Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 10:24, диссертация

Описание работы

Жұмыстың мақсаты. Белгілілік/белгісіздік категориясын функционалды-семантикалық категория ретінде қарастырып, оның мәндерінің әртүрлі тілдік жағдаяттардағы берілу жолдары мен қызметін талдау.

Содержание

Кіріспе......................................................................................4
І тарау. Функционалды-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының тілдік табиғаты....................................................... 8
1.1. Белгілілік/белгісіздік категориясының танымдық сипаты............................................................................................... 8
1.2. Белгілілік/белгісіздік категориясының референция теориясымен байланысы .................................................................. 24
1.3. Белгілілік/белгісіздік категориясының тіл прагматикасына қатысы ............................................................................................. 27
1.4. Функционалдық-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының парадигмалық жүйесі ............................................ 29
Түйін........................................................................................ 31

ІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгілілік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... 32
2.1. Белгілілік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар ..........................................................................................50
2.1.1 Белгілілік мәнін білдірудегі жіктеу есімдіктерінің қызметі .......................................................................................................... 52
2.1.2 Белгілілік мәнін білдірудегі сілтеу есімдіктерінің қызметі ..........................................................................................................53
2.1.3 Белгілілік мәнін білдірудегі жалқы есімдердің қызметі..............................................................................................60
2.1.4 Белгілілік мәнін білдіретін морфологиялық құралдар............................................................................................67
2. 1.5 Белгілілік мәнінің синтаксистік жолдармен берілуі.. .... 70
2.2 Белгілілік мәндерінің эксплицитті берілу жолдары.............75
Түйін ...................................................................................... ..81

ІІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгісіздік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... .86
3.1. Белгісіздік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар....................................................... 86
3.2. Белгісіздік мәнінің эксплицитті жолдармен берілуі .........................................................................................................110
Түйін ...................................................................................... 116
Қорытынды ............................................................................ 120
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................... 125

Работа содержит 1 файл

Диссертация -ылыми жетекшілер.doc

— 971.00 Кб (Скачать)

Сонда реманы іздесек, сөйлем коммуникативтік единица ретінде бізге не айтты, «белгісіз» қылып нені хабарлады, не айтқысы келген, нені естіп-білдік, айтылған ойдың ішінде ең басты бөлігі,ядросы неде, сөйлем нені айту үшін жарыққа шыққан, тема қалай сипатталған дегендей тұрғыдан келеміз. Теманы іздесек, бізге «белгілі» ретінде не тұр, сөйлем не жайлы,кім туралыдеген көзқараспен келеміз де, осылайша сөйлемнен контекст бойынша тема мен реманы бөліп аламыз. Тема бізге «белгілі» болады деп есептеу шартты түсінік. Ең алдымен контекст жақсы таныс болу керек. Сол сияқты рема «белгісіз»болады деп түсіну де шартты», – дейді (дисс. Аташев 63 бет)

Әрбір сөйлем белгілі  бір ақпаратты қамтитыны белгілі.  Алайда жаңа ақпарат тыңдаушыға таныс  бола бермеуі де мүмкін. Ол үшін зат  туралы бұрыннан белгілі деректерге сүйенуі мүмкін.  Сол себепті сөйлемнің толық ақпараттық құрылымы екі бөліктен тұрады, яғни тыңдаушыға бұрыннан белгілі бөлігі – тема және жаңа ақпарат берілетін бөлік – ремадан құралады.  Сөйлемнің функционалды мүшеленуін сөз еткен еңбектерде тема мен рема түрліше аталады. Бірқатар ғалымдар оның орнына топик, фокус, топик, комментарий деген атауларды да қолданады.  Тема мен рема сөйлемнің комуникативті мүшелері, актуалды мүшелену компоненттері болып табылады.  Негізінен ой белгілі нәрседен белгісізге қарай бағытталатындықтан, сөйлемде тема бұрын, рема кейін жүреді. Сөйлемде тыңдаушыға белгілі, түсінікті нәрсе көбінесе түсіріліп қалып отырады.  Бұл тілдің үнемдеу заңдылықтарына, тыңдаушының білім аясына да байланысты. Осы орайда Аташев С.: «Толымсыз сөйлемдерге рема ешқашан түсірілмейді де, теманың «белгілі» болғандықтан түсірілуі ұшырысады. Толымсыз сөйлемдер, яғни ремасы ғана айтылған сөйлемдер, яғни ремасы ғана айтылған сөйлемдер, тек негізгі хабарларды /рема/ айтатын сөйлемдер ауызекі тілде, диалог, полилогтарда жиі кездесетіні белгілі», – дейді /50,116-б./.  

Кейде рема темадан бұрын  орналасуы да мүмкін. Бұл коммуникативті мүшелердің эмфативті (эмотивті) орналасуы  деп аталады.  Неміс тілі мен  қазақ тіліндегі белгісілілік/белгісіздік  категориясының берілу ерекшеліктеріне тоқтала келіп, Н.Сәрсембаева: «Белгісіздік сөйлемде, ең алдымен, оның коммуникативті мүшеленуі тұрғысынан көрініс табады. Сөйлесімдерде оның екі коммуникативті мазмұнды бөлімін атап өтуге болады: а) сөйлеушіге алдын ала белгілі, анық бөлім. Бұл бөлім теория синтаксисінде сөйлесімнің темасы деп белгіленеді; б) сөйлеуші адресатқа жаңаны, белгісізді, онша анық еместі хабарлауға тырысады, сондықтан да ол белгісіз болып саналады. Бұл бөлім теория синтаксисінде сөйлесімнің ремасы деп белгіленеді. Рема белгісіздіктің категориясымен, семантикасымен байланысты», – дейді. 

Сөйлесушілер  белгілі бір жағдаяттағы  немесе контекстегі  ақпараттың белгілі  болуына байланысты түсіріп тастауы  да мүмкін.  Негізінен сөйлем алдыңғы  контекске иек артады.  Сөйлем алдыңғы сөйлеммен тығыз байланысты болады.  Сөйлемнің ақпараттық бөлігі түрліше аталады:  логикалық-коммуникативті құрылым, актуалды мүшелену, сөйлемнің динамикалық перспективасы, эмфатизация т.б.  Актуалды мүшелену  элементтері де логикалық субъект пен предикат, психологиялық субъект пен предикат, негіз бен өзек т.б. түрінде түрліше аталып жүр.

Белгілілік мәні анафора, дейксис немесе сөйлесушілердің  аялық білімінің нәтижесінде  туындауы да мүмкін. Осыған байланысты белгіліліктің өзі әр түрлі деңгейде болуы мүмкін. Мәселен, алдыңғы контексте осы зат туралы сөз болуы мүмкін (анафоралық белгілілік), саусақпен көрсетуге болатындай, зат сөйлесушілердің алдында тұруы мүмкін (дейктикалық белгілілік) немесе сөйлеуші мен тыңдаушының жалпы аялық біліміне сәйкес келетін апперцепциялық белгілілік болуы мүмкін.

Анафоралық белгілілікке О.Бөкейдің «Құм мінезі» атты повесінен  мынадай мысал келтіруге болады:

Ала дөңденіп мінгесіп ұшқаса келеңсіз далаға қарай  жарыса созылған құм төбелер, сол құм төбелер, сол құм төбенің қырқасына ойдым-ойдым қойнауына жармаса өскен сексеуілдер жағаласа жарысып, көзге суық тартады, көңілді жүдеткендей болады (О.Бөкей Құм мінезі Таңдамалы Алматы, 1994. 18-бет).

Жазушы бұрын сөз  болған құм төбелерді сипаттауда сол есімдігін қайталап қолданған. Мұндай анафоралық белгілілікті Ж.Аймауытовтың  «Қартқожа» романынан да кездестіреміз: 

… Сол кезде қожадан талай бала оқиды. Сол балалардың ішінде босаға жақта – астында бір жапырақ тай тері, мұрнын қос-қостан тартып, қожасының ақ сабауына қарай түсіп, шиге шанышқан бір жапырақ қағазына үңіліп, құнысып, бір бала отыратын еді. Жасы 10-11 шамасы болар ма екен, қалай… Екі жеңі де сауыс, бетінің бір жағы сатпақ, көзінің былшығы да жөнді тазармайды. Сол баланың қақ-соқпен ісі жоқ, момақан, аңқау, көзі бажырайып, аузын ашып, мұрны қоңқиып отырғаны. Жасында болпиған, сүйкімді бір бала болады ғой, тап сол бала осы еді. Құдай оңдап, аты да түріне сай бола кетер ме? Қартқожа…  

Жазушы Қартқожаны алғаш  таныстырған кезде бір бала деген тіркес арқылы, яғни бала сөзін бір сан есімімен тіркестірсе, екінші рет атағанда, бала сөзін сол сілтеу есімдігімен тіркестірген. Бір бала белгісіздік мәнде жұмсалса, сол бала белгілілік мәнде қолданылып тұр. Осы орайда Е.Кржижкованың мына пікірі назар аударарлық: «Указательное местоимение в анафорической функции, с точки зрения построения всего текста, сближается с определенным членом тех языков, в которых члены имеются, т.е. указательное местоимение этот эксплицитно выражает определенность того или иного существительного на основании контекста» /51/.

Дейктикалық белгілілікке мысал:

«Анау балаларға  біздің қоралардың да қиын ойғыза сал» дегісі келеді-ақ, әттең мінезінде  жоқ бөтендік танытуға дәт шіркін бара алмаған. (О.Бөкей Құм мінезі 19-бет).

Кейде адресатқа референт белгісіз болғанымен, есім тобы белгілілік мәнде жұмсалуы мүмкін. Мәселен, менің әке-шешем деген тіркес әрқашан да белгілілік мәнде жұмсалғанмен, адресант олармен таныс болмауы да мүмкін.

Белгілілік логикалық тұрғыдан қарастырылғанда, ол негізінен заттың не адамның жекешелік тұлғасымен байланыстырылады. Адамның әке-шешесі жалғыз болғандықтан, менің бір әкем немесе менің бір анам деп қолданылмайды. Сабитова З.К. ежелгі орыс тіліндегі етістікті сөйлемдерге талдау жасай келіп: «Исходя из того, что референция – это «способ «зацепить» высказывание за мир», можно заключить, что именно референция субъекта определяет как логическое содержание предложения, его истинность, так и его семантико-синтаксический тип», – деп тұжырым жасайды /49, 267/.

Сонымен, белгілілік/белгісіздік категориясы  басқа да референтті категориялармен тығыз байланысты. Ол референтті мәндердің ішінде басты орын алады. Бұл ретте ғалым Н.Сәрсембаева былай дейді: «Белгілілік категориясы вербальді коммуникацияның мәнін, ең маңызды мақсатын – ауызша және жазбаша қарым-қатынас иелерінің арасындағы түсінікті қамтамасыз етеді,ал белгісіздік болса, тілдік біртекті емес әртүрлі тұлғаларды, түсінбеушіліктерді туғызады. Белгісіздік категориясы белгілілік сияқты әмбебап, ұғымдық, логикалық, коммуникативті категориялардың бірі, адамның ойлау және ой іс-әрекетінің формалары мен әдіс-тәсілдері, ұғымдық пайымдау мен қоршаған ортаны сөйлеуші мен тыңдаушы өздерінің түсінігі арқылы көрсете білуінің көрінісі. Белгісіздік категориясы белгілілік категориясымен салыстырғанда тіптен басқа әмбебап, семантикалық категориялармен байланысты. Міне осы және тағы басқа көптеген жеке семантикалық әмбебап категориялар арқылы белгісіздік категориясы сөйлеу тілінде, коммуникацияда, мәтіндерде, дискурстарда іске асады /16, 84/.

Барлық референциалды қарама-қарсылықтарды түгелдей ескергенде ғана референцияның есімдік көрсеткіштерінің мағынасын нақты сипаттап, референциалды категориялардың тілдің функционалды грамматикасындағы орнын айқындауға қол жеткізуге болады. Белгілілік/белгісіздік семантикалық категориясының негізгі белгісі адамның сөйлеу қызметімен, нақты коммуникация актімен байланысты. Осыған байланысты З.Сабитова былай дейді: «При определении статуса имени существительного (его О/НО) важно учитывать соотнесенность его с внеязыковым предметом (экстенсионалом, денотатом, референтом), другими словами, на какой компонент содержательной стороны языкового знака направлено имя, какую грань этого единства оно высвечивает в конкретном высказывании». /49, 17/.

Белгілілік/белгісіздік  оппозициясы бір зат не құбылыс туралы сөйлесушілердің, коммуникация мүшелерінің хабардар болуы негізінде көрініс табады. Кацнельсон С.Д. белгілілік/белгісіздік мәндерін «сөйлеу барысында жаңа, бұрын айтылмаған заттар» туралы сөз болуымен байланыстырады /52/. Мәтінде алғаш рет сөз болған нәрсеге қатысты белгісіздік мән көрінсе, бұрын айтылған, белгілі нәрсе туралы сөз болғанда, белгілілік мән көрінеді. Сөйлеуші кез келген нәрсе туралы сөз еткенде, оның тыңдаушыға таныс не таныс еместігін міндетті түрде ескеріп отырады. Зат не сөйлеуге негіз болған адам тыңдаушыға бейтаныс болған жағдайда сөйлеуші белгісіздік  мән қолданады.

Ал сөйлеуші мен тыңдаушыға таныс жайттар сөз болса, есім сөз белгілілік мәнде жұмсалады. Заттың таныс не бейтаныс болуы сөйлеуші мен тыңдаушы позициясына байланысты, яғни сөйлеуші тыңдаушыға заттың қаншалық дәрежеде таныс екенін ескереді. Сол себепті белгілілік/белгісіздік семантикалық категориясы есімнің ингерентті қасиетіне байланысты емес, ол осы зат туралы тыңдаушының қаншалықты хабардар болуына байланысты.

Барлық функционалды-семантикалық өрістер сияқты, белгілілік/белгісіздік категориясы түрлі деңгейдегі тілдік бірліктерді қамтиды. Белгілілік/белгісіздік функционалды-семантикалық категориясының инвариант мәні тыңдаушыға таныс/таныс емес болуына негізделеді.  Бұл туралы  Е.В.Падучева, К.Г.Крушельницкая, О.П.Ермакова, А.Д.Шмелев, М.И.Алехина, Ю.Б.Смирнов т.б. еңбектерінде сөз болады. 

«Известность/неизвестность предмета речи для слушающего, его предварительные  знания учитывает говорящий, делая  сообщение. При произнесении высказывания говорящий обычно предпологает, что слушающему уже известно, о каком объекте идет речь. Эта та информация, который говорящий и слушающий уже распологает в момент произнесения высказывания. Это своего рода отправной пункт, базирующийся на уже «носящихся в воздухе» понятиях, с которым может быть связана новая информация.  Известным может оказаться предмет в силу общего окружения, в котором взаимодействуют собеседники , или в силу общего окружения, в котором взаимодействуют собеседники, или в силу предыдущего упоминания в речи (т.е. лингвистическим путем) /53, 215/.  сабитБелгілілік/белгісіздік категориясы көбінесе сөздердің орын тәртібі және интонация арқылы көрініс табады. Есімдердің белгілілік/белгісіздік қатысын айқындау үшін алдымен, стилистикалық бейтарап және экспрессивті сөйленістерді; екіншіден, интонациясын, сөйленіс сегментациясын ескеру қажет.

Қазақ тілінде баяндауыш  сөйлемнің соңында келетіні белгілі. Ал баяндауыштың алдында келген сөйлем мүшесі басқалардан ерекшеленіп, ол сөзге логикалық екпін түседі. Тыңдаушыға бейтаныс құбылыс, зат не адам туралы сөз болғанда, сөйлеуші ол сөзді көбінесе баяндауыштың алдында қойып, сол сөзге екпін түсіреді.  Мәселен, Асан кітапты оқыды деген сөйлемде кітапты сөзі ерекшеленіп тұр. Бұл сөйлемдегі кітап сөзі белгілілік  мәнде жұмсалған, яғни тыңдаушыға таныс. Асанның журнал не газет т.б. нәрсе емес, кітап оқығаны нақтыланып тұр.

Белгілілік/белгісіздік  категориясында есімдіктер өз алдына өріс орталығын құрайды.

Єрбiр пєннiњ програмы єр жылѓа арналып‚ бµлек-бµлек жасалатын‚ оныњ ‰стiне бастауыш мектептердiњ програмы бiрнеше т‰рлi‚ екiншi басќыштыѓы таѓы неше алуан боп жасалып‚ єр мектептiњ µзi бiр бµлек ауыл боп µмiр с‰ретiн‚ т‰рлi мектепке т‰рлi ат ќойылатын... (Аймауытов Ж. Шыѓармалар жинаѓы.  5-том‚ 11-бет).

– Қалабек  келсе бұ кісілерді еріктірмес еді, – дейді біреуі. – Сол ма? Ол жындының жүрген жері думан ғой, - дейді тағы біреуі.  (Аймауытов Ж. Шығ..  5-том‚ 256-бет).  

Бiраќ ескiлiк  сµздер батырдыњ батырлыѓын‚ бидiњ  шешендiгiн‚ ханныњ хандыѓын‚ салтанатын жетiлдiртiп‚ ескектетiп айтќанына келiсушi едi‚ ол кездегi халыќтыњ рухы да‚ т±рмысы да ескек‚ асќаќ сµзге лайыќ келушi едi. Халыќтыњ мiнезiн суреттеп‚ мiнiн айтып‚ терењ пєлсєпа сµздердi желдiртiп‚ ескектетiп айту б±л заманда артыќ‚ ±наспайды (Аймауытов Ж. Шығ. 5-том‚ 131-бет).

- ¤мiр с‰ру  дегенiмiз iс iстеуге бiр маќсат  болуѓа тиiс. Ондай маќсат бiр жаќсылыќ болуы керек. Ол жаќсылыќ ќиялда ѓана болмай‚ д‰ние ж‰зiнде бар болып‚ бар болса бiр адамѓа болмай кµпке бiрдей болуы керек (Ж. Аймауытов. 5-том‚ 135-бет).

Төңкерісшіл, бұқарашыл  ақын, әдебиетші болудан әркімнің-ақ дәмесі бар. Әркімнің-ақ келсе-келмесе де бірдеме жазып, тырбанып жүр (Аймауытов Ж. Шыѓ. 5-том‚ 202- бет).

Жазѓы курста оќыѓан ауыл м±ѓалiмдерiнiњ оќыту  жµнiнен кейбiр нєрселердi с±раѓаны болды. Сұрауларына сол кезде жауап берiлiп µтсе де‚ кейбiрi жалпыѓа естiртерлiк‚ µмiр ж‰зiнде тањдайына тиiп ж‰рген с±рау болѓандыќтан‚ жања комплекске де ќатысы барлыќтан‚ б±л жерде кµрсете кетудi лайыќ кµрдiк. (Аймауытов Ж. Шығ..  5-том‚ 92-бет).

Осы к‰нгi бiлiмдi тєрбиешiлердiњ пiкiрi: “Балада єрт‰рлi мiнездiњ негiзi болып туады. Жаќсылыќ жаѓы да‚ жаманшылыќ жаѓы да болады” (Ж. Аймауытов. 5-том‚ 136-бет).

Сәбиттің «Жаратылыста ақын болып тумайды. Барлық адам бірдей жаратылады» дегені де білім жолына қайшы. Тегіне тартудың шындығын, сүйекке соқыр сезім, серпілісі (реакция) дегендердің барлығын бүгінгі «ілім», «биогенетический законмен» бекітіп отыр. (Аймауытов Ж. Шығ..  5-том‚ 255-бет).

Зат есімнің белгілілігі мен белгісіздігін білдіру үшін қолданылатын есімдіктер бар. Соған байланысты есімдіктерді шартты түрде белгілілікті білдіретін және белгісіздік мәнді білдіретін есімдіктер деп жіктеуге болады.  Мысалы:

Көркем әдебиет қазақта азды-көпті  басылып келеді. Жас жазушылар  шығып келеді. Оларды қарсы алып, қолтықтап демеп, маңдайынан сүю керек (Аймауытов Ж. Шыѓармалар жинаѓы.  5-том‚ 193-бет).

Екiншi жiктiњ µлењшiлерi — Ахмет  Байт±рсынов‚ Сєбит Дµнентаев‚ Шєћкєрiм‚ Бекет ¤тетiлеуов. Бұлардыњ µлењi сырты тµгiлген‚ с±лу‚ тiлi кестелi‚ аныќ‚ халыќтыњ ±ѓымына‚ оќуына жењiл‚ тєттi. Б±лардыњ µлењдерiнiњ сезiм мен ќиялѓа тєрбие єсерi аз‚ аќылѓа азыѓы бар. Б±лар халыќшыл (народник) аќындар (Аймауытов Ж. Шығ..  5-том‚ 193-бет).

Информация о работе Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің