Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 10:24, диссертация
Жұмыстың мақсаты. Белгілілік/белгісіздік категориясын функционалды-семантикалық категория ретінде қарастырып, оның мәндерінің әртүрлі тілдік жағдаяттардағы берілу жолдары мен қызметін талдау.
Кіріспе......................................................................................4
І тарау. Функционалды-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының тілдік табиғаты....................................................... 8
1.1. Белгілілік/белгісіздік категориясының танымдық сипаты............................................................................................... 8
1.2. Белгілілік/белгісіздік категориясының референция теориясымен байланысы .................................................................. 24
1.3. Белгілілік/белгісіздік категориясының тіл прагматикасына қатысы ............................................................................................. 27
1.4. Функционалдық-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының парадигмалық жүйесі ............................................ 29
Түйін........................................................................................ 31
ІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгілілік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... 32
2.1. Белгілілік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар ..........................................................................................50
2.1.1 Белгілілік мәнін білдірудегі жіктеу есімдіктерінің қызметі .......................................................................................................... 52
2.1.2 Белгілілік мәнін білдірудегі сілтеу есімдіктерінің қызметі ..........................................................................................................53
2.1.3 Белгілілік мәнін білдірудегі жалқы есімдердің қызметі..............................................................................................60
2.1.4 Белгілілік мәнін білдіретін морфологиялық құралдар............................................................................................67
2. 1.5 Белгілілік мәнінің синтаксистік жолдармен берілуі.. .... 70
2.2 Белгілілік мәндерінің эксплицитті берілу жолдары.............75
Түйін ...................................................................................... ..81
ІІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгісіздік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... .86
3.1. Белгісіздік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар....................................................... 86
3.2. Белгісіздік мәнінің эксплицитті жолдармен берілуі .........................................................................................................110
Түйін ...................................................................................... 116
Қорытынды ............................................................................ 120
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................... 125
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
811. 512. 122`36 Қолжазба құқығында
Тураева Айгүл Тасболатқызы
Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің функционалды-семантикалық категориясы
Мамандығы 10.02.02 – қазақ тілі
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшілер –
филология ғылымдарының докторы, профессор Е.Жанпейісов, филология ғылымдарының кандидаты Б.Қапалбеков
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2008
Мазмұны
Кіріспе.......................
І тарау.
Функционалды-семантикалық белгілілік/белгісіздік
категориясының тілдік табиғаты......................
1.1. Белгілілік/белгісіздік
категориясының танымдық сипаты........................
1.2.
Белгілілік/белгісіздік
1.3.
Белгілілік/белгісіздік
1.4.
Функционалдық-семантикалық
Түйін.........................
ІІ
тарау. Қазақ тіліндегі белгілілік мәнінің
құрылымы ..............................
2.1. Белгілілік мәнінің имплицитті
берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық
құралдар ..............................
2.1.1 Белгілілік мәнін білдірудегі
жіктеу есімдіктерінің қызметі ..............................
2.1.2 Белгілілік мәнін білдірудегі сілтеу
есімдіктерінің қызметі ..............................
2.1.3 Белгілілік мәнін білдірудегі
жалқы есімдердің қызметі.......................
2.1.4 Белгілілік мәнін білдіретін
морфологиялық құралдар......................
2. 1.5 Белгілілік мәнінің синтаксистік жолдармен берілуі.. .... 70
2.2 Белгілілік мәндерінің эксплицитті берілу жолдары.............75
Түйін
..............................
ІІІ тарау.
Қазақ тіліндегі белгісіздік мәнінің
құрылымы ..............................
3.1. Белгісіздік мәнінің имплицитті
берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық
құралдар......................
3.2. Белгісіздік мәнінің эксплицитті
жолдармен берілуі ..............................
Түйін ..............................
Қорытынды
..............................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі ..............................
К І Р І С П Е
Зерттеудің өзектілігі Тілдік категорияларды мағыналық жағынан қарастыру соңғы кезде тіл теориясында да, практикасында да жаңа қарқын алып келеді. Бұл орайда әсіресе функционалды-семантикалық категорияларды егжей-тегжейлі сипаттауға бағытталған функционалды грамматикаға ерекше мән беріліп отыр. Жалпы тіл білімінде функционалды грамматика (лингвистикалық функционология) мәселелерінің қолға алынғанына көп уақыт өткенмен, қазақ тіл білімінде бұл сала енді-енді сөз бола бастады.
Қазақ
тіліндегі белгілілік/
Соған
сәйкс бір грамматикалық-
Соңғы
кездегі қазақ тілін зерттеуден
ғылым жетістіктері қазақ тіліндегі
белгілілік/белгісіздік
Жұмыстың мақсаты. Белгілілік/белгісіздік категориясын функционалды-семантикалық категория ретінде қарастырып, оның мәндерінің әртүрлі тілдік жағдаяттардағы берілу жолдары мен қызметін талдау. Осы мақсатқа жету жолында бірнеше нақты міндеттерді орындау көзделді. Атап айтқанда:
Зерттеу нысандары. Жұмыстың зерттеуіне белгілі көркем әдебиет мәтіндері негіз болған. Жекелеген көркем шығармалардың өзіндік ерекшеліктері, автордың стилистикалық қолданыстары әртүрлі болғанмен, белгілілік/белгісіздік категориясының түрлі құралдармен берілуінің жан-жақты функционалды қолданысын бейнелей алады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Белгілілік/белгісіздік категориясы функционалды-семантикалық категория ретінде қазақ тіл білімінде алғаш рет арнайы сөз болып отыр. Аталған категорияның ішкі құрылымы, инварианттар мен варианттардың парадигматикалық қатынаста берілуі, нақты жағдаяттардың қолданысы мен макро-, микроөрістердегі мәндері де зерттеу жұмысында тұңғыш рет арнайы қарастырылады.
Жұмыстың теориялық құндылығы. Зерттеу нәтижесінде тілдік жүйенің түрлі деңгейлеріндегі белгілілік/белгісіздік категориясының қызметінің жан-жақты қарастырылуы қазақ тілінің функционалды грамматика мәселелеріне арналған еңбектерге өз дәрежесінде теориялық үлес қоса алды. Жұмыс нәтижелерін лексикалық семантика, синтаксис, мәтін лингвистикасы бойынша жазылған еңбектерде, прагмалингвистика, коммуникативті лингвистика мәселелерінің түрлі салаларының өзара байланысын сипаттайтын еңбектерде пайдалануға болады.
Жұмыстың практикалық құндылығы. Зерттеу жұмысының нәтижелерін қазақ тілін оқытуға арналған оқулықтар мен әдістемелік жұмыстарда, жоғары оқу орындарына функционалды грамматика, аударманың теориясы мен тәжірибесі, әдеби тіл, тіл мәдениеті, морфология, синтаксиске арналған оқулықтар мен оқу құралдарын жазуда пайдалануға болады. Сондай-ақ қазақ тілі теориясы мен типологиясына арналған арнайы курстар мен арнайы семинарларды жүргізуде пайдалануға болады.
Зерттеу әдістері. Жұмыста қолданылған әдістер белгілілік/белгісіздік функционалды-семантикалық категориясының жекелеген конституенттерінің өзіндік ерекшелігінен туындайды. Зерттеу барысында тілдің түрлі деңгейлері, белгілілік/белгісіздік категориясының морфологиялық, синтаксистік, лексикалық жолдармен берілу жолдары талдануына байланысты тілді жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін сипаттама әдісі қолданылды.
Сонымен
қатар белгілілік/белгісіздік
Қорғауға ұсынылған тұжырымдар:
Жұмыстың талқылануы: Зерттеу жұмысының негізгі түйіндері мен тұжырымдары республикалық басылымдарда 9 мақала түрінде жарияланып, 6 халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларда баяндалды.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
1. БЕЛГІЛІЛІК/БЕЛГІСІЗДІК ФУНКЦИОНАЛДЫ-СЕМАНТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ТІЛДІК ТАБИҒАТЫ
1.1. Белгілілік/белгісіздік
Тілді функционалдық тұрғыдан зерттегенде, сөйлеу барысындағы грамматикалық бірліктердің қызметіне баса назар аударылады. Яғни ұғымдар мен олардың тілдегі көрінісі сарапталады, сөйлеуші санасындағы коммуникативті маңызды категориялар тексеріледі. Ең алдымен, әрбір сөйлерменнің санасында қалыптасқан маңызды коммуникативті ұғымдар негізге алынады. Олар ұғымдық категорияларға жатады әрі тіл құрылымында көрініс табады. Ұғымдық категориялардың қатарына сөз болып отырған белгілілік/белгісіздік категориясы да жатады. Таным категориясын біртұтас функционалды-семантикалық категория ретінде сипаттаған еңбектер қатарында А.М.Горлатов /1/, Е.Г.Гуцу /2/, В.С.Рябенко /3/, А.Б.Михалев /4/ т.с.с. ғалымдардың еңбектерін атауға болады. «Белгілілік», «белгісіздік» ұғымдары уақыт, кеңістік, қозғалыс сияқты философиялық ұғымдармен тығыз байланысты. Зерттеуші, ғалымдардың белгілілік/белгісіздік категориясына деген қызығушылығы антика дәуірінен, Гераклит, Аристотель, Платон еңбектерінен бастау алады. сабит
Белгілілік/белгісіздік категориясы тілдік категория ретінде сан қарлы да көпаспектілі категорияға жатады. Функционалды-семантикалық категория ретінде ол басқа категориялар сияқты сана қызметіне араласу мүмкіндігіне қарай қарастырылуы керек. Тілдік категория ретінде ол тілдік семантика, ұйымдасу принциптері, тұрпаттық көріну тәсілдері, тілдегі қолданысы тұрғысынан сөз болуы тиіс. «Тіл білімі сөздігінде» белгілілік/белгісіздік категориясына былайша сипаттама берілген: «...Белгілілік/белгісіздік категориясы (гр. кategoria – бекіту) – сөз құрамындағы категориялы семантикалық белгі. Ол – белгі объектілер класынан бөлініп шыққан жағдайда шынайылық объектісіне сәйкестігін көрсетеді (белгілілік категориясы); осындай кластарға сәйкес қарым-қатынас сипаты (белгісіздік категориясы). Белгілілік/белгісіздік категориясының әдіс-тәсілдік типологиясы бірдей емес. Сонымен, бұл категория роман-герман тілдерінде белгілілік және белгісіздік артикльдерінің ерекшеліктерімен анық көрсетілген, мысалы, ағыл. the-a, фр. le, la-un, une, нем. der-ein. Артикльсіз тілдерде бұл категория сөздің орын тәртібінің, есімдіктің көмегімен ғана бейнеленеді. Мысалы, орыс тілінде сөздің соңғы орында тұруы, әдетте, белгілілікпен байланысады (Они купили платок маме). Қазақ тілінде белгілілік/белгісіздік категориясы бір-дің көмегімен көрініс табады, мысалы, бір адам – один человек» /5, 544-с./.
Информация о работе Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің