Мемлекеттік борыш пен мемлекеттік кредит

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Марта 2012 в 21:04, курсовая работа

Описание работы

Қойылған мақсатты жүзеге асыру төмендегі міндеттерді шешуді көздейді:
- нарық жағдайындағы мемлекеттік қарызды басқарудың теориялық негіздерін зерттеу;
- нарық жағдайындағы сыртқы қарыздардың тиімділігін қарастыру, мемлекеттік сыртқы қарызды басқарудың қаржылық әдістерін жіктеу;
- Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы қарызының өсімін талдау, сыртқы қарыздардың тиімділігін бағалау;
- Қазақстан Республикасының сыртқы қарызын басқару стратегиясының тәсілдерін, мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыз алудағы ұстанымдары мен ұйымдастыру негіздерін дайындау;
- қарыз алу және жекеменшік сектордың қарыз капиталының сыртқы нарығындағы міндеттемелерін өтеу мәселелерін мемлекеттік реттеудің тетіктерін анықтау;

Содержание

КІРІСПЕ
1 МЕМЛЕКЕТТІК КРЕДИТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШ
1.1 Мемлекеттік кредиттің мәні, нысандары, әдістері 4
1.2 Сыртқы кредит 9
1.3 Мемлекеттік борыш ұғымы және оның түрлері 12

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШЫ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Елдің сыртқы борышы 16
2.2 Мемлекеттік борышты басқару 21
2.3 Мемлекеттік борышты басқарудың заңнамалық нысандары 25

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШЫН БАСҚАРУЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Мемлекеттік борышты басқаруда кездесетін мәселелер 28
3.2 Мемлекеттік борышты басқаруындағы кездесетін мәселелерді шешу жолдары
32

ҚОРЫТЫНДЫ 35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 37
ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

курстык жумыс.doc

— 371.50 Кб (Скачать)

2) келіссөздер, жергілікті атқарушы органның заемдарын келісуді, ресімдеуді және қол қоюды жүргізеді, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығарады;

3) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойьшша жергілікті атқарушы органның ішкі заемдарына қызмет көрсету үшін тартылатын екінші деңгейдегі банктерді анықтайды;

4) жергілікті бюджетті атқару тәртібімен жергілікті атқарушы органдардың заем қаражаттарын алады және пайдаланады, осындай заемдарды өтейді және оларға қызмет көрсетеді, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында олар эмиссиялаған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды жүзеге асырады;

5) жергілікті атқарушы органның заемдарын тіркейді және жергілікті атқарушы органның борыш мониторингі мен оны басқаруды жүзеге асырады;

         Қазақстан Республикасының Үкіметіне жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы, мемлекеттік борышты және жергілікті атқарушы органдардың борышын басқару мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізеді [14].

 

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШЫН БАСҚАРУЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1   Мемлекеттік борышты басқаруда кездесетін мәселелер

 

Қазақстан практикасында бюджеттердің тапшьшықтары мен мемлекеттік борыш қаржыландыру нысандары және туындайтын зардаптары бойынша айтарлықтай ажыратылады. Мемлекеттік борыштың едәуір бөлігі үкімет түрғызатын өзгеше "қаржы пирамидасы" болып табылатын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер бойынша берешек нысанында көрсетіледі. Мемлекеттің қолданыстағы жоғары дисконтқа қарыз алған сомасы ішкі берешекті үнемі арттырады.

Мемлекеттік ішкі борыштың басқа нысандарына мыналар жатады: бюджет тапшылығын жабу үшін бүрын алынған кредиттер бойынша Ұлттық банкке берешек; облигациялар және басқа бағалы қағаздар шығарумен ресімделген халықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған қарыздар бойынша борыш.

Мемлекеттік ішкі борыштың пайда болуы мен үдей түсуі мемлекеттік бюджеттің түрақты тапшылығынан туындайды.

Мемлекеттік сыртқы борыш - шетелдік несиегерлер турасында белгілі бір күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жататын елдің қаржылық міндеттемелерінің сомасы.

Елдің сыртқы борышының болуы орынды дүниежүзілік практика болып саналады. Алайда, оның шегі болады, ол шектен мемлекеттік борыштың артуы қауіпті бола бастайды.

Қазақстан Республикасының үкіметтік борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді Қаржы министрлігі тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңында көзделген қаражат есебінен Ұлттық банк арқылы, Ұлттық банктің борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді Ұлттық банк өзінің билігіндегі активтер есебінен, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді ол тиісті жылға арналған мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат есебінен Ұлттық банктің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органның қарыздарыда қызмет көрсету үшін тартылатын екінші деңгейдің банктері арқылы жүзеге асырылады.

Барлық мемлекеттік қарыздарды Үкімет белгілеген тәртіппен Қаржы министрлігінде тіркеліп, есепке алынуға тиіс.

Қазақстан Республикасыный мемлекеттік борышын есепке алу үшін Ұлттық банк пен жергілікті атқарушы органдар келісілген төртіппен Қаржы министрлігіне өз қарыздарының талаптары, алынуы, оларға қызмет көрсетілуі және өтелуі туралы ақпарат тапсырып отырады [18].

Қазақстан Республикасыйың Үкіметі республикалық бюджеттің қаражатымен қамтамзісыз етілетін үкіметтік борышты өтеу және оған қызмет көрсету, Ұлттық банк өзінің билігіндегі барлық активтермен қамтамасыз етілетін Ұлттық банктің борышын өтеу және оған қызмет көреету, жергілікті атқарушы орган билігіңде түрған меншік қүқығындағы мүлікпен, қаржы ресурстарымен және басқа да активтермен қамтамасыз етілетін өз борышын өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерді атқарады.

Борыштың негізгі сомасы қайтарылған және борышқа қызмет көрсету жөніндегі төлемдер толық көлемінде төленген жағдайда мемлекеттік борыш өтелген болып саналады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық банкінің және жергілікті атқарушы органдарының осыңдай шарттың (келісімнің) талаптарында, осындай қағаздарды шығару талаптарында көзделген жағдайда, қарыз туралы шарт (келісім) бойынша міндеттемелерді мерзімінен бүрын өтеуге, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды мерзімінен бұрын сатып алуға қүқығы бар.

Сыртқы борыштың болуы жасалынған өнімнің бір бөлігін елден тыс жерге берудің қажеттігін біддіреді. Мемлекеттік борыш бойынша пайыздық төлемдердің тез өсу теңденциясы бар.

Мұндай төлемақылар болашақ экономикалық дамуды тежейді және резипиентел бюджетінің тапшылығын үлғайтады.

Сыртқы борыштың өсуі сонымен қатар, реципиентелдің халықаралық абыройын төмендетеді және ел үкіметінің саясатына халықтың сенімін кетіреді.

Ірі және созылмалы тапшылықтардың және мемлекеттік борыштың болуының келеңсіз зардаптары микроэкономикалық түрақтылықтың бүзылуымен бірігеді.

Инвестициялардың "ығыстыру әсерінен" басқа, мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша пайыздың жоғары деңгейі шетел капиталын тартады, бірақ қаражаттардың мұндай ағыны сыртқы борыштың өсуін білдіреді. Шетел инвестицияларын отандық бағалы қағаздарға жүмсаудың артықшылығы Ұлттық валютаға сүранымды арттырады және халықаралық валюта рыногында оның бағамының өсуін тудырады. Валюта бағамының артуы экспорттың қымбаттауына және импорттың арзандауына жеткізеді, мұның нәтижесінде экспорт қысқарады, ал импорт артады. Сауда балансы теріс сальдоға саяды. Таза экспорт жиынтық сұранымның компоненті болатындықтан, оның қысқаруы немесе теріс сальдосы Ұлттық өндіріске тежеушілік ықпал жасайды.

Осыған байланысты мемлекеттің өзінің өкілдікті органы арқылы қаралған процестерге бюджет тапшылығы мен мемлекеттік борыштың шегін белгілеу жолымен заңнамалық араласуы бюджет шығыстарының жеке баптары бойынша тиым салу қүқығын белгілеуі мүмкін [20].

"Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш туралы" Қазақстан Республикасының заңымен тиісті мемлекеттік құрылымдар үшін қарыз алудың лимиттері белгіленген:

1)  үкіметтік борыштың лимиті.

2)  Ұлттық банктің сыртқы борышының лимиті.

3)  жергілікті атқарушы орган борышының лимиті.

Бұл лимиттер тиісінше республикалық бюджетте, Ұлттық банкте, жергілікті бюджетте жоспарланатын, алынған және өтелмеген қарыздардың тіркелген сомалары болып табылады, бұл сомалар берілген күнге (қаржылық жылдың соңына) тиісті қүрылымының нақты борышынан аспауы тиіс. Мәселен, Ұлттық банктің сыртқы борышының лимиті оның таза алтын-валюта активтерінің 50 пайыз деңгейінде белгіленеді.

Мемлекеттік борышты басқарудың нақтылы процесі мыналарды кіріктіреді:

1)          алдағы орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың жайкүйін ондағы көрсеткіштерді үкіметтік борышты және жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу жене қызмет көрсету көлемдерін, лимиттерін, мемлекеттік кепілдіктерді үсынудың белгіленген көлемдеріне сәйкес айқындай отырып жыл сайынғы бағалауды және болжауды. Алдағы орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың жай-күйі мен болжамын жыл сайынғы бағалауды дайындауды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уөкелетті орган Ұлттық банкпен бірлесіп, бюджетті атқару жөніндегі орталық уекілетті органның қатысуымен республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының, жинақталған мемлекеттік және мем-лекет кепілдік берген борыштың көлемдері мен қүрылымы-ның негізінде жүзеге асырады;

2)  бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы занда бекітілетін үкіметтік борыш лимитін және мемлекеттік кепілдіктер беру лимитін айқындауын;

3)  бюджетті атқару жөніндегі орталық уөкілетті органның тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу келемдерін, нысандары мен шарттарын, үкіметтік борышты өтеу мен қызмет көрсету көлемдерін айқындауын;

4)  бюджетті атқару жөніндегі орталық уөкілетті органның мемлекеттік қарыздарды тіркеуді, мемлекетгік қарыздар алу, өтеу және қызмет көрсету мониторингін және мемлекеттік борыш мониторингін жүзеге асыруын;

5) борыш қүрылымын оңтайландыру жөніндегі, соның ішіңде борышты мерзімінен бүрын өтеу, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды эмитенттің сатып алуы мен сатуы, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты қайта қүрылымдау, борышты қайта қаржыландыру, мемлекеттік және мемлекет кепіддік берген қарыз алу төуекелін басқару жөніндегі іс-шаралар дайындауын және іске асыруын.

Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, кез келген мөлшерде, кез келген валютамен және кез келген нысанда дербес жүзеге асырады.

Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік емес қарыз алуды жүзеге асыруға қүқығы жоқ.

Мемлекеттік емес қарыздарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерімен заңи түлғалар тартуы мүмкін. Мемлекеттік кепілдіктермен тартылатын мемлекеттік емес қарыз-дар туралы шарттың нысанында болуға тиіс.

Мемлекеттік кепілдіктер несиегерлерге Қазақстан Республикасы резиденттерінің өздері алған мемлекеттік емес қарыздар бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде беріледі.

Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепілдіктер беруге Үкіметтің айрықша қүқығы бар.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің, жергілікті атқарушы органдарының қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепілдіктер беруге қүқығы жоқ.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің тапсыруымен мемлекеттік кепілдіктер беруді Қаржы министрлігі жүзеге асырады.

Мемлекеттік кепілдіктерді беру жоғарыда аталған Заңда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Мемлекеттік борышқа қызмет көрсету деп қарыз алудың шарттарынан туындайтын сыйақы (мүдде), комиссиялық және езге төлемдердің жиынтық төлемақыларын айтады.

Борышты өтеу — қарызгердің қарыздың алынған сомасын несигерлермен шарттармен белгіленген тәртіппен қайтаруы, белгіленген тәртіппен борышты қүрайтын басқа міндеттемелерді орындауы.

Мемлекеттік борышты басқару сонымен бірге мынадай әдістерді кіріктіреді: қайта қаржыландыру, жаңгырту, мерзімді ұзарту, сәйкестендіру, кемімелі ара салмақ бойынша облигацияларды айырбастау, қарызды өтеудің мерзімін ұзарту, мемлекеттік борыштан бас тарту.

Қайта қаржыландыру мемлекеттік берешекті жаңа қарыз шығару есебінен етеуді білдіреді. Сонымен бірге, бүрын шығарылған қарыздардың орнына бірдей қүндық ара салмақпен бағамдық айырмашылықты есепке алмай жаңа қарыздың облигациялары беріледі.

Жаңғырту деп бүрын шығарылған қарыздардың шарттарын табыстылығы бойынша аз жағынан да, көп жағынан да өзгертуді айтады. Бірінші жағдайда үкімет борыш бойынша елеулі шығыстар кезінде, екіншісінде инфляцияның болуы кезінде немесе қарыз облигацияларын сатып алудағы халықтың мүдделігін күшейту мақсатымен істейді.

Мерзімді узарту мерзімі бойынша қарыздың бастапқы шарттарын оларды ұзарту немесе қысқартумен байланысты өзгерту болып табылады.

Сәйкестендіру бірнеше қарыздарды бір қарызға біріктіруді білдіреді, бұл мемлекеттік борышты басқаруды оңайлатады.

Облигацияларды кемімелі ара салмақ бойынша айырбастау Ұлттық ақша бірлігінің дефляциясы жағдайында және мемлекетке қарыздар бойынша тым қымбат ақшамен есептесу тиімсіз кезде жүргізіледі.

Қарыздарды өтеудің мерзімін узарту мемлекеттің едәуір берешегі кезінде, соңнай-ақ олармен байланысты болатын қаржы қиыншылықтары кезінде қолданылады, үкімет қарыздарды өтеудің және олар бойынша төлемақының мерзімдерін кейінге қалдыра тұру туралы мәлімдейді.

Мемлекеттік борышты төлеуден бас тарту (күшін жою) едде саяси режим ауысымы және жаңа үкіметтің бүрынғы міндеттемелерді олардың заңсыздығы себепті орындауды мойындамауы кезінде болады. Бас тарту мемлекет банкроттығының салдарынан болуы мүмкін .

 

3.2  Мемлекеттік борышты басқаруындағы кездесетін мәселелерді шешу  жолдары

 

Мемлекеттік борышты басқарудың жоғарыда аталған әдістері әр түрлі үштасуда бір мезгілде, мысалы айырбастау, мерзімді ұзарту және сәйкестендіру немесе айырбастау және сәйкестендіру және т.с.с. қолданылуы мүмкін.

Қаржыны сауықтандыру, соның ішінде мемлекеттік борыштың өсу қарқынын төмендету жөніндегі шаралардың ішінде мемлекеттік меншіктің бір белігін өткізуге болады, яғни жекеше секторға сату жолымен активтердің бір белігінен бас тарту; бұл тиімділігі аз меншікті қоддау жөніндегі мемлекет көтеретін ауыртпалықты азайтады.

Ұлттық экономиканы дамыту шикізат салаларына шетел кредиттерін, инвестицияларын салмайынша, экспорт және импорт алмастырушы салаларға, аграрлық сектор мен түтыну тауарларының өндірісіне озат технологияларды тартпайынша мүмкін емес. Бірақ шетел капиталы мен валюта ресурстарын тарту оларды жоғары тиімділікпен пайдалануға, лайықты қарыз қаражаттарының қайтарымына дәлелді тәсілдемені қажет етеді: негізгі борыштың сомасы мен пайыздарын төлеу бұл жағдайда нақты өнімнің бір бөлігін басқа елдердің қарамағына беруді қажет етеді. Елеулі сыртқы борыштың кебеюі Ұлттық валюта бағамының, экспорт пен импорттың ара салмағының өзгеруімен, отандық экономиканың дамуындағы қиыншылықтармен байланысты ұзақ мерзімді теріс экономикалық зардаптарды тудыруы мүмкін.

Үлкен келемдегі мемлекеттік борыш мемлекетті банкроттыққа ұшыратпайды, өйткені үкіметтің мынадай іс-қимылдары қолданылуы мүмкін:

1. Қайта қаржыландыру. Төлеу мезгілі жеткен облигацияларды өтеу үшін практикада үкімет шығыстарды қысқартпайды және салықтарды көтермейді (тоқыраулық экономика жағдайында мұндай саясат қате болар еді). Ол өзінің борышын қайта қаржылаңдырады, яғни жаңа облигациялар сатады және түсім ақшаны өтелетін облигацияларды үстаушыларға төлеу үшін пайдаланады.

Информация о работе Мемлекеттік борыш пен мемлекеттік кредит