Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 21:16, дипломная работа
Осы дипломдық жұмыстың мақсаты «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қызметінің қаржылық нәтижелерінің қалыптасуының есебі мен талдауын, пайданы бөлуді есептеу және оқып зерттеу болып табылады.
Осы мақсатқа жетуде мынадай міндеттер қойылады:
ұйымның қаржылық нәтижелер есебінің мәні мен маңызын ашу;
«ӨзенМұнайГаз» ӨФ мысалында қаржылық нәтижелерінің бақылауын ұйымдастыру;
«ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржылық-экономикалық сипаттамасы мен есеп жұмысының ұйымдастырылуын оқып зерттеу;
ұйымның жылдық есебін қаржылық талдау;
қаржылық нәтижелерге басқарушылық талдау;
пайданы бөлудің тәртібін зерттеу;
қаржылық нәтижелер есебін ХҚЕС-на көшуге байланысты жетілдіру;
шешімдер қабылдап, ұсыныстар енгізу.
КІРІСПЕ…………………………………………………………...................3
І Қаржылық нәтижелер қалыптасуы есебінің экономикалық мәні
мен есебі
1.1. Қаржылық нәтижелердің мәні, қалыптасуының тәртібі мен құрылымы...........................................................................................................5
1.2. Ұйымның қаржылық нәтижелері элементтерінің есебі........................10
1.3. «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржылық-экономикалық сипаттамасы және кәсіпорынның есеп саясаты..............................................................................21
1.4. «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржы есеп жұмысын ұйымдастыру..................28
ІІ «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржылық нәтижелерін талдау және аудиті
Ұйымның жылдық есебін қаржылық талдау..........................................38
Қаржылық қорытынды элементтерін аудиттеу......................................48
Пайданы бөлу және қолданылу тәртібі...................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
5510 «Есепті жылдың
кірісі (жабылмаған зияны)» шотында
есепті жылы алынған
5510 шоттың дебеті бойынша
мынандай шаруашылық
5410 «Құрылтайшы құжаттарымен
белгіленген резервтік капитал»
Есептік жылдың бөлінбей қалған пайдасы (залалы) есептен былайша шығарылады:
- бөлінбеген кіріс
сомасына: 5510 «Есепті жылдың кірісі
(жабылмаған зияны)» шот
- бөлінбеген залал сомасы: 5520 шот дебеттеледі, 5510 шот кредиттеледі.
Жоғарыда келтірілген жазбалардан кейін 5510 шот бойынша қалдық қалмауы керек, сондықтан ол міндетті түрде 5520 шотымен жабылады.
Өткен жылдың кірісі (зияны) есеп берілетін жылдан бұрыңғы жылдары пайда болған бөлінбеген кіріс немесе жабылмаған залал сомаларының қолда бары және қозғалысы туралы ақпаратты жинақтауға арналған, ол 5520 шотта жүргізіледі.
5520 шоттың кредиті бойынша келесідей шаруашылық операциялары:
- өткен жылдардың белгіленген тәртібінде таратылмаған табыстың сомасы 5510 шоттың дебетінде; өткен жылдардағы өтелмеген зиянды өтеу үшін бағытталған резервтік капиталдың сомасы 5410 шотының дебетінде көрініс табады.
5520 шоттың дебеті бойынша
төмендегідей шаруашылық
- өткен жылдардың белгіленген тәртібінде жабылмаған (өтелмеген) залалдың сомасы 5510 шоттың кредитінде; шаруашылық серіктестіктерінің қатысушыларының табыстар мен жай және артықшылығы бар акциялар бойынша төленетін дивиденттердің есептік жылдағы алынған кірістің есебінен өтеуі 3030, 4170 шоттарының кредитінде; жарияланған капиталды толықтыру үшін өткен жылдарда алынған табыстан аталған мақсатқа бағытталған сомасы 5010, 5020 шоттарының кредитінде көрініс табады.
5510 «Есепті жылдың кірісі (жабылмаған зияны)» және 5520 «Өткен жылдың кірісі (жабылмаған зияны)» шоттар кредиті бойынша операцияларды есептеу үшін №13 журнал-ордер арналған.
Пайданың бөлінуі үш
қағиданың сақталуына негізделеді:
қызметкерлердің материалдық
Нарықтық экономикада
пайданың айтарлықтай бөлігі
салық (жалпы пайданың 38-45%) нысанында
алынады, мемлекет оны бюджет
кірісін толықтыруға
Пайданың бөлінуін талдаудың мақсаты – кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыру мен капитал өсуінің позициясынан пайданың қаншалықты тиімді пайдаланылуы мен бөлінуін бекіту болып табылады. Сонымен қатар, кәсіпорынның қарамағында қалған пайданы пайдаланудың бағыты міндетті түрде зерттеледі.
Таза пайда – кәсіпорын Жарғысына сәйкес бөлінеді. Таза пайда есебінен кәсіпорын акционерлеріне дивиденттер төленеді, жинақтау қоры, тұтыну қоры, резервтік қорлар құрылады.
Капитализациялау қоры – негізінен өндірістің кеңеюін қаржыландыруға, техникалық қайта жаңаруына, жаңа технологияларды енгізу үшін қолданылады. Ол кәсіпорынның қарамағында қалған пайда бөлігін біріктіреді, негізгі қорларды сатып алумен құрылысқа бағытталады.
Тұтыну қоры – әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және кәсіпорын ұжымын материалдық қанағаттандыру үшін бағытталған. Тұтыну қоры қаржысынан өндірістік нәтижелерге байланысты емес сыйақылар төленеді. Әртүрлі марапаттаулар, ұзақ мерзімді еңбек қызметі үшін сыйақылар төленеді. Әлеуметтік төлемдер тұтыну қоры есебінен жүргізіледі: материалдық көмек пен қызметкерлер мен олардың балаларының емделу, демалу жолдамаларын төлеу.
Төмендегі таблицадан көріп отырғанымыздай, «ӨзенМұнайГаз» ӨФ-і 2010 жылы жинақтау қорына 44,7%, тұтыну қорына 40,3% жұмсады және резервтік қорға 15% пайдаланды (21-кесте).
«ӨзенМұнайГаз» ӨФ таза пайдасының жұмсалуы
Көрсеткіштер |
2008 жыл |
2010 жыл | ||
мың теңге |
үлес салмағы, % |
мың теңге |
үлес салмағы, % | |
Таза пайда |
1228,75 |
100 |
1939,66 |
100 |
Таза пайданың бөлінуі: | ||||
Капитализациялау қоры |
528,4 |
43 |
867,5 |
44,7 |
Тұтыну қоры |
516,1 |
42 |
781,7 |
40,3 |
Резервтік қор |
184,2 |
15 |
290,4 |
15 |
Кәсіпорын өзінің қызметі
барысында, жыл сайын пайдамен шығуда,
сол кәсіпорынға түсетін
Пайда – кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің ақырғы қаржылық нәтижесі болып табылады. Пайда экономикалық категория ретінде кәсіпкерлік қызмет процесінде материалдық өндіріс саласында қалыптасқан таза табысты көрсетеді, ал тауарлық-ақша қатынастары жағдайында таза табыс кәсіпорын деңгейінде пайда нысанын иеленеді. Пайда кәсіпкерлік қызметтің негізгі нәтижесі ретінде кәсіпорынның, оның қызметкерлері мен мемлекеттің қажеттілігін қамтамасыз етеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмысқа қойылған мақсат – «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржылық нәтижелерінің қалыптасуының есебін зерттеп, оған талдау жүргізу. Осы мақсатқа сай келесі міндеттер шешілген болатын:
«ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаланың ірі ұйымдарының бірі болып табылады және сүт өнімдері мен халық тұтынатын тауарлар өткізу аймағында көп жылдық тәжірибесі бар. Оның айналым құралдарының көп бөлігін қорлар мен дебиторлық берешек алып тұр. Құралдарының қайнар көзі болып жарғылық капитал, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелер, кредиторлық берешек болып саналады.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаражаттарын толықтырудың негізгі көзі, яғни оның қызметінің негізгі мақсаты пайда табу болып табылады.Пайда ұйым қызметінің қорытынды қаржылық нәтижесі ретінде өндірістің тиімділігін, өндірілген өнімнің көлемі мен сапасын, еңбек өнімділігінің жағдайын, өзіндік құнның деңгейін көрсетеді. Кәсіпорын пайдасы оның қызметі тиімділігінің маңызды көрсеткіші болып келеді.
«ӨзенМұнайГаз» ӨФ 2010 жылғы қаржылық нәтижесі 1939,66 мың теңгеге теңесті, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 710,91 мың теңгеге дейін өскенін көрсетеді. Бұдан ұйымның қызметі тиімді екенін байқаймыз. Алған пайдасын кәсіпорын өзінің резервтік қорына – 290,4 мың теңге, капитализациялауға – 867,5 мың теңге мен тұтыну қорларына – 781,7 мың теңге тиісінше бөлген.
«Кәсіпорынның қаржылық
нәтижелерінің қалыптасуының
Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржылық нәтижелер есебі мен пайданың бөлінуі, қазіргі бухгалтерлік есептегі өте үлкен мәселе болып саналады. Көптеген ғалымдар мен тәжірибешілердің көзқарасы бойынша, табыстар мен шығыстарды есептеуді басқарудың сапасын көтеру үшін бухгалтерлік есепті жетілдіру керек, соның ішінде аналитикалық есептің сапасын көтеруіміз керек.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР