің эксплицитті жолдармен берілуі .........................................................................................................110
Түйін ...................................................................................... 116
Қорытынды ............................................................................ 120
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................... 125

Работа содержит 1 файл

Диссертация -ылыми жетекшілер.doc

— 971.00 Кб (Скачать)

Іскендір өтірік айтуды, кісі алдауды білмейді, адам баласына жамандық ойламайды. Үлкенді  «әке», «аға» деп тұрады. Мейлі жаңа түскен келіншек болсын, қатын біткенді «шеше» дейді. Еркек, әйел деп айырмайды, бала біткенді «балақайым» дейді, кісіге өмірі қатты сөз айтпайды. Өзін ренжіткен адамға да түк демейді, тек басын шайқайды.

Іскендір әсіресе балаларды жақсы көреді. Іскендір келсе, бала біткен шұбырып соның соңында болады. Ит біткен шулап артында жүреді. Іскендір асасын жайқап аяңдай береді, асасынан тістеп жатса да итті ұрмайды. Балалар оқу оқып жатса, Іскендір жетіп барып молдасына қол береді, балалар да қуанып дуанаға қол береді. Іскендір балаларды молдадан жалынып сұрап алып, азат қылады. Кейде қонған ауылда кешке таман Іскендір үй жанында жүгініп отырып, оң қолының білезігінен бір балаға ұстатады, олай-бұлай сілтеп, баланы жығады. Ол күрескені. Балалар қызык көріп, кезек-кезек үреседі. Бала жығылып қалса: Ә, балуаным, жығылып қалдың» деп қолын қоя береді, жығылмаса: «Ә,балуаным, сен жықтың» деп басын сипайды (Ж.Аймауытов, Шығ. 187-188 б.).

Бекболат мақұлдағансып:

  • Е, - деді.

«Е!» дегені; «Ажалы жеткен қарға қаршығамен ойнайды» деген осы-ау! Әбен кім? Бұл кім? Ол – арыстан да, бұл  - тышқан ғой. Ол сегіз болыс елді, бір дуанды аузына қаратқан Әбен емес пе? Ол Петрамборыңа да барған, патшаға да білікті болған Әбен емес пе? Онымен таласқандай мұның не айбыны, не күші бар? Шілтиген бір қораш жігіт... деген ой келіп еді. Бірақ Бекболат бұл ойын неге білдірсін, іші пысып қалған кісі ғой: оны-мұны сұрай бастады (Ж.Аймауытов, Шығ. 205-206 б.)

Жағдаят коммуникативті шындықты тудырады. Әдістемеге арналған еңбектерде жағдаят сөйлесушілердің санасындағы  қарым-қатынас жүйесі болып табылады. Сол себепті сөз болып отырған категория қолданылатын қарым-қатынастар жүйесінің ең жиі қолданыстарын анықтау керек. Тілді үйрету әдістерінің бірі - коммуникативті әдіс. Онда тіл қызметі ойлау қызметімен, жағдаят уәждемесімен байланысты қарастырылады. Яғни тілдік бірліктердің қандай тілдік жағдаятарда қолданылатыны ескеріледі. Жағдаят тіл бірліктерінің қарым-қатынастың негізгі компоненттері негізінде көрінеді. Коммуникативті әдіс түрі ретінде жағдаят тіл үйренушілер үшін ұқсас жағдаяттар түрін қалыптастырып, осы жағдаятқа сәйкес тіл үйренушінің сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

Жағдаят ұғымы грамматиканың  семантикалық негіздеріне жатады да қызметтен, яғни мағынадан тұрпатқа, тұлғаға қарай ойысады /78, 132/. Семантикалық белгілер сөз тұлғалары мен айтылымдардың  қызмет деңгейіне байланысты айқындалып, кейін бұл белгілер тұтас семантикалық кешен құрамында талданды. Мұндай талдау ішкі құрылымға, вариативтілікке және басқа мазмұн нысандармен байланысына негізделген. Мұнда түрлі жағдаяттардың өзара үйлесуі, өзара ұқсас конститутивті жағдаяттардың бірте-бірте басқа жағдаяттарға ауысуы орын алуы мүмкін. Бұл жағдаят түрлерін нақты айқындауда қиындық келтіреді.

Мәтін көлемі үлкен болған сайын жағдаяттардың  семантикалық белгілері де айқын көрініп, оларды одан әрі жіктеу мүмкіндігі көбейеді. Өзара байланысты мәтіндерге талдау жасау арқылы түрлі жағдаяттардың өзара әсері мен бір-біріне ауысу мүмкіндіктерін де айқын көруге болады. Бір контексте бір-біріне қатысы жоқ бірнеше категориялдық жағдаят орын алуы мүмкін /39, 153/. Бір айтылымда бір емес, бірнеше категориялдық жағдаят кездесуі мүмкін. Бірі кешенді категориялдық жағдаят құраса, енді бірі бір айтылымда орын алып, бір-біріне тәуелсіз болуы мүмкін. 

Кейде белгіліліктің  де, әрі белгісіздіктің де көрсеткіштері  қатар қолданыла береді: Ол қолтығына бір кітапты қыстырып алды. Мұндай жағдайларда зат есімдердің белгісіздік мағынасы болады.  Осылайша белгілі-белгісіздіктің нақтылы бар грамматикалық қарама-қайшылығы «бірыңғай заттардың (белгілілілік) «қандай да бір», «солардың бірі...» арасындағы заттарға қатынасы» құралады.

Жалпылау (жинақтау) мәні белгіліліктің де белгісіздіктің де мәндерін қамти алады. Алайда олардың  мәні жағдаяттарды өзара қайшы қоятындай  мәнде емес. Олардың белгісін өте  көп заттар мен құбылыстар деп  көрсетуге болады. Яғни олардың саны белгісіз. Сол себепті Т.Б.Алисова еңбектерінде жалпылау мәні белгісіздікпен байланыстырыла қарастырылған /108, 6/.

Зерттеушілер негізінен белгілілік және белгісіздік категорияларын философиялық категориялармен байланыстыра отырып, тілдегі зат есімдердің қолданылу сипатымен байланыстырады. Мысалы, М.И.Алехина зат есімнің жалпылық мәні оның белгілілік деңгейіне әсер ететінін айтады /13, 8/.

Жалпылық мәнінің екі түрлі  белгісін көрсетуге болады. Атап айқанда:

а) саны белгісіз, нақты емес:

Үсті-басына ақ киген, ақ орамалмен желкесінен бір түйген сары матүшкелер сыпсыңдап кіріп-шығып жүр, қолдарында бөтелке, шайнек, орамал шылапшын. Мұртын тазының құрығындай ширатқан, шашын енесі жалаған бұзаудан тарап, жылтыратқан ақ киімді дәрігер де матүшкелерге орысшалап, ауру жатқан үйлерді нұсқап, бірдеңе тапсырып тұр (Ж.Аймауытов, Шығ. 203 б.)

ә)  нақты болмағанмен, сөз болып отырған жағдаятқа  оның кез келген элементі қатысты  болуы мүмкін:

Еуропаның адамы көп, елі жиі болғандықтан тағы хайуандар тұрарлық орын жоқ, тағы жануарлардың тұқымын адамдары да қырып, азайтқан аңдардан қалғандары аю, қасқыр, қабан, борсық, қоян, күзен, тиін сықылдылар ғана. (А.Байтұрсынұлы,  Т.Шонанұлы «Оқу құралы»).

Орта  белі құмырсқаның беліндей жіңішке-жіңішке жері Панам үзілісі деп аталады. (А.Байтұрсынұлы,  Т.Шонанұлы «Оқу құралы»).

Осылайша, әрбір  жағдаят – оқшау ұғым емес. Іштей бірнеше түрге бөлінгенімен, олар көпдеңгейлі вариативтілік ретінде қолданылып, белгілілік/белгісіздік категориясының мағыналық ерекшеліктерін анықтауға қызмет етеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТҮЙІН

 

  1. Белгілілік/белгісіздік функционалды-семантикалық категориясы лингвистикалық статусқа ие. Оның семантикалық инварианты болумен қатар түрлі деңгейлерді қолданылатын тілдік құралдары бар.
  2. Синтагмалық жағынан тілдегі грамматикалық бірліктердің қызметін тексерудің мәні зор. Белгілілік және белгісіздік мәндерінің берілу жолдарын айқындауда даралау, жинақтау, жалпылау, нақтылау, тұтастық жағдаяттары айқындалды. Айтылымның жалпы сигнификаттық жағдаятына тән типтік категориялық жағдаяттары болады. Әрбір жағдаяттағы белгілілік және белгісіздік мәндерінің белгілері, өзіндік ерекшеліктері болады. Мұнда жағдаяттардың өзара ауысуы, алмасуы, үйлесуі мүмкін. Себебі жағдаят түрлері өзара байланысты, оқшау, жеке-дара емес.  Олар белгілілік/белгісіздік тектік ұғымының құранды бөлігі болып табылады.
  3. Белгілілік/белгісіздік жағдаяттарын зерттеудің мәні зор. Белгілілік/белгісіздік мәндерінің семантикалық варианттары осы мәндердің тілде дұрыс қолданылуын реттейді. Бұл әсіресе қазақ тілін үйренушілер үшін өте қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БЕЛГІЛІЛІК МӘНІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
  2.  

  3. 2.1. Белгілілік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар

 

Функционалды грамматика принциптеріне сәйкес  белгілілік/белгісіздік категориясы мынадай белгілерден құралуы керек:

  1. оның семантикалық инварианты болуы керек, ол варианттар жүйесінде қызмет етуі керек;
  2. оның тілдік жүйенің ең болмағанда екі деңгейін қамтыған өзіндік берілу жолдары болуы тиіс;
  3. оның жекелеген семантикалық даралау белгілері тілдің жекелеген деңгейлерінде көрініс табуы керек /Болдина/****

Белгілілік/белгісіздік  категориясы – темпоралдылық, аспектуалдылық т.б. категориялармен салыстырғанда, өзіндік ерекшеліктерге бай функционалды-семантикалық категория болып табылады. Ол шақ, жақ мәндері де қамтиды.

Белгілілік/белгісіздік  категориясының арнаулы көрсеткіштері  болмағанмен, ол тілдің бірнеше деңгейлеріндегі  құралдар арқылы көрініс табады.  Белгілілік/белгісіздік категориясын білдіретін лексикалық құралдар ретінде  белгісіздік, сілтеу, жіктеу есімдіктерін,  морфологиялық құралдар ретінде табыс септігі мен ілік септік жалғауларының түсіп қалуы, синтаксистік құралдар ретінде интонация, сөздердің орын тәртібі, сөйлемнің актуалды мүшеленуі, жақсыз сөйлемдер, белгісіз-жақтық сөйлемдер т.б. атауға болады.  Алайда олардың белгілілік/белгісіздік мәнін білдіру деңгейі әртүрлі. Белгілілік/белгісіздік категориясы тілдің бірнеше қабатындағы құралдар арқылы берілгенмен, мағынасының ортақ болуына байланысты бір функционалды-семантикалық өріс аясына біріктіріледі /бондарко, 1976/.

 

2.1.1. Белгілілік  мәнін білдірудегі жіктеу есімдіктерінің  қызметі 

 

Белгілілік мәнінің  имплицитті берілу жолдарына жіктеу есімдіктерін, сілтеу есімдіктерін, жалқы есімдерді, табыс септігі мен ілік септік тұлғаларының қолданысын  т.б. атауға болады. Енді солардың әрқайсысына нақтырақ тоқталайық.  Сөйлемнің ақиқат шындыққа қатысы субъект арқылы – нақты нысанның субституты негізінде жүзеге асады.  «Присутствие говорящего в его высказывании приводит к тому, что каждый речевой акт образует центр внутренней референции» /53, 41/. Субъект референцияға ие болғандықтан әрі предикативті белгінің каузаторы болғандықтан, сөйлем түрін анықтап, синтаксистік құрылымдардың тірегі болып табылады.

Сөйлеуші мен тыңдаушы тең дәрежеде көрініс табады, себебі мен, сен есімдіктерінің нақтылық мәні күшті, олар әрдайым белгілілік мәнінде жұмсалады. (91)  Поскольку значение 1-го лица ед. числа заключается в направленности действия субъекта к самому информанту, то аффиксы 1-го лица присоединяются к глаголам, значение которых связано с действием –состоянием человека. Следовательно, основные значения субъектно-личных отношений в 1-м лице ед. числа представляют субъекта как лицо-информант и как лицо-актант.  Такой грамматический субъект в основном используется в диалогической и монологический речи. В первом случае участники беседы, разговора каждый поочередно выступают в качестве 1-го лица; во-втором –собственная речь персонажа или информанта. Совмещение лица, времени наклонения в обычной форме предает как общее содержание предложения, реальности-ирреальности действия, так и отношение информанта к содержанию высказывания Ж.Сәдуақасов

Қазақ тілінде нақтылы-жақты  сөйлемдер 1 және 2-жақ тұлғасындағы есімдіктер арқылы көрініс табады. Мен, сен, біз, сіз есімдіктері бастауыш қызметінде жұмсалған сөйлемдер әрдайым нақтылық мәнде жұмсалады, себебі аталған есімдіктер сөйлеу актіне қатысушыларды білдіріп, ең анық, нақты, белгілі болып табылады. «Субъектом определенно-личных местоимении предложений является лицо – говорящее или его собеседник. Оно является «пиком субъектности», поскольку обладает наивысшей степенью определенности (референтности), личные местоимения составляют «самый референтных выражений» /**, 66/.  1-жақ жіктеу есімдіктерінің мағынасы нақты, анық болып келеді.

Мынадай сұрапыл  кезде бұл қалада тұрып болар  емес, мен кеттім, бұл топан басылған күні сатармын (Ә.Кекілбайұлы, Кек. 69-.).

Бұл    жығылғаны,    мен    жеңдім», - деп сартабайды салсын кеп (Ә.Кекілбайұлы, Бәсеке. 166-б.).

Астапыралда! Ќаза ќылѓан к‰ндерім де болѓан екен. Біраќ оѓан мен жазыќтымын ба?  (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 133-бет.).

Мен µз еркіммен сеніњ етегіњнен ±стауѓа ырзамын, мырзам, мен сенен ќалмаймын, мені алып кет, єйтпесе мен µлемін! – деп безектеді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 221-бет.).

Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым 35-те. Әкем Тойбазар, өзім Мұқаш болғалы аузым асқа, ауым атқа жарыған емес. Ес біле есікте жүрдім Ә дегенде құны жоқ, былық, сараң, жаман Төлеубай дегеннің қозысын бақтым. Ел жайлауда, көк шалғында қымызға қызып, гуілдеп, мас боп жатқанда, мен босағады отырып, жырық сары тостағанмен саумал ішіп, дамбалым борша-борша, шекпенім өрім-өрім болып, жалбаңдап, үй іздеген қозыны ауылдан шығара алмай, дедектеп, кейіп, жыламсырап жүргенім. Балалар алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнап, шуылдасып, асыр салып, қой күзетіп, өлең айтып, думан қып жатқанда «таңертең оянбайсың, жат» деген байдың зекуін естіген соң, қара інгеннің қолаңса сасыған жабуын оранып, үй жанында бүк түсіп жатқаным. Әсіресе шырт ұйқыда жатқанда: «Тұр, қозы ағыт!» деп байдың бүйірден теуіп оятқаны-ақ жаныңа батады-ау. Амал жоқ, бүрсеңдеп жүріп қозы ағытып, бір тостаған іркіт ішіп, көзіңді уқалап жөнелесің. Күн қызғанша жүгіріп, қашқан қозымен арпаласып, айғайлап, тас жіберіп жүргенің (Ж.Аймауытов, Шығ. 156 б.)

Бірінші жақ тұлғалы  есімдік сөйлемде белсенді субъект  болады, сол себепті мұндай жіктеу есімдіктер белгілілік мәнінде ғана жұмсалады.   Э.Кинэн жіктеу есімдіктерін «референттілігі жоғары», үнемі бастауыш қызметінде жұмсала алатын тілдік құралдар деп есептейді /112, 256/.

Екінші жақтық жіктеу есімдіктерімен салыстырғанда, бірінші  жақ тұлғалы есімдіктер жиі түсіп қалатынын байқауға болады.  Бұл 1-жақ тұлғаларының мағынасының тұрақтылығына, белгілілік мәнінің күштілігіне, прагматикалық ерекшеліктеріне байланысты болса керек. Себебі олар түсіп қалса да, олардың нақтылы-жақтық мәні өзгермейді. Мысалы:

Жасымда ғылым  бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма  кім жазалы

Қолымды дөп  сермесем, өстер ме едім.

Адамның бір  қызығы – бала деген,

Баланы оқытуды жек  көрмедім, –

деп келетін өлең жолдарында «мен» есімдігі жасырын келгенімен, өлең жолдарының соңындағы бірінші жақ тұлғалы етістік арқылы «мен» есімдігінің мәні беріліп тұр.  Сол арқылы тұтас сөйлем, сөйленімдер белгілілік мәнінде, нақтылы-жақтық мәнде қолданылған.

Бұл жерде есімдіктің қажеті де жоқ. Себебі етістік тұлғасынан-ақ оның қай жаққа қатысты екені анық көрініп тұр.  Буслаев Ф.И. мұндай сөйлемдерді толық, екі құрамды сөйлемдерге жатқызады /190, 272-273/.  Булыгина Т.В. мен Шмелев А.Д. мұны персоналды дейксиске жатқызады /43, 319-320/.

Информация о работе Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің