Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 10:24, диссертация

Описание работы

Жұмыстың мақсаты. Белгілілік/белгісіздік категориясын функционалды-семантикалық категория ретінде қарастырып, оның мәндерінің әртүрлі тілдік жағдаяттардағы берілу жолдары мен қызметін талдау.

Содержание

Кіріспе......................................................................................4
І тарау. Функционалды-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының тілдік табиғаты....................................................... 8
1.1. Белгілілік/белгісіздік категориясының танымдық сипаты............................................................................................... 8
1.2. Белгілілік/белгісіздік категориясының референция теориясымен байланысы .................................................................. 24
1.3. Белгілілік/белгісіздік категориясының тіл прагматикасына қатысы ............................................................................................. 27
1.4. Функционалдық-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының парадигмалық жүйесі ............................................ 29
Түйін........................................................................................ 31

ІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгілілік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... 32
2.1. Белгілілік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар ..........................................................................................50
2.1.1 Белгілілік мәнін білдірудегі жіктеу есімдіктерінің қызметі .......................................................................................................... 52
2.1.2 Белгілілік мәнін білдірудегі сілтеу есімдіктерінің қызметі ..........................................................................................................53
2.1.3 Белгілілік мәнін білдірудегі жалқы есімдердің қызметі..............................................................................................60
2.1.4 Белгілілік мәнін білдіретін морфологиялық құралдар............................................................................................67
2. 1.5 Белгілілік мәнінің синтаксистік жолдармен берілуі.. .... 70
2.2 Белгілілік мәндерінің эксплицитті берілу жолдары.............75
Түйін ...................................................................................... ..81

ІІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгісіздік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... .86
3.1. Белгісіздік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар....................................................... 86
3.2. Белгісіздік мәнінің эксплицитті жолдармен берілуі .........................................................................................................110
Түйін ...................................................................................... 116
Қорытынды ............................................................................ 120
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................... 125

Работа содержит 1 файл

Диссертация -ылыми жетекшілер.doc

— 971.00 Кб (Скачать)

Ентікті, к‰рсінді, абдырады, аузы-басы желбіреп Алласына сыйынды; буындары, ќолы, денесі, ќалпетімен дірілдеді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 134-бет.).

‡йде  отырса ±сталыќ ќ±рады, аѓаш істейді, ќолы µнерлі, кісіге жалынбайды; кісіге орынсыз нєрсе бермейді, кісісіне мырза, жалпаламѓа сарањ (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 98-бет.). 

Ќызылбикеге хат жазып, ќаѓаз жµнінде “жас ж‰регініњ” тілегін, “ыстыќ махаббатын” сездіргені болмаса, ондай нєзік ±ят сµздерді бетпе-бет, ауызба-ауыз айтуѓа, беті шыдамай, бойк‰йездене беретін (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 193-бет.).

Бір жерде байыз тауып отыра алмайды: кіреді, шыѓады, жантаяды, айнаѓа ќарайды, кестесін бір тігеді, бір ќояды... саѓыз шайнайды, бізін тістелейді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 48-бет.).

Бұл ерекшелік 3-жақ тұлғаларына ғана емес, 1, 2-жақ  тұлғаларына да тән. Бұл сөйлемнің  актуалды мүшелену, актуалдану, актуалсыздану  құбылысымен тікелей байланысты. Белгілі нәрсе, алдыңғы контекст немесе сөйлеу әрекетіне қатысушылардың аялық білімдеріне сәйкес сөйлемде айтылмаса да, түсікті болатын лексема үнемдеу принциптеріне сәйкес түсіп қалады. Алайда ол сөйлемнің мәні, баяндауыш тұлғасы арқылы анықтала алады. Мысалы:

Біреудіњ ќызбен ж‰ргеніњді, гµлайт салѓаныњды, мыќынын ±стаѓаныњды біреуіњ тµњкерістіњ “идесін” ±стай алмай айѓайын ±стап ж‰рсіњ, енді біріњ жазасыњ не онда, не м±нда жоќ ќоянна кµз жазып ќалѓан тазыдай, арсалањдап ж‰рсіњ (Ж. Аймауытов. 2-том. 68-бет.).

Зауқың неге соѓады? “Баѓланныњ” уыз етін алдырайын ба? Єлде ашымаѓан тєтті с‰р ќазы жейсіњ бе? (Ж. Аймауытов. 2-том. 85-бет.).

Майсордыњ б±лаѓына бір т‰неп, малды  шалѓынѓа шеміршектетіп алып, ќалыњ ќаулы, жауылшалы, жоњышќалы, бетегелі б±йрат пен белден бел асып отырып, Шалшан адырыныњ т‰бінен Шідертіге ќылт ете т‰сесіњ (Ж.Аймауытов. 2-том. 22-бет.).

Сөйлемде белгілі бір  нәрсе туралы жаңадан сөз болған кезде ол сөйлемнің синтаксистік құрылымында белгілі бір тілдің құралдар арқылы көрініс табады.  Басқа актанттар ол кезде нақтыланбай, сөйлесушілерге түсінікті болуына байланысты сөйлемде берілмей, түсіп қалуы да мүмкін.  Бұл жағдаятқа да байланысты. Сөздің белгілі бір контексте берілмей, түсіп қалуы осы нәрсенің актуалсыздануын білдіреді.  Сөйлеуші адресаттың контекст арқылы түсіп қалған сөзді анықтайтынын негізге алады. 

Жіктеу есімдіктерінің ашық және жасырын келу ерекшеліктерін сипаттай отырып, ******* былай дейді: «Вместе с тем признак определенности/извесности, неопределенности/неизвесности субъекта (подлежащего, носителя действия) трактуется в плане структурно-синтаксическом; как наличие/отсутствие полнозначной лексемы в форме именительного падежа, способом конкретизировать грамматический субъект (носителя признака, «действующее лицо») предметно-логическом плане, в силу чего безсубъектность трактуется также как «устранение имени субъекта» из поверхностной структуры предложения, «неопределенность» подлежащего посредством конкретной лексемы. А соответственно и неизвесность субъекта/подлежещего – «действователя». Социальная роль как имманентный признак субъекта неопределенно-личного предложения

 

2.1.2. Белгілілік  мәнін білдірудегі сілтеу есімдіктерінің  қызметі 

 

Белгілілік мәні анафора, дейксис немесе сөйлесушілердің  аялық білімінің нәтижесінде  туындауы да мүмкін. Осыған байланысты белгіліліктің өзі әр түрлі деңгейде болуы мүмкін. Мәселен, алдыңғы контексте осы зат туралы сөз болуы мүмкін (анафоралық белгілілік), саусақпен көрсетуге болатындай, зат сөйлесушілердің алдында тұруы мүмкін (дейктикалық белгілілік) немесе сөйлеуші мен тыңдаушының жалпы аялық біліміне сәйкес келетін апперцепциялық белгілілік болуы мүмкін. Л.П.Якубинский сілтеу есімдіктерінің белгілілік мәнін білдірдуге қызметін сипаттай келіп: «указательное местоимение современного типа есть величайшая абстракция», ибо оно «заключает в себе бесконечное разнообразие отдельного и единичного» /8,190/, – дейді (108).

Анафоралық белгілілікке О.Бөкейдің «Құм мінезі» атты повесінен  мынадай мысал келтіруге болады:

Ала дөңденіп мінгесіп ұшқаса келеңсіз далаға қарай жарыса созылған құм төбелер, сол құм төбелер, сол құм төбенің қырқасына ойдым-ойдым қойнауына жармаса өскен сексеуілдер жағаласа жарысып, көзге суық тартады, көңілді жүдеткендей болады (О.Бөкей Құм мінезі Таңдамалы 18-бет).

Жазушы бұрын сөз  болған құм төбелерді сипаттауда сол есімдігін қайталап қолданған. Мұндай анафоралық белгілілікті Ж.Аймауытовтың  «Қартқожа» романынан да кездестіреміз: 

… Сол кезде қожадан талай бала оқиды. Сол балалардың ішінде босаға жақта – астында бір жапырақ тай тері, мұрнын қос-қостан тартып, қожасының ақ сабауына қарай түсіп, шиге шанышқан бір жапырақ қағазына үңіліп, құнысып, бір бала отыратын еді. Жасы 10-11 шамасы болар ма екен, қалай… Екі жеңі де сауыс, бетінің бір жағы сатпақ, көзінің былшығы да жөнді тазармайды. Сол баланың қақ-соқпен ісі жоқ, момақан, аңқау, көзі бажырайып, аузын ашып, мұрны қоңқиып отырғаны. Жасында болпиған, сүйкімді бір бала болады ғой, тап сол бала осы еді. Құдай оңдап, аты да түріне сай бола кетер ме? Қартқожа…  

Жазушы Қартқожаны алғаш  таныстырған кезде бір бала деген тіркес арқылы, яғни бала сөзін бір сан есімімен тіркестірсе, екінші рет атағанда, бала сөзін сол сілтеу есімдігімен тіркестірген. Бір бала белгісіздік мәнде жұмсалса, сол бала белгілілік мәнде қолданылып тұр. Осы орайда Е.Кржижкованың мына пікірі назар аударарлық: «Указательное местоимение в анафорической функции, с точки зрения построения всего текста, сближается с определенным членом тех языков, в которых члены имеются, т.е. указательное местоимение этот эксплицитно выражает определенность того или иного существительного на основании контекста» /49/.

Дейктикалық белгілілікке мысал:

«Анау балаларға  біздің қоралардың да қиын ойғыза сал» дегісі келеді-ақ, әттең мінезінде  жоқ бөтендік танытуға дәт шіркін бара алмаған. (О.Бөкей Құм мінезі Таңдамалы 19-бет).

Кейде адресатқа референт белгісіз болғанымен, есім тобы белгілілік мәнде жұмсалуы мүмкін. Мәселен, менің әке-шешем деген тіркес әрқашан да белгілілік мәнде жұмсалғанмен, адресант олармен таныс болмауы да мүмкін.

Жіктеу есімдіктері  сияқты сілтеу есімдіктері де референттілігі жоғары тұлғалар қатарына жатады. Сілтеу есімдіктері тіркескен зат есімдерінің мағыналарын нақтылап, айқындап тұрады.  Мысалы: 

Міне жерлері шіріген, можа болѓан  (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 93-б.).

Біраќ ќалыњдыќтыњ ќызыѓын кµрісу С‰лейге жуырда несіп болмады: мынадай ќырсыќќа ±шырады (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 182-б.).

Ой, мынасы несі? – деген дауыстар ќарањѓы даланы жањѓырыќтырады (Ж. Аймауытов. Шығ. Шығ. 2-том. 183-б.).

Осы Домбай ана жылы бір т‰ні Шекерге ќол салѓанда, Шекердіњ онда іріленіп ж‰рген кезі ме, µзге себеп болды ма, кім білсін, єйтеуір меселі ќайтіп еді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 14-б.).

Шөгіп жатқан түйедей, ортасы кезеттеніп, денесін  қошқыл қара түк басып, қырарқасы  тарақтай ирек-ирек ьолып, шудасы желкілдеп тұрған, мынау өзіміздің Баян тауы! Жарықтық, қандай салауатты! Қандай айбатты! Міне, Ашының бойы! Әне, Бөрілікөл, Быламбай, Қарасор. Ана көрінген Мойылды. Ой, шіркіндердің көзі жаудырап, самаладай болып жарасып тұрғанын-ай!  (Ж.Аймауытов, Шығ. 102 б.)

Сол Алтайдың бөктерінде жам жолменен жандамайлап ала ат мінген жалғыз адам келе жатыр бейсауат. Көтегейі – Күршім жақ, бет алысы – Қараекем шаты. Қараекем шаты жартас, дәл аясы – шұңқыр көгал, бір ауызды, тар ауызды шұңғыл шатын; мейірімді Алтай түсі қашып, түнде жортқан, жорықшыға соққан ғой. Ажал түрткен мал болмаса, мал алдырған жан болмаса, тереңге кім барған? Ала ат мінген терең шаттың дәл аузына аттанғанда алақ-жұлақ қаранды да, тоқтады. Тар ауызда тас тасалап, сұр шекпенді, бесатарлы біреу жатыр бас бағып. Әлгі шекпен ала аттыны көре сала, ақ орамал көтерді. Сөйтті дағы ала ат мінген қапсағаймен ат жетелеп, асып кетті әрі қарай (Ж.Аймауытов, Шығ. 147 б.).

Қазақ тіліндегі сілтеу есімдіктері  сөйлеушіден қаншалық деңгейде алыс-жақын болуына байланысты жақын (бұл, міне, мына, мынау, осы),  алысырақ/жақынырақ (әні, ана, анау, осынау), алыс (ол, сона, сонау, сол, түу, тонау) болып жіктеледі /***/.

Жақын қашықтықты білдіретін сілтеу есімдіктеріне мысал келтірейік:

  Мінекей, зањѓарды ж‰лгелеп пойыз тањ ањѓарѓа с‰њгіп барады (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 162-б.).

Міне, Саќмардыњ алып ќашќан бойлауыќ салќын µзені Саќмарьдыњ кемеріне мінбелеп, суѓа тµніп, пойыз зымырап келеді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 162-б.).

Ендеше, мына аруаќтардыњ алдында иманыњныњ ќаќ жарымын беруге ант ќыласыњ ба?  (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 96-б.).

Бұл мысалдарда сілтеу есімдіктерінің көз алдындағы заттарға, адамдарға  нұсқау мәні байқалады. Сонымен қатар мұндай есімдіктер нақтылау мәнін де білдіреді. Мысалы:

Е, араласып ж‰рген мына ќатын біледі ѓой! – дескен соњ, Ќатын ыстаныныњ бауын бір ќолымен ±стап, шєугімді алып жатып: - О не?-деп с±рады (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 31-б.).

Жаратылыстыњ  осынау б±лдыр шуылы, осынау ќыбыры саќау ќызѓа тіл болушы еді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 223-б.).

Жастар мінезін  келемеждеп к‰лсе, “оу, мына жаман жапалаќтыњ ќ±тыруын!” деп арсылдап Кµкењ де к‰летін (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 151-б.).

Мына ќазан б±зар, єпербаќан жігіт ќазынаѓа ќалай сыйып ж‰рген?”- дегендей, ішімнен тањданып келем (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 115-б.).

Молаѓа, кµрдіњ ернеуіне жеткенше, осы ауыр ойлар таразыныњ екі басына т‰сіп, кезекпен кезек біресе аспанѓа атып, біресе т‰псіз зынданѓа батып, ќан кµбелек ойнады: кµрге таянѓан сайын, безбен зырылдауыќша зырќалдап берді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 136-б.).

Мұнда сілтеу есімдіктері  референтті нақты көрсете отырып, оның белгілілін нақтылай түскен. Сонымен қатар мөлшер мәнінде жұмсалатын қызметі байқалады. Мысалы:

- Жазыѓым  сеніњ дауыњды даулаѓаным ба? Мен кім ‰шін к‰йіп отырмын? Сен ‰шін... Осы малымды µзіњнен аламын (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 137-б.).

Бұл топтағы  сілтеу есімдіктерінің анықтауыштық қызметте жұмсалған кезде сілтеу, нұсқау мәнін  білдірсе, зат есімдердің орнына жүмсалған  кезде  одан басқа да қызмет атқаратыны байқалады. Атап айтқанда, мұндай есімдіктер жалпылау мәнін білдіреді. Мысалы:

Мынау бір т‰йткіл болды. ‡лкендерден сµгіс естіп ќалам ба? – деген ой Жидебайдыњ зєресін ±шырды (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 108-б.).

Ќарањѓыда белектеген жын-сайтан µзімді жазым етпесіне кім кепіл (Ол меніњ жын-сайтанѓа нанатын кезім ѓой). Осыныњ бєрін ойлаѓан соњ басыма сабалаќ албастыдай ќара ойлар келеді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 132-б.).

Сонымен қатар  жақын жерде тұрған адамды мегзейтін  тұстары да, заттық мәнде жұмсалуы да кездеседі. Мысалы:

Бопыраздатып, сым шалбармен сидањдап ж‰ргенге “т±тќаныњ бірі осыныњ ќолында емес” деп ойламайтын сияќты (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 146-б.).

Мынаныњ тайыншасын беріњіз. Бермесењіз, мен арыз жазып беріп, сотќа жіберемін, - деп ќысты (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 157-б.).

Бұл орайда жақын қашықтықты білдіру үшін қолданылатын сілтеу есімдіктерінің негізінен белгілілік мәнді білдіретінін байқаймыз. Олар кеңістіктегі қашықтықты білдірумен қатар уақыт жағынан  да таяу арада болған нәрсені білдіру, нақтылау үшін де жұмсалады. 

Мынау есімдігі анау есімдігімен қосарланып келіп немесе қатар қолданылып, кейді жалпылық мәнге де ие болатын кездері байқалады. Мысалы: 

Ана ауылдан да, мына ауылдан да дауыстары к‰містей сыњѓырлап, бірін-бірі шаќырысып, айѓайласып, шуласып, “ќой єрі!” десіп, єндетрісіп, ќара кµк т‰нді шыњылдата жањѓырыќтырып, бала-шаѓа, ќыз-келіншектер аѓылып барады (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 37-б.).

Ќаланыњ ќоймалжыњ сорпасын, б±шпарасын, бєлішін, самсасын... анау-мынау т‰рлі тєтті тамаѓын ањсай береді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 191-б.).

Мұндай қолданыстарда  атрибутивтік қызметте жұмсалған сілтеу есімдіктері қарама-қарсы мағыналардың нәтижесінде сілтеу, нұсқау мәнінен  басқаша мәнге ие болғанын байқаймыз. Алғашқы сөйлемде жан-жақтан, тұс-тұстан деген сема байқалса, екінші сөйлемде әртүрлі, түрлі-түрлі деген мағыналық ерекшелік байқалады.  Ал зат есімнің орнына қолданылған кезде жалпылау, жинақтау мәніне ие болатыны байқалады.  Мысалы:

Кешегі  шотпаќ ќара, тµбел таз, ±рт мінез к‰йеудіњ б± жерде єп-єдемі, жібектей жатыќ жігіт бола ќалѓаны, анаѓан да, мынаѓан да арсылдап отыратын, малшы-ќ±лшымен µсекке тањылып ж‰ретін, тау кµкірек, маќтаншаќ, сиырдай сары ќыздыњ ќой аузынан шµп алмас м‰п-м‰лєйім, нєуетек, науша ќыз бола ќоюы К‰нікейге торѓын ќаѓазѓа ораѓансасыќ сабындай немесе алтын жалатќан мыс саќинадай, алдауыш, бояма болып кµрінді, тыржиды, жиренді, тезірек кеткісі келді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 46-б.).

Анау-мынау деп тєжікелесіп т±рѓанда балдыздары мен к‰йеу де келіп, К‰нікей солармен бірге ‰йге кірді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 50-б.).

Келтірілген мысалдарда сілтеу есімдіктерінің бәрі, барлығы, баршасы сияқты жинақтау есімдіктерінің қызметіне ие болғанын байқаймыз.

Сол сияқты «кез келген», «көрінген», «оны-мұны» деген сияқты жинақтау мәнін де білдіреді. Мысалы:

¦лы д‰сір жарыс болмаса, анау-мынаумен жарбањдасып шаппайды (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 21-б.).

Қордаланып, оњалып, етек алып кеткен шіркін, ќайнап т±рѓан су болмаса, анау-мынауыњды ќырау ќ±рлы кµрсін бе, ќанша тараќтаѓанмен берекелі неме таусылмады (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 28-б.).

Бұл қолданыстарда қомсыну, жақтырмау мәндері де байқалады. Ендеше, нұсқау мәнді сілтеу есімдіктері  әрдайым белгілілік мәніне ие бола бермейтінін, жағдаятқа, контекске  байланысты мағынаның да ауысып, белгісіздік  мәнін білдіретін тұстары да байқалатынын көреміз. 

Орта қашықтықты білдіретін сілтеу есімдіктеріне әні, ана, анау, осынау есімдіктері аталған /***/. Мысалы:

Шекер Ордабайдікіне ќымызѓа барѓанда, ана жаќта, ж‰ктіњ б±рышында: “П±п-п±п” деп, былѓарыѓа су б‰ркіп, тыќылдатып, ќ±жырањдап жатќан мойны ішіне кірген бір жаманды кµруші еді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 10-б.).

Информация о работе Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің