Тәуекелді басқару саясатын анықтаудағы кәсіпорынның қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 22:58, реферат

Описание работы

Кәсіпорын активтерінің пайдалылығы - шаруашылық қызметтің нәтижесін көрсететін маңызды қаржылық категория. Корпорацияның тауар-ақша қатынастары деңгейінде таза табыс пайда формасына айналады. Корпорацияның тауар нарығында сонымен қатар жеткізуге тауар өндірушілерде шығады. Өнімге баға белгілеп, олар оны тұтынушыға жеткізеді, олар оған түсім алады, бірақ пайданы білдірмейді. Қаржылық нәтижені анықтау үшін өнімді өндіруге және жеткізуге кеткен шығындар мен түсімдердің арақатынасын анықтау керек және ол өзіндік құн формасын қабылдайды.

Работа содержит 1 файл

Талдау және бизнесте тәуекел жұмысын басқару.doc

— 382.50 Кб (Скачать)

    Дерек көзі: «Қазақтелеком» филиалының қаржылық есебі. 2009-2010 ж 

    Сонымен бірге, дебиторлық қарыз кәсіпорын  активтерінің негізігі бөлігі болып табылады. Дебиторлық қарыз жағдайын талдау 6- кестеде көрсетілген.

    Кесте мәліметтері бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырусулар  негізгі бөлікті құрайды. Сатып  алушылар мен тапсырыс берушілердің қарыздары қарыздардың жалпы сомасынан  2009 жылға 91,19% және 2010 жылға 93,18% құрайды. Дебиторлық қарыздың  9347 теңгеге немесе 6,2% төмендеу қаржылық тұрақтылық өсуін көрсетеді.

    Кез келген кәсіпорынның қызмет ету тиімділігі қажетті табыс әкелу мүмкіндігіне тәуелді екені белгілі. Бұл мүмкіндікті бағалау рентабельділікті талдау арқылы жүргізіледі, ол келесі сұрақтарға жауап беруге көмек береді: алынған табыстар мен шығарылған шығыстар қаншалықты тұрақты; жүргізілген шығыстардың қаншалықты өндірістік; кәсіпорынға капитал салымының тиімділігі; кәсіпорынды басқару қаншалықты тиімді және т.б.

    Келесі  кезекте меншікті капиталдың міндеттемелерге  қарағанда кәсіпорын активтерінде қаншалықты орын алатындығын көретін  болсақ, ол келесі суреттен көруге болады:

    

    Сурет 5. 2009 жылдағы «Қазақтелеком» АҚ-ның капитал құрылымы

    Дерек көзі: «Қазақтелеком» филиалының қаржылық есебі. 2009-2010 ж 

    2009 жылдағы кәсіпорынның капитал  құрылымындағы меншікті капиталдың  мөлшері 50 пайыздан жоғары, бұл  дегеніміз аталған кәсіпорынның  қаржылық тұрақты екендігін көрсетеді.

    

    Сурет 6. 2010 жылдағы  «Қазақтелеком» АҚ-ның  капитал құрылымы

        Дерек көзі:«Қазақтелеком» филиалының  қаржылық есебі. 2009-2010 ж 

    2010 жылдың қорытындысы бойынша меншікті  капиталдың авансталған капиталдағы  үлесі алдыңғы жылмен салыстырғанда 3 пайызға жоғарылаған, бұл кәсіпоын үшін жақсы көрсеткіш болып саналады. Өйткені,  ол сыртқы қаражаттарға немесе ұзақ мерзімді тартылатын қаражаттарға тәуелді емес.

    Келесі  кезекте, «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық нәтижелердің деңгейі мен динамикасын талдау жүргізіледі.  
 

    Кесте 7

    «Қазақтелеком»  Акционерлік Қоғамы филиалының 2009-2010 жылдардағы қаржылық нәтижелерінің  серпіні мен деңгейін талдау

мың теңге

Көрсеткіш 2009ж. 2010ж. Абсолютті өзгеріс +, -
1 2 3 4
1. Өткізуден  түскен табыс 1937586 2120816 183230
2. Өткізілген  өнімнің өзіндік құны 910665 998420 87755
3. Жалпы  табыс 1026921 1122396 95475
4. Кезең  шығыстары 172804 212703 39899
4.1. Жалпы  және ұйымдаст. шығындары 159343 207803 48460
4.2. пайызды  төлеу шығындары 13461 4900 -8561
5. Негізгі  қызметтен табыс(шығыс) 854117 909693 55576
6. Салық  салудан бұрын қарапайым қызметтен  табыс(шығыс) 863314 917776 54462
7.Табыс  салығы 112663 - -112663
8. Салық  салудан кейін қарапайым қызметтен  табыс(шығыс) 750651 917776 167125
9. төтенше  жағдайлардан табыс(шығыс) - - -
10.таза  табыс (шығыс) 750651 917776 167125
11. таза  табысты түзету 29718 37928 8210
12. түзетілген  таза табыс 780369 955704 175335

    Дерек көзі: «Қазақтелеком» филиалының қаржылық есебі 2009-2010 жж. 

    Талданған кезеңдерде өткізуден түскен табыс 9,46% өсті, яғни кәсіпорын қызметінің масштабы өсті. Өзіндік құны 9,64% өсті. Өнімнің өзіндік құн өсуінің қарқыны өткізуден түскен табыстардың қарқынынан жоғары. Бұл кәсіпорында өндіріске шығыстарды өсіру бағытсыз жүргенін көрсетеді.

    Талданған жылдары өткізуден түскен табыс  өсімі нәтижесінде жалпы табыс 95475 мың теңгеге немесе  9,3% өсті. Сонымен қатар талданған кезде  шығындар 23,09% өсті, соның ішінде жалпы  және ұйымдастырушылық шығындары өсуі есебінен.

    Негізгі қызметтен табыс 854117 мың теңгеден  909693 мың теңгеге немесе  6,5%-ға өсті. Осының нәтижесінде қарапайым қызмет табысынан салық салуға дейін 917776 мың теңге құрады, яғни 6,31%-ға өсті. Қарапайым қызметтен табыс салығын төлемеу себебінен салық салудан кейін 22,26%-ға өсті және 2009 жылы 750651 мың теңге және 2010 жылы 917776 мың теңге құрады

    Есеп  беру кезеңінде төтенше жағдайлар  бойынша шығыстар болмаған жағдайларынан  таза табыс өзгеріссіз қалды, бірақ  негізгі құралдарды қайта бағалау  бөліміндегі таза табысты дұрыстау жүргізілді, оның нәтижесінде таза табыс кезең соңында 955704 мың теңге құрады және 22,47%-ға өсті.

    Ұзақ  мерзімді активтер 2009 жылмен салыстырғанда, 2010 жылы 8,4%-ға өсті. Ал ағымдағы активтер болса, керісінше 2010 жылы 19,2%-ға кеміген. 

    Оның  себебі тауарлы-материалды запастардың, тауардың, материалдың көлемі біршама азайып, ал болашақтағы шығындар, қызметкерлердің және басқа тұлғалардың қарызы, басқа да дебиторлық қарыздың өсуінде. Меншікті капитал көлемі 2009 жылы 1462112 мың теңге болса, 2010 жылы ол 1599660 мың теңгені құрады, яғни оның көлемі 9,4%-ға өскен. Ағымдағы міндеттемелер 2010 жылы 1,5%-ға кеміген. 
 

     2.3  Кәсіпорынның қаржылық  тәуекелінің пайда  болуына әсер етуші  факторларды талдау 

    Тәуекелді сандық бағалау нақты шешімдерді алу мүмкіндігін береді. Алайда сандық бағалауды жүргізу ол үшін сәйкес келетін алғашқы ақпаратты алумен байланысты көптеген қиындықтар кездеседі. Қазақстанда ақпараттық қызмет нарығы дамымағандықтан, көбіне нақты ақпараттарды алу қиын. Ақпараттардың, уақыттың жеткіліксіздігімен, кейде қажетті мәліметтердің  байланысты бұл қиындықтар себебінен кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау негізінде тәуекелді қатысты бағалау ерекше қызығушылықты тудырады. Бұл фирма иесі кәсіпкер, сонымен қатар оның серіктестері үшін тәуекелді бағалаудың ең қолайлы әдістердің бірі болып табылады.

    «Қазақтелеком»  АҚ филиалының тәуекелдерін бағалау  қаржылық есептілік негізінде жүргізіледі. Төмендегі кестеде  «Қазақтелеком» АҚ филиалының 2009-2010 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметіне экспресс–талдау көрсетілген, оның негізінде берілген кәсіпорынның тәуекелді басқару жүйесін талдау жүргізіледі.

    Кәсіпорынның  мүліктік жағдайын бағалауда шаруашылық қаражаттардың сомасының көрсеткіші кәсіпорынның балансында көрсетілетін активтердің жалпы құндылық бағалауын көрсетеді.

    Активтердің құны 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 5,19%-ға өсті, ол кәсіпорынның мүліктік потенциалының өскенін көрсетеді. Модернизация коэффициентінің мәні (есептелген амортизацияның негізгі  капиталдың бастапқы құнына қатынасы) 0,47-0,45 болса, оның нормативті мәні 0,3-0,5. Модернизация коэффициенті оптималды мән шегінде орналасқан. Ол кәсіпорын негізгі қорға салынған қаражаттарды интенсивті түрде босатқанын білдіреді. 
 

    Кесте 8

    «Қазақтелеком»  АҚ филиалының 2009-2010 жылдардағы мүліктік жағдайы

     мың теңге

Көрсеткіш атауы Есептеу тәсілі Нормативті  мәні Көрсеткіш мәні Өзгеріс
2009ж. 2010ж Абсо

лютті

%
Кәсіпорындағы

құралдар сомасы

Баланс барлығы - 2380232 2503690 +123458 +5,19
Нег. құр. модернизация коэффициенті амортизация/ негізгі капиталдың құны 0,3-0,4 0,474 0,449 -0,025 -5,27

    Дерек көзі: «Қазақтелеком» филиалының қаржылық есебі 2009-2010 жж. 

    Келесі  кезекте, кәсіпорынның активтерінің өтіміділік коэффициенттерін қарастыру арқылы оның қаржылық тұрақтылығының деңгейіне  нақтырақ көз жеткізуге болады.

    Абсолютті өтімділік коэффициенті қысқа мерзімді міндеттерге  ақша қаражаты мен тез  іске асырылатын  құны қағаздар ( активтің ІІІ бөлімі) ретінде  бөлінеді.  

    Кесте 9

    «Қазақтелеком»  АҚ филиалының 2009-2010 жылдардағы капиталдарының өтімділік деңгейі

мың теңге

Көрсеткіш атауы Есептеу тәсілі Нормативті  мәні Көрсеткіш мәні Өзгеріс
2009ж. 2010ж. Абсолютті % түрі
1.Өзіндік айналым капитал көлемі Меншікті капитал+ ұзақ мерзімді міндеттемелер- ұзақ мерзімді активтер - -641063 -680237  

-39174

 
+6,11
2.Абсолютті  өтімділік коэф. Ақшалай қаражаттар/ ағымдағы міндеттемелер >0,2-0,7 0,01 0,002 -0,008 -80,00
3.Критикалық  өтімділік коэффициенті (ақшалай қаражаттар+қысқа  мерзімді қаржылық инвестициялар+дебиторлық  қарыз)/ағымдағы міндеттемелер ≈1 0,18 0,16 -0,02 -11,11
4.Ағымдағы өтімділік коэффициенті Ағымдағы активтер/ағымдағы міндеттемелер 1,5-2 0,3 0,25 -0,05 -16,67
5.Запастарды жабудағы меншік капитал үлесі Меншікті айналым  қаражаттары/(ТМЗ+алдағы кезең шығыстары) >0,1 -5,51 -8,41 -2,9 +52,63

Информация о работе Тәуекелді басқару саясатын анықтаудағы кәсіпорынның қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін талдау