Тәуекелді басқару саясатын анықтаудағы кәсіпорынның қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 22:58, реферат

Описание работы

Кәсіпорын активтерінің пайдалылығы - шаруашылық қызметтің нәтижесін көрсететін маңызды қаржылық категория. Корпорацияның тауар-ақша қатынастары деңгейінде таза табыс пайда формасына айналады. Корпорацияның тауар нарығында сонымен қатар жеткізуге тауар өндірушілерде шығады. Өнімге баға белгілеп, олар оны тұтынушыға жеткізеді, олар оған түсім алады, бірақ пайданы білдірмейді. Қаржылық нәтижені анықтау үшін өнімді өндіруге және жеткізуге кеткен шығындар мен түсімдердің арақатынасын анықтау керек және ол өзіндік құн формасын қабылдайды.

Работа содержит 1 файл

Талдау және бизнесте тәуекел жұмысын басқару.doc

— 382.50 Кб (Скачать)

    Инвестор  нәтижелер анықсыз болғанда және шектелген ақпараттарға негізделген  болғанда шешімді жиі қабылдайды. Әрине, егер инвестор толық ақпаратты иеленген болса, ол тура болжам жасап тәуекелді төмендете алатын еді. Бұл жағдай ақпаратты тауар ретінде қарастыруға жол береді. Ақпарат - өте құнды тауар. Оны иелену үшін инвестор көп ақша төлеуге дайын, олай болса, ақпаратқа капитал салу кәсіпкерліктің бір саласы ретінде қарастыруға болады. Толық ақпарат құны – толық ақпарат бар кезіндегі күтілетін құн мен ақпарат толық емес болғандағы күтілетін құн айырмасы арқылы анықталады.

    Маркетингтік  ақпаратты сатып алу ерекше тиімді болып келеді. Себебі, ол нарық жағдайын, бағалардың ауытқуларын, сұраныс пен ұсыныстың өзгеруін сипаттайды.  

    Тәуекелділік  жағдайында шешімдер қабылдау кезінде  қолданылатын нақты әдістер мен  тәсілдер кәсіпорынның қызметі түріне, қойылған мақсаттар жету стратегиясына  тәуелді болады.

    Қаржылық  тәуекелдер әртүрлі құралдар және тәсілдер арқылы басқарылады. Қаржылық тәуекелдерді басқару құралдары  олардан құтылу, ұстап қалу, тапсыру, дәрежесін төмендету  болып келеді.

    Тәуекелден  құтылу мағынасын онымен байланысты іс-шараларды жасамау деп түсінуге болады. Бірақ, көбінесе, кәсіпкер үшін тәуекелден бас тарту табыс табудан бас тарту дегенді білдіреді. Тәуекелді инвесторға ұсынса, яғни инвестор өз қаражатымен тәуекелге барады.  Дәл осылай, инвестор, венчурлық капиталды инвестициялай отырып, венчурлық капиталдың мүмкін болатын шығындарын жаба алатынына алдын ала сенімді болады. Тәуекелді тапсыру деп инвестордың тәуекелге жауаптылықты басқа біреуге  тапсыруын айтады, мысалы сақтандыру қоғамына. Бұл жағдайда тәуекелді тапсыру қаржылық тәуекелді сақтандыру жолымен болды.

    Қаржылық  тәуекелді басқару кезінде инвестор нақты құралды таңдағанда,  ол  келесі принциптерге сүйенуі тиіс:

  • меншікті капиталдың мүмкіншілігіне қарай тәуекелге бару;
  • тәуекел зардаптары туралы ойлау керек;
  • аз үшін көппен тәуекел етуге болмайды.

    Тәуекелдерді  талдаудан кейін осы тәуекелдерді басқару әдістерін талдау қажет. Әрине бұл процестің ажырамас бөлігі болып сақтандыру табылады. Сақтандырудан басқа тәуекелден қашу немесе оны өзіне алу, шектеу, хеджирлеу, сараптау, тәуекелдерді бөлу, қаражаттарды резервтеу, тәуекелдер бойынша мүмкін болатын қаржылық жоғалтуларды айыппұл санкциялар жүйесі есебінен өтеу, кепілдік және т.б. сияқты тәуекелдерді басқару әдістері қолданылады.

    Тәуекелді төмендету – тәуекелді жағдайдың  болу ықтималдылығын және мүмкін жоғалтулар көлемін азайту. Тәуекелді басқару әдісін таңдау кезінде тәуекел түрі бойынша максималды мүмкін болатын шығысты есептеу, оны тәуекелге ұшырауы мүмкін капитал көлемімен сәйкестендіріп, барлық мүмкін шығысты меншікті қаржылық ресурстар көлемімен салыстыру қажет.

    Тәуекелді басқару жүйесінің қызметін тиімді жүргізу кәсіпорынды басқару  жүйесінде құрылымдық бөлімше –  тәуекелді басқару бөлімшесін құруды қарастырады. Бұл бөлімше міндетті түрде тәуекелді басқару бойынша  мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасауы керек.

    Кәсіпорын деңгейінде мұндай бағдарлама жасау  кәсіпорынның қызметі мен құрылымының  негізгі элементі ішкі және сыртқы тәуекелдерден қорғаныштылық және жоғары тұрақтылықты кепілдендіретін  тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету тиіс. Тәуекелдер кәсіпорын қызметтерінің түрлі жақтарына әсер етеді және ол жағымсыз сипаттамаға ие болады. Жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыстар тәуекелдерді басқарудан бастау қажет, яғни тәуекелмен байланысты қаржылық жоғалтуларды төмендетуге бағытталған кәсіпорын үшін экономикалық қолайлы ұсныныстар мен шаралар енгізіліп, жасалуы тиіс.

    Кәсіпорынның  тәуекелді басқару бөлімшесі  бірнеше топтардан тұруы қажет. Бөлімшенің құрамына кіретін әр топқа  ішінде білім облысы әртүрлі мамандар болу керек: ең алдымен  - антитәуекелділік басқарушы, маркетинг бойынша маман, қаржы маманы, персоналды басқару бойынша, жоспарлы-экономикалық жұмыс бойынша, өндіріс бойынша маман.

    Кәсіпорынның  басқармасы тәуекелді басқару мәселелерін  шешуде басты орын алады, өйткені  ол тәуекелді төмендету бойынша шаралар бағдарламасын бекітеді, критикалық жағдайларда оларды өткізу шешімдерін қабылдайды, антитәуекелділік бағдарламамен бірге сыналатын шешімдер қабылдайды.

    Тәуекелді басқару бойынша шараларды тікелей  өткізу кәсіпорынның негізгі өндірісітік  және басқарушылық бөлімшелерінің қызметіне қайшы келеді, олардың есеп беру көрсеткіштеріне жағымсыз әсерін тигізеді, себебі бұл шаралар жедел табыс әкелмейтін шығыстарды талап етеді.

    Сондықтан тәуекелді басқару бойынша соңғы  шешімдерді кәсіпорынның басқару органдарының ең жоғарғы органы қабылдағаны үлкен маңыздылықты иеленеді.

    Қаржылық  тәуекелмен байланысты мүмкін жоғалтуларды төмендетуде қызығушылық тудыратын  кез келген кәсіпорын өзі үшін келесі мәселелерді шешу қажет:

  • қаржылық тәуекелмен байланысты мүмкін жоғалтуларды бағалау;
  • фирма белгілі бір тәуекелдерді өзінде қалтыра ма, яғни олар бойынша өзі жауапты бола ма, не олар бойынша жауапты басқа субъектілерге беретіндігі туралы шешім қабылдауы тиіс;
  • негізгі мақсаты мүмкін жоғалтуларды төмендету болып табылатын тәуекелдерді басқару бағдарламасын жасау қажет.

    Бұл міндеттерді тәуекелді басқару  бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасау негізінде  мүмкін. Антитәуекелдік менеджерде тәуекелді  басқару бойынша дұрыс шешім  қабылдау үшін барлық қажетті ақпараттар болуы тиіс.

    Тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың кез келген арнайы бағдарламасын  жасаудың мақсаты кәсіпорынның тәуекелділік жағдайларында сәтті қызмет етуді  қамтамасыз ету болып табылады.

    Қаржылық  тәуекелмен байланысты қаржылық жоғалтуларды төмендету мәселесін шешу мысалға келесідей жүргізілуі мүмкін:  бар тәуекелді жою, мүмкін тәуекелдің алдын алу, мүмкін болатын зиянның тікелей алдын алу, мүмкін болатын зиянның жанама алдын алу. 

    Мұндай  бағдарламаны талдауда тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасының мазмұны мен мақсаттары анықталады.

    Қаржылық  тәуекелді басқару принциптері. Тәуекелді басқарудың мақсаттары мен  міндеттерін жүзеге асыру менеджерге фирма тәуекелдерін басқару принциптерін нақтылауды талап етеді.

    Менеджер  тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасауда  негізге алатын  принциптер кәсіпорынның стратегиясымен анықталады. Егер кәсіпорын  өзінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге негізделсе, онда бағдарлама жасаушы жұмыс негізіне алатын сәйкесінше принциптері қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін    тәуекелді басқару әдісін таңдауды ұсынады. Мұндай нақты принцип мысалы компанияның барлық тәуекелдерді сыртқы ортаға шығаруға бағытталу принципі болып табылады.

    Фирманың тиімді дамуы үшін тәуекелдерді басқарудың міндетті түрде келесі принципін сақтауы тиіс: фирма қызметін сыртқы  орта талаптарымен сәйкестендіру, оның ішінде берілген кәсіпорын үшін сыртқы тәуекел – менджментінің талаптарына сәйкес келу. 

    Тәуекелді басқару функцияларының мәні пәндік сипатты иеленбейтіндіктен, ол коммерциялық кәсіпорындардың интегралдық құндылықтарын сақтауға бағытталғандықтан, бұл функцияларды орындау фирма бөлімшелерінің және тәуекелді басқару қызметкерлерінің біріккен күштерімен жүзеге асырылады. Тәуекелді басқару жүйесін орнату үшін біріншіден, мамандарды дайындау қажет, екіншіден, әрдайым біріккен тренингтер жүргізілуі тиіс.

    Тәуекелді басқару жүйесі стратегиялық басқару  және ұйымдық бөлімшелердің деңгейінде, немесе күрделі операциялардың тәуекелін қадағалау кезеңіндегі бөлімшелердің өзара әрекеттесуі аясындағы жасалынатын нақтылы шаралар арқылы жүзеге асырылады.

    Компания  алғашқы кезеңнен өткеннен кейінгі  сатыда өзінің негізгі кәсіпкерлік  бағыттарына сәйкес стратегиялық жоспарын жасауы қажет. Бұл стратегиялық жоспар оның әр кәсіпкерлік бағыттарына сәйкес жасалынған оперативтік жоспарлардың және басқа да стратегиялық және оперативтік функцияларды атқарушы құжаттардың көмегі арқылы іске асырылады.

    Тәуекелді басқару компанияның өз қызметі  кезіндегі кездесетін барлық  қиындықтарды анықтау мен оларды бағалаудан басталады. Соның нәтижесінде альтернативтік, яғни басқа, тәуекелділігі төмен және табысы жоғары жолдар қарастырылады.

    Жоғарыда  қаржылық тәуекелдің салдары оң және кері көрсеткіштер ретінде көрінетіні туралы айтылса да, бұл тәуекел шаруашылық тәжірибеде мүмкін болатын кері көрсеткіштер деңгейімен сипатталып есептеледі. Ол қаржылық тәуекелдің кері салдары тек табысты ғана жоғалтып қоймай, сонымен қатар кәсіпорынның капиталын жойып, банкроттыққа әкеп соғатынына байланысты. Тәуекел менеджменті өз кезегінде тәуекелді басқару жүйесі мен экономикалық нақтылы айтқанда қаржылық қатынастарды басқаруды көрсетеді. Тәуекел менеджменті басқару тактикасы мен стратегиясын құрайды. Басқару стратегиясы – белгіленген мақсатқа жету үшін бағыт пен құралдарды қолдану жолдары деп түсінеміз. Оған шешімді қабылдаған кездегі белгілі ережелер мен шектеулер сәйкес келеді. Стратегия керек емес варианттарды алып тастап, таңдап алынған мақсатқа кері келмейтін шешімдерге бар күшін жинақтауға мүмкіндік береді, белгіленген мақсатқа жеткеннен кейін стратегия бағыт пен құрал сияқты өз өмірін тоқтатады. Жаңа мақсаттар жаңа стратегияны ойластыруға талап қояды. Тәуекел менеджментінің қорытынды мақсаты кәсіпкерліктің бағыттық функциясына сәйкес келеді. Ол кәсіпкер үшін табыс пен тәуекелдің оптималды қатынасында жоғары табысқа жету.

    Қаржы тәуекелдерін басқару әдістер жйесінде ішкі бейтараптандыру механизмдері негізгі роль атқарады. Олар кәсіпорын  өзі таңдайтын қаржылық тәуекелдерді төмендетуге бағытталған әдістер жүйесін құрайды. Қаржылық тәуекелдерді төмендету механизмдерінің ішкі жүйесі келесі әдістерді қолданады.

    Тәуекелдерді  төмендету құралдары артықшылықтар  мен кемшіліктерге ие. Сондықтан  әдетте тәуекелді төмендететін әдістердің комбинациясы қолданылады. Тәуекелді төмендету бағыты ретінде арнайы схемалар қолданылады.

    Тәуекелді төмендету бойынша құралдарды талдағанда соңғы кезең болып тәуекел  жобасын басқарудың жоспары табылады.

    Бұл жоспар өзіне: жобаның тәуекел аймақтарын анықтау мен тәуекел тізімі; тәуекел индикаторларының рейтингтік бағасы; тәуекелдің статистикалық талдауы; ұсынылатын тәуекелді төмендету стратегиялары; кәсіпкерлі жоба тәуекелдерінің мониторингін қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы.

    Тәуекелді басқару ғылымының дамуы, көбінесе тұрақты экономика шарттарында қарастырылған. Тұрақсыз, саяси экономикалық, әлеуметтік жағдайларда тәуекелге деген көзқарасы өзгеруі керек, яғни бар принциптер мен тәуекелді талдайтын әдістер өзгертілуі керек.  

    Сонымен, қорыта келгенде кәсіпорынның шығын жағдайынан шығу үшін ең алдымен тәуекелден қорғану әдістерін дұрыс қолдану керек екендігін ұмытпау тиіс.

    Тәуекелдер  кәсіпорын жұмысының әртүрлі  жақтарына әсер етеді, бұл әсер әдетте кері сипатта. Әсіресе, дағдарыстық  жағдайдағы кәсіпорын үшін тәуекел факторы өте зиянды. Жағдайды тұрақтандыруға бағытталған жұмыстар тәуекелді басқарудан басталуы керек, яғни кәсіпорын үшін тиімді экономикалық шараларды дамытып, енгізу.

    Бұл міндеттерді тәуекелді басқаратын арнайы шаралар бағдарламасын дамыту арқылы шешуге болады. Ондай бағдарламаны дайындау кезінде кәсіпорын деңгеінде тәуекелді басқару кезінде кәсіпорынның негізгі элементтеріне тұрақтылық пен сыртқы және ішкі тәуекелдерден қорғанысты қамтамасыз етуі керек.

    Сонымен, тәуекелдерді басқару рөлінің маңыздылығын нығайту және оны маманды қызмет сферасына шығару бүгінгі таңда қазақстандық экономиканың тұрақты дамуына жетудің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

    Тәуекел анықталып, бағаланғаннан соң компания басшылары осы тәуекелге баруға бола ма, әлде жоқ па соны шешуі қажет. Компанияның тәуекелге баруы дегеніміз – ол осы тәуекелден келетін зардаптарды тоқтатуды өз міндетіне алғаны болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Тәуекелді басқару саясатын анықтаудағы кәсіпорынның қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін талдау