Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 10:24, диссертация
Жұмыстың мақсаты. Белгілілік/белгісіздік категориясын функционалды-семантикалық категория ретінде қарастырып, оның мәндерінің әртүрлі тілдік жағдаяттардағы берілу жолдары мен қызметін талдау.
Кіріспе......................................................................................4
І тарау. Функционалды-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының тілдік табиғаты....................................................... 8
1.1. Белгілілік/белгісіздік категориясының танымдық сипаты............................................................................................... 8
1.2. Белгілілік/белгісіздік категориясының референция теориясымен байланысы .................................................................. 24
1.3. Белгілілік/белгісіздік категориясының тіл прагматикасына қатысы ............................................................................................. 27
1.4. Функционалдық-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының парадигмалық жүйесі ............................................ 29
Түйін........................................................................................ 31
ІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгілілік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... 32
2.1. Белгілілік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар ..........................................................................................50
2.1.1 Белгілілік мәнін білдірудегі жіктеу есімдіктерінің қызметі .......................................................................................................... 52
2.1.2 Белгілілік мәнін білдірудегі сілтеу есімдіктерінің қызметі ..........................................................................................................53
2.1.3 Белгілілік мәнін білдірудегі жалқы есімдердің қызметі..............................................................................................60
2.1.4 Белгілілік мәнін білдіретін морфологиялық құралдар............................................................................................67
2. 1.5 Белгілілік мәнінің синтаксистік жолдармен берілуі.. .... 70
2.2 Белгілілік мәндерінің эксплицитті берілу жолдары.............75
Түйін ...................................................................................... ..81
ІІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгісіздік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... .86
3.1. Белгісіздік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар....................................................... 86
3.2. Белгісіздік мәнінің эксплицитті жолдармен берілуі .........................................................................................................110
Түйін ...................................................................................... 116
Қорытынды ............................................................................ 120
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................... 125
Түрлі деңгейдегі категорияларды зерттеуде В.В.Виноградовтың еңбегі зор. Ғалым грамматикалық және лексика-синтаксистік деңгейлердің өзара әсеріне назар аудару қажеттігін, мұндай зерттеулердің семантика жүйесін құруға арналған зерттеулерде маңызы зор болатынын айтады. Функционалды-семантикалық категориялар туралы зерттеулер А.В.Бондарко еңбектерінде жалғасын тапты. Ғалым функционалды-семантикалық категорияларды ерекше тілдік категория ретінде қарастырып, оның принциптерін, берілу жолдарын, сипатын («мағынадан – тұлғаға қарай», яғни мағынадан осы мағынаның түрлі деңгейдегі берілу жолдарына қарай) айқындайды. Ғалым: «В современной лингвистике назрела настоятельная необходимость свести результаты многочисленных частных исследований о строении языка в единое целое», - дей келіп, тілді біртұтас жүйе ретінде зерттеу қажеттігін айтады /66, 68/.
А.В.Бондарко грамматикалық категорияның семантикасына баса назар аудара отырып, кез келген функционалды-семантикалық категорияны анықтауда оны негізгі тірек ретінде ұстанады /67, 68, 69, 70, 71, 72, 73/. Ғалым функционалды-семантикалық категорияны тілдік категорияның ерекше түрі ретінде сипаттап, принциптерін, берілу жолдарын: «мағынадан – тұлғаға қарай, яғни мағынадан осы мағынаны беретін түрлі деңгейдегі құралдарды анықтайды. О.Есперсон /74/, И.И.Мещининов /75/, Е.В.Гулыга, Е.И.Шендельс /76, 58/ сынды ғалымдардың пікірлерін дамыта отырып, ғалым функционалды-семантикалық категориялардың өзегі (доминанты) белгілі бір деңгейге (морфологиялық, синтаксистік не лексикалық) тән болатынын айтады. Зерттеуші морфологиялық құралдарды синтаксистік құралдармен тығыз байланыста қарастыра отырып, контекстің түрлі комбинацияларын сөз етеді. Алайда функционалды-семантикалық категорияның өзіндік ерекшелігін анықтау үшін түрлі деңгейдегі категорияларды, барлық тілдік құралдардың қызметін талдау қажет. Ғалым функционалды-семантикалық категорияның жалпы сипаты мен лингвистикалық сипатын дәйектеді. Бұл көптеген функционалды-семантикалық категориялардың бір теориялық негіз бойынша жоспарлы зерттелуіне жол ашады. Сонымен қатар белгілілік/белгісіздік функционалдық-семантикалық категориясын жан-жақты зерттеуге, оның қызмет ету заңдылықтарын айқындауға мүмкіндік береді.
Болғар тіліндегі белгілілік/
Қазақ тіліндегі белгілілік/
Белгілілік/белгісіздік категориясын зерттеуде белгілілік үш негізгі жолмен берілетінін көреміз. Олар: нақтылау, тұтастық, жалпылау. Сол сияқты белгісіздік мәні де үш түрлі жолмен беріледі: даралау, жинақтау, жалпылау. Белгілілік/белгісіздік категориясының құрылымын толық түсіну үшін айтылым деңгейінде зерттеулер жүргізу керек. Яғни белгілілік/белгісіздік категориясының категориялдық жағдаятын зерттеп, нақты семантикалық элементтерден құралған мағыналық құрылымын тексеру қажет.
Категориалдық жағдаят
мазмұндық құрылымды
Жағдаяттарды семантикалық белгілеріне қарай, яғни функционалды-семантикалық өріс тұрғысынан сөз ету белгілілік/белгісіздік категориясының қырын, ерекшеліктерін жан-жақты аша түсуге мүмкіндік береді. Ол әсіресе қазақ тілін үйренушілер үшін өте маңызды. Қарым-қатынас үдерісі ретінде коммуникативтілік функционалдылықпен өте тығыз байланысты. Яғни ол әрбір тіл бірлігі, тіл формасы қарым-қатынас барысында нақты қызметке ие болуы керектігін білдіреді. Қандай да бір грамматикалық форманы меңгерген соң оның тілдегі қолданысын түсіну керек. Ол үшін осы форма жиі қолданылатын айтылымдарды іріктеп алып, ондағы формалардың қызметін, қолданысын байқау керек. Бұл осы грамматикалық формалардың қолданылу жағдаяттары болып табылады.
Белгілілік/белгісіздік
Индивид түсінігіндегі ұғыммен біріккен жеріне байланысты белгіліліктің жекелік немесе көптік мәндері немесе белгісіздіктің жекелік немесе көптік мәндері қолданылады. Оның алғышарттары әртүрлі болуы мүмкін. Соған сәйкес белгілілік/белгісіздік мәндері қолданылуы мүмкін. Сол себепті жекеден жалпыға бағытталғанда, ол нақтылау, даралау мәнді болып келеді. Ал жалпыдан жекеге бағытталғанда жалпылау қызметінде жұмсалып, белгісіздік мәнге ие болады. Мысалы:
Жүргенше талай сұмдықтар
Лазеретте қолын, аяғын кестірген, көзінен айырлған, мұрнын жұлдырғандар да бар екен. Оларға қарағанда, Қартқожаның жарасы ойыншық тәрізді. Соларға қарап, Қартқожа шүкіршілік қылды. Әйтсе де сары уайым қыр соңынан қалмады. Өзі болса, жаралы. Ел қайда, күн қайда? Қай жақтан келгенін білмейді. Өлсе, иман айтатын жан да жоқ. Ағасы болса, өлді. Үйі қоң торғай, панасыз. Бір құнажынын ұрлап қойыпты. Үйіне көр-жер алып қайтам ба деп жүрген ақшасын ұрлатты. Кейіді, назаланды. Құдайға да тілі тиді. «Қорғып несіне жараттың? Түк білмейміз, соқырмыз. Басқалардың күтуші әйелдеріне шейін тап-таза, ойыны – ойын, күлкісі – күлкі. Біздей қаңғып өлетін емес. Қайда барса да адаспайды, өлмейді. Құтырмай қайтсін?» (Ж.Аймауытов, Шығ. 98 б.).
Жас жігіттердің бәрі кеңес, партия, оқу, газет жағын жағалап жүр. Тіс қаққандар, кеңес өкіметіне әрі-сәрілер шаруа мекемелерін сағалап жүр. Уайым-қайғыны төгіп жүрсе де соңғылардың тұрмысы жақсы. Кейбіреулері саудаға айналған, кейбірі үй сатып алған. Ана жылы судья болып, партиялы елге «болыс» (ревком) болып жүретін Боранбай, Жанахмет, Ғабдолла сықылды қаланың мұғалім, оқығансымақтары сауда ашылған соң қызметтен шығып, талкөшенің саудагері болып алыпты. Қала маңынан шыққан оқығандардың бәрі – өз басының қамына салыныпты. Семей қазақтары қатын-қалашына шейін саудагер болып, талкөшеде бықырлап жүргені. Оқыған кейбір азаматтың саудагер болып кеткеніне Қартқожа ішінен наразы болып жүрді. Бірақ сондай бір жігіттің сөзін естіген соң, «мұныкі де шын шығар, кім біледі?» дегендей, тағы да ой түсті. О жігіт: – Қазақ саудагер болмаса, ұтылады. Тұрмыс – күн-көріс тартысы. Сауда жүзінде тартысқа жарамаған ел – ел болмайды. Елді ішек құрттай жайлап, теспей сорып, жоғалтатын нәрсе – капитал, сауда-саттық. Қазақ сауда-саттыққа кірісе алмай, қағылып қалса, ұтылғаны, жеңілгені деп ойлау керек. Семейдің әйелдеріне шейін сауда қылғанына мен қуанып жүрмін. Неге? Бұл – қазақтың тұрмыс жағдайына құбыла білетіндігін көрсетеді. Заман ыңғайына, шаруа тартысына илікпеген ел жасай алмайды, жұтылып кетеді, – деп еді. Қартқожа сенбейін десе, оның келтірген дәлелдерін күшті көрді. Ол қазақ қолды нәрсе мен қаланың нәрсесінің арзан, қымбаттығын салыстырады. Қазақ байлығы жат саудагерлерінің қолына ауысып бара жатқанын ұқтырады (Ж.Аймауытов, Шығ. 133 б.).
Өлеңті өзенінен асқанда, жолдан қосылғандар мен барлығы он шақты арбалы керуен болды. Іштерінде оқу іздеп бара жатқан шәкірт те, сүйек шатыс қуған еркек те, төркін іздеген қатын да, жұмыс, кәсіп іздеген пайдашы да, арзан пұл алып қайтып, елге сатып, мал таппақ болған саудагер де бар. Бәрін айдап бара жатқан – күн көріс қамы. Омбы – жердің түбі. Жеткізер емес. Көліктен тер шыққан сайын, бір елі кемиді. Қартқожаның аты мезгілі таяған әйелдей, кешеден бері аяғы қоюлап келеді. Шу-шу деген түгілі, қамшы салғанды елемейді (Ж.Аймауытов, Шығ. 136 б.).
Қартқожа қазағын, елін сүйеді. Байын, жауызын емес, бұқарасын, кедейін, жалшысын, жерін, суын сүйеді. Қазақ пен орыс төбелісіп жатса, орыстікі зорлық деп ұққысы келеді. Бірақ орыстан көрген жақсылығын ұмытпайды, орысты да бауыр тұтқысы келеді. Андрей, Полидубтерге қазақтың неше Жайдарқандарын құрбан қылғысы келеді. Қазақ та, орыс та Андрейдің, менің көргенімді көрсе, көзі ашылса, менің жүрегімдей бауырмал болса, зорлық, қиянат, теңсіздік жоғалар еді-ау деп, бір мезет ойлайды. Бірақ ол мүмкін бе? Барлық адам баласының мінез-құлқын, жүрегін бір қалыпқа соғып шығаруға бола ма? Адам баласының табиғаттағы бірдей болуын көксеуі дуализм – санашылдық жолы ғой. Жауыз Әшірбектерді қалай езгі қылуға болады? Адамды тұрмыс, күн көріс талқысы билеп, басын қосар, біріктірер. Қол бостық, жатып ішер жалқаулық емес, еңбек, бейнет түзетер (Ж.Аймауытов, Шығ. 141-142 б.)
Сонымен, жалпыдан жекеге бағытталған және керісінше қозғалыста жалпылану деңгейі жағдаятқа байланысты болып, оның алғышарттары әртүрлі болуы мүмкін. Атап айтқанда, заттарды өзара салыстыру барысында қолданылуы мүмкін.
Мысалы:
М±рнында ќыспа кµз єйнегі бар, желкілдеген с±лу шашы ќарсы ќайырылѓан, т±йѓындай ж±тынѓан жас жігіт т‰регелді. Аѓып т±рѓан сµз екен: неше т‰рлі жалынды, жігерлі, ‰мітті сµздерді соѓып еді кеп, адамныњ сай-с‰йегін сырќыратты. Сµз б±лб±лдыњ к‰йіндей денені балќытты, Ќартќожа – “Адам емес, жебірейіл ме?”-деп ойланады. Ж‰йесі босап кµзіне жас келді. Сµзін бітіргенде, шапалаќ шартылдап кетті. Кейінгі шешендердіњ сµзін Ќартќожа ±ќќан жоќ, тек жаќсы сµз айтпаќшы екенін ќолдарыныњ сермесінен сезді. (Аймауытов Ж. Шыѓармалар жинаѓы І том 112б)
Ертењінде іњірде Ќартќожа шеттегі пєтеріне келе жатса, басы мен кеудесі ќазаќ, аяѓы орыс бір жігіт, ќазаќтыњ артына мінгесіп, аяѓы салаќтап, шаѓылѓа ќарай ќашып барады екен. (Аймауытов Ж. Шыѓармалар жинаѓы І том 117б).
Күн батпай-ақ, көз барында манағы айтқан терең шаттан іннен шыққан қасқырларша, шұбап шықты төрт атты. Оның бірі – манағы айтқан, өзінің көрген ала атты. Енді үшеуі: қалпағы бар, мылтығы бар, қылышы бар, көк шекпенді, қоқаңдаған, қоқиланған жат адам. Сол төрт атты шаттан шығып, ылдиға түсе өкшелерін қадады. Қадап еді, ат пысқырды, ауыздығын қарш-қарш шайнап есілді (Ж.Аймауытов, Шығ. 147 б.).
Сонымен қатар белгілілік дескрепциялары атрибутив мәнде қолданылуы мүмкін:
Шошақайдың үкі секілді бірдеңесі былғаңдап, өзі қимыл-қимыл етіп дөң астымен Ақбілекпен жарыса кетіп барады. Орыста мұндай нәрсе жоқ еді ғой деп ойлауы-ақ мұң екен – шошақай жуандады: бас болды, кәдімгі дуананың басы, Әнеки, қолындағы асасы да шошаң етті.
Дуана аяқ астынан үріккен жылқыша жалт беріп, лоқып, әнтек тұра қалды да, бұрылып Ақбілекке қарай жүрді. Тани кетті Ақбілек: етегін кірмен зерлеген, төбесін үкі сәндеген басында найза ақ тақия, қолында шәңгіші асасы, сасасының өн бойы шығыршық, кепшік, сылдырмақ, ұшы қозы жауырын, мойнында хұсы тасбысы, танауы таңқиған, омырауы аңқиған, кеңірдегі сорайған, жіліншігі сидиған, саусақтары сыпсиған, үркек малша оқшиған, бес тал сақалы шоқшиған, шынжау етті, шың бетті, жағына пышақ жанитын, бір көргеннен танитын Іскендір екен кәдімгі (Ж.Аймауытов, Шығ. 187-188 б.).
Жалпылау мәні жекеше және көпше тұлғадағы белгілілік мәнді зат есімдер арқылы беріледі.
Инелік, шегіртке, бµгелек масаныњ ќалыњ шµптіњ арасынан ±шып, єуені ќаптап шарыќтап, олай-былай ж‰йткіп шыр-шыр етіп, ќанаттары дырылдап, ызылдаѓанынан басќа екі аттыњ пысќырып, ќ±йрыѓы суылдап, аяѓын тебініп, бµгелек жасќаѓанынан басќа, анда-санда шыќ-шыќ еткен торѓайдыњ дауысынан басќа жањѓырыќќан ешбір тыќыр не бір ‰н естілмейді. (Аймауытов Ж. Шыѓармалар жинаѓы І том 40б)
Информация о работе Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің