Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 10:24, диссертация

Описание работы

Жұмыстың мақсаты. Белгілілік/белгісіздік категориясын функционалды-семантикалық категория ретінде қарастырып, оның мәндерінің әртүрлі тілдік жағдаяттардағы берілу жолдары мен қызметін талдау.

Содержание

Кіріспе......................................................................................4
І тарау. Функционалды-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының тілдік табиғаты....................................................... 8
1.1. Белгілілік/белгісіздік категориясының танымдық сипаты............................................................................................... 8
1.2. Белгілілік/белгісіздік категориясының референция теориясымен байланысы .................................................................. 24
1.3. Белгілілік/белгісіздік категориясының тіл прагматикасына қатысы ............................................................................................. 27
1.4. Функционалдық-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының парадигмалық жүйесі ............................................ 29
Түйін........................................................................................ 31

ІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгілілік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... 32
2.1. Белгілілік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар ..........................................................................................50
2.1.1 Белгілілік мәнін білдірудегі жіктеу есімдіктерінің қызметі .......................................................................................................... 52
2.1.2 Белгілілік мәнін білдірудегі сілтеу есімдіктерінің қызметі ..........................................................................................................53
2.1.3 Белгілілік мәнін білдірудегі жалқы есімдердің қызметі..............................................................................................60
2.1.4 Белгілілік мәнін білдіретін морфологиялық құралдар............................................................................................67
2. 1.5 Белгілілік мәнінің синтаксистік жолдармен берілуі.. .... 70
2.2 Белгілілік мәндерінің эксплицитті берілу жолдары.............75
Түйін ...................................................................................... ..81

ІІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгісіздік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... .86
3.1. Белгісіздік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар....................................................... 86
3.2. Белгісіздік мәнінің эксплицитті жолдармен берілуі .........................................................................................................110
Түйін ...................................................................................... 116
Қорытынды ............................................................................ 120
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................... 125

Работа содержит 1 файл

Диссертация -ылыми жетекшілер.doc

— 971.00 Кб (Скачать)

¤зі бір саудыраѓан, аќ кµњіл, бала сияќты адам. Не десењ соѓан нанады. Аѓатайымныњ бар-жолѓын білдірмейді. Келген кісімен еркекше сµйлеседі. Меніњ кµзімді ашќан со жењгем ѓой, єйтпесе... (Аймауытов Ж. Шыѓармалар жинаѓы. І том 291б)

Сол дүрмекпен, қызумен жүріп, Махмұт науқасын мүлдем асқындырып, шыңына жеткізіп алғанын білмей қалады, етінен айрылып, жағы суалып, көзі үңірейіп, күркілдеп жөтелуге айналады  (Аймауытов Ж. Шығ..  5-том‚ 287-бет).

Бұл мысалдардағы жіктеу есімдіктері  мен сілтеу есімдіктері, өздік есімдігі белгілілілікті білдіру үшін қолданылса, кейбір, біреу есімдіктері сияқты белгісіздік, болымсыздық, сұрау есімдіктері белгісіздік мәнін білдіру үшін жұмсалады:

Аќсаќалдыњ µшті-ќасты  кісілерін ќылѓа тізіп, он-он беске  апарып, біреуі ‰й – деп, біреуі – б‰й деп жорыѓанмен, байлаулы т‰йін шыќпады. ¤йткені біреу партиялыќпен, біреу жекжаттыќпен, біреу алымсаѓы, біреу берімсегі ‰шін, біреу ±рланѓан малы тимегені ‰шін, біреу ќатыны кеткені ‰шін немесе ќатынына, ќызына барѓаны ‰шін, ењ болмаса тілі тигені ‰шін біреуді айыптап, біреуді ќорѓаѓаннан басќа, єркім µз есебін ойлап, б‰йрегі б±рѓаннан басќа, дєл жанашырлыќ ќылып, єділ ќаѓушы, єділ тексеруші жоќ болды. (Аймауытов Ж. Шығ.. І том 168б).

Анда-санда арс-±рс еткен дауыс шыѓады. Ќасќырѓа тие ме, ќосќа тие ме, єйтеуір аѓашы кейде бірдењеге тигендей ќолы с‰йсініп ќалады. Ќасќыр одан жаман µршеленеді. Аќбілек жан±шыра сермейді. (Аймауытов Ж. Шығ.. І том 176б)

Ќадиша жењгейлерді  артынан ќуып жетіп: келіњіз, аударысайыќ, - ќолымыздан тартысќанда жењгейдіњ  ењсеріліп т‰сіп ќала жаздаѓаны, - бєрі ќазаќтыњ еркіндігін, ќыз, бозбаланыњ ойын-к‰лкісін кµзге елестеткендей, кµњілге бір т‰рлі тєтті, ж‰рекке бір т‰рлі жылы єсер ќалдырыпты. (Ж.Аймауытов І том 306б).

Шыќса сауылдап келіп ќалѓан екен. Аќ боз  атќа мінген аќ киімді біреу кµрінді; алдына Сараны мінгізіп алыпты. Б±л орысыњ кім деп т±рѓанда, ¦рќиялар барып, т‰сіріп бетінен с‰йе бастады. С‰йтсе Аќбілек екен. Боз аты, аќ киімі аруаќтанып кµрінді ме, ±рлыќ келгендей, аќсаќал єнтек ќорынайын деді. Ауылдыњ еркектері де аќсаќалдыњ ќасына жиналып ќап еді. (Аймауытов Ж. Шығ..І том 321 б)

Кімніњ  не міні, не жамандыѓы бар, - бєрі де терілді, ќазылды. Талай жасырын нєрселер жарыќќа шыќты. Осы ќазбалаудыњ, ањдысудыњ салдарынан, Аќбілектіњ екіќабат екені де мєлім болды. (Аймауытов Ж. Шығ.. І том 279б).

‡рейлі ауылды торып, екі ат жетелеп, ойќастап, ќ±лаѓын т‰ріп, т‰сі жаман, ойы ќарањѓы бір адам ж‰р. Ауылдан бажыл шыќќанда єлгі адам бір т±рып, бір ж‰ріп, ауылѓа таман ±мтылды. (Ж.Аймауыт. І том 147б)

Түркі тіл білімінде  белгілілік/белгісіздік категориясы  туралы алғаш пікір А.Казембек грамматикасында, «Алтай тілі грамматикасында» кездеседі. Зерттеушілер белгілілік/белгісіздік категориясын табыс септігі мен ілік септіктерінің ашық не жасырын келуімен байланыстырады. Алайда авторлар белгілілік/белгісіздік категориясының көрсеткіштері алмаса беретінін, бірінің орнына бірі қолданылуы мүмкін екенін де  айтады: «Встречаются выражения, в которых предмет определенный ставится в винительном без приставки, и, наоборот, неопределенный предмет ставится с приставкой» /54/. Бұл пікірді П.М.Мелиоранский де қолдайды, ғалым септік жалғауларының ашық не жасырын келуін сөйлеушінің көзқарасымен байланыстырады: «Употребление оформленного винительного падежа весьма часто зависит от личного взгляда говорящего и пишущего» /55/. Яғни зерттеушілердің белгілілік/белгісіздік категориясын анықтау үшін жағдаят ерекшеліктерін ескеру керектігіне назар аударғанын көреміз. 

Н.К.Дмитриев белгілілік/белгісіздікті дербес категория ретінде танып, оның ерекшелігі туралы былай дейді: «Если обозначаемое именем явление было предметом нашего опыта и, таким образом, известно нам, такое имя считается грамматическим определенным и в функции прямого дополнения употребляется с показателем винительного падежа. Если предмет нам сообщается впервые и мы о нем до этого ничего не знали, то предмет считается грамматически неопределенным и в функции прямого дополнения не получает показателя винительного падежа» /56, 3/. Кейінгі еңбектерінде ғалым бұл бағыттағы зерттеулерін жалғастыра отырып: «В кумыкском языке «как и во всех тюркских) существительные разделяются на такие, которые уже были предметом нашего опыта и потому теперь являются для нас известными и определенными, и на такие, которые вводятся рассказчиком впервые и потому являются для нас неизвестными, еще не бывшими предметами нашего опыта» /57, 172/. Ғалым белгілілік/белгісіздік категориясын жекелік/көптік категорияларымен байланыстырып, бұ ат (жеке), бұ атлар (көптік), бир ат (жеке, белгісіздік), ат (көптік, белгісіздік) көрсетеді /58, 119-120/. Н.К.Дмитриевтің тұжырымдарын сараптай отырып, Э.В.Севортян былай дейді: «Во-первых, прямое дополнение считается грамматически определенным (для говорящего и слушающего) после того, как оно впервые названо в речи. Следовательно, вовсе не обязательно, чтобы прямое дополнение было предметом нашего опыта и познано конкретно, вещественно...; во-вторых, грамматическая определенность прямого дополнения представляет собой особый случай, его обособления от сказуемого» /59, 89-90/.

Дж.Киекбаев белгілілік/белгісіздік  категориясын етістікпен байланыстыра келіп, былай дейді: «Что касается вопроса о том, что определенность имени связана с опытом говорящего, то этот момент целесообразно перенести в сферу глагола, так как употребление определенного или неопределенного (или очевидного и неочевидного) времени глагола во многих урало-алтайских языках именно связано с опытом говорящего» /60, 80/.

В.Г.Гузев пен Д.М.Насилов  түркі тілдерінде белгілілік/белгісіздік  категориясының бар екенін айта келіп, бир есімдігін белгісіздіктің көрсеткіші ретінде таниды да, ben kitap okuorum деген сөйлемдегі кітап сөзінің көптік категориясына да, белгілілік/белгісіздік категориясына қатысы жоқ деп түсіндіреді /53, 24/.

Қазақ тіл білімінде  белгілілік/белгісіздік категориясы  арнайы зерттелмегенмен, ХХ ғасырдың басында-ақ А.Байтұрсынұлы еңбектерінде осы категорияның кейбір ерекшеліктері сөз болады. Мәселен, А.Байтұрсынұлы бүгінгі таңда  «белгісіздік есімдігі» деп қолданылып жүрген есімдік тобының орнына «танықтау есімдігі» деп атап, оған «нәрсенің жоқтығын, яки анық белгілі еместігін, яки түгел еместігін көрсеткенде айтылатын сөздер» деп анықтама береді /61, 230/. Яғни есімдіктерді мағыналық топтарына қарай жіктеуде ХХ ғасыр басындағы ғалымдар функционалды грамматика тұрғысынан түсіндіріп, белгілілік/белгісіздік категориясының мәнін терең түсінгенін көреміз.

Профессор М.Балақаев түркі  тілдеріндегі белгілілік/белгісіздік  категориясының зерттелу тарихына шолу жасай келіп: «Различный подход к  объяснению категории определенности и неопределенности в тюркских языках говорит о шаткости основы этой «категории». Понятие «определенность и неопределенность» вообще, выражение его указательными местоимениями и числительным бір (один), в частности, хотя в тюркских языках имеются, но не подкреплены определенными системами последовательного выражения. А оформленность и неоформленность падежей служат вариантами контактирования слов в разных позициях и значениях», – дейді /62, 11/.

Белгілілік/белгісіздік  мәні коммуникацияға қатысушы адресат  пен адресантпен, сөзге тірек  болатын затпен тікелей байланысты. Белгілілік/белгісіздік бір сөйлем аясында ғана емес, бүкіл мәтін деңгейінде көрінеді. Сол себепті белгілілік/белгісіздік категориясы – сөйлемдік емес, мәтіндік категория.

 

1.2. Белгілілік/белгісіздік категориясының  референция теориясымен байланысы

 

Референция теориясы белгілілік/белгісіздік функционалды-семантикалық категориясы сөйлеу актімен, сөйлеушімен байланыстыра қарастырылады. Тілдік бірліктерді тілден тысқары ақиқат болмыспен байланыстыра қарау нәтижесінде  белгілілік/белгісіздік функционалды-семантикалық категориясы референциалды категория ретінде зерттеле бастады.  Бұл дәстүрлі тіл білімінің шеңберінен шығуға мүмкіндік береді.  Осыған байланысты З.К.Сабитова: «Обращение к теории референции дало возможность связать категорию О/НО (определенность/неопределенность – А.Т.) во всем многообразии средств ее выражения с речевым актом, говорящим субъектом, и это позволило выйти за рамки традиционного языкознания, замкнутого в пределах языка, как такового» /49, 6-б./, – дейді. Белгілілік/белгісіздік категориясын референция теориясы аспектісінде зерттеген ғалымдардың қатарында (63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 51, 74, 53, 75, 41, 76, 77 , 78, 79, 80, 81) атауға болады. 

Референция  теориясында сөйлемнің синтаксистік құрылымы пайымдаудың логикалық  құрылымымен әрдайым тең түсе бермейтіні ескеріледі /82, 42/. Денотат, яғни ақиқат шындықпен сәйкес келетін фраза бір, нақты нәрсені атаса, белгілілік дескрепциясы болады. Ал денотативті фраза бірнеше затпен сәйкес келсе, белгісіздік дескрепциясына жатады. Бұл орайда Танабаев Ғ.Ө.: «Сөздің лексикалық мағына құрамында денотаттық және сигнификаттық мағыналары тең түсе бермейді. Мысалы, зат есімдерге денотаттық мағына айқын байқалады. Ал сын есім, етістік, есімдік, үстеулерде денотаттық мағына көмескіленіп, анық байқалмайды. Бірақ мұндай сөздерде денотаттық мағына мүлде жоқ деуге болмайды. Мысалы, етістіктер беретін қимыл-әрекеттер сол сөздердің денотаттық мағынасы болып табылады. Бірақ зат есімдер мен етістік, сын есімдердің денотаттық мағыналарына тең емес», – дейді Танабаев Ғ.Ө. Қазіргі қазақ тіліндегі субъектив мәнді етістіктердің семантикалық құрылымы». Алматы, 2005. Филол. ғыл. канд... авторефераты. /83,  8-б./

Сөйленістің прагматикалық жағын ескергенде, яғни тіл категориясынан сөйлеу категориясына  ауысқанда, көптеген тілдік ұғымдар екіге жіктеледі: бірі сөйлеушіге қатысына қарай, екіншісі адресатқа, тыңдаушыға қатысына қарай, сондай-ақ тілдік категориялар сөйлеушіге не тыңдаушыға көбірек қатысына қарай жіктеледі. Осыған байланысты З.Сәбитова былай дейді: «Категория определенности-неопределенности является категорией референциальной, т.е. связанной с референциальными признаками термовых слов. С изучением категории определенности связаны непосредствено классические работы по теории референции. Описание этой этой категории опирается на такие лингвистические понятия, как принцип контекста, сочетаемости и взаимозаменяемости, коннотативные и неконнотативное значения, теория дескрипции, различие между понятиями «предложение» и «высказывание» /49/.

Белгілілік/белгісіздік  категориясы сөйлесушілердің зат туралы түсініктерінің қандай екенін білдіреді. Белгісіздік дескрепциясы заттың тыңдаушыға белгісіз екенін, сондықтан оны басқа заттарға ұқсатуға болмайтынынан білдіреді. Осыған байланысты Арутюнова Н.Д. былай дейді: «Необходимым условием употребления неопределенных дескрепций, имеющих единичную референцию, является убеждение говорящих, что их сообщение касается только одного предмета и этот предмет обладает свойством» /46, 150/.

Белгісіздік дескрепциясының мынадай түрлері  байқалады:

а) тектік референция – затты, нәрсені өзіне ұқсас заттармен қатар қойып, жалпы, ортақ мәнін көрсету.

Мысалы: Ауыл күрсінеді. Күрсініп жүріп қыбырлайды. Әр ауылдан 5, 6, 7, 10 шақты азамат кеткелі жатыр. Өңкей көк өрім, көген көз, жанмен жан асырап жүрген сорлылар. Он тоғыз бен отыз бірдің арасында байдан, жуаннан бір адам жоқ, болса да амал тапты. Қай жерде тесік болса күштінікі, малдынікі болды. Ысқатқа, садақаға, төлеуге беретін арық-тұрақ, қытпа қыршаңқылардай, кедей біткен шетке қағылып, іріктелді. Балапан – басына, тұрымтай – тұсына...  Етігін ұлтартып, киім-кешегін жаматып, ала қоржынды аударып-төңкеріп абыржып жүр (Ж.Аймауытов, Шығ. 93 б.).

ә) нақты  референция – нәрсені нақты затқа, сөйлеушінің көз алдындағы басқа заттармен теңестіру.

Мысалы: Жігіттер аттанғалы жатыр. Ауыл улаған-шулаған. Мал бағусыз, сұраусыз, құдық басы, қотан опыр-топыр. Арбада бұзау мөңірейді, үй артында ит ұлиды... Азан-қазан. Шапқыласқан, жүгіріскен, жаңылдасқан еркек, күрсінген, солқылдаған, ішін тартқан шал-кемпір, апа-қарындас, шешесі итеріп тастап, шырылдаған жас бала. Төсек-орын, азық-түлігін арбаға таңысып, көліктерін қамдасып жатқан жігіттер. Әлден уақытта көлік даяр болды, алды айғайласып, ауылдан баяулап жөнеле бастады. Арты созалаңдап, ауылдан айналақтап шыға алмай жатыр (Ж.Аймауытов, Шығ. 94 б.).

70-ке тарта шәкірт жинатыпты. Үлкен бөлме. Парталардың алдындағы үстел басында мұғалімдер. Портфель қолтықтаған екі-үш орысша киінген кісі келді. Кешегі өшетіл оқу басталатындығын, облыстық комитеттен келген азаматтарға құттықтау сөз берілетіндігін білдірді.   Мұрнында қыспа көзәйнегі бар, желкілдеген сұлу шашы қарсы қайырылған, тұйғындай жұтынған жас жігіт түрегелді. Ағып тұрған сөз екен: неше түрлі жалынды, жігерлі, үмітті сөздерді соғып еді кеп, адамның сай-сүйегін сырқыратты. Сөз бұлбұлдың күйіндей денені балқытты, Қартқожа: «Адам емес, жебірейіл ме?» – деп ойлады. Қарап отырып мас болды. Жүйесі босап, көзіне жас келді. Сөзін бітіргенде, шапалақ шартылдап кетті. Кейінгі шешендердің сөзін Қартқожа ұққан жоқ, тек жақсы сөз айтпақшы екенін қолдарының сермесінен сезді (Ж.Аймауытов, Шығ. 111 б.).

б) көмескі (нақты емес) референция – сөйлеуші нақты бір нәрсені ғана сөз  етпеген жағдайда қолданылады.

Мысалы: Оқыған кейбір азаматтың саудагер болып кеткеніне Қартқожа ішінен наразы болып жүрді. Бірақ сондай бір  жігіттің сөзін естіген соң, «мұныкі де шын шығар, кім біледі?» дегендей, тағы да ой түсті. О жігіт: – Қазақ саудагер болмаса, ұтылады. Тұрмыс – күн-көріс тартысы. Сауда жүзінде тартысқа жарамаған ел – ел болмайды. Елді ішек құрттай жайлап, теспей сорып, жоғалтатын нәрсе – капитал, сауда-саттық. Қазақ сауда-саттыққа кірісе алмай, қағылып қалса, ұтылғаны, жеңілгені деп ойлау керек. Семейдің әйелдеріне шейін сауда қылғанына мен қуанып жүрмін. Неге? Бұл – қазақтың тұрмыс жағдайына құбыла білетіндігін көрсетеді. Заман ыңғайына, шаруа тартысына илікпеген ел жасай алмайды, жұтылып кетеді, – деп еді. Қартқожа сенбейін десе, оның келтірген дәлелдерін күшті көрді. Ол қазақ қолды нәрсе мен қаланың нәрсесінің арзан, қымбаттығын салыстырады. Қазақ байлығы жат саудагерлерінің қолына ауысып бара жатқанын ұқтырады (Ж.Аймауытов, Шығ. 133 б.).

Белгілілік  дескрепциясының референтті, атрибутивті  референтті және гипотетикалық референтті түрлері болады:

а) референтті қолданыста дескрепция сөйлесушілерге таныс, белгілі заттарға қатысты болады. Дескрепция  сөйлеушінің мәліметтеріне қарай алынады: 

Сүлеймен  сол ретпен неше жылдай аты шыққан тынымсыз ұры болып жүрiп, артынан  тоқтатқан екен. Бiз әңгiмесiн күтiп  келе жатқанда, ақсақал насыбайын  баптап иiскеп алып: - Мынау көрiнiп тұрған Текшенiң биiгiн көрген  сайын, жас күнiмiзде iстеген бiр тентектiк еске түседi, – деді (М.Әуезов, Шығ.).

ә) атрибутивті  референтті қолданыста белгілілік дескрепциясы белгісіз затқа қатысты болады, алайда ол алдыңғы оқиғалар арқылы имплицитті түрде көрініс табады:

Информация о работе Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің