Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Марта 2012 в 21:04, курсовая работа
Қойылған мақсатты жүзеге асыру төмендегі міндеттерді шешуді көздейді:
- нарық жағдайындағы мемлекеттік қарызды басқарудың теориялық негіздерін зерттеу;
- нарық жағдайындағы сыртқы қарыздардың тиімділігін қарастыру, мемлекеттік сыртқы қарызды басқарудың қаржылық әдістерін жіктеу;
- Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы қарызының өсімін талдау, сыртқы қарыздардың тиімділігін бағалау;
- Қазақстан Республикасының сыртқы қарызын басқару стратегиясының тәсілдерін, мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыз алудағы ұстанымдары мен ұйымдастыру негіздерін дайындау;
- қарыз алу және жекеменшік сектордың қарыз капиталының сыртқы нарығындағы міндеттемелерін өтеу мәселелерін мемлекеттік реттеудің тетіктерін анықтау;
КІРІСПЕ
1 МЕМЛЕКЕТТІК КРЕДИТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШ
1.1 Мемлекеттік кредиттің мәні, нысандары, әдістері 4
1.2 Сыртқы кредит 9
1.3 Мемлекеттік борыш ұғымы және оның түрлері 12
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШЫ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Елдің сыртқы борышы 16
2.2 Мемлекеттік борышты басқару 21
2.3 Мемлекеттік борышты басқарудың заңнамалық нысандары 25
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШЫН БАСҚАРУЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Мемлекеттік борышты басқаруда кездесетін мәселелер 28
3.2 Мемлекеттік борышты басқаруындағы кездесетін мәселелерді шешу жолдары
32
ҚОРЫТЫНДЫ 35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 37
ҚОСЫМШАЛАР
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
|
|
|
1 | МЕМЛЕКЕТТІК КРЕДИТ пен мемлекеттік борыш |
|
1.1 | Мемлекеттік кредиттің мәні, нысандары, әдістері | 4 |
1.2 | Сыртқы кредит | 9 |
1.3 | Мемлекеттік борыш ұғымы және оның түрлері | 12 |
|
|
|
2 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШЫ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ |
|
2.1 | Елдің сыртқы борышы | 16 |
2.2 | Мемлекеттік борышты басқару | 21 |
2.3 | Мемлекеттік борышты басқарудың заңнамалық нысандары | 25 |
|
|
|
3 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШЫН БАСҚАРУЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ |
|
3.1 | Мемлекеттік борышты басқаруда кездесетін мәселелер | 28 |
3.2 | Мемлекеттік борышты басқаруындағы кездесетін мәселелерді шешу жолдары |
32 |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
Мемлекеттік бюджет тапшылығы оны жабуға бос қаржы ресурстарын тарту қажеттігін туғызады. Бұл ресурстар мемлекет ішінде және халықаралық қаржы – несие институттарында шоғырланады. Қаражаттарды тартудың басты тәсілі болып мемлекеттік кредит болып табылады. Мемлекеттік кредит – бос ақша қаражаттарын мемлекеттік билік органдарының қарамағына жұмылдыру және оны мемлекеттік шығындарды қаржыландыру барысында мемлекетпен заңды және жеке тұлғалар арасында туындайтын қатынастар. Мемлекеттік кредит қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі.
Мемлекеттік борыш – бұл алынған және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, белгілі бір күнге, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы. Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақшалай ресурстарды тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді.
Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады. Экономкалық жағынан дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы болады. Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі және жұмыс істеу ерекшеліктерідеп айырмашылық елеулі болады. Дамыған елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың біріктірілген факторлары болыптабылады. Халықтан, корпорациялардан, банктерден, басқа қаржы және кредит мекемелермен қарызға алынған ақша қаражаттары өнімді пайдаланылады және аталған қарызгерлердің активтері ретінде қаралады. Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың қарамағына елдің заңи және жеке түлғаларының бос ақша қаражаттары да, сонымен бірге, басқа елдердің және халықаралық қаржы-кредит институттарының ресурстары да несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оларды алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді. Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін ең алдымен мемлекеттік қаржы саласында мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет. 1990-шы жылдардың басындағы Қазақстан экономикасын қайта құру әлеуметтік-экономикалық реформаларды қаржыландыруға және ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге өз қаржы қорының тапшылығымен сипатталды. Бұл несие капиталының сыртқы және ішкі нарығында мемлекеттік қарыз алу қажеттігін туғызды. Қаржы нарықтарынан қаражатты қарызға алу әлеуметтік-экономикалық даму мұқтаждары мен мемлекеттің өз қаржы қоры тапшылығының арасындағы қайшылықты жоюға мүмкіндік берді. Несиелер мен қарыздар алу арқылы қосымша мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың жағымсыз салдары ақша шығару практикасын қолданудан гөрі азырақ болды.
Халықаралық тәжірибе көрсеткеніндей, қарызға алу саясатын ойластырылған түрде қолдану және мемлекеттік сектордың қарызын басқару мен жеке сектордың сыртқы қарызын реттеу саласында мемлекеттің әлеуетін нығайту үшін уақытында қажетті шаралар қолдану елдің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады.
Осыған байланысты борышты басқару жүйесін негіздеу мен жалпы сыртқы борышты басқару тетіктерін жетілдірудің тиімді нысандары мен әдістерін анықтау өзекті болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борыш ұғымдарына теориялық талдау жасай отырып, елдің жалпы сыртқы қарызының жалпы ішкі өнімге қатысты белгіленген қатынастарын қарастыру. Жалпы сыртқы қарызды ел үшін қауіпсіз деңгейде ұстап отыруға мүмкіндік беретін басқарудың бірыңғай және тиімді қызмет ететін жүйесін қалыптастыру. Қойылған мақсатты жүзеге асыру төмендегі міндеттерді шешуді көздейді:
- нарық жағдайындағы мемлекеттік қарызды басқарудың теориялық негіздерін зерттеу;
- нарық жағдайындағы сыртқы қарыздардың тиімділігін қарастыру, мемлекеттік сыртқы қарызды басқарудың қаржылық әдістерін жіктеу;
- Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы қарызының өсімін талдау, сыртқы қарыздардың тиімділігін бағалау;
- Қазақстан Республикасының сыртқы қарызын басқару стратегиясының тәсілдерін, мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыз алудағы ұстанымдары мен ұйымдастыру негіздерін дайындау;
- қарыз алу және жекеменшік сектордың қарыз капиталының сыртқы нарығындағы міндеттемелерін өтеу мәселелерін мемлекеттік реттеудің тетіктерін анықтау;
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы қарызы мен елдің мемлекеттік қаржысы болып табылады.
Зерттеу жұмысының маңыздылығы мемлекеттік қарыз мәселелері жөніндегі теориялық зерттеулерді іс-тәжірибеге жеткізуге, деректердің сәйкес электрондық базасымен нығайтылған мемлекеттік борышты басқарудың толық бағалы стратегиясын дайындаудан тұрады. Зерттеу нәтижелері, жұмыс бойынша қорытынды мен ұсыныстар экономикалық дамуды тұрақты арттыру, экономиканың ішкі ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстарды дайындаған кезде пайдаланылды
1.1 Мемлекеттік кредиттің мәні, нысандары, әдістері
Мемлекеттік кредит – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредиттік қатынастардың жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет кредитордың да, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін. Кредиттік қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, ал заңи және жеке тұлғалар кредиторлар немесе қарыз алушылар болып табылады.
Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынастарды банк кредитімен шатастыруға болмайды. [1].
Жекеше кредит | Мемлекеттік кредит |
1) өндірістік мұқтаждар үшін жүмыл-дырылады; 2) несие капиталы жүмылдырылады; 3) өтеу қосымша өнім немесе өндіріс процесінде пайда болатын құннан жүргізіледі; 4) капиталды қолдану сферасын (өндірістік сфераны) кеңейтеді. | 1) өндірістік және өндірістік емес мүқтаждар үшін жүмылдырылады; 2) төлем және сатып алу қаражаттары жүмылдырылады; 3) өтеу бюджет кірістірінен (негізінен салықтық түсімдердің есебінен) жүргізіледі; 4) капиталды қолдану сферасын тарылтады. |
Мемлекеттік кредиттің көздері – кәсіпорындарда, банктерде, зейнетақы қорларында, сақтық қорларында, халықта пайда болатын уақытша бос ақшалай қаражаттар.
Мемлекет кредиттік ресурстарды:
1) бюджет тапшылығын қаржыландыру;
2) ұлттандырылған және аралас кәсіпорындарға жұмсалатын күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру;
3) биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдарын қаржыландыру:
4) елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланады.
Мемлекеттік кредиттің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік кредит бойынша қатынастарды қаржылық қатынастарға мына негіздемелер бойынша кіріктіреді:
1) мемлекеттік кредит жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі мұқтаждарды – стратегиялық, сондай-ақ оперативтік мұқтаждарға тең сияқты өндірістік, сондай-ақ өндірістік емес мұқтаждарды да, сол сияқты да қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттің қаржылық ресурстары ретінде қаралады;
2)алынған және берілген кредиттер үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің – үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық (республикалық) немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар «антиципацияландырылған салықтар», яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады.
Қаржының ұдайыөндірістік функциясы шектерінде мемлекеттік кредит ақшалай қаражаттарды (оларды кейін қайтару шарттарында) қайта бөлудің қосалқы функциясын орындайды. Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік кредит жинақақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Кредиттің көмегімен халықтың, кәсіпорындардың шамамен көп емес орташа жинақақшалары мемлекетте шоғырландырылады және экономиканың, әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымның қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталады. Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында орналастырылатын мемлекеттік қарыздардың облигацияларын шығару, мемлекеттің бағалы қағаздарының басқа түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді, қазынашылық боналарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жетеді. Мемлекеттік қарыз алудың сан алуан құралдарының болуы халыққа жинақақшалардың ұйымдық нысандарын таңдау еркіндігіне мүмкіндік береді. Бұл функция іс-әрекетінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдайы өндірістің көлемін арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады.
Информация о работе Мемлекеттік борыш пен мемлекеттік кредит