Тәуекелді басқару саясатын анықтаудағы кәсіпорынның қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 22:58, реферат

Описание работы

Кәсіпорын активтерінің пайдалылығы - шаруашылық қызметтің нәтижесін көрсететін маңызды қаржылық категория. Корпорацияның тауар-ақша қатынастары деңгейінде таза табыс пайда формасына айналады. Корпорацияның тауар нарығында сонымен қатар жеткізуге тауар өндірушілерде шығады. Өнімге баға белгілеп, олар оны тұтынушыға жеткізеді, олар оған түсім алады, бірақ пайданы білдірмейді. Қаржылық нәтижені анықтау үшін өнімді өндіруге және жеткізуге кеткен шығындар мен түсімдердің арақатынасын анықтау керек және ол өзіндік құн формасын қабылдайды.

Работа содержит 1 файл

Талдау және бизнесте тәуекел жұмысын басқару.doc

— 382.50 Кб (Скачать)

    Тәуекелді басқару бағдарламасының табысты  болуы, көбінесе тәуекелді басқару  қызметі мен бағалау жөнінде  өкілеттікті бөлу және бөлімшелер арасындағы тәуекелді басқару мен бақылау қызметтерінің дұрыс ұйымдастырылуына тәуелді болады. Бұл жұмыстардың бәрін арнаулы бөлімше немесе қызметкер атқаруы тиіс.

    Тәуекелді басқару бөлімшесінің міндеттеріне жататындар:

  • тәуекелді басқарудың жоспарын құру;
  • компанияның ықтималды тәуекелдері туралы ақпарат жинау, оларды бағалау және компанияның басшыларына баяндап отыру;
  • компанияның тәуекелді басқару бөлімшелеріне кеңес беру.

    Компанияның тәуекелді басқаруын ұйымдастырудағы  маңызды мәселе - тәуекел менеджері  мен бизнес иесінің өкілеттіліктерін шектеу болып табылады.

    Тәуекелді бағалауда және басқаруда талдау және ресурстарды жоғалту мен  табыстың азаю мүмкіндіктерін болжай білу өте маңызды орын алады. Тәуекелді  басқару кейбір теріс ықпал ететін жағдайлардың әсерінен шығатын шығындардың мөлшерін төмендету немесе орнын толтыру мақсатымен жасалынатын көп сатылы процесс. Ол келесі кезеңдерден тұрады:

  • тәуекелді талдау;
  • салыстырмалық тиімділіктерін бағалау арқылы тәуекелге әсер ету   әдісін таңдау;
  • тиімді шешім қабыл алу;
  • тәуекелге барған кездегі ең тиімді нәтиже беретін шараны қолдау;
  • басқару процесінің нәтижелерінің бақылау және уақтылы түзетулер енгізіп отыру. Сонымен бірге, шығындардың мөлшерін төмендету мен тәуекелден келетін теріс ықпалды азайту – өзара адекватты емес ұғымдар екенін де естен шығармау қажет. Тәуекелден келетін теріс ықпалды азайту дегеніміз – не шығындардың мөлшерін төмендету, не теріс жағдайдың болу ықтималдылығын азайту болып табылады. Енді осы этаптардың қысқаша түсініктемелеріне тоқталайық.

    Тәуекелді талдау – обьектінің құрылымы, қасиеттері және ықтимал тәуекел туралы қажетті  ақпарат алуды алдына мақсат етіп қойған алғашқы этап. Бұл этапта жиналған информация келесі этаптарда  дұрыс шешім қабылдауға негіз  болып табылады.

 

    Сурет 7. Тәуекелді талдау процесі

   Дерек көзі: Глухов В.В., Бахрамов Ю.М. Финансовый менеджмент. 1999ж.  

    Келесі  кезеңде, алдағы зиянды азайту мақсатымен, салыстырмалық тиімділіктерін бағалау  арқылы, тәуекелге жасалатын әсерлердің ең тиімді әдісі  таңдап алынады. Бұл әсерлер мен әдістердің тиімділіктерін салыстыру экономикалық және т.б. да әртүрлі критерийлер негізінде жасалады.

    Келесі, соңғы этапта талдау  нәтижесінде  алынған ақпаратты ескере отырып, таңдап алынған стратегиялық әрекеттердің нәтижелері тексеріліп, келесі қолданылатын әрекеттерге түзетулер енгізіледі.

    Тәуекелді басқару процесі бірқатар негізгі  принциптер арқылы жүзеге асырылады. Ол принциптерді сипаттайтын жағдай суретте  келтірілген.

    

    8 сурет. Тәуекелді басқарудың негізгі қағидалары

    Дерек көзі: Грабовой П.Г. Риски в современном  бизнесе. – М.: Аланс, 1994 ж, 240 б. 

    Осы мәліметтердің бәрі ескеріле отырып, мекеме жаңа стратегияны жасау кезінде  алдағы уақыттағы тәуекелді басқару  әдісін анықтайды. Ол келесі бөлімдерден тұрады:

    • активтік әдіс – қолда бар информацияны қолдана білу, алдағы болуы мүмкін жағдайды болжай білу, мекеменің қызметіне  пәрменді әсер жасау, бұрынғы жасалынған шаралардың негативтік әсерлерінің  алдын алу;

    • адаптивтік әдіс – «ең кіші зардапты таңдау» және қалыптасқан жағдайға адаптациялану принципіне негізделген. Бұл әдісті қолдану кезінде зиян мөлшері толығымен қайтарылмайды;

    • консервативтік әдіс кезінде келген зиянның ары қарай өршуін тоқтатудың жолдары ғана қарастырылады, себебі оның алдын алу шаралары уақытында жасалынбағандықтан кейін қайтару мүмкіншілігі жоқ.

    Тәуекелді бағалау тәуекелді басқарудың жалпы  жүйесінінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ол тәуекел көлемін (деңгейін) сапалық не сандық әдіспен  анықтау процесін білдіреді. 
 

    Кәсіпорында қаржылық тәуекелдердің  басқару жүйесінің  стратегиялық және тактикалық бағыттарын жетілдіру  жолдары 

    Қаржы тәуекелдері түрлі әдістер мен  тәсілдер көмегімен шешіледі. Қаржы  тәуекелдерін шешу құралдары болып  табылатындар: олардан қашу, ұстап  қалу, беріп жіберу, деңгейін төмендету.       

    Тәуекелден  жалтару тәуекелмен байланысты шарадан  жай ауытқумен түсіндіріледі. Алайда кәсіпкер үшін көбінесе тәуекелден қашу пайда алу мүмкіндігін қолданбауды  білдіреді. Тәуекелді ұстап қалу – тәуекелді инвестордың жауаптылығына қалтыру. Сонымен, инвестар венчурлік капиталды сала отырып, вечурлік капиталдың мүмкін болатын жоғалтуларын меншікті қаражаттары есебінен өтей алатынын алдын ала ескереді. Тәуекелді беріп жіберу инвестор тәуекел жауаптылығын басқа біреуге, мысалы сақтандыру қоғамына, беріп жіберумен түсірдіріледі. Бұл жағдайда тәуекелді беріп жіберу қаржы тәуекелін сақтандыру жолымен жасалды. Тәуекел деңгейін төмендету – жоғалтулар ықтималдылығын және көлемін қысқарту.

    Қаржы тәуекелін шешуде нақты құралдарды таңдауда инвестор келесі принциптерге сүйенуі тиіс:

  • меншікті капитал мүмкіндігінше ғана тәуекел етуге болады;
  • тәуекелдің соңын ойлау керек;
  • аз нәрсе үшін көппен тәуекел етуге болмайды.

    Бірінші принципке сүйенуде инвестор капитал  салымын жасаудан бұрын тиіс:

  • берілген тәуекел бойынша мүмкін болатын шығыстар көлемін максималды түрде анықтау;
  • оларды (шығыстарды) капитал салымының көлемімен салыстыру;
  • оларды (шығыстарды) барлық меншікті қаржы ресурстармен салыстырып, инвесторды кәсіпорынроттыққа әкелмей ме екенін анықтау.

    Капитал салымы бойынша шығыстар көлемі капитал  көлеміне тең, не одан кіші, не үлкен  болуы мүмкін.

    Портфельді  инвестиция кезінде, яғни екінші ретті  нарықта сатуға болатын бағалы қағаздарды сатып алған кезде шығыс көлемі әдетте шығыстанатын капитал көлемінен аз. Инвестордың өзіндік қаржылық ресурстардың қөлемі және максималды мүмкін болатын шығыстар көлемінің арақатынасы кәсіпорынроттыққа апаратын тәуекел деңгейі. Ол тәуекел коэффициентімен өлшенеді:

                                       ,                                                                         (3.6)

    Мұндағы:

    Кр – тәуекел коэффициенті;

    Y –  максималды мүмкін болатын шығыс  сомасы;

    С – нақты түскен қаражаттар есебімен өзіндік қаржылық ресурстар көлемі.  
         Отандық және шетел ғалымдарының зерттеулері көрсеткендей, тәуекелдің ең оптималды коэффициенті 0,3 құрайды, ал инвесторды банкроттыққа апаратын тәуекел коэффициенті – 0,7 және одан жоғары.

    Екінші  принципке сүйену инвестор шығыстың максималды мүмкін болатын көлемін  біле отырып, оның тәуекелдің ықтималдылылығы қандай екенін анықтауды және тәуекелден (яғни шарадан) бас тарту, тәуекелді өз жауаптылығына алу немесе тәуекелді басқа тұлғаның жауаптылығына беру шешімін қабылдауды талап етеді

    Үшінші  принциптің қызмет етуі, әсіресе, қаржы тәуекелін үшінші тұлғаға беріп жіберуде айқын көрінеді. Бұл жағдайда инвестор сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйақы өзіне жағымды арақатынасын анықтау тиіс. Сақтандыру сыйақысы немесе сақтандыру жарнасы – бұл сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру тәуекелі үшін төлемі. Сақтандыру сомасы – материалдық құндылықтар (немесе сақтанушының азаматтық жауапкершілігі, өмірі және денсаулығы) сақтандырылған ақша сомасы. Егер шығыс көлемі сақтандыру сыйақысымен салыстырғанды көп болса, онда инвестор тәуекелді өзіне алмау керек.

    Қаржылық  тәуекелдердің бейтараптандыру  механизмдері келесілерге бөлінеді.

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

9 сурет.  Қаржылық тәуекелдердің бейтараптандыру  механизмдері

Дерек көзі: Гаврилова А.Н. «Финансовый менеджмент», Учебное пособие – 2008ж. 

    Диверсификациялау өздерінің арасында тығыз байланысты түрлі салым объектілері арасында инвестицияланатын қаражаттарды орналастыру  процесін білдіреді. Диверсификациялау  принципінде клиенттерге өз акцияларын сататын, ал алған қаражаттарды нарықтан сатып алынатын және тұрақты орташа табыс әкелетін түрлі бағалы қағаздарға салатын инвестициялық қорлардың қызметіне негізделеді. Диверсификациялау түрлі қызметтер арасында капиталды орналастыру кезінде тәуекелдің бөлігінен құтылуға мүмкіндік береді. Сонымен, инвестор бір акционерлік қоғам орнына бірнеше түрлі акционерлік қоғам N акцияларын сатып алу табыс ықтималдылығын N есеге көбейтеді және сәйкесінше тәуекел деігейін N есе төмендетеді.

    Кейде инвестор нәтижелер анықталмаған және шектелген ақпараттар жағдайында шешім қабылдайды. Әрине, егер инвесторда толық ақпарат болса, ол сапалы болжам жасап, тәуекел діңгейін төмендете алатын еді. Бұл жағдай ақпаратты тауар ретінде көрсетеді. Ақпарат бағалы тауар болып табылады, ол үшін инвестор үлкен ақша төлеуге дайын, олай болса, ақпаратқа капитал салымы кәсіпкерліктің бір сферасы болып табылады. Толық ақпарат құны толық ақпарат бар кездегі бір нәрсенің күтілетін сатып алу құны мен ақпарат толық емес жағдайдағы күтілетін құн арасындағы қатынасы ретінде есептеледі. Егер болжам нақты болып шықпаса да, қаражаттарды перспективаға өткізудің сапалы болжамын қамтамасыз ететін сұраныс пен өткізу нарығын зеттеуге салған тиімді.

    Шектеу (лимитирование) – шығыстар, сатулар, несиелер және тағы басқалардың шекті  сомасын бекіту. Шектеу тәуекел деңгейін төмендетудің маңызды құралы болып табылады және шектеуді кәсіпорынтер қарыз беруде, овердрафт келісімшартына отырғанда; шаруашылық жүргізуші субъектілер тауарларды несиеге(несие карточкасы бойынша), жол чектері және еврочектер бойынша сату, инвесторлар капитал салымы сомасын  анықтау кезінде қолданады.

    Сақтандыру  мәні – тәуекелден қашу үшін инвестор табыстың бөлігінен бас тартуға, яғни тәуекел деңгейін нөлге дейін  төмендету үшін төлеуге дайын. Егер сақтандыру құны мүмкін болатын шығысқа  тең болса, онда тәуекелге қарсы инвестор басынан кешу мүмкін кез келген қаржылық жоғалтуларды толық өтеуді қамтамасыз ететіндей сақтана алады. Қаржы тәуекелдерін сақтандыру оның деңгейін төмендету әдістерінің ең тараған түрі болып табылады. Сақтандыру – бұл ерекше қаржылық қатынастар. Бұл қатынастар үшін міндетті түрде екі жақ болуы қажет: сақтандырушы мен сақтанушы. Сақтандырушы сақтанушы төлемдері есебінен ақша қорын (сақтандыру немесе резервтік қор) құрады.

    Сақтандыру  үшін құрылып жатырған ақша қорының  мақсатты бағыттылық сипаты тән, оның ресурстарын тек алдын ала келісілген жағдайлардағы жоғалтуларды өтеуге (көмек көрсету) жұмсау; қатынастардың ықтималдылық сипаты, себебі сәйкес жағдай қашан болатыны, оның күші қандай және қай сақтанушыға тиесілі болатыны алдын ала белгісіз; қаражаттардың қайтарымдылығы, себебі бұл қаражаттар барлық сақтанушылар бойынша зияндарды өтеу төлеміне бағытталған.

    Сақтандыру  процесінде сақтандыру қорын құруда қатысушылар арасында қаражаттарды қайта бөлу жүргізіледі: бір немесе бірнеше сақтанушы жоғалтуларын өтеу жоғалтуларды барлығына бөлу жолымен жүргізіледі. Белгілі бір кезеңде төлем жасаған сақтанушылар саны өтеу алатын сақтанушылар санынан үлкен болады.

    Сақтандырушы  өз қызметінің тәуекелге ұрыну ықтималдығы  мына көрсеткіштер арқылы анықталады:

  • Сақтандыру оқиғаларының жиілігі (бір сақтандыру объектісіне қанша сақтандыру оқиғалары келеді);
  • Тәуекелдің кумуляция коэфициенті (зардап шеккен объектілер санының сақтандыру оқиғалары санына қатынасы)
  • Сақтандыру сомасының кемуі (төленген сақтандыру сомасының сақтандырудың барлық объектілерінің сақтандыру сомасына қатынасы)
  • Зиянның ауыртпалығы (У) сақтандыру сомасының шығынын көрсетеді, ол келесі формуламен анықталады:

                                

                                        (3.7)

Мұндағы:

    В – төленген сақтандыру төлемдері;

    n – сақтандыру объектілерінің саны;

    С – сақтандыру сомасы;

    т – сақтандыру оқиғасы кезінде зардап шеккендер саны.

    Шетелде тәуекелді төмендетудің ең кең тараған  түрі -  хеджирлеу (аударғанда – жоғалтулардан қорғау) болып табылады. Яғни қарсы валюталық, коммерциялық, несиелік және басқа да талаптар мен міндеттемелерді жасау.

    Тәуекелді төмендетудің әдістерінің біреуін  таңдаған кезде, инвестор қаржы құралдарын салуының лайықтылығын ескерілетін  шарттарды бағалау керек, яғни оқиғалардың шынайылылығы анықталады. Шешімді әр түрлі жағдайда қабылдауға болады:

  • Анықтылық, яғни қабылданатын шешімнің барлық зардаптарын бағалай алу;
  • Тәуекел, яғни қабылданатын шешімнің барлық зардаптарын белгілі бір ықтималдылық дәрежесімен анықтау;
  • Толық анықсыздық, яғни қабылданған шешімдердің зардаптарын бағалауға ешқандай ақпарат жоқ болуы.

Информация о работе Тәуекелді басқару саясатын анықтаудағы кәсіпорынның қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін талдау